Воскресенье , 6 июля 2025

ҚАЗАҚҚА ҚАУІПТІ анау-мынау

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Тура­би­лер тұғыры

Қасым Аман­жолұ­лы:

Таңер­тең радио­да: «Зия­лы­лар неге жал­тақ? Неге шын­ды­қты айт­пай­ды?» – деп бір бел­гілі әріп­тесі­міз сұрақ қой­ып жатыр екен. Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың соңы мен екі мыңын­шы жыл­дар­дың басын­да бұл сұрақ жиі естілетін. Қазір қисын­сыз сияқты. «Шаңы­рақ» оқиға­сы­нан соң, Заман­бек пен Алтын­бек қаза­сы­нан кей­ін, Жаңаө­зен қасіретін көр­ген елде кім­нің кім екені аны­қта­лып болған сияқты еді. Шын­ды­қты айта ала­тын­дар зия­лы­лар ара­сы­нан ірік­теліп шығып болған… Олар­дың қата­ры­нан жаңағы сұх­бат алушы­ны да, беру­шіні де көр­ген емес­піз. Және, қызы­ғы, әлгі әріп­тес аға­мыз сұрап оты­рған шын­ды­қты «Қазақ радио­сы» жары­қты­қтың толқы­ны көте­ре де алмай­ды-ау! Біле­гің көте­ре алмай­тын шоқ­пар­ды бел­ге бай­ла­маған дұрыс сияқты.

 

Аман­гел­ді Керімтаев:

Өмір­ге көзқа­ра­сы солғын, басқа­дан өзге­ше мiнезi жоқ адам­ды ешкiм­ге зиян­сыз, момын, тiп­тi жақ­сы адам деп жата­ды. Өз басым ол пiкiр­ге қосыл­май­мын, әрі ондай адам­дар­дан, керек десең, қорқа­мын да. Ондай жан көбi­не­се өздерiн орта­сы­нан оқшау, бей­са­я­си ұста­уды қалай­ды. Өз басы­ның бағыт-бағ­да­рын аны­қта­маған­дар өзге­лер­дiң қол­шоқ­па­ры­на оңай айна­ла­ды. Өзiн сая­сат­тан сырт ұстап, басқа­ның қол­жа­улы­ғы­на қалай айналға­нын өзi де сезбей қалады.

 

Заңғар Кәрім­хан:

«Рыжий­дың» дүр­кіреп тұрған шағын­да Мақсұт Нары­қ­ба­ев аға­мыз сол кез­де­гі Қаза­қстан Жоғарғы соты­ның бас­шы­сы М. Мала­хо­втың босап қалған орны­на кел­ді. Мала­хо­вты асқан айла­ме­нен тағы­нан алған Несі­п­бай еді ғой. (Мем­ле­кет­тік тер­геу коми­тетінің төраға­сы Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дан Мала­хо­вқа жетуі тиіс хат үш күн тұрып қалған. Осы хат­ты ұстап тұрған – Алмаз­дың жігіт­тері. Ол түр­ме­ден босап, Мала­хо­вты орны­нан ысыр­ды. Мала­хов Мәс­ке­у­ге қашты. 1996 жыл­дар­дағы газет­тер осы­лай дейді).

Мақсұт аға­мыз: «Алмаз­ды біл­дім, бірақ түрін көр­медім», – деп сұх­бат бер­ген екен. Осы жай­ын­да бір әңгі­ме­ле­сер­міз деп жүргенде…

 

Дәу­рен Бабамұратов:

АҚШ-тың көп біл­гір­лері Қаза­қстан­ның Аста­на­сы түгілі, өзінің (KZ) жер бетін­де бар, не жоқ екенін біл­мей­ді. Сөгіп жатқан ешкім жоқ. Дәл сол уақыт­та Қаза­қстан­да өз облы­сы­ның аудан­да­рын түгел ара­лап көр­ме­ген әкім­дер көп. Айнал­ды­рған 20–25 ауы­лын түгел ара­лап көр­ме­ген аудан әкім­дері бар­шы­лық. Қай­сысы­ның зия­ны басым?! Индо­не­зи­я­ның аста­на­сын біл­ме­ген мұғалім­нің бе, жоқ әлде өз ауда­нын (облы­сын) таны­май­тын әкім­нің бе?!

 

Еркеға­ли Бейсенов:

«Қазір сайт тиім­ді ме? Газет пе?» деген сұрақ қаза­қтың сана­сын сан­сы­ра­тып отыр. Алды­мен БАҚ-ты ошақ деп алсақ, біздің елде оның бас­пасөз, радио, теле­ар­на деген үш бұты болған. Қазір сайт деген төр­тін­шісін сібәр­кілеп қостық. Ілгерірек­те «газет­тен теле­ар­наға барған тіл­ші ондағы жаңа­лы­қтар­ды ойна­тып жібе­реді, ал телетіл­ші газет­ке кел­се, жөн­ді мақа­ла жаза алмай­ды» дей­тін­біз. Сай­ты­ң­да әріп тани­тын­ның бәрі жүр қазір. Не жазға­нын өзі түсін­се, құлдық!

Ошақ ақсап қал­ды. Неге десеңіз, газет деген бұтын тот басып, шірітіп, жұқар­тып тастаған­нан (нарық сал­да­ры­нан саны азай­ып қалға­нын мең­зедім) ол май­ы­сып қалған. Ал әлгі кей­ін­нен сібәр­кі­лен­ген сайт деген бұты шолақ болып шықты. Теле­ар­на деген бұты – бір өзі сорай­ып қалған­ды­қтан, шошаң­дап тұр (шоушыл). Радио деген бұты – еле­усіз, тым жіңіш­ке. Сол себеп­ті бұлар­дың орта­сын­дағы жур­на­ли­сти­ка деген қоға­мға ортақ қара қазан­да бұрқ-сарқ қай­наған ақпа­рат­тар қалай бол­са, солай шашы­лып-төгілу­де. Оны әле­умет­тік желі деген үйшік­те­гі «шала­са­у­ат» деген ит жалап-жұқтап жатыр. Мәз. Негіз­гі құнар­ды көр­ме­се де, тоқ көңіл­мен үріп-үріп қояды. Қоғам әйте­уір қазан ішін­де­гі қалған-құтқан­ды өз хал-қадірін­ше тұты­ну­да. Біреу ет жемей­ді, енді біре­уіне тұзы­ның ащы­лау болып кет­кені ұна­май­ды дегендей…

Қысқа­сы, төр­те­уі де керек! Тек тең дәре­же­де тұр­са болға­ны. Бір еске­ре­рлі­гі – төр­те­уінің де жаңа­ла­нып, неғұр­лым қысқа­лау болға­ны абзал. Қазан­ды білім деген отын мен тәжіри­бе деген отқа жақын­да­туы керек. («Қысқа­лау бол­сын» дегенім – газет, теле­ар­на, радио, сайт мате­ри­ал­да­ры­ның көле­мі ықшам­да­лып, жур­на­ли­ст­тің нақты айтар ойы ойнақы стиль­мен беріліп тұр­са игі. Қазір ешкім қара­бай­ыр қалып­та жазы­лған был­жы­рақты оқы­май­ды, бос мыл­жы­ң­ды тың­да­май­ды). Солай.

 

Асыл­хан Мамашұлы:

Тарих­шы­лар­дың ара­сын­да тәу­ел­сіздік­тен кей­ін­гі Қаза­қстан тарихын бет-жүзіне қара­май жаза­тын бір де тарих­шы жоқ.

Жастар­дың бай­ы­рғы тарих­ты біл­гені дұрыс, бірақ сана­сы сәп­сім лағып, миы айна­лып кет­пес үшін, 1995 жылы Кон­сти­ту­ци­я­ның қан­дай жағ­дай­да, қалай қабыл­данға­ны, 2001 жылғы жас қаза­қтар шеруі, т.б. еле­улі оқиға­лар тура­лы шынайы тарих­ты біл­гені одан гөрі маңы­зды­рақ. Тек шын­ды­қты жаз­ба­дың, қауіп­сіз тақы­рып­пен айна­лы­стың деп тарих­шы­ларға рен­жи алмай­мыз. Қауіп­ті тақы­рып­тар­ды жур­на­ли­стер ғана жаза­ды, тарих­шы­лар енді елу жыл­дан кей­ін «тәу­ел­сіздік­тен кей­ін­гі қазақ тарихы­ның ақтаң­дақта­ры» деген зерт­те­улер­ге құл­шы­на кірі­седі. Жур­на­ли­стер­дің жазған­да­ры­нан мате­ри­ал жинай берің­дер, тарих­шы­лар, өйт­кені бұл кезең тура­лы шынайы деректері бар архив бәрібір қалмайды…

 

Берік Ағы­ба­ев:

«Кас­пий банк­тен» 700 000 тең­ге ақша алып, бір жыл бойы айы­на 40 000 тең­ге­ден құй­ып тұр­дым. Қан­ша қалға­нын көрей­ін, сосын бар­лық қары­здан құты­лай­ын деп барға­ным­да, қары­зым 660 000 тең­ге екен. Сосын не бол­са да құты­лай­ын деп бәрі­нен құтыл­дым. Сол жер­де кар­точ­ка­сын да қырқып, енді кел­ме­генім «Кас­пий банк» бол­сын деп тастап кет­тім. Бұрын банк елді тонап жатыр деген­ді ести­тін­мін. Солар­дың бар­лы­ғы­ның осы­лай іштері аши­ды екенін басы­ма түс­кен кез­де сезін­дім. Абай­лай­ық, ағайындар!

(Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен ірік­теліп алынды)

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн