Суббота , 12 июля 2025

Қазаққа азаматтар ЖЕТІСПЕЙ ЖҮР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Еске алу

 

«Қаза­ққа бір Тоқтар­бек керек екен…». Жасын­дай жарқыл­дап өткен Тоқтар­бек Кали­бе­ков сын­ды аза­мат­тың орта­мы­здан кет­кеніне сегіз жыл­дың жүзі болып бара­ды. Егер тірі бол­са, бүгін­де ұлты­ның қамын жеген Тоқтар­бек есім­ді қазақ зия­лы­сы – биы­лғы жыл­дың сәуір айын­да 70-ке толар еді.

Семей өңірінің тума­сы, қара­пай­ым агро­ном дең­гей­і­нен пар­ла­мент­те коми­тет басқа­ру ісіне дей­ін өз еңбе­гі­мен өскен аза­мат­тың өмір жолы кім­ге де бол­са үлгі-тін.

Оның пар­ла­мент­те­гі жылы жұмыс орнын халы­қтың қамы үшін тастап кет­кені де үлкен сабақ.

…Бөл­ме­де алшаң басып,

адым­дай­сың,

Жел сөз­ге қамал­дай боп

алын­бай­сың.

Ойы­ң­ды өткі­зе алмай «жоға­ры­ға»,

От болып ұшқын шашып

жалын­дай­сың.

Қия­натқа шыда­май ширығасың,

Сабыр ет, аман болсын

алтын басың.

Шын­ды­ққа жет, жауыңды

жай­ра­та­ды,

Әділ­дік­тен жара­тып атқан тасың.

Бұл оның 1997 жылы пар­ла­мент төрін­де оты­рып жазған «Өзі­ме» деген жыр жол­да­ры. Өкініш­ке орай, Аға­ның алтын басы аман бол­ма­ды, ол атқан «әділ­дік тасы» әлі ныса­на­сы­на жете алмай келеді…

Ол елде алғаш құры­лған «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» пар­ти­я­сы­ның, «Әділет­ті Қаза­қстан үшін қозға­лы­сы­ның», «Нағыз Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның аппа­рат­та­рын­да жау­ап­ты қоғам­дық қыз­мет­тер атқарды.

Оппо­зи­ция сер­кесі атал­ма­са да, оның: «Билік­тен қоры­қ­паң­дар, жігіт­тер!» деген қай­сар­лы­ғын әріп­те­стері баға­лай біл­ген-ді. Әсіре­се Зәкең (Заман­бек Нұрқа­ді­лов) оған ерекше құр­мет­пен қарап:

Біре­у­ге іні, біре­у­ге аға Тоқтарбек,

Бұл өмір­де шалып кетер оқтар көп.

Бір­де еріп, тоңа­зи­тын заманда,

Өз басы­ңа тиеді кеп шоқ­пар боп…

– деп әрі сақтан­ды­ра, әрі құр­мет­пен жыр жол­да­рын арнаға­нын көп адам біле бер­мей­ді. Досқа адал, туған-туы­сқа қамқор, халқы­на жана­шыр, өткір тіл­ді аза­мат­тың оқы­стан қаза болуы да өзін­ше бір жұмбақ.

Халы­қтың қамын жеп, мұңын мұң­даған Тоқтар­бек Қали­бе­ков бір сәт үнсіз қала алмай, сол тұстағы оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дарға тіл мен сай­лау, қазақ ауы­лы­ның жағ­дайы тура­лы өткір-өткір мақа­ла­лар жари­я­ла­ды. Оның бір мақа­ла­сы «Бұл сай­ла­удан ұта­ры­мыз шама­лы» деп ата­лып, онда Қаза­қстан­дағы сай­ла­удың әділет­сізді­гі ашық сына­ла­ды. Алма­ты қала­лық мәс­ли­ха­ты­на депу­тат­ты­ққа кан­ди­дат болып жүр­ген кез­де жазы­лған бұл мақа­ла­сын­да ол: «Мен бұл сай­ла­уда жеңіс­ке жет­пей­тінім­ді біле­мін. Өйт­кені халы­қтың сөзін сөй­леп, сой­ы­лын соға­тын мен сияқты аза­мат­тар сай­лау жолы­мен де өз дегеніне жете алмай­ды. Зағи­па Бали­е­ва (сол кез­де­гі төрай­ым) бастаған ОСК-нан бастап, учас­келік комис­си­яға дей­ін халық қамын ойлаған­дар­ды мақ­са­ты­на жет­кіз­бей, қыл­та­сы­нан қияды неме­се адам сен­гісіз желе­улер­мен кан­ди­дат­тар қата­ры­нан шыға­рып тынады».

Осы жол­дар жазы­лған 2003 жыл­дан бері аттай 12 жыл өтіп, біз бүгін тағы бір сай­ла­уды ұмар-жұмар өткер­дік. Тоқтар­бек аға дәл айтып кет­кен жағ­дай­дан басқа не өзгер­ді?! Ешнәр­се де!

…Өзі «Жай­саң» деп атай­тын Зай­са­нын­да жатқан Аға­ның жатқан жері жай­лы бол­сын, дей­міз тағы да… Рас, қаза­ққа осын­дай аза­мат­тар жетіс­пей жүр…

Гүл­ми­ра

ТОЙБОЛДИНА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн