Воскресенье , 6 июля 2025

АЙНҰРДЫҢ УАЙЫМЫ – өткінші өкініш болса игі…

Талғам таразысы

 

«Күрт өзгер­ген ауа райы қалай әсер етiп жатыр? Менiң айт­пағым мынау… Кеше Алма­ты­ның атақты мей­рам­ха­на­сын­да бір аға­мы­здың той­ын­да бол­дық… Бұры­нғы азуы алты қарыс жұл­ды­здар­ды көр­медім, олар­дың орны­на МС Сай­лау­бек кел­ген екен. Бәрі шулап, фотоға түсіп, қоше­мет­теп жат­ты… Жас жұбай­лар­дың доста­ры­ның жасаған «ең қым­бат сый­лы­ғы» ретiн­де кел­ген екен тағы…

 

Бұл кісінің осын­ша таны­мал болып кетуі неден бол­ды өзі?! Қалай ойлай­сыздар??? Кеше­ден бері соның жау­а­бын таба алмай дал болдым…».

Бұл – бел­гілі айтыс­кер ақын Айнұр Тұр­сын­ба­е­ва­ның инста-парақ­ша­сы­нан алы­нған жаз­ба. Айты­ста қан­дай тапқыр бол­са, Айнұр осы жаз­ба­сын­да да тапқыр­лық таны­тып­ты. Айнұр­дың «күрт өзгер­ген ауа райы қалай әсер етіп жатыр?…» деген сау­а­лы аста­рын­да өнер өлкесіне өрек­піп кел­ген МС Сай­лау­бек сияқты «күрт өзгеріс­ке», одан да бұрын өнер рай­ы­ның осы­лай өзгеріс­ке түсе баста­уы­на деген өкпе-наз сезіледі.

Иә, «Түр­кі­те­ле­вижн» жүл­десін әкел­ген Жанар­дан кей­ін, қалай десек те, биы­лғы жыл­дың «жаңа­лы­ғы» МС Сай­лау­бек бол­ды. Мұн­дай жаңа­лы­қты күт­пе­ген жұрт­шы­лы­қтың ара­сын­да жаға­ла­рын ұстаған­дар да бар. Айнұр-ханым сол «жаға ұста­у­шы­лар­дың» бірі бол­са керек.

Екін­ші­ден, «азу­лы жұл­ды­здар­ды» той­дан көре алмаған Айнұр-айтыс­кер енді­гі той­шыл қаза­қтың талға­мы «сай­лау­бек­тер­мен» шек­те­ле ме деп қорқа­ды. Бүгін­де Сай­лау­бек­тің соңы­нан «ки мена­ма бәк, ки мини­ми бет…» деп «ән салып» жүр­ген жастар­дың қата­ры аз емес. Олар тән­тілік­тен «киме­на­ма­лап» жүр ме, жоқ әлде «жаңа» жұл­ды­зды мазақ ете ме – ол қоғам­ның талқы­сын­дағы тақырып.

Деген­мен, «біз­де де талғам бар, кім­нің – кім екенін біле­міз» дей­тін жастар­дың пікірі дәт­ке қуат. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, Айнұр­дың уай­ы­мын уақыт уатып тастай­тын өтпе­лі өкініш деп қабылдайық.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн