«Общественная позиция»
(проект «DAT» №17 (288) от 29 апреля 2015 г.
Қаз-қалпында
Танымал әнші Алтынай Жорабаева Нұрсұлтан Назарбаевты дүние жүзіндегі ең мықты саясаткер деп атай отырып, елбасына тіл тигізгендерді қара тізімге жіберетінін айтты. Бұл жазбасын ол Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялаған.
«Елбасына қарсы пікір жазғандарды қара тізімге жіберемін. Патшаны да Аллаһ таңдайды, біз тек себепшіміз. Керемет сын айтқыштарға айтарым, егер сіз керемет болсаңыз, неге елбасының орнында емессіз? Одан да басқа елдерге қарап, шүкір дейік. Патшамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық берсін!».
Comments
Жетісай
Пытырлатып, балаңды туып отыра бермей, саясатта нең бар, жазған-ау! Әлде сен де президентке жалбақтау арқылы «Халық артисі» атанайын деп пе едің? Төрт бала тудың, енді тағы да тумайсың ба, саясат сенің неңді алған?
Рашид
Ұйқысы тыныш, қарны тоқ, қалтасы қалың ағайынға Назарбаевтың болғаны жақсы, әрине, бірақ болашақты да ойлау керек. Ертең шегіртке құсап, құмырсқадан нан сұрап отырмайық, ішерімізді ішіп, жегенімізді жеп біткенде. Ата-бабамыздан аманат қалған бүкіл Қазақ жерінің асты-үсті байлығын оңды-солды сатқан елдің болашағы жоқ. Абай атамыз айтқандай, «ғылым, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, адам болам десеңіз» деп, қазақтың болашағына «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» деп, бүгінгі қазақтың қараңғыларына өсиет.
Әсем Сағиқызы
Президентті сынағандарды емес, президентке дауыс бермегендерге не айтар екенсіз, Алтынай ханым?
Рашид
Елбасы қанша жерден данышпан болса да, ол жасы келді, демалысқа кетуі керек. Мемлекет басында жас, денсаулығы бар, білімді және ең бастысы – Ұлтжанды азамат болуы керек. Ал патшаға келер болсақ, оған Алланың қатысы жок, әр пенде Аллаға бірдей. (Себебі Гитлер, Сталин сияқты патшаларды Алла қоймаған шығар).
Венера
Осыған дейін кәдімгідей сыйлаушы едім: ақылды, парасатты деуші едім. Бәрі әншейін «сырты бүтін, іші түтін» екен негізі. Жарайды, қолдайды екенсің – қолда, ешкім қой демейді. Әркімнің өз ойы бар, хақысы бар. Бірақ көпке ақыл айтқандай кім едің? Танымал әнші болсаң, халықтың арқасында болып жүрсің…
Қазақ
Рашид бауырыма қосыламын, өте орынды айтылған сөз. Ал мына Алтынайға келетiн болсақ, оның қарыны тоқ, көйлегі көк, ішкені – алдында, ішпегені – артында. Осы қара халықтың арқасында жұлдыз болып жүрген жоқ па? Осындай жағымпаздарды жаным жек көредi: әніңді айтып, балаңды туып жүре берсейші.
Айман
Олар байлардың тойына барады, тек жақсы жерлерде жүреді, ал ауылды аймақтарға барса, көрер еді халықтың қалай өмір сүріп жатқанын: жейтін тамағы жоқ, киюге киімі жоқ, тұратын баспаналары жоқ отбасылар қаншама?! Осындай бай елде тұрып, олардың дәл бұлай жүруіне тікелей бір ғана адам себепші деп ойлаймын.
Ақерке Әбдіманапқызы
«Қара тізім» – ол «банға» жіберем, «игнор» жасаймын деген мағынада. Болар елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді. Күншілдікті қояйықшы, қазағым!
ult.kz