«Общественная позиция»
(проект «DAT» №45 (362) от 08 декабря 2016 г.
Әйел жаны
Танымал телебикеш Айгүл Мүкей, бұйырса, жуықта болатын қуанышымен бөлісті. Ол күйеуге шығудың қамында жүр екен: той көйлегін кимесе де, ырымын жасайтынын айтты.
Бұған дейін жеке өміріне қатысты әңгіме қозғамайтын Айгүл бұл жолы телеарналардың біріне берген сұхбатында ешқандай сырын жасырып қалмады. Жалғыз ұлын «ЭКО» арқылы дүниеге әкелгенін де, өзі туған ауылға мешіт салуды армандайтынын да айтты. Қыз-келіншектерге арналған интернет-сайттың құрылтайшысы, «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы Қоғаммен қатынас департаментінің директоры жеке өміріндегі қиындықтарын айтып, ұлының әкесімен неліктен дер кезінде бас қоса алмағанын да түсіндіріп берді.
Бірақ ол өз сөзінде: «Баламның әкесін ешбір желіде жарияламаймын. Ол бұған қарсы. Кезінде біз үйлене алмадық. Мүмкіндік болып тұрса да, бұл қадамға бармадым. Жуырда кішігірім той жасауым мүмкін» деп, таңдаған жарының есімін атаудан бас тартты.
Ендеше Айгүлді жар ететін кім болса да, бейтаныс жігіт Айгүлді бақытты әйел етсін дейік!