Суббота , 5 июля 2025

Айгүл ОРЫНБЕК: ЕЛБАСЫНЫҢ МАҢЫНА жиналған адамдарға КӨҢІЛІМ ТОЛМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

ДАТ!

 


Бүгін­гі таң­да интер­нет­тің қаза­қстан­дық кон­тен­тін­де әле­умет­тік желіні «жай­лаған» бло­гер­лер қауы­мы ел ішін­де қоғам­дық пікір дең­гей­ін қалып­та­сты­ру үстін­де. Сон­дай бел­сен­ді бло­гер­би­ке­ш­тер­дің бірі – қоғам­дағы әле­умет­тік әділет­тілік күрес­кері, шым­кент­тік заң­гер Айгүл Орын­бек – бүгін­гі «ДАТ!» айда­ры­ның қонағы.

 

– Айгүл ханым, біз білетін Айгүл Орын­бек – сайт­тар мен желілер­де, сон­дай­ақ халық ара­сын­да жәбір көр­ген, мұқтаж жан­дарға қорға­у­шы, әділет­сіздік­пен бет­пе­бет күре­сетін таны­мал адам. Ал біз біл­мей­тін Айгүл негізі қан­дай адам? Сіздің желі бетін­де­гі сая­си ұста­ным­да­ры­ңыз жеке өміріңіз­де қан­ша­лы­қты рөл атқарады?

– Сіз­дер білетін Айгүл – өмір­де де дәл сон­дай. Жасан­ды­лық пен екі­жүзділік, өтірік, жалған­дық – табиға­ты­ма жат. Дәл айт­ты­ңыз – желі­де бұлай жазып, пікір біл­діруі­ме қоғам­да болып жатқан әділет­сіздік­тер себеп болу­да. Мен атым шық­сын неме­се жұрт мені біл­сін деп, арнайы нақақ оймен ештеңе жазған емес­пін. Бар болға­ны аза­мат­тық көзқа­ра­сым­ды билік­ке жет­кізіп, қоғам­да орын алған кіна­рат­тар­дың шеші­мін табу­ды талап етіп жүр­мін. Кей­де осы табан­ды ұста­ным­да­рым мен бел­сен­ді әре­кет­терім үшін халы­қтан алғыс алып жата­мын. Осы­ның өзі маған үлкен мәр­те­бе. Халық пен билік ара­сын­дағы алтын көпір болып, қоғам­ның мәсе­лесі дұрыс шешіліп жат­са, ұста­ным­да­рым­ның оң екеніне көзім жет­кен­дей болады.

 

– Енде­ше сіз «Фейс­бук­тің» қаза­қстан­дық кон­тен­тін­де­гі ең таны­мал он әйел адам­ның қата­ры­на кіретініңізді білесіз бе?

– Иә, әрине, оны «Фейс­бук­тің» өзі маған «сыбыр­лап» оты­ра­ды. Айт­пақ­шы, сол қаза­қстан­дық таны­мал он әйел­дің ішін­де­гі жалғыз қазақ тілін­де жаза­ты­ным­ды, ана тілім­де сөй­лей­тінім­ді мақтан тұта­мын. Ұлтым­ның тілін­де сөй­леп, ұлтым­ның тілін­де жазып, үлкен беле­стер­ді бағын­ды­руға бола­ты­нын біраз жастарға дәлел­дедім деп есептеймін.

 

– Сіз­ге әле­умет­тік желі­де бел­сен­ділік таны­туға нен­дей жағ­дай­лар түрт­кі болды?

– Өмір­дің өзі жақ­сы мен жаман­нан, ақ пен қара­дан тұра­ды емес пе?! Сын­ды айта­мын деп айт­пай­ды екен­сің, соны айтуға қоғам­да орын алған мерез жағ­дай­лар мәж­бүр­лей­ді. Шын­дық жоғалған жер­де халы­қтың, қоғам­ның мүд­десін айқай­лап жет­кізу­ге тура келеді. Өйт­кені біз­де заң­ды бел­ше­сі­нен басып, оны өздеріне тиім­ді жағы­нан пай­да­ла­на­тын «заң­нан тыс» адам­дар көбей­ген. Қолын­да билі­гі бол­са да, халы­ққа пай­да­сы­нан гөрі зия­ны тиіп жатқан аза­мат­тар көп. Олар былға­ры крес­ло­да оты­рған­да­ры­на, «көке­жә­ке» болға­ны­на мәз. Өз тілін біл­мей, халы­қтың мұңын түсін­бей, алды­на кел­ген адам­ды өтірік күліп шыға­рып сала­тын шене­унік­тер­ді көр­ген­де, қоғам­да еріксіз бел­сен­ді болуға тура келеді екен.

 

– Айт­пақ­шы, «Фейс­бук­те­гі» сіздің «ата­ау…» деп баста­ла­тын жаз­ба­ла­ры­ңы­зды оқып оты­рып, елба­сы­ның аты­на сын айту үшін бұл қыздың бой­ы­на батыл­дық қалай дары­ды екен деп ойлай­тын оқыр­ман болуы мүм­кін ғой. Оларға не дер едіңіз?

– «Ата­мау…» деп айту үшін де батыл­дық керек пе? (Күліп). Елба­сы­ның бір сая­са­ты­мен келіс­сем, бір сая­са­ты­мен келіс­пей­тінім рас. Ал қоғам­да билік­ке қаты­сты сын айтыл­ма­са, елі­міз алға дамы­м­ай­ды. Ол кісінің жаны­ң­дағы, маңай­ын торуыл­даған адам­дарға менің көңілім тол­май­ды. Шын­ды­қты жасы­рып, халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ын кере­мет қылып көр­се­тетін солар – төңіре­гін торуыл­даған­дар емес пе?! Тіп­ті кіш­кен­тай ғана қала әкім­дері халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ын дұрыс біл­мей­ді. Қаза­қтың жал­пақ тілі­мен айтқан­да, мұр­ны­ның астын­дағы боқты көр­мей­ді. Жүйе шірі­ген – жағым­паз­дық, мақтау, мадақтау сөз­дер­ден құлақ сасы­ды. Билік пен халық ара­сы алшақтап бара жатыр. Шын­ды­қты, сын­ды билік­те­гі кей­бір аза­мат­тар қабыл­дағы­сы кел­мей­ді. Өйт­кені шын­дық әрқа­шан ащы бола­ды. Атам­ның өзі: «Сын айты­луы керек, сын айты­лған жер­де жұмыс жүреді», – дей­ді. Енде­ше «атам­ды» мақтай­тын­дар толып жатыр, ал сынап жүретін бір адам­ның болға­ны да дұрыс шығар.

 

– Ал батыл­ды­ғы­ңыз бен бел­сен­ділі­гіңіз үшін билік тара­пы­нан жаза­ға ұшы­рай­мын деп қауіп­тен­бей­сіз бе?

– Мен билік­тен тек қара халы­қтың және өзі­ме тиесілі заң­ды талап­тар­ды ғана сұрай­мын. Мені жау көріп, мені­мен алы­са­тын бол­са, онда ҚР аза­ма­ты­ның құқы­ғын өздері тап­тап, өздері шығарған заңға өздері қар­сы келіп оты­рға­ны. Билік­те де көзі ашық, бола­шағы­мы­зға сенім­мен қарай­тын ел аға­ла­ры­мыз өз қарын­даста­ры­на қауіп төн­діріп, қарап отыр­май­тын шығар. Ел ішін­де әділет қуған адам­ның жақта­у­шы­сы билік­тің өз ішін­де де бар…

 

– Жер­гілік­ті билік халы­қты бағын­ды­ру үшін тіз­гін­ді тұқыр­та ұстай­ты­ны мәлім. Сая­сат пен заң­нан мақұ­рым халық та билік­тің айтқа­ны­на көніп, айдаға­ны­на жүретін бей­ша­ра хал­ге түсті. Осы рет­те сіз заң­гер ретін­де өз құқы­ғы­нан хабар­сыз жұрт­шы­лы­ққа қан­дай кеңес берер едіңіз?

– Оры­стар ары­здан­са – ақыл­ды, біл­гіш деп мақтап оты­ра­мыз. Ал өзі­міздің қаза­қтар ары­зда­нып, өз құқы­ғын талап етіп жат­са – «ары­зқой», «жазғыш», «бәлеқор» деп сөге­міз. Бұл ұғым­ды жоя­тын уақыт кел­ді. Қазір­гі тех­но­ло­ги­я­ның дамы­ған зама­нын­да тек құқы­ғы­мы­зды ғана емес, заман тала­бы­на сай өмір сүруі­мізді талап ете білуі­міз керек. Заң бой­ын­ша, билік­те­гілер – халы­қтың құлы. Қазы­на­дағы қара­жат – халы­қтың маң­дай тері. Билік­тің халы­қ­пен сана­са­тын уақы­ты кел­ді. Халық бұры­нғы­дай қараңғы емес. Қарай­ған халық осы жәйт­ті жадын­да сақ­та­са екен деймін.

 

– «Әділет тіле­се, әкеңнің бол­са да айы­бын айт» демек­ші, сіздің үне­мі қоғам­дағы әділет­тілік үшін шыр­пыр болып жүретініңізді желі пай­да­ла­ну­шы­лар жақ­сы біл­се керек. Ал біздің қоғам­дағы әділет­тілік­тің жағ­дай­ын сіз қалай сипаттай аласыз?

– Сол – әкем­нің тәр­би­есі шығар, қоғам­дағы әділет­сіздік­ті көр­сем, бір­ден сол жер­ден табы­лып, жәбір көр­ген ада­мға көмек бер­гім келіп тұра­ты­ны. Қаза­қ­ша­лап айтқан­да, «қаным басы­ма шаба­ды». Қазір ала­яқтар­дың зама­ны болған­ды­қтан, заң­гер­лік көмек сұрап келетін­дер­дің бар­лы­ғы әлдекім­нен алданған адам­дар. Әле­умет­тік­тұр­мыстық жағ­дай­дың төмен­ді­гі былай тұр­сын, қаза­ғым­ның аңғал­ды­ғын пай­да­ла­на­тын ардан без­ген­дер билік пен халы­қтың орта­сы­на от салып отыр. Билік­те­гілер таза деп ақта­май­мын. Ала­яқтарға жол беріп, халы­қтан ақша істеп оты­рған­дар да жетер­лік. Басқа­ру жүй­е­мізді дұры­ста­уы­мыз қажет. Билік­те­гілер­дің қал­та­сын том­пай­та­тын заң емес, халы­ққа пай­да­сы тиетін заң шыға­ру керек. Билік­те­гілер­дің көбісі орыс тіл­ді. Жапа шегу­ші халық – қазақ тіл­ділер. Біздің әле­умет­тік мәсе­ле­лері­міздің шешіл­мей жатуы, әділет­сіздік­тер­дің орын алуы осы ана тілі­міздің қор­ла­нуы­нан деп ойлай­мын. Сол себеп­ті халық пен билік ара­сын­дағы алтын көпір болып, қоғам­дағы шешіл­мей жатқан әділет­сіздік­тер­ді шешу­ге тыры­сып жүр­генім рас.

 

– Шым­кент­те­гі мек­теп­тер­де орын алған әділет­сіздік­тер­ге ара­ша болып, осы жыл­дың басын­да біраз күй­бең­ге түс­кеніңізді тағы да біліп жатыр­мыз. Жал­пы, шым­кент­тік мек­теп­тер­де орын алған қан­дай қия­нат­тар­ды бөле­жа­ра айта аласыз?

– Шым­кент емес, оңтүстік­те­гі аудан­дар­дағы білім жүй­есі дегені­міз дұрыс болар. Өзім білім сала­сын­да жұмыс істе­ген соң, бұл салаға немқұрай­лы қарай алмай­мын. Осы сұх­бат­ты пай­да­ла­нып, айта кет­кім келеді: бір жыл­дан бері Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­ның білім басқар­ма­сы Аль­би­на Елши­е­ва­дан кей­ін дені дұрыс бас­шы­ға жары­май отыр. Содан болар, аудан­дағы мек­теп­тер мен білім бөлім­дері былы­ққа батқан. Был­тыр Мақта­рал ауда­ны, Жеті­сай қала­сын­да бала өлі­мі бол­ды. Жетім бала­лар мен аз қам­ты­лған отба­сы бала­ла­ры­на киім тара­тыл­маған. Айни мек­тебінің құры­лыс жұмысы біт­пей отыр деген шағым жеке­ме келіп түсті. Бұл мәсе­лені қыр­күй­ек­тің 5і күні облы­стық әкім аппа­ра­ты­на жет­кіз­ген бола­ты­н­мын. «Ашық әкім­дік» аясын­да халы­қтан түс­кен шағым­дар­ды шешіп оты­ра­тын бағ­дар­ла­ма­ның халы­ққа біраз пай­да­сы тиер деп ойла­дым. Бірақ әкім­дік­тен: «Айгүл Орын­бек, сіз жалған ақпа­рат беріп отыр­сыз, бала­ларға киім­ке­шек тара­ты­лып, құры­лыс жұмысы бітіп қой­ған» деген жал­тар­ма жау­ап алдым.

Бұл оқиға болған кез­де мен Алма­ты­да жүр­ген едім. Қыр­күй­ек­тің 9ында Шым­кент­ке ұшып келіп, Мақта­ралға жолға шығып кет­тім. Жол­жө­не­кей облы­стық аппа­рат басқар­ма­сы­ның жігіт­теріне қоңы­рау шалып, сөзім­ді, өзім таратқан ақпа­рат­ты дәлел­дей­тінім­ді айт­тым. Жеті­сай қала­сы­на жет­кен соң, тұңғыш бала­сы­нан айы­ры­лған анаға барып, көңіл айтып, бар­лық мән­жай­ды аны­қта­дым. Бала­ның ана­сы­на мек­теп дирек­то­ры мен білім бөлі­мін­де­гілер келіп: «Балаң­ды жұмысқа шығарға­ның үшін сот­та­ла­сың», – деп қорқы­тып тастаған екен. Басқа бала­ла­ры мүге­дек, ал дені сау бала­сы­нан айы­ры­лып оты­рған ана­ның жанай­қайы әлі жүре­гім­нен кет­пей­ді. «Айгүлау, ауру балам­ды анда­мұн­да сүй­реп, емха­на ара­лап жүр­генім­де, сау балам­нан айы­рыл­дым ғой!» – деген зар­лы үні әлі құлағым­да жаңғырады.

Одан шығып, Мақта­рал ауда­ны білім бөлі­мінің бас­шы­сы Лес­хан Қой­лы­ба­евқа бар­дым. Біздің қаза­қтар крес­лоға отыр­са бол­ды емес пе – өзгеріп шыға келетіні. Неме­се, орыс­ша­лап айтқан­да, «из гря­зи – в кня­зи» болған шолақ бел­сен­ділер адам таны­май кете­ді. Крес­ло­ның буы ұрып, алды­на келіп, ақиқат сұраған ада­мға уын шаша­ды. Қой­лы­ба­ев мыр­за­ға кіріп, аман­да­сып: «Облыс әкім­ді­гі жібер­ді, мән­жай­ды білу­ге кел­дім, бала қай­тыс болып­ты, келісім­шарт қай уақы­тқа келісіл­ген?» – деп сұрақ қой­ған едім. Лес­хан мыр­за былы­ғы ашы­ла­ты­нын сезді ме: «Сен кім­сің менен құжат сұрай­тын?» – деп, дауыс көтеріп, жоға­ры жақтағы «кры­ша­ла­ры­на» звон­дап, сасқа­лақтай баста­ды. Орным­нан тұрып сыр­тқа шыға бер­генім­де, бөлім бух­гал­тері тұр екен. Бала­ларға тара­ты­ла­тын киім­ке­шек­тер жай­лы сұраған едім: «Бүгін тара­тып жатыр­мыз…» – деп киім тара­тып жатқан бөлім­ге алып кел­ді. Сол жер­де өзін бас маман деп таны­сты­рған Жанар Мамы­ро­ва ханым маған келісім­шар­тты көр­сетіп, қолы­ма ұстат­ты. Келісім­шарт дұрыс түзіл­ме­гені және оған Лес­хан мыр­за­ның кінәлі екені көрініп тұр. Киім­ке­шек 10 күн кеші­гіп келіп тұр. Оның өзін­де, бұл мәсе­лені әле­умет­тік желі­де көтер­ген­нен кей­ін ғана қолға алған. «Постав­щик­тің» сөзі бой­ын­ша, тау­ар Қырғыз­стан­нан түн­де­летіп қана кір­ген. Отан­дық өнім­ді қол­дай­мыз деп жүріп, қырғы­здық өнім­ді қол­дап жүр­ген бұл бас­шы­ның тағы қан­дай былы­ғы бар екен деп, құры­лыс жұмысы біт­пей жатқан Айни мек­тебіне жол тарт­тым. 93 мил­ли­он тең­ге бөлін­ген мек­теп мен барған­да айра­жай­ра болып жатыр. Оқу­шы­лар­ды жан­жаққа бөліп тастаған. Клуб­тар мен тұрғын үйлер­де білім алып жүр­ген бала­лар­ды көріп, видеоға түсіріп, интер­нет­ке шыға­руға мәж­бүр бол­дым. Облы­сқа бәрі кере­мет, Айгүл Орын­бек жалған ақпа­рат тарат­ты деген бас­шы­ның өтірі­гі осы­лай ашыл­ды. Бұл оқиға­дан кей­ін Л.Қойлыбаев мыр­за­ның заң­сыз әре­кетін жабу үшін біраз қыз­мет­кер жұмыстан шыға­ры­лып, қазір­гі таң­да сот­та­сып жүр­генін біле­мін. «Ашық әкім­дік» деген бағ­дар­ла­ма халық үшін емес, жай билік үшін жаса­лы­нып жатқан көз­ба­я­у­шы­лық жоба екенін түсін­дім. Бұл тек бір оқиға. Егер Оңтүстік мек­теп­терін­де­гі былы­қтар­ды айтар бол­сам, бір сұх­бат­тың көле­мі жетпейді.

 

– Енде­ше, Айгүл ханым, ол былы­қтар­ды бөлек мақа­ла етіп жазы­ңыз, газет­тен орын берейік…

– Біз мини­стр­лік­ке бас­шы­лы­ққа кел­ген әркім­нің мек­теп рефор­ма­сы­на жал­тақта­у­мен келе­міз. Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға 25 жыл бол­ды. Ал біз­де әлі күн­ге мек­теп­тер жетіс­пей жатқан­да, қан­дай рефор­ма тура­лы сөз қозға­уға бола­ды? Оңтүстік­те үш мез­гіл­ден оқи­тын мек­теп­тер бар. Ал біздің министр Ерлан Саға­ди­ев мыр­за үштіл­ділік­ті тық­па­лап әуре. «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен бітіріп кел­ген «үштіл­ді» жаста­ры­мыз елі­міз­ден жұмыс тап­пай, тіп­ті мұхит асып, дая­шы болып күнін көріп жүр. Үкі­мет­те 25 жыл ішін­де ең көп ауы­сқан – осы білім мини­стрі. Әрқай­сысы келіп, өз рефор­ма­сын тық­па­лап, өзін­ше тарих­та қал­мақ­шы. Мұғалім­дер­дің жүй­кесін тозды­рып, бала­лар­ды жал­тақта­тып қой­ды. Менің­ше, біз­ге педа­го­ги­ка­лық тәжіри­бесі бар министр кел­мей­ін­ше, білім жүй­есінің жағ­дайы жақсармайды.

 

– Бүгін­де сіз Тал­ды­қорған қала­сын­да сот­та­лып жатқан бір жігіт­тер­ге ара­ша түсіп жүр­геніңізді естідік. Бұл сотқа сіз қан­дай әділ­дік­ті айт­паққа білек түре шықтыңыз?

– Бола­шағы­мыз – жастар дей­міз. Сол жастар­дың бола­шағы­на өзі­міз бал­та шаба­мыз. Сұрағы­ңы­зға қараған­да, әділет­сіздік жүр­ген жер­де – Айгүл жүреді деген пікір қалып­та­сып қалған сияқты­ау (күліп). Алма­ты облы­сы Текелі қала­сын­дағы жасөс­пірім­дер­ге қаты­сты бұл іс бүкіл мем­ле­кет­ке, оның ішін­де­гі ата­а­на­ларға сабақ болуы керек.

Сіз бала құқы­ғын білесіз бе? Бұл бар­лық ата­а­на­ларға қой­ы­ла­тын сұрақ. Көп адам заң­ды жақ­сы біл­ме­генінің сал­да­ры­нан опық жеп жата­ды. Ал бұл жер­де сол заң­ды білетін, өзі­мізді қорғай­тын құқық қорғау қыз­мет­кер­лері заң біл­мей­тін орал­ман қан­даста­ры­мы­зды осы жағ­дай­ға тап қылып отыр. Бұл бала­лар­дың кінәсі – поли­ция қыз­мет­кер­леріне сен­ген­дік­терін­де. Үйде жатқан бала­ларға ауыр айып тағы­лып отыр. Қыл­мыстық тер­геу объ­ек­тив­ті тұрғы­да дұрыс жүр­гізіл­ме­ген. Бала­лар­ды ақтап ала­тын айғақтар тер­ге­уші­ге беріл­се де, іс сотқа өтіп кетіп отыр.

Тер­ге­уші ата­а­на­ларға: «Мен кім­ді қала­сам, сол қыл­мыс­кер бола­ды», – деп, өзінің қыз­мет­тік бабын асы­ра пай­да­ланға­ны үшін заң алдын­да жау­ап береді. Бұл оқиғаға бай­ла­ны­сты Білім және ғылым мини­стр­лі­гі­нен мек­теп­ке құқы­қта­ну пәнін 7сыныптан бастап енгі­зуді сұрай­мын. Бала­лар заң­ды жақ­сы білетін бол­са, жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы қыл­мыс аза­яр еді. Бала­лар жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нер еді. Ал поли­ция қыз­мет­кер­лері жастар­дың мой­ны­на қыл­мысты ілуді доға­рар еді.

 

– Бүгін­гі әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық кон­тен­ті елде үлкен сая­сиәле­умет­тік қозға­лыс туды­ра ала­тын хал­ге жет­ті деп айта ала­мыз ба?

– Әрине. Оған дәлел – был­тыр жаз­да көтеріл­ген жер мәсе­лесі. Оған 26бап төңіре­гін­де­гі қозға­лы­сты қосы­ңыз. Осы­ның бар­лы­ғы әле­умет­тік желі арқы­лы халы­қтың пікір біл­діріп, мәсе­лені билік­ке жет­кі­зе алуы­ның, билік­тің халы­қ­пен сана­са бастаға­ны­ның айқын көрінісі.

– Әле­умет­тік желілер­де бел­сен­ді бло­гер болу үшін, ком­пью­тер мен смарт­фо­ның болу­дан басқа қан­дай алғы шар­ттар қажет?

– Ол үшін жан­жақты білі­мің, мәсе­лені өткір қоя білу шебер­лі­гің, оқыр­ман­да­ры­ң­ды қызы­қты­ра ала­тын, билік­ті илан­ды­ра ала­тын өз жаз­ба сти­лің болуы керек деп ойлай­мын. Оқыр­ман­дар­дың көбі мені жур­на­лист деп ойлай­ды. Бірақ мен заң­гер­мін. Кей­біре­улер кей­де дөрекі жаза­сыз, қат­ты кетесіз деп жата­ды. Иә, табиғат бер­ген мінезім осын­дай. Өзім­ді халы­ққа шынайы бей­нем­мен қабыл­датқым келеді. Теле­ар­на­лар­дан көретін жасан­ды­лы­қтан, екі­жүзділік­тен, өтірік сөз­дер­ден шар­ша­дым. Тек мен емес, халық та шар­шаған сияқты. Содан болар, менің оқыр­ман­да­рым күн­нен­күн­ге көбе­ю­де. Күн­делік­ті өмір­де­гі әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді қоғам талқы­сы­на ашып, жазып, жет­кізіп оты­ру – қоға­мға қосқан бір үлесім деп ойлай­мын. Сол кез­де әділет­сіздік­ке қар­сы күрес жолын­дағы әрбір ісіңді халық баға­лай­ды. Халы­қтың: «Қай­да жүр­сең де, аман жүр, қызым!» деген бата­сы­на не жет­сін?! Қаза­қтың мұңын жоқтай­тын Робин Гуд болам деген әрбір аза­матқа – әле­умет­тік желі тап­тыр­мас құрал.

 

– Елде­гі жеке­ле­ген бло­гер­лер әлдебір мүд­делі сая­сиәле­умет­тік топ­тарға қыз­мет ете­ді, өз еңбе­гін ақы­ға баға­лай­ды деген пікір­ге қан­дай алы­пқо­са­ры­ңыз бар?

– Әркім өз нанын өзі тауып жей­ді. Өз қыз­мет­теріне ақы алып жүр­се, ол әркім­нің өз құқы­ғы. Мен ешкім­ге шек­теу қоя алмай­мын. Бірақ ақша үшін ұлты­мы­зға, мем­ле­кеті­міз­ге, тілі­міз­ге, бей­біт­шілі­гі­міз­ге қауіп төн­діретін бол­са, ол мен үшін сатқын, халық жауы­мен бірдей.

Осы орай­да айта кетей­ін­ші, мені де сыр­тым­нан қара­лап, ақша үшін жаза­ды дей­тін­дер­ге: әле­умет­тік желілер­ді қол­да­на­ты­ны­ма 4 жыл болып­ты. Осы уақы­тқа дей­ін бір­дебір адам­нан жаз­ба­ла­рым үшін ақша алма­дым деп нақты айта ала­мын. Бол­ды, әрине, ақша ұсы­нып, қол­шоқ­пар қылғы­сы кел­ген­дер. Бірақ өздері сон­дай ұсы­ныс жасаған­да­ры үшін өкініп қал­ды. Бір­де жер­гілік­ті бір бас­шы: «Желі­де­гі жаз­баң­ды өшір­ші…» – деп, кон­верт ұсы­нып келіп­ті. «Ақшаңыз көп бол­са, Шым­кент­те үйсіз жүр­ген халы­ққа үй алып беріңіз, сосын өшіре­мін», – дедім. Маған билі­гі жүр­ме­ген­дік­тен, амал­сыз үнсіз жөні­мен кетті.

Әр адам­ның өзін­дік ұста­ны­мы болуы керек. Өмір болған соң, түр­лі жағ­дай­лар, мүм­кін­дік­тер, қателік­тер кез­десіп жата­ды. Бірақ оның бар­лы­ғы жай ғана өткін­ші сынақ. Тіп­ті кей­де эмо­ци­я­мен шешім қабыл­дап жата­мыз. Тек бір нәр­сені айтқым келеді: өмір­де бар­лы­ғын ақша шешпей­ді. Кей­бір жазғы­штарға айта­рым: мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гін, бола­шағын ақша үшін сат­паң­дар дегім келеді.

 

– Рах­мет, сұх­ба­ты­ңы­зға! Әділет жолын­дағы еңбе­гіңіз жана берсін!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн