Суббота , 5 июля 2025

АЙТЫСТА АҚИҚАТ БАР МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 


 

 

• Айтыс­кер ақын Ринат Зай­ы­тов әріп­те­стерін «сце­на­рий­ден шыға алмай қал­ды» деп айып­тай­ды. Айты­стың сапа­сы әлсіреп бара жатқа­нын мой­ын­даған ақын­дар оның басқа себебі барын айтады.

 

Айтыс­кер ақын Ринат Зай­ы­тов «1980 жыл­да­ры бол­маған цен­зу­ра бүгін­гі айты­ста бар» деп алаңдайды.

– Бүгін­гі айты­ста ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың неме­се біре­удің көңіліне жақ­пай­тын сөз айт­саң, ертесін­де жина­лы­сқа сала­ды, не «келесі айты­сқа қаты­стыр­май­мыз» деп қорқы­та­ды, – деді ол өткен апта­да алма­ты­лық сту­дент­тер­ге «Бүгін­гі айтыс» тақы­ры­бын­да оқы­ған қоғам­дық лекциясында.

Айтыс өнерін «қай заман­нан бері тәу­ел­сіз, өз қоға­мы­ның кем­шілік­терін, жетістік­терін, індет­терін айта­тын орта болған» деп сипаттаған Ринат Зай­ы­тов қазір­гі айтыс­кер­лер­ді «алдын ала бел­гі­лен­ген сце­на­рий бой­ын­ша жыр­лап шыға­ды» деп айыптады.

– Айты­стың бүгін­гі ең басты қасіреті – ақын­ның жеке ұста­мы бол­мауы, айты­стағы ойлар­ды біре­удің қадаға­лап оты­руы, айты­стағы айты­лған пікір­лер­ге қар­сы сахна­ның сыр­ты­на шығып өзге біре­улер­дің пікір­лерін айтуы. «Ел алып жатқан көлік­ті мен неге алмай­мын» деген оймен ақиқат үшін емес, дүние үшін айты­са­тын ақын­дар көбей­іп кет­ті, – дей­ді Ринат Зай­ы­тов. Ол «айтыс­кер­лер ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың ықпа­лы­нан шыға алмай, осы беті­мен кете бер­се, бес жыл­дан кей­ін үш мың орын­ды­қты сарай­да үш жүз адам оты­ра­тын дең­гей­ге жете­міз» деп қауіптенеді.

Бірақ Ринат Зай­ы­то­втың әріп­те­стерінің бірі, айтыс ақы­ны Бақыт Жағы­парұ­лы (сурет­те) «айтыс ақын­да­ры ақиқат­ты айт­пай жүр» деген пікір­мен келіс­пей­ді. «Бір­не­ше жыл бұрын айты­сқа шек­теу қой­ды. Егер айтыс ақиқат­ты айт­па­са, ол шек­теу неге қой­ыл­ды? Әрине, ақиқат ащы айты­лған­нан кей­ін [шек­те­ді]», – дей­ді ол.

Алай­да Бақыт Жағы­парұ­лы айты­ста ақиқат­ты айту­ды «сары басы­лым дең­гей­ін­де «анау – жаман, мынау – жаман» деп айғай­лау емес, кет­кен кем­шілік­ті астар­лап, орай­ын тауып жет­кі­зу» деп сипаттайды.

– Бұл – бұрын­нан бар нәр­се. Өйт­кені ақын өз ойын айта алма­са, оның несі айтыс. Айтыс­кер сахнаға шыққан­нан кей­ін өз ойын қалай бол­са да айта­ды. «Айта алмай­ды» деген – бос сөз. Бірақ ақиқат­ты айту – айғай­лау емес, – дей­ді айтыскер.

Бақыт Жағы­парұ­лы да қазір­гі айты­стың көр­кем­дік дең­гейі төмен­деп кет­кенін айта­ды. Оның пікірін­ше, кей­бір ақын­дар­дың бір айты­стан кей­ін екін­ші айты­сқа дай­ын­ды­қ­сыз бара беруі бұл өнер­дің сапа­сын әлсіре­те­ді. «Айты­сқа дай­ын­ды­қ­сыз келетін айтыс­кер­лер тақы­ры­пқа терең­де­мей, жеңіл-жел­пі әзіл­мен не алды­ңғы айты­ста айтқа­нын қай­та­ла­у­ме­нен шек­те­леді. Соның сал­да­ры­нан айты­стың сапа­сы құл­ды­рап бара­ды», – дей­ді ол.

 

Бақыт Жағы­парұлы­ның «айтыс­кер ақын­дар­дың ара­сын­да өзін-өзі қай­та­ла­у­шы­лар бар» деген пікірі­мен айтыс өнерін зерт­теп жүр­ген ғалым Темір­хан Тебе­ге­нов те келі­седі. Кей­ін­гі бірер жыл­да рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де өткен айты­стар­дың тұрақты қазы­ла­ры­ның бірі болып жүр­ген ғалым «айты­ста жат­тан­ды жыр­лар­дың көрініп қала­ты­нын» растайды.

– Екі қар­сы­лас сахнаға шыққан кез­де олар­дың кіріс­пе сөз­дерін­де, ойла­рын қоры­тқан кез­де ара­сын­да бір жел­дір­тіп ала­тын тұста­рын­да дай­ын мәтін екені көрініп қала­ды. Біздің ақын­дар­дың басты кем­шілік­тері – осы, – дей­ді Темір­хан Тебегенов.

Ғалым айтыс­кер Ринат Зай­ы­то­втың айтыс сапа­сы­на жүл­де де әсер ететіні жай­лы пікірі­мен келі­седі. «Бүгін­гі айты­стың дең­гей­ін түсіріп оты­рған – жүл­де. Сол себеп­ті айты­сқа көлік тік­кен­ді қою керек», – дей­ді Темір­хан Тебегенов.

Ескер­те кет­сек, 2000 жыл­дар­дың орта­сы­нан бастап, Қаза­қстан билі­гі айты­сты «бей­са­я­си­лан­ды­руға» күш салған. Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі айтыс әкім­шілік бөлі­мін ашып, Аста­на­дағы Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­теті айтыс ақын­да­рын даяр­лау үшін талап­кер­лер қабыл­дай бастаған. Айтыс теле­ди­дар­дан көп көр­сетіл­мей, бірқа­тар ақын­дар рес­пуб­ли­ка­лық айты­стар­дан шеттетілген.

 

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн