Понедельник , 7 июля 2025

Айырықша аймақтың АМАНДЫҒЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Темірқа­зық

 

Соңғы 20 жыл­дан астам уақыт бойы басқа өңір­дің тума­сы басқа­рып көр­ме­ген Алма­ты облы­сы­на Аман­дық Бата­лов әкім болып тағай­ын­далған­да, екі жағ­дай еске түсті. Бірі – оның осы облы­ста он үш жыл қата­ры­нан әкім­нің орын­ба­са­ры болға­ны: жаңа әкім­мен бір­ге ере келетін апыр-топыр ауыс-түй­істер­дің бір­де-бірін­де Шал­бай­дан бастап, Үмбе­тов қостап, Мұса­ха­нов жалғап, ешбірі Аман­ды­қты орны­нан қозғамапты.

Гәп неде? Гәп – жаңа әкім­ге де жұмыс істей­тін бір адам керек қой. Қосағы­на қой­дай көген­деп ертіп келетін­дері – шаш­бау көте­ру­шілер. Олар облы­сты біліп бол­дым деген­ше, делқұ­лы депе­ша дедек қағып, Ақор­даға жетіп бара­ды: жаңа әкім шыбық басын сын­дыр­май жатыр деп. Мұн­дай­дан Аман­дық сияқты аман алып қала­тын адам керек…

Екін­ші еске түс­кені – ел пре­зи­ден­ті өзі туған облы­сқа жұмыс сапа­ры­мен кел­ген сай­ын, сол Шал­бай бастаған, Үмбе­тов қостаған, Мұса­ха­нов жалғаған әкім­дер­дің қысқа­ша баян­да­ма­сын тың­дап алып: «Ал, Аман­дық, айт­шы, жағ­дай­ды сен жақ­сы білесің ғой…» – дей­ді екен Бата­ло­вқа бұры­лып. Сон­да ШҮМ-дер шүл­миіп тұра­ды екен – орын­ба­са­ры­ның пре­зи­ден­ті тән­ті еткен сөзіне еріксіз бас шұлғып. «Әйдә, Назар­ба­ев!..» – әре­кеті әлсіз әкім­ді әдірам қал­ды­ру­дың бұдан асқан ама­лын ойлап табу мүм­кін емес шығар!

Әлде осы екі жағ­дай түрт­кі бол­ды ма, әлде Сей­тқа­зы аға­тай­ым мені «түзу­лер­дің» тізі­міне тығып жібер­ді ме – Бата­ло­втың БАҚ бас­шы­ла­ры­мен кез­де­суіне бел­сене бар­дым. Осы бір бай­сал­ды бурыл жігіт­ті жор­та демеп, айы­ры­қ­ша аймақтағы бас­шы­лық қада­мы­на қол­дан келер қос­шы­лық қылғым келді.

Айт­пақ­шы, Алма­ты облы­сын «айы­ры­қ­ша» демес­ке бол­май­ды. Ол «айы­ры­қ­ша­лы­қты» жүзік­теп жіп­ке тіз­сең, ала таңға айты­лар әңгі­ме. Екі мил­ли­онға жуық халқы бар Алма­ты­мен ара­лас-құра­лас жатқа­ны – өз алды­на, тіп­ті сол қала­дан шыққан қоқ­сы­ққа дей­ін облы­спен ортақ әңгі­ме екен. Есі­мо­втің шаң басқан қала­сы төңірек­ті былы­қты­ра­ды, Аман­ды­қтың облы­сы оған жау­ап­тас. Осы жағ­дай­ды әкім­нің аузы­нан есті­ген­де, «әркім өз боқты­ғын өзі неге жиып-теріп алмай­ды екен…» деген ой кел­ді. Нон­сенс! «Есі­мов неге облы­стың егініне көмек етпейді…».

Бұның бәрі бер жақтағы бала­ның ойы­ны. Бәрі­нен бұрын облы­сты ортақ «басқарғы­сы» келетін арғы жақтағы арқы­раған аға­лар­ды айт­саң­шы! Бірі-бірі­нен өте­ді: Қас­ке­лең – үлкен аға­ның інісі інде­ген «авто­но­мия»; Ұзы­наға­штың жар­ты жері – Үмбе­то­втің үмбеті; Күр­тінің күл­лі құмы – Мұса­ха­но­втың мыңғы­рған жылқы­сы жатқан жай­ы­лым; Жәр­кент жақ – кеден­нен кіре тар­тқан көке­лер­дің «көк жай­ла­уы»; Камен­ка­дан Қас­ке­лең­ге дей­ін сіресіп жатқан «жақ­сы­лар мен жай­саң­дарға» соқты­ғып көр – ата­жау ата­на­сың; Есік­тен ары – Зағи­па­лар заң құрған аймақ; Қап­шағай – қалың қал­та­лы жай­лаған «зона»; Талғар – Тал­ды­қорған­ды ұрмай­ын деп тұрған жоқ; бұған Болат-бауыр­ды «кры­ша» қылған түрік­тер мен күрд­тер­дің салық деген түсінік­ті «түрт­пей­тін» қалың қауы­мын қос…

Осы­лар ғой – облы­сты «осо­бый» қыла­тын ойбай. Осы­ның бәрі – Бата­лов­пен билік­ті бөлі­се басқар­сам дей­тін дөкей­лер. Осы­лар­дың бәрі доңға­лаққа таяқ тық­па­са, Аман­дық Алма­ты­ның аймағын аман басқар­сын дей­тін төте тілек­ші емес.

Сон­да Бата­ло­вқа не қала­ды? Қала­ты­ны – пре­зи­дент­тің дәр­мен етер жар­лы­ғы ғана: Аман­ды­қты әкім қылған. Егер ертең­гі күні пре­зи­дент сыбыр­лақтар мен жыбыр­лақтар­дың сөзіне дес беріп, облыс әкі­мі оң жам­ба­сы­на «жат­па­са», ол да бір к…т сүр­ту­ге кел­мей­тін көп қағаз­дың бірі боп қалады…

Бірақ Назар­ба­ев­тың: «Аман­дық, сен айт­шы…» дей­тіні дәт­ке қуат. Қата­ры­нан он үш жыл «зам» болған адам облы­стың озы­ғы мен оса­лын он сау­сағын­дай біліп оты­рға­ны тағы бар. Енде­ше елінің ішін­де­гі «еліне» бас­шы­лық етер ер аза­матқа пәр­мен етер пәтуәні пре­зи­дент те айтқа­ны анық. Сол пәр­мен көңіліне медеу шығар. Әйт­пе­се шалыс басқа­нын шотқа соғар «шатақ­шы­лар» алақан ысқы­лап оты­рға­нын ол да ойлап жүр­ген болар…

Айт­пақ­шы, сол кез­де­су­де Қали құр­да­сым­ның («Алма­ты ақша­мы») дегені бар еді: осы жыл­дар ара­сын­да облы­ста «қисық пен теріс» жатқан­ды әбден көр­діңіз – сіз­ге тек солар­ды «орын-орны­на қою» ғана қал­ды деп. Дәл айт­ты: «Аме­ри­ка аша­тын» емес, Аман­ды­ққа қыз­мет қылу­ды түзеу ғана керек. Оны билік­шіл басы­лым­дар «халы­ққа қал­тқы­сыз қыз­мет» дей­ді, «әкім бол – халқы­ңа жақын бол» дей­ді, бірақ өздері осы халы­ққа оппо­зи­ция боп жүр­генін біл­мей­ді-ау, біл­мей­ді. Оларға да не дауа – «біл­дірт­пе­стен» басып озып, қай­да барсын?

Мен де бір нені біліп, мар­дым­сып отыр дер­сіз? Білетінім – бір-ақ жәйт: Аман­ды­қтың төр­тін­ші ата­сы Шаңқы – Орта жүз­ге таны­мал шешен, би болған адам екен. Бір­де Арғын­да үлкен Ас беріледі. Сол ұлы дүбір­де қыз­мет етіп жүр­ген он жасар Шаңқы үлкен­дер­ге қымыз әке­ле жатып, абай­сызда шалы­нып жығы­ла­ды. Сон­да ел ара­сын­да би ата­лып жүр­ген біреу Шаңқы­ның ағай­ын­да­ры­на қарап, бей­күнә бала­ны мазақ етіп күледі. Шаңқы сол кездің өзін­де қыр­шаңқы бала бол­са керек – орны­нан атып тұрып:

Күн – күн бола ма,

Қыза­рып барып батпаса.

Таң – таң бола ма,

Саза­рып барып атпаса.

Той – той бола ма,

Бала­лар құлап жатпаса.

Ит – ит бола ма,

Құлап жатқан баланы

Балақтан алып қаппаса! –

деген екен. Сон­да әлгі би өз кемісті­гін жуып-шай­ып, орны­нан тұрып барып, Шаңқы­ның маң­дай­ы­нан сүй­ген екен.

Бұны сол кез­де­су­ге жиналған мүй­ізі қарағай­дай жур­на­ли­стер алдын­да Аман­ды­қтың өзі айт­ты. Оны да өзді­гі­нен емес, интер­нет иірі­мі­нен тапқа­ным­ды сөз етіп: «Аман­ды­қтың төр­тін­ші ата­сы би болған екен…» деген соң, менің жаң­сақ кет­пе­генім­ді дәлел­де­мек бол­ды ма екен – амал­сыздан айтқан еді.

…Қас қарая Тал­ды­қорған­нан қай­тар жол бойы Шаңқы бидің сол айтқа­ны есім­нен кет­пе­ді… «Балақтан алып қап­па­са…» деді, ә?..

Ермұрат БАПИ

 

Республиканский еженедельник онлайн