Суббота , 5 июля 2025

Айгүл жасырған ЖІГІТ КІМ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Бір­не­ше жыл­дан бері «соқа басты» өмір сүріп кел­ген актри­са, әрі әнші Айгүл Иман­ба­е­ва өзінің инста-парақ­ша­сы­на маз­мұ­ны түсініксіз сурет­тер жари­я­лай бастаған соң, оқыр­ман­да­ры оның «жалғы­зды­ғы­на» күдік кел­ті­ре бастады.

 

Бір кез­дері теле-келін («Ұят бол­ма­сын!» тв-бағ­дар­ла­ма­сы) атанған Айгүл енді кім­нің отба­сы­на нағыз келін болғы­сы келіп жүр? Айгүл­ге тән­ті оқыр­ман­да­ры бүгін­де осын­дай сұраққа жау­ап іздеуде.

Жеке өмірі жай­ын­да сөз қозға­уды жақтыр­май­тын актри­са қыры­қтың қырқа­сы­на шыққан жасын­да «жаңа өнер» көр­се­те бастаған сыңай­лы. Ол жуы­қта оң қолы­ның «шыл­дыр шүмек» сау­сағын­да сақи­на салған суретін өзінің инста-парақ­ша­сы­на жари­я­ла­уы мұң екен, оқыр­ман­да­ры орағы­та әңгі­ме баста­ды. Сол жаз­ба­лар­дың ара­сын­дағы «махаб­бат­сыз дүние бос екенін өзіңіз де түсін­ген шығар­сыз, жалғы­здық құдай­ға ғана жарасқан» деген иша­ра сол әңгі­менің өзе­гі бол­ды. Айгүл­ді бұры­нғы күй­е­уі «Сәбит Әбді­ха­лы­қо­вқа орал­ды» деушілер де жоқ емес.

«Халық айт­са, қалт айт­пай­ды» деген­дей, көп­шілік­тің болжа­уын­ша, Айгүл­дің инста-парақ­ша­сын­да суреті жар­ты­лай «жасы­ры­лған» бел­гісіз ер аза­мат­тың жұм­бақ бей­несі Сәбит-серінің Алты­най Жора­ба­е­ва­дан кет­кен­нен кей­ін-ақ пай­да болған екен. Және сол уақыт­тар­да бұры­нғы ерлі-зай­ып­ты­лар теле­ви­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­ның бірін­де бір­ге жұмыс істе­ген еді.

Міне, осы­дан кей­ін «жасы­рын жеміс тәт­ті бола­ды» деген сыңай­ға сұқтанған «инста-жазғы­штар» Айгүл­дің төңіре­гін­де талай тақы­рып­ты топ­шы­лап таста­ды. Егер жуық уақыт­та Айгүл­дің тара­пы­нан бұл қау­е­сет­ке қай­та­рым бол­ма­са, оның таяу күн­дері «жүк­ті болып» қалуы да ғажап емес.

 

 

 

 

Желі­де­гі жазба

 

Сена­тор­дың ҚАТЫНЫ

 

Зығыр­да­ным қай­нап отыр. Сена­тор болған, қазір мықты жер­де дүмі­мен орын­дық ойып оты­рған, көп­ке таны­мал бір қан­да­сы­мыз кел­ді. Келін­ше­гі және осы­лар­дың билі­гін қолы­на алған әйел бар.

– Ал, біз кел­дік. Қабан­бай тура­лы біл­геніңді айтып, жол баста, – деп әй-шәй жоқ бұй­ы­ра сөй­леді. Жет­пісті еңсеріп қалған адам-ау деп име­ну жоқ.

Сарт кет­тім.

– Сен секіл­ді мың адам келеді. Кім едің Батыр­дың атын тік атай­тын? Алды­мен бұл жер­дің жөнін сұрап, әули­елі жер­ге кішілік көр­сет. Сонан соң том­паң­дап, еркек­тер­дің алдын ора­май, кей­ін тұр – деп, жеңі­нен тарт­тым да, інім еке­уі­міздің арты­мы­зға ысырдым.

Тілі бай­ла­нып қалды.

Құран оқып шыққан соң, іні­ше­гім Фари­за апай мен Әбіш ағай­ға да құран оқу­ды өтінді.

– Олар кім? – деген әлгі келін­шек аң-таң.

– Әй! – дедім іні­ме, – Мына қатын жер­ден шыққан ба? Екі кітап оқы­маған бей­ша­ра­ның соңы­нан сал­пақтап жүр­ген сен ақы­мақ­сың ба, әлде осы жыр­ты­ғы­ң­ды жамай­ды, тағы да депу­тат болғы­за­ды деп жүр­сің бе? Не масқа­ра мынауың?!

Інім мені құшақтап, безек қақты. Қатын маши­наға зыт­ты. Келін қоса кетті.

 

Камал ӘБДІРАХМАНОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн