Суббота , 5 июля 2025

АЙДЫНҒА – АРАША!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

Өткен айда «БӘтуа» ЖШС мен оның құры­л­тай­шы­сы Нұр­лан Биәді­лов Шығыс Қаза­қстан облы­сы Үржар ауда­нын­да Қытай ком­па­ни­я­сы 91 432,5 гек­тар иелен­ді деген қоғам бел­сен­дісі Айдын Еге­уба­ев­ты Алма­ты және Аста­на қала­ла­рын­да сотқа бер­ген еді. Екі қала­дағы сот ісін­де қара­ла­тын мәсе­ле бірін-бірі қай­та­лаған­ды­қтан, келесі сот оты­ры­сы Аста­на қала­сын­да өтетін болып шешілді.

 

Осы іс бой­ын­ша кеше, қазан ның 18‑і, Аста­на қала­сы­ның Сарыарқа‑2 аудан­дық соты­ның судья­сы Пазы­лов алға­шқы сот оты­ры­сын өткізді. Алға­шқы оты рыста-ақ сотқа шағым­да­ну­шы тарап­тың дәлел­ді айғақта­ры әлсіз екені, ал Еге­уба­ев­тың қо лын­да нақты дәлел­дері бар еке нін заң­гер Мақ­сат Іли­ясұ­лы әлеу мет­тік желі арқы­лы көп­ке жеткізді.

Ескер­те кетей­ік, Айдын Егеу баев­тың сот­ты болуы­на оның «ДАТ» газетіне бер­ген сұх­ба­ты себеп­кер болып отыр. Биәді ловтың сотқа бер­ген ары­зы бой­ын­ша, Еге­уба­ев БАҚ арқы­лы жала жауып, жалған ақпар тарат қанға келіп сая­ды. «ДАТ» жалған ақпар тарат­паға­нын, Айдын Егеу баев­тың газет­те­гі сұх­ба­ты­на дей­ін «Бәту­а­ның» пәтуа­сын түп-төр­кінін біз осы­дан алты жыл бұрын дүй­ім елге жария еткен едік. Қажет бол­са, сотқа сол жари­я­ла­ным­ды жария ету­ге даярмыз.

Оқыр­ман­ның есін­де бол­са, Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да «Бә туа» шару­а­шы­лық серік­тес тігінің қытай­ларға қаты­сты мәсе лесін 2011 жылы мамыр айын­да газет тіл­шісінің өзі барып, көріп кел­ген дәлел­ді деректері жарық көр­ген еді. Үржар­дағы жер­ді жал ға алған «Бәту­а­ның» Қытай­ға қан­дай қаты­сы бар десеңіз, «Бәту­аға» «Пәр­мен» деген серік тестік Қытай­дың 70-ке жуық ауыл шару­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сын 5 жыл мерзім­ге лизинг­ке алып бер­ген. Айт­пақ­шы, «Пәр­мен» де «Бәту­а­ны» сотқа беріп жатқа­ны жөнін­де ресми ақпа­рат­тан хабардармыз.

Ал Қытай маман­да­ры Үржар ға лизинг­тің «ішін­де» кел­ген бола­тын. Сол кез­де қытай­лы­қтар тура­лы серік­те­стік­тің бас дирек­то­ры Сер­гей Хван­ның орын­ба­са­ры Нұр­лан Биәді­лов: «Олар біз дер­ге қытай тех­ни­ка­сын жүр гізуді, соя егуді үйре­ту­ге кел­ген­дер», – деп түсін­дір­ген еді. Оның айтуын­ша, қытай­лар ерік­ті түр­де лизинг­ке «тір­ке­ме» ретін­де «жет кізіл­ген». «Олар біз­ден ешнәр­се алмай­ды, ешнәр­се сұра­май­ды, тек үйре­те­ді де кете­ді», – деген еді Биәді­лов мыр­за «ДАТ»-тың тілшісіне.

Ара­да алты жыл өткен соң, осы мәсе­ле бой­ын­ша қоғам бел сен­дісі Айдын Еге­уба­ев «ДАТ»-қа сұх­бат бер­ген еді. Қолын­дағы дәлел­ді құжат­та­рын көр­сетіп, шығыс өңір­де жер телім­дерін алған қытай­лы­қтар­да «Бәтуа ның» да үлесі бары сұх­бат­та ашық айты­лған болатын.

Дүй­сен­бі – қазан­ның 16-сын­да бір топ қоғам­дық ұйым­дар: «Алаш жолы» қозға­лы­сы» РҚБ (төраға­сы – Рау­шан Тор­ба­ев), «Ұлт тағ­ды­ры» РҚБ (төраға­сы – Дос Көшім), «Ар.Рух.Хақ» ҚҚ (пре зиден­ті – Бақыт­жан Төреғо жина), «Халы­қа­ра­лық адам құ қық тары инсти­ту­ты» ҚБ (пре зиден­ті – Жанұ­зақ Әкім), «Жер тағ­ды­ры» ҚБ (төраға­сы – Қай
ыр лы Омар), «Халық бір­лі­гі» ҚБ (төраға­сы – Мақ­сат Нұры­п­бай), «Адам құқы­қта­ры мен бостан дықта­рын қорғау қоғам­дық қоры» ҚҚ (пре­зи­ден­ті – Еділ Мәкен), соны­мен бір­ге «Анти­геп тил» аза­мат­тық қозға­лы­сы, бел гілі аза­мат­тар, қоғам қай­рат кер­лері бірі­гіп, елге таны­мал қоғам бел­сен­дісі, жер қорға­ны Айдын Еге­уба­ев­ты қол­дау жө нін­де арнайы коми­тет құр­ды. Коми­тет­ке Мақ­сат Іли­ясұ­лы жетек шілік етеді.

«Бəтуа» ЖШС мен оның бас­шы­сы Н.Н.Биәділов әділет­сіз сот­та жеңіп, Айдын­ның қоғам­дық жұмыспен айна­лы­суы­на шек­теу қой­ыл­са, жер үшін күресіп жүр ген бел­ді аза­мат­тың бел­сен­ділі­гі тоқтай­ды. Ол кез­де жер­ді қорғау жолын­да жүріп жатқан қоғам­дық қозға­лы­сқа үлкен соққы бері леді. Оған жол беру­ге болмайды.

Келесі сот оты­ры­сы қазан­ның 25‑і күні жалға­са­тын болды.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн