Среда , 27 августа 2025

Айсұлу ӘЗІМБАЕВА, актриса: ЕРКІН ОЙЛЫ АДАМ ҒАНАНАҒЫЗ БАҚЫТҚА ЖЕТЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

 

Жуы­қта ел экран­да­ры­нан «В сетях» деп ата­ла­тын жаңа фильм көр­сеті­ле бастай­ды. Осы фильм­де басты рөл­дер­дің бірін ойнаған, «ELLE Style Awards-2016» мара­пат­тау рәсі­мі бой­ын­ша жыл актри­са­сы атанған Айсұ­лу Әзім­ба­е­ва – «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет­тің» бүгін­гі қонағы.

 

– Айсұ­лу, жақын­да сіз тура­лы «Үндістанға көшіп кет­ті» деген ақпар тарап еді, бұл рас па?

– Қазір Үндістан­да жүр­генім рас, бірақ мұным ол жаққа түп­кілік­ті қоныс аудар­дым деген сөз емес. Әзір­ге елге қашан ора­ла­ты­ным­ды біл­мей­мін. Бір аны­ғы – 4 науры­зда Аста­на­да қой­ы­ла­тын «Счаст­ли­вые поют» спек­таклін­де ойнай­мын. Яғни, көк­тем­де елде бола­мын. Ал қазір Үндістан­да таң шапағын қар­сы алып, кітап оқып, дема­лы­сым­ды қызы­қты өткізудемін.

Сон­дай-ақ әлем­дік би тарихын­да өзін­дік орны бар Үндістанға келуім­нің басты себебі – үнді клас­си­ка­лық биін мең­геріп, өз кәсібі­ме қаты­сты жаңа бір шабыт­тың қай­нар көзін іздеп тапқым кел­ді. Мұн­да өзім­нің сүй­ік­ті биім­мен жиі айна­лы­сып жүрмін.

Жал­пы, 2016 жыл менің шығар­ма­шы­лы­ғым­да тыным­сыз еңбек еткен жемісті жыл­дар­дың бірі бол­ды. Осы жылы театр сахна­сын­да өзім басты рөл­дер­дің бірін сомдаған Разия Хаса­но­ва­ның «Любов­ни­ца» қой­ы­лы­мын жиыр­ма шақты рет, «Счаст­ли­вые поют» спек­таклін жеті рет көре­рмен­ге ұсы­нып, үлкен құр­мет-қоше­мет­ке бөлен­дік. Театр ұжы­мы­м­ен Қаза­қстан­ның өзге өңір­лерін гастроль­дік сапар­мен ара­ла­удың да сәті түсті. Сон­дай-ақ киноқор­жы­ным «В сетях», «Сле­ды», «Мика», «Она» атты отан­дық фильм­дер­мен толы­ға түсті. Елі­міздің ең үздік бишісін аны­қтау мақ­са­тын­да ұйым­да­сты­ры­лған «Биле, Қаза­қстан» жоба­сы­ның алға­шқы мау­сы­мын­да жүр­гі­зу­ші болуым да мен үшін үлкен тәжіри­бе. Және де еткен еңбе­гім мен төк­кен терім еле­усіз қал­май, ELLE Style Awards-2016 мара­пат­тау рәсі­мін­де «Кино және театр актри­са­сы» номи­на­ци­я­сын жеңіп алдым. Соны­мен қатар өзім басты рөл­дер­дің бірін сомдаған «Счаст­ли­вые поют» қой­ы­лы­мы «Жыл таң­да­уы» жүл­десі­мен мара­пат­тал­ды. Мұның бәрі ада­мға үлкен қуа­ныш сый­лай­ды. Оның үстіне осы жылы өз ісінің үздік­тері­мен, ең мықты маман­дар­мен жұмыс істе­у­ге мүм­кін­дік туға­ны­на қуанамын.

 

– Айсұ­лу, бәрін басы­нан бас­та­сақ: сіз шоу-биз­нес әле­міне қалай тап болдыңыз?

– Мені 2010 жылы «Әсел және оның доста­ры» теле­хи­ка­я­сы­ның кастин­гіне шақыр­ды. Яғни, бәрі аяқ асты­нан бол­ды. Мен, шыны керек, сол кез­де көше­де­гі қызды киноға шақы­ра­ды деген­ге әсте сен­бес едім. Доста­ры­ма айтып едім, олар «кастинг­ке қаты­сып көр» деп қой­ма­ды. Содан кастинг­тен өтіп, теле­хи­ка­я­да бал­мұз­дақ сту­дент қыздың (1‑курста оқи­тын Сәу­ленің) рөлін ойна­дым. Сол сери­ал­дан кей­ін маған кино әле­мінің есі­гі айқа­ра ашыл­ды. Әрі қарай «Чер­ный лебедь» кино­сы­на паро­дия ретін­де түсіріл­ген қысқа­мет­раж­ды фильм, «Хабар» арна­сы­нан көр­сетіл­ген қазақ жұрт­шы­лы­ғы­на таны­мал «Ора­лу» теле­хи­ка­я­сы, «Домаш­ние вой­ны» атты сит­ком, «Орда» тобы­ның әншісі Дастан Ораз­бе­ков­пен бір­ге «Пре­под» филь­мі… Осы­лай­ша түр­лі кино­ларға түсу­ге мүм­кін­дік алдым. Кей­ін келе театр сала­сын­да да әртістік қабілетім­ді шың­дап көр­гім кел­ді. Сөй­тіп, «Любов­ни­ца», «Счаст­ли­вые поют» атты тәу­ел­сіз спек­такль­дер (антре­при­за) мен «АРТи­ШОК» теат­ры­ның репер­ту­а­рын­дағы «Тол­стая тет­радь» қой­ы­лы­мын­да өнер көрсеттім.

 

– Айсұ­лу, мек­теп­ті 16 жасы­ңы­зда бітір­ген екен­сіз, сон­да мек­теп табал­ды­ры­ғын қан­ша жасы­ңы­зда аттадыңыз?

– Мек­теп­ке өз қатар­ла­ста­рым­мен бір­ге жеті жасым­да бар­дым. Бірақ мен оқы­ған мек­теп­те баста­уыш сынып­тарға білім берудің жаңа бір жүй­есін тәжіри­бе­ден өткізді. Яғни, біз үш жыл­дың ішін­де 4 сынып­тық оқу бағ­дар­ла­ма­сын толық мең­геріп үлгер­дік. Сөй­тіп, мен үшін­ші­ден – бір­ден 5‑сыныпқа аттап кет­тім. 10-сынып­та да 11-сынып­тың бағ­дар­ла­ма­сын қатар оқып, мек­теп­ті үздік бітіріп шықтым. Ал жоға­ры білім алу үшін, ата-анам қыз бала үшін ең қауіп­сіз ел – Дубай­ға жібер­ді. Сол жер­де­гі Аме­ри­ка уни­вер­си­тетін жиыр­ма жасым­да тәмам­дап шықтым. Маман­ды­ғым бой­ын­ша – қар­жы­гер­мін. Диплом алған бой­дан 2008 жылы елге қай­та оралдым.

 

– Ата-анаңыз шека­ра асы­рып шетел­ге оқуға жібер­се, демек, бақ-дәу­лет­ті кісілер болға­ны ғой?

– Ата-анам біз­ге барын беру­ге тыры­сып, тар­шы­лық көр­сет­пей өсір­ді. Әйт­се де, ақша­ны босқа шашпа­уды да үйрет­ті. Әкем Марат Әзім­ба­ев – бұры­нғы кәсі­би спорт­шы, дзю­до күресі­нен жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы Еуро­па бірін­шілі­гін­де ең алғаш чем­пи­он атанған қазақ. Кей­ін келе кас­ка­дер-актер болып, «Тоғы­зын­шы ұлдан сақтан», «Қай­сар», «Ине», «Оты­рар­дың күй­ре­уі», «Сила Богов» сияқты қаза­қтың көп­те­ген кино­ла­рын­да ойнаған. 90-жыл­дар­дың ауырт­па­лы­ғы басталған­да, әкем ол кәсібін таста­уға мәж­бүр болған. Сөй­тіп, күн­көріс қамы­м­ен жеке кәсіп­ке кет­кен. Бірақ әкем спорт­тан ешқа­шан қол үзбе­ген еді. Бір­не­ше жыл бұрын оқы­стан жүрек тал­ма­сы­нан өмір­ден өтті. Бұл біздің отба­сы үшін орны тол­мас үлкен қай­ғы болды.

Ал анам Кәри­ма тура­лы айтар бол­сам, ол зия­лы­лар отба­сы­нан шыққан. Атам – про­фес­сор, әжем ғылы­ми қыз­мет­кер болып ұзақ жыл­дар еңбек еткен. Анам уни­вер­си­тет­те құқық пәні­нен дәріс бер­ген екен, бірақ тұр­мыс құрған соң, өзін түгел­дей отба­сы­на арнаған. Бүгін­де анам­ның да жеке кәсібі бар, көбіне шетел­де жүреді. Өзім­нен бес жас кіші Әбдуәлі деген інім бар. Ол да әкем­нің жолын қуып, спорт­пен айна­лы­са­ды. Бірақ кәсі­би спорт­та емес.

Әке-шешем біздің жан-жақты болып өсуі­міз үшін барын­ша атса­лы­сты. Кіш­кен­тай күнім­де менің жеке кіта­п­ха­нам бола­тын. Анам мені алға­шын­да музы­ка мек­тебінің скрип­ка кла­сы­на бер­ді, кей­ін фор­те­пи­а­но кла­сы­на ауы­стым. Ал әкем інім еке­умізді спорт­тық үйір­ме­лер­ге апа­ра­тын. Тіп­ті он екі жасым­да менің ағы­л­шын тілін мең­ге­руім үшін ата-анам шетел­ге, жазғы мек­теп­ке жібер­ген болатын.

Әжем­мен бір­ге шетел­дер­ге көп сая­хат­тай­ты­н­мын. Мұның бәрі менің таным көк­жи­егім­ді кеңейтті.

 

– Абай шығар­ма­ла­рын наси­хат­та­уды мақ­сат еткен «Abai45» деп аталған жоба­ның авто­ры осы сіз емес­сіз бе?

– Иә, автор­ла­ры – Шыңғыс Капин, Инди­ра Сүлей­ме­но­ва және мен. Бір күні біз­ге кино жұл­ды­зда­ры­ның басын қосып, Абай­дың қара сөз­дерінің ауди­онұсқа­сын жаса­сақ деген кере­мет ой кел­ді. Бұл ойы­мы­здың шет жаға­сын доста­ры­мы­зға айтып көріп едік, олар бір­ден қол­дау біл­дір­ді. Сөй­тіп Әсел Саға­то­ва, Нұр­тас Адам­ба­ев, Сан­жар Мәди­ев, Әну­ар Нұр­пей­і­сов бастаған елі­міз­ге таны­мал 45 актер мен актри­са­лар Абай­дың 45 қара сөзін дыбыст­а­ды. Абай­дың қара сөз­дерінің iPhone-ға бей­ім­дел­ген нұсқа­сын осы­лай жүзе­ге асы­рған болатынбыз.

 

– «Доми­но» тобы­ның «Для тебя» және «Мysterions» тобы­ның «Неге үнде­медің?» бей­не­ба­ян­да­ры­на түс­кен екен­сіз. Клип­те кей­іп­кер болуға жиі шақы­ру ала­сыз ба?

– Аса көп емес: үш-төрт бей­не­ба­ян­ның түсірілі­міне ара­ла­стым. Жал­пы, клип­тер­ге түсу өзі­ме ұнай­ды. Өйт­кені ол жыл­дам жаса­ла­тын жұмыс және аса бір қиын­шы­лы­қты талап етпейді.

– Осы­ған орай сұраға­ны­ма айып етпес­сіз: бей­не­ба­ян­дар­да ашық көріністер­ге түсу­ге неге құштарсыз?

– Бәрін де қалып­ты жағ­дай деп қабыл­дай­мын. Қалай деген­мен де, мен кей­іп­керім­нің сезі­мін көре­рмен­ге жет­кі­зу­ші актри­са­мын ғой. Менің түсіні­гім­де актер деген пла­сти­лин сияқты болуы керек. Әртүр­лі сезім­дер­ді бастан кешіп, әртүр­лі образ­дар­ды алып шығуы тиіс. Кино­лар­да қолын қанға былғап, кісі өлтіру­ші қані­шер­лер­ді қалып­ты санап, оларға көз жұма қарай­мыз да, ал актри­са ғашық қыздың рөліне еніп, сүй­і­сетін бол­са, оны неге ұят санай­мыз?! Осы­ны еш түсіне алмаймын.

Мен темір­дей тәр­тіп­ке бағы­на алмай­тын адам­мын, рет­сіздік­ке, «тәр­тіп­сіздік­ке» үйреніп кет­кем. Тіп­ті менің сөм­кем­де­гі затта­рым да шашы­лып жата­ды… (күліп). Ешқан­дай шек­те­улер­ге бағын­бай­мын. Яғни, қатып қалған қағи­даға сүй­еніп, бір шең­бер бой­ын­да өмір сүр­гім кел­мей­ді. Әрине, бірақ бұл әлдебір адам­гер­шілік түсінік­тер­ден аттау емес. Жал­пы, өзінің пікірін өзге­ге таңып, басқа­ларға қалай өмір сүру керекті­гін үйре­тетін адам­дарға таң­да­нам. Өзге­лер не ойлай­ды екен деп қорқақта­май, жан қала­у­ы­ң­мен өмір сүр­ген­ге не жет­сін?! Еркін ойлы адам ғана нағыз бақы­тқа жете ала­тын сияқты.

– Ал еске алуға ұяла­тын іс-әре­кет­теріңіз бар ма?

– Жоқ, мен ештеңе­ге өкін­бей­тін жан­дар­дың қата­ры­нан­мын. Андже­ли­на Джо­ли: «Мен ешқа­шан ештеңе­ге өкін­бей­мін, өкін­сең, өз-өзің­нен ұяла­сың» дей­ді ғой. Ыңғай­сыз жағ­дай кім­нің басын­да бол­май­ды. Ол үшін ұялу­ды ақы­мақтық деп санай­мын. Ұял­саң – сатқын­дық, ұрлық-қар­лық үшін ұялу керек.

 

– Ал сіздің бой­ы­ңы­здағы сая­хат­шы­лы­ққа деген құштар­лық қалай пай­да болды?

– Бүгін­ге дей­ін әлем­нің 30-ға жуық мем­ле­кетін­де бол­дым. Оның бәрін жіп­ке тіз­ген­дей айтып шығу үшін біра­зын еске алуға тура келеді.

Өткен жыл­дың көк­те­мін­де Көк­жай­ла­у­ға көтеріл­ген­нен бастап, тау мен құзар шың­дар мені өзіне ынтық етті. Бар аңса­рым тауға ауды. Арман­да­рым­ды жүзе­ге асы­рып, үш мың метр­лік Фур­ма­нов, Қаныш Сәт­ба­ев (бұры­нғы Совет­тер), Ала­көл шың­да­рын бағын­дыр­дым. Непал­дағы Торунг-Ла асуы­на көтеріліп, Еуро­па мен Ресей­дің ең биік нүк­тесі сана­ла­тын, 5642 м биік­тік­те орна­ласқан Эль­брус шыңын бағындырдым.

Мұны өзім­нің үлкен жетісті­гім санай­мын. Жаның таза­рып, тама­ша табиғат көрінісі­нен қуат алып, өз-өзің­мен сыр­ла­са­тын дема­лы­стың бұл түрін бар­ша жастарға үлгі еткім келеді.

Арман-қиял­дар қан­ша­лы­қты шексіз бол­са да, оған тал­пы­нған адам­дар қашан да қол жет­кі­зе ала­ды деп ойлаймын.

 

– «Әйел­дің жаны­на ауру бат­пай­ды, кәрілік бата­ды» деген екен. Сіздің ойы­ңыз қалай?

– Ой, дұрыс айта­сыз! Менің де қар­тай­ғым кел­мей­ді. Сон­ды­қтан қай жаста да әде­мі болып көрі­ну­ге барым­ды саламын.

 

– Сіздің келін­шек бей­несін­де­гі фото­сес­си­яңы­зды көр­дік, енді қалы­ң­дық болға­ны­ңы­зды қашан көре аламыз?

– Әзір­ге біл­мей­мін… Шыны керек, бола­шаққа болжам жасағым кел­мей­ді. Кез кел­ген қыз бала­ның жүрек түк­пірін­де­гі арман­да­ры секіл­ді мен де отба­сын құрып, бала сүюді армандаймын.

Бірақ жасым кел­ді екен неме­се мен де күй­е­у­ге шығуым керек деп, кез кел­ген­нің ете­гі­нен ұстап кет­кім кел­мей­ді. Жан-жүре­гім­мен сүй­ген ер аза­мат кез­дескен күні ол мақ­сат­тар да орын­да­лар, бәлкім…

 

– Өмір­де бар арман-қала­у­ла­ры­ңыз орын­да­луы­на тілектеспін!

 

Анар ДӘУКЕН,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн