Понедельник , 7 июля 2025

Айдос САРЫМ: Қоғамды біріктіретін ИДЕЯ ҚАЛМАДЫ

 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

ДАТ!

 

Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы Сары­ағаш ауда­нын­да болған оқиға­ның себебі, осы жағ­дай­ға қаты­сты билік­тің ұста­ны­мы, тағы да басқа қоғам­дық мәсе­ле­лер­ге бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Айдос САРЫМ мыр­за «ДАТ!» айда­рын­да cарап­та­ма жасады.

 

– Айдос мыр­за, қалай ойлай­сыз: Сары­ағаш оқиға­сы­на қаты­сты жағ­да­ят­тар­дың мем­ле­кет­тік басы­лым­дар­да айтыл­мауы­ның себебі неде?

– Көз­ге көрініп тұрған екі себебі бар сияқты. Біздің билік­тің жал­тақтық сая­са­ты­на айтар уәжім жоқ: болып жатқан жағ­дай­ды жасы­рып, әдет­те­гі өзі­нен-өзі үрей­лен­ген әре­кеті­нен туған мәсе­ле деп санай­мын. Оңтүстік өңір­де­гі интер­нет бай­ла­ны­сы бұғат­та­лып, ұялы бай­ла­ны­сқа тосқа­уыл қой­ы­луы жағ­дай­дың ушы­ққа­нын көр­сетіп отыр.

Екін­ші­ден, Сары­аға­штағы оқиға болған күні ассем­бле­я­ның 20 жыл­ды­ғы жер-жер­де дүр­кіреп ата­лып өтіп жат­ты. Сол күні біраз БАҚ-ты ақта­рып шық­сам, елі­міз­де дүбір­ле­ген той, билік тар­мақта­ры­ның ешқай­сысы­ның да оңтүстік­те не болып жатқа­ны­мен ісі бол­ма­ды. Тіп­ті оқиға болған­нан кей­ін де басын қаты­рып оты­рған ешкім­ді байқамадық.

– Өзіңіз айтып оты­рған­дай, Сары­ағаш оқиға­сы болған күн­нің ертеңін­де бүкіл Қаза­қстан бой­ын­ша пре­зи­дент жария еткен Ассам­блея жылы­ның ашы­лу рәсі­мі өтті. Бәл­кім, осы сал­та­нат­тың сәнін кетір­меу үшін, ұлт араз­ды­ғы мәсе­лесін бүр­кеп қалу қажет болған шығар?

– Әрине, сал­та­нат­тың сый­қын кім­нің бұзғы­сы келеді? Елдің ішін­де­гі осы мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты «ұлта­ра­лық» деген тер­мин түсінік­ті қабыл­дағым кел­мей­ді: этно­са­ра­лық дегені­міз дұрыс болар. Біздің мем­ле­кет­те бір ғана қазақ ұлты бар да, басқа­ла­ры әртүр­лі этно­стар. Елде­гі этно­са­ра­лық жағ­дай жаман деп те, жақ­сы деп те айта алмас­пыз. Елдің ішін­де­гі әле­умет­тік теңсіздік, кедей­шілік мәсе­лесі тұрғы­сын­да екі адам­ның ара­сын­дағы төбе­ле­с­ке, әртүр­лі қыл­мыстық топ­тар­дың ара­сын­дағы дау­лы мәсе­ле­ге этно­са­ра­лық рең берілуі ықти­мал. Себебі қоғам­ды бірік­тіретін идея қал­ма­ды. Сон­ды­қтан туы­стық, қанға тар­ту мәсе­лесі алды­ңғы оры­нға шығып бара жатыр. Көше­де жұмыс­сыз босып жүр­ген, күн­көрісі мүш­кіл жағ­дай­ға айналған, неси­есін төлей алмай, қары­зға бел­ше­сі­нен батқан қан­ша­ма қазақ бар? Керісін­ше, өзге этно­стар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ы­на мүм­кін­дік жаса­лып, қазақ жапа шегіп жат­са, осы оқиға­ны әлдекім­дер өзінің мүд­десіне пай­да­ла­нуы айдан анық.

– Одан бері бір­не­ше күн өтті, ешбір мем­ле­кет­тік орын­дар тиісті дәре­же­де баға беріп, жағ­дай­дың алдын алу жөнін­де ешкім баста­ма көтер­ме­гені өкінішті-ақ…

– Әлбет­те! Қараңыз: Қаза­қстан халқы­ның 54–56 пай­ы­зы осы оңтүстік өңір­де­гі үш облы­сты мекен­дей­ді; алдағы он бес жыл­да аймақ тұрғын­да­ры­ның саны бес мил­ли­онға көбей­еді деген болжам бар. Олар­дың білім, еңбек, биз­нес, ден­са­улық сақтау, эко­но­ми­ка нары­ғы­на келуінің өзі біраз қиын­ды­қтар туын­да­туы мүм­кін екеніне дау жоқ. Бүгін­гі күні қаза­қтар­ды Арқаға қарай қоныс ауда­ру керек деген ұсы­ны­сты сол­түстік өңір­де­гі шека­ра­лық дүр­бе­леңнің алдын алу ғана емес, халқы тығыз орна­ласқан оңтүстік өңір тұрғын­да­ры­ның тұр­мыс жағ­дай­ын еске­ру деп түсін­гені­міз жөн. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша ресми тір­ке­уде­гі жұмыс­сыздар­дың үштен бір бөлі­гі – оңтүстік облы­стың аза­мат­та­ры. Оның сыр­тын­да өз күнін өзі көретін­дері, науқан­дық жұмысқа жегілетін­дерін қос­саңыз – жұмыс­сыздар­дың қалың нөпір күшін көресіз. Осы нөпір­дің толқы­ны кез кел­ген уақыт­та тосқа­уы­лға бой бер­мей­тін тасқы­нға айна­луы мүм­кін. Билік жауды сырт­тан іздеп, іште­гі тұта­нып жатқан шоққа мән бер­ме­уде. Қаза­қстан­да әлдеқан­дай дүр­бе­лең орын алар бол­са, оның себебін әле­умет­тік желі­ден іздеп, оған тосқа­уыл қоюға ұмты­лу – бос әуре­шілік. Әле­умет­тік әділет­сіздік­ке нара­зы халық бол­ма­шы бір себеп­пен аяқ асты­нан көше­ге лап қой­са, билік­тің басу айтып, қар­сы тұра алар­лық ама­лы бар ма?! Өткен ғасыр­да 1917 жылғы Петер­бор­дағы төң­керіс нан­ның тап­шы­лы­ғы­нан басталған еді. Ол заман­да интер­нет жоқ, бай­ла­ныс түрі дамы­м­аған кезең бол­са, бүгін­гі таң­да хабар алы­сып, ақпа­рат тара­ту­дың мүм­кін­дік­тері мол. Қауіп-қатер­дің ауы­лын алы­стан болжа­удың да зама­ны өткен сияқты…

Сол себеп­ті Сары­аға­штағы оқиға әле­умет­тік эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле тұрғы­сы­нан қарап, зерт­те­луі тиіс. Дәл бүгін әле­умет­та­ну­шы­лар, эко­но­ми­стер оңтүстік­ке барып, зерт­теу, сарап­тау ісі­мен айна­лы­су­ды қолға алса, құба-құп болар еді.

Оңтүстік­те­гі ағай­ын­дар жер­ді еміп үйрен­ген­дер, ушы­ққан мәсе­ленің түп-төр­кіні де осы жер дауы­на қаты­сты өршу­де. Су мәсе­лесі де шеші­мін тап­паған. Жыл санап адам саны көбе­ю­де, суар­ма­лы егістік жері – күн­көріс көзі, әле­умет­тік әділет­сіздік­тің де себеп-сал­да­ры осы жағ­дай­дан туын­дай­ты­нын билік біл­се де, біл­мес кей­іп таны­тып отыр. Тәжік­стан мен Өзбек­стан мил­ли­он­даған жұмыс­сызда­рын («гастар­бай­тер») Ресей мен басқа да көр­шілес елдер­ге жіберіп, мәсе­лесін шешіп отыр. БАҚ бет­терін ақта­рып оты­рған­да, тәжік, қырғыз, өзбек­тің сая­сат­кер­лері Ресей­де­гі дағ­да­ры­стың күше­юіне алаң­да­у­лы, өйт­кені сол жаққа кет­кен жұмыс күші елге ора­ла­тын бол­са, жұмыспен қам­ту бас ауы­ра­тын шару­аға айна­ла­ты­нын түсініп отыр, нәти­же­сі ел ішін­де жаңа бір төң­керіс­ке алып кел­мей ме деп қауіптенуде.

Қаза­қстан да дәл осын­дай жағ­дай­ға тап болып отыр. Бұрын­да­ры бір­не­ше мил­ли­он өзбек, қырғыз, тәжік Ресей­де ақша тауып, жал­да­нып жүр деп таба­лай­тын едік қой. Енді біздің де басы­мы­зға осын­дай күн туып отыр.

– Жер-жер­де ауық-ауық бой көр­сетіп қала­тын осын­дай ұлта­ра­лық кикіл­жің мәсе­лесін бүр­кеп қалу­мен біз бұл про­бле­ма­дан құты­ла­мыз деп ойлай­сыз ба? Мәсе­лен, Жаңа жыл­дың қар­саңын­да Шон­жы ауы­лын­да да осын­дай ұлта­ра­лық жан­жал болған екен. Ел іші ол оқиға­дан да бейхабар…

– Өйт­кені елі­міз­де тәу­ел­сіз ақпа­рат тара­та­тын БАҚ-тың аяғы тұса­у­лы. Дер кезін­де елге шынайы хабар жет­пей­ді. Ал оңтүстік­тің ерекшелі­гі сол – жер­гілік­ті тұрғын­дар ұйым­шыл, билік­ке жал­тақта­май, өз ішін­де шешім қабыл­дап жата­ды. Билік­тің қолы­нан кел­мей­тін шару­а­ны өздері шеше ала­тын жер­гілік­ті ақсақал­дар инсти­тут­та­ры, дәстүр­лері бар. Осы­ның арқа­сын­да көп­те­ген дау­лы мәсе­ле­лер­ді өздері шешеді. Билік­ке жетіс­пей жатқан мәсе­ле – елге шын­ды­қты жет­кі­зе алмай­ды, ел ішін­де­гі дау­лы мәсе­лені қоғам­ның талқы­сы­на салуға құлы­қ­сыздық таны­та­ды, «өзім білем­ге» салады.

Ақиқат­ты айтқан адам­ның аузын жаба­ды, ақпа­рат­ты жет­кі­зетін БАҚ-ты қуда­лап, сот­тап, жауып тына­ды, дер кезін­де ақпа­рат тара­ту­шы сайт­тар­ды бұғат­тай­ды. Билік­тің арсе­на­лын­да әділет­ті жол­мен шешетін әре­кет, амал жоқ сияқты. Ертең­гі күні осын­дай қуғын­дау шара­ла­ры да шегіне жете­ді, сол кез­де ел ішін­де қан­дай жағ­дай орын ала­ты­нын ойла­удың өзі қорқы­ны­шты. Ел аза­мат­та­ры аштық жари­я­лап, өз-өзіне қол жұм­са­уға дей­ін барып жатыр. Ашы­ғу деген шараға өз басым қар­сы­мын, өйт­кені бұл амал­сызды­қтан бара­тын сая­си қадам, осын­дай әре­кет­тер­дің саны көбейе бер­се, билік назар аудар­май­тын бол­са, онда халық басқа жол­ды таң­да­уға кірі­седі. Ол таң­дау – кесек тасқа, отқа, қару-жараққа келіп тірел­се, не бол­мақ? Билік­тің қоғам­мен сана­спау сая­са­ты­ның өзі осы жағ­дай­ға апа­ра жатыр.

– Қаза­қстан­да ұлт­тар мен ұлы­стар ара­сын­дағы татулы­қты қам­та­ма­сыз етудің алғы шар­ты қан­дай деп ойлайсыз?

– Кез кел­ген мәсе­лені шешу­де­гі келісім­нің, ымы­ра­ның алғы шар­ты – шын­дық. Шын­дық арқы­лы талқы­лау, сарап­тау мәде­ни­еті қалып­та­са­ды. Тіп­ті үш адам кар­та ойнау үшін ең алды­мен ере­же­сін келісіп ала­ды ғой. Біре­уі – қал­та­сы­на тапан­ша салып, екін­шісі – қой­ны­на бал­та тығып, үшін­шісі – бір топ «тен­тек­тер­ді» қасы­на жинап алса, ойын­ның ере­же­сі әділет­ті бол­май­ты­ны бел­гілі ғой. Билік пен бұқа­ра­ның арақа­ты­на­сы да осын­дай жағ­дай­ға ұқсап бара жатқандай…

Қаза­қстан­дағы әр этнос өз-өзі­мен болып, оқша­у­ла­ну­да. Жуыр­да қоғам қай­рат­кері Сағат Жүсіп аға­мы­здың әле­умет­тік желі­де өзі­міз­ге таныс бір орыс жігітін «қаза­қтан досы жоқ адам» дегенін оқы­ған едім, шынын­да да, бүгін­гі таң­да қаза­қтан досы жоқ адам­ның саны көбей­іп бара жатыр. Сары­аға­штағы, Шелек­те­гі, Шон­жы­дағы жағ­дай­ларға зер сал­сақ, елде­гі этни­ка­лық анклав деген мәсе­ле сопаң етіп шыға келеді. Бір ауыл­ды бір этно­стың мекен­де­уі, өзінің мешіті, өзінің «махал­ла­сы», онда Ата заң­нан тыс инсти­тут­тар­дың әре­кет­терінің орын алуы – айна­лып кел­ген­де қауіп­ті жағ­дай екені дау­сыз. Әртүр­лі этно­стар өз ауы­лын­да осын­дай дәстүр­мен өмір сүріп, бел­гілі бір уақыт­та ойы­на кел­генін жаса­ма­сы­на кім кепіл бола алады?!

Қоғам­ның ішін­де осы мәсе­ле­ге бай­ып­пен қарап, сал­мақты жұмыс жүр­гі­зе ала­тын меке­ме жоқтың қасы. Ресми билік айтып жүр­ген­дей, біз­де 130-ға жуық ұлт­тың өкіл­дері жоқ екенін жақ­сы біле­міз, мәде­ни орта­лы­қтар­дың бел­сен­ді тобы­ның саны 30–40 қана бола­ды. Шын мәнін­де, билік­тің сая­са­ты­на ықпал ете­ді деген­дерінің саны 15-тен аспай­ды. Екі чук­ча, үш-төрт кав­каз­ды­қты, т.б. бірер этно­сты ұлт­тар­дың саны­на қосуға кел­мей­ді ғой. Олар жеке­ле­ген адам­дар, оларға ешкім де арнайы бала­бақ­ша салып, мек­теп ашып бер­месі анық. Аз деген­де елу мың­нан астам ада­мы бар этно­сты елде­гі сая­сатқа ықпал ете ала­тын топ деп сана­уға бола­ды. Елдің мүд­десі үшін жұмысқа тар­ту, ел ісіне ара­ла­сты­ру – ол біздің аза­мат­ты­ғы­мыз, мем­ле­кет­шіл­ді­гі­міз үшін сын. Алай­да осы мәсе­лені түсін­діру­ге тиіс ассам­блея айға бата жасап отыр ма?

– Расын­да, Қаза­қстан халқы­ның ассам­бле­я­сы осы тұрғы­да тия­нақты шаруа атқа­рып отыр деп айта алмай­мыз. Тіп­ті осы Ата заң­нан тыс ұйым­ның қыз­мет ауқы­мы ара­сын­да қазақ мәсе­лесі тап­шы екенін немен түсін­дірер едіңіз?

– Бүгін­гі күні ассам­блея – кон­сти­ту­ци­я­лық заң­на­маға еніп кет­кен ұғым бол­ды. Егер осы тұрғы­дан қарай­тын бол­сақ, бір адам елде­гі сай­лау науқа­нын­да екі рет дауыс беру құқы­на ие болып отыр. Депут­тар­ды сай­лау про­цесін­де осы құқы­қтың бұзы­ла­ты­ны анық. Олар Қаза­қстан аза­мат­та­ры болған­ды­қтан, елдің мүд­десі тұрғы­сы­нан ойлай­тын бол­сақ, артын­да күші бар этни­ка­лық топ­тар­мен сана­суы – мем­ле­кеті­міз үшін қажет­ті шаруа. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­ды мекен­дей­тін этни­ка­лық топ­тар­ды қаза­қы сая­сатқа, қаза­қы мүд­де­ге, қазақ тілінің, мәде­ни­етінің мәсе­ле­леріне ара­ла­сты­руы­мыз керек. Қоғам­дық сая­си ойды, тәжіри­бені, үрдістер­ді түбе­гей­лі түр­де өзгер­туді қажет ететін қадам­дар қажет. Осы тұрғы­дан пай­ым­дай­тын бол­сақ, ассам­блея өзіне жүк­тел­ген бір­де-бір мін­детін атқа­рып оты­рған жоқ.

– Қаза­қтың мүд­десі есебі­нен басқа ұлы­старға жағ­дай жасау сая­са­ты мәсе­лені одан ары ушы­қты­ра түсуі мүм­кін бе?

– Қоғам­да осын­дай әңгі­менің бар екені анық, яғни бүгін­гі күні билік көп­те­ген мәсе­лені қаза­қтың есебі­нен жасап отыр. Бұл әре­кетінің қателі­гі жыл өткен сай­ын билік­ке өкпе­лі қаза­қтар­дың этно­старға қар­сы нара­зы­лы­ғын туды­рып отыр. Билік өзінің осын­дай әре­кеті арқы­лы қаза­қтың бой­ы­на «менің намысым­ды тап­тап, несі­бем­нен қағып отыр­сы­ң­дар» деген түсінік­ті енгізіп қой­ды. Ассам­бле­я­ның айна­ла­сын­дағы этно­стық мәде­ни орта­лы­қтар­дың жетек­шілері де жемқор­лы­қтың ауы­лы­нан алыс кет­кен жоқ. Олар әкім­дер­ге, тіп­ті пре­зи­дент­тің өзіне тіке­лей кіріп, біраз мүм­кін­дік­ке қол жет­кі­зе ала­ды. Үкі­мет тара­пы­нан бөлі­нетін тен­дер­ді иеле­нуіне жол ашық. Елді жай­лаған жемқор­лық тұрғы­сы­нан алсақ, бұл мәсе­ле­де қаза­қтарға кесірі тимей­ді деп, кім кепіл­дік бере ала­ды? Естуі­міз­ше, пре­зи­дент­тің тіке­лей өкілі­мін деген жалған куәлік алып, жалған­ды жал­пағы­нан басып жүр­ген­дер де осы этно­стық топ­тар­дың бас­шы­лы­ғын­да жүр­ген­дер екен… Ассам­бле­я­ның жұмыс тәсілі түр­лі мере­келік шара­лар мен кон­церт­пен шек­те­луі – осы орган­ның шын мәнін­де­гі жұмысын таяз­да­тып, жоққа шыға­ра­тын сыңай­лы. Ассам­блея үшін жаңа фило­со­фия қажет шығар, ол қоғам­ның ішін­де болып жатқан кез кел­ген мәсе­лені талқы­лай­тын алаңға айна­луы тиіс еді.

Қоғам­ның ассам­бле­яға деген ынта­сы бол­ма­са, онда осы инсти­тут­тың қажет­тілі­гі жоқ, екін­ші жағы­нан осы ұйым­ның мүшелі­гін­де жүр­ген бір­де-бір этнос өкілі қаза­қтарға келіп, ассам­бле­я­ның керек екенін айтып, дәлел­де­ген емес. Қаза­қтарға ұсы­ныс жасап, әлдеқан­дай бір мәсе­лені талқы­ла­у­ға ынта­лы еме­сті­гін де бай­қай­мыз. Анда-сан­да қазақ тілін үйре­тетін курс ашқан­да­рын ғана мақтан ете­ді. Таса­да тұрып, жағ­дай­ды бақы­лап оты­рған­нан гөрі, ел ішіне келіп, келеңсіз жағ­дай­ды ауыл, аудан ақсақал­да­ры­мен, ел-жұрт­пен бір­ге талқы­лап, мәмі­ле жасап, ресми дең­гей­ге дей­ін мәлім­де­ме жаса­уға ұмтыл­са, кім қой дер еді?! Өздері­мен-өзі оты­рған, мем­ле­кет ішін­де­гі мем­ле­кетіңіз – осы ассам­блея деуден басқа айта­ры­мыз жоқ.

– Этнос өкілі деген­де, кеше ғана өмір­ден өткен қазақ халқы­на деген құр­меті күшті болған Герольд Бель­гер­дің үлгісі ұлта­ра­лық тәр­би­енің тең­дес­сіз тақы­ры­бы бол­мас па еді?

– Гер-аға иман­ды бол­сын, марқұм! Гер-аға нағыз қазақ еді ғой! Шынын айтуы­мыз керек, елдің сая­си, мәде­ни, әде­би өмірін­де­гі орны бар ерекше тұлға. Қуғы­нға түс­кен ұлт­тың өкілі. Табиға­ты­нан бітім­гер аза­мат еді. Гер-аға­ның артын­да қалған мұра­сын келе­шек ұрпақ зерт­тей­тіні айқын. Ал бүгін­гі таң­да сая­си сахнаға жаңа ұрпақ келе жатыр. Гер-аға­ның ерекшелі­гі сол – өзі өмір­ден өткен соң, оның артын­да билік­ке, сая­си топқа, этни­ка­лық ұйым­дарға сөзі өтетін сал­мақты тұлға қал­маған сияқты. Ешкім­нің атын атай алар емес­пін. Сенім артар, елге сөзі өтім­ді тұлға­ның жоқты­ғын тра­ге­дия дер едім.

Бүгін­гі қазақ зия­лы­сы­ның сөзі аз ғана қаза­ққа өтім­ді, қазақ биз­не­смен­дерінің сөзі өзінің айна­ла­сын­дағы­ларға ғана өте­ді, қаза­қтың іші­нен шыққан бел­сен­ді деген аза­мат­тар­дың өзі қаза­ққа жиір­кене қарай­тын жағ­дай­ға жет­ті. Күні кеше демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ның қата­рын­да жүр­ген­дер билік­тің сой­ы­лын соғып кет­кені сон­ша­лық, қисы­нға кел­мей­тін сөз­дер­ді сан­ды­рақта­уда. Мем­ле­кет­тік емес ұйым­ның сой­ы­лын соғып жүріп, енді соларға қар­сы жұмыс істеп жүр­ген­дер де бар. Қаза­қстан деген елде тұрып жатқан халы­қты аузы­на қара­та­тын біре­гей тұлға­ның жоқты­ғы – қасірет! Бар­ша буы­нға қадірі бар сон­дай аза­мат­тың бірі – Гер-аға еді.…

Кеңе­стік идео­ло­ги­ядағы халы­қтар досты­ғы деген ұғы­мға жабы­са бере­міз, ешу­ақыт­та халық пен халық, мем­ле­кет пен мем­ле­кет дос бол­май­ды, доста­са­тын – адам­дар. Біз сая­сат­тағы халы­қтар досты­ғын адам­дар досты­ғы­на қарай өзгер­туі­міз керек. Адам бір-біріне сенім артқан кез­де ғана мем­ле­кет дами­ды, ал бүгін­гі күні сенім мәсе­лесі дағ­да­ры­сқа ұшы­раған заманға тап болып отырмыз.

Әле­умет­тік капи­тал­дың басты теті­гі – сенім! Елде пре­зи­дент­тік инсти­тут­тан басқа дәстүр­лі инсти­тут жоқ, пар­ла­мент, сот, поли­ция өз мін­дет­терін толық атқа­ра алмай отыр. Осын­дай мәсе­лені зерт­теп, алдын ала жау­а­бын таба ала­тын­дай мәде­ни­еті­міз де қалып­тас­паған. Өйт­кені авто­ри­тар­лы мем­ле­кет­те өмір сүріп жатырмыз…

Адам­ның екін­ші бір ада­мға сені­мін арт­тыр­май, мем­ле­кет­тің ішін­де­гі тыны­шты­қты, эко­но­ми­ка­лық өсім­ді баян­ды ете алмай­мыз. Эко­но­ми­ка, биз­нес тыны­шты­ғы тұрақты елде дами­ты­ны айты­лып жүр ғой, ал бүгін­гі тұрақты­лық сая­са­ты шын мәнін­де­гі сая­сат емес, ол бүгін­гі биле­ушілер­дің сая­си жағ­дай­ын сақтап қалу үшін жүр­гізіліп отыр, шынайы тұрақты­лы­ққа қаты­сы жоқ ұғым. Билік­ке деген сенім­нің де деваль­ва­ци­я­сы бола­ды, ол бір күн­нің ішін­де морт сынуы мүм­кін. Халы­қтың сені­мі­мен ойна­уға бол­мас, осы мәсе­лені түсін­бе­ген билік­тің де бола­шағы бұлыңғыр!

– Айдос, елдің де, біздің де сені­мі­міз­ге сел­кеу түс­пей­тін жағ­дай­ға жетей­ік, ашық айты­лған әңгі­меңіз­ге рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн