Воскресенье , 6 июля 2025

АЙМАННЫҢ ФЕНОМЕНІ

 

Біраз күн бол­ды, Abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лын­да (http://abai.kz/post/view?id=3515) мұғалім­дер мәсе­лесі талқы­ла­нып жатыр. Оған алға­шқы түрт­кі болған ұстаз Айман Сағи­дул­ла­е­ва (сурет­те). Мен мұны «фено­мен» деп санай­мын. Сол тура­лы ойла­рым мынау.

Бар­лық жер­де шын­ды­қты ашып айта­тын кез кел­ді. Елба­сы­ның өзі оны қол­дап отыр. Сон­ды­қтан «ұстаз» аты бар білік­ті мұғалім­дер енді бұры­нғы­дай дирек­то­ры­ның алдын­да жасқан­шақтай бер­ме­гені дұрыс. Мың­даған дирек­тор­лар да өздерінің жұмыста­рын «қай­та қарап», кор­руп­ция деген пәлені өз мек­теп­тері­нен «қуып шығуға», оның орны­на білік­ті ұста­здар ұжы­мын топ­та­сты­руға ұмты­лу­ла­ры қажет, әрі соны­мен бір мезет­те дирек­тор­лар­дың «басқа­ша қыз­мет етуіне» мүм­кін­дік бол­май­тын­дай жағ­дай­лар алдын ала рет­теліп қой­ы­луы тиіс! Мек­теп – дирек­тор және оның маңай­ын­дағы шапқы­лаған орын­ба­сар­ла­ры мен өзге де тамыр-таны­ста­ры­ның күн­көріс көзі емес. Мек­теп – мем­ле­кет­тің бола­шағы­на қыз­мет ету­ші, бел­сен­ді, білім­ді, адам­гер­шілік­ті, әділет­ті аза­мат тәр­би­е­ле­уші, елі­міз үшін стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар «тәр­бие-білім кешені» екенін мек­теп бас­шы­ла­ры­ның жады­на жат­тап алға­ны оңды. Кей­бір дирек­тор­лар өз мінезін­де­гі «әпер­бақан­ды­қты» ұмы­тып, «педа­гог­тар­дың педа­го­гы» болуға ұмтыл­са – тама­ша көр­сет­кі­ш­тер­ге жете­ді: Құр­мет те, Атақ та, Бай­лық та, Бақыт та ондай «Ұстаз-бас­шы­ны» өзі іздеп таба­тын бола­ды. Ал үкі­мет ғылым мен білім­ге деп бөлі­нетін ақша есе­леніп артып жатыр дей­ді. Оның қомақты бөлі­гін мек­теп мұғалім­дерінің жалақы­сын көбей­ту­ге бұру қажет. Себебі қазір­гі шек­те­улі өндіріс­ке ғылым «пор­ци­я­лы» түр­де ғана қажет. Сон­ды­қтан ол салаға қар­жы­ны диф­фе­ри­ан­ци­ал­ды түр­де бөліп отыр­ма­са, көп қар­жы «ғылым атын жамы­лған қасқыр­лар­дың» кор­руп­ци­я­лық құлқы­нын­да босқа талан-тараж бола­ды. Ал негіз­гі қар­жы­ны «фун­да­мен­тал­ды білім потен­ци­а­лы­на», яғни мек­теп­те­гі білім­ге жұм­саған маңы­зды. Себебі ертең өндіріс дамы­ған­да (дамы­м­ай қай­да бара­ды) – оны ғылым­мен ұшта­сты­рып, алға сүй­реп әке­тетін «күштің» ғылы­ми потен­ци­а­лы мек­теп­те жатыр. Сол үшін де солай жасау қажет. Ұста­здар қауы­мы­ның бүгін­де­гі ҒБМ-нің құлағы­на тағар «алтын сырға­сы» – осы!

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ,

Abai.kz

 

Comments

  • Мек­теп дирек­то­ры – біздің елі­міз­де­гі кор­руп­ци­я­лық тіз­бек­тің ең төмен­гі, ең сор­лы бөлігі ғана. Соның өзі былыққа батқан. Ең алды­мен бұл орын саты­ла­ды. Сатып алған адам мек­теп­ті көгер­тей­ін деп ақша жұмса­ды десеңіз қате­ле­сесіз. Мек­теп­те­гі әр вакант­тың өзінің құны бар. Тен­дер-мен­дер, анау-мынау, тиын-тебен… Жоғары­дан тек­се­ру кел­се, мін­дет­ті түрде ақша жинап, қалта­сы­на салу кез кел­ген мек­теп­те қалып­тасқан «дәстүр». Ондай­ды тоқтатып қойған дирек­тор­дың дәурені қысқа. Егер ол мек­теп бедел­ді, жақсы аудан­да орна­ласқан (қала­да) сұранысқа ие мек­теп бол­са, оқушы­ның орны да саты­ла­ды. Ондай мек­теп­тің дирек­то­ры елба­сы­ның қолы­нан мара­пат алуға дей­ін жетуі мүмкін, бірақ былықтың бар­лығы да сол жер­де болуы да әбден мүмкін.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн