Пятница , 4 июля 2025

Айтыңдаршы, СУМИЛАР?!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

Апта апты­ғы

 

Тура­би­лер тұғыры

 


Сұл­тан Сүлеев:

9 мамыр­да соғыс арда­гер­леріне берілетін жыл сай­ы­нғы сый­лы­қты әр облыс өзін­ше тағай­ын­дай­ты­ны дұрыс емес. Бір соғыс, ортақ жеңісті бастан кеш­кен қари­я­ла­ры­мы­зды осы­лай ала­лау әділ болар ма екен?

Аста­на­лық арда­гер 500 000 тең­ге алса, Алма­ты облы­сы­ның арда­гері 50 000 тең­ге ғана ала­ды. Бұл не деген бөлу? Аймағы­на қара­май-ақ, бәріне бір­дей етіп, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен төле­у­ге болар еді. Ел бой­ын­ша арда­гер­лер саны үш мың­дай ғана қалыпты.

Осы аз ғана қалған ата­ла­ры­мы­зды бөл­мей-жар­май, бір­дей сый­лық бер­се, елдің бюд­жетіне еш сал­мақ түс­пес еді.

 

Айгүл Орын­бек:

ЭКС­ПО-ға 2‑сынып оқу­шы­ла­ры­нан 300 тең­ге­ден жинап, 9000 тең­ге жəрде­мақы ала­тын алты бала­сы бар ана мем­ле­кет­ке осы­лай үлесін қосып отыр. Үш бала­сы баста­уыш сынып­та, қалға­ны мек­теп жасы­на жет­пе­ген ана не үшін ЭКС­ПО-ға ақша беруі керек? Мұғалім­дер­ді жоға­ры жақ қинай­ды, мұғалім­дер ата-ана­лар­дан жинай­ды. Осы­лай өтіп жатқан «сете­вой» жемқор­лық. Ақша жет­пей жат­са, не ата­ла­ры­ң­ның басы­на депу­тат­тар­дың айлы­ғын көте­ресің­дер?! Мұғалім­дер­ді осы­лай қай­ыр­шы қылу үшін бе? Мұғалім­дер­дің кінəсі жоқ, анау билет­ті жіберіп оты­рған жоға­ры­да оты­рған көке­лер кінəлі. Алты бала­сы бар анаға ЭКСПО не керек?! Айты­ң­дар­шы, ей, сумилар?!

 

«Уат­сап» желісін­де­гі әзіл:

– ЭКС­ПО-ның мил­ли­о­нын­шы билеті сатылды.

– Қаза­қстан­да осын­ша мұғалім бар ма еді?

 

Ардақ Әшім:

Біз­де зия­лы қауым бар деп сіз­дер­ге кім айтты???

Шынайы зия­лы қауым біз­де жоқ. «Зия­лы қауым» деген атты олар өз-өздеріне жап­сы­рып алған. Шыны­мен, солар зия­лы қауым бол­са, тек бір ада­мға ғана жағы­ну үшін жағым­паз­да­нып сөй­леп, ел мен жер тағ­ды­ры­на және халы­қтың ауыр жағ­дай­ы­на түкіріп, немқұрай­лы қара­маған болар еді. Біз­де­гілер зия­лы емес, тек өз қара баста­рын ғана ойлай­тын, қия­ли, қуып кет­кен қауым.

 

Кла­ра Ермағанбетова:

Шетел­ден қонақ күте­міз дей­міз-ау, жақын маңай­дағы үш «обще­пит­тан» кар­точ­ка­мен төлем ала­тын біре­уін тап­па­дым. Бан­ко­матқа барып, ақша шешіп, содан кей­ін ғана түстен­дім. Ертең шетел­дік қонақта­ры­мы­зды да, бірін­ші ақша айыр­ба­стау пунк­тіне неме­се бан­ко­матқа жіберіп тұр­сақ, тех­ни­ка мен тех­но­ло­гия дамы­ған заман­да ұят­тау екен.

Пікір­лер әле­умет­тік желілер­ден алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн