Суббота , 5 июля 2025

Қазаққа ұлттық МІНЕЗ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (357) от 03 нояб­ря 2016 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


 

 

І. Мем­ле­кет және ұлт

Ресми идео­ло­гия Қаза­қстан «көпұлт­ты мем­ле­кет» деген ұста­ным­нан айны­май келе жатқа­ны мәлім. Иә, ол рас − Қаза­қстан­да көп ұлт өкіл­дері тұра­ды және елі­мізді Ота­ны санай­ды. Сол себеп­ті елі­міз­де Қаза­қстан халы­қта­ры ассам­бле­я­сы құрылған…

Алай­да мұн­да бір түйт­кіл­ді мәсе­ле бар: ол − бола­шақта мем­ле­кет­тің дамуы «көпұлт­ты­лы­қ­пен» емес, тари­хи әділет­тілік­ке негіз­дел­ген «ұлт­тық» даму қалы­бы­на (фор­ма­ты­на) көшуі тиіс екен­ді­гінің мой­ын­дал­мауы. Қазір­дің өзін­де мем­ле­кеті­міз сол бағы­тқа қарқын­ды бет бұра баста­ды деу­ге бола­ды. Мәсе­лен, ресми дерек көз­дері Қаза­қстан­да қазақ ұлты­ның демо­гра­фи­я­лық, мәде­ни, сая­си-эко­но­ми­ка­лық сала­лар­да шешу­ші роль атқа­ра бастаға­нын анық көр­се­ту­де. Сон­ды­қтан жақын бола­шақта мем­ле­кет дамуын «қазақ фак­то­ры» айқын­дай­ты­ны рас­та­ла түсуде.

Нәти­же­сін­де қоғам дамуы­ның баста­пқы прин­ци­пі ретін­де бүгін­гі­дей «көпұлт­ты­лық» емес, «ұлт­тық» пара­диг­ма алға шыға­ды. Әрине, «ұлт­тық пара­диг­ма» түсіні­гі­нен шек­те­улі мағы­на­дағы «ұлт­шыл­ды­қты» ізде­удің қажеті жоқ. Мұн­дағы біздің айт­пағы­мыз: Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық мем­ле­кет екені мой­ын­далған кезең­де − мем­ле­кет пен ұлт дамуы бір арна­да тоғы­сып, даму бағы­ты «аза­мат­тық қоға­мға» қарай қарқын­ды бет бұра бастай­ды» деген ой.

Бұл ойдың дұры­сты­ғын биы­лғы болып өткен дүбір­лі оқиға­лар да дәлел­дей түсті: мыса­лы, биыл жер­ді шетел­дік­тер­ге сатуға, жалға беру­ге қар­сы нара­зы­лық шеру­лері өтті. БАҚ жари­я­лаған сюжет­тер­ге назар аудар­сақ, оған тек қазақ ұлты өкіл­дері шыққа­нын бай­қа­дық. Ал басқа ұлт өкіл­дері бұл оқиға­дан тыс қал­ды. Неге?

Мүм­кін, олар да үкі­мет­тің Жер кодексіне енгіз­ген ере­же­леріне, жер­ді аук­ци­онға қой­ып сатуға іштей нара­зы шығар − бірақ алаңға шық­па­ды. Мұны Қаза­қстан­дағы өзге ұлт өкіл­дерінің «жер­дің егесі − қазақ ұлты» екенін мой­ын­да­уы десе бола­ды. Яғни, тәу­ел­сіздік­пен бір­ге айты­лып келе жатқан «Қаза­қстан − қазақ ұлты­ның мем­ле­кеті» деген ұста­ным-ере­женің ақиқатқа айна­ла бастаға­ны анық болды.

Әр адам­ның өмір­ге келер­де таң­да­май­ты­ны: Ата-Ана, Туған жер, Ұлт, Халық, Отан! Ол таң­дау − ұлы Жара­ту­шы­ның ісі. Сон­ды­қтан әркім ержетіп, аза­мат болған­да да, ол – туған жер мен халқы­ның ұлы!.. Әрине, бұл жол жарқы­рап жатқан даңғыл емес − қазақ болу үшін, қазақ болып туы­лу жет­кіліксіз! Ол жол − әрбір адам­ның өмір қал­та­ры­сы мен бұр­ма­лаңы­нан өтуі тиіс ауыр жүк. Оны біреу көте­реді, біре­улер көтермейді…

Алай­да қиын­ды­қтан өзге, әрбір ұлт өрке­ни­ет­ке жұты­лу­дан қорға­ну үшін, ішкі қай­на­уы­нан «ұлт­шыл­ды­ғын» үне­мі туды­рып оты­руға мәж­бүр! Оны «ұлт­тың өмір сүру имму­ни­теті» деп, не бол­ма­са, қара­пай­ым қазақ тілін­де − «ұлт­тық мінез» деп ата­са бола­ды. Ұлт­тық мінез «ұлт бол­мысы­ның» қаңқа­сын құрай­тын­ды­қтан, бұл мәсе­ле үне­мі зерт­те­ушілер­дің наза­рын­да бола­ды. Осы мақа­ла­ның жазы­лу себебі де сол!

Бір­ша­ма жыл бол­ды, Қаза­қстан­ның идео­ло­ги­я­лық өрісін­де «қаза­қстан­дық бір­тек­тілік» тура­лы айты­лу­да. Әрине, «бір­тек­тілік» қажет­тілі­гі Қаза­қстан­ның әлем­дік бәсе­ке­ле­стік ортаға инте­гра­ци­я­ла­нуы кезін­де әр қаза­қстан­ды­қтың «Ота­нын сезі­ну» мін­деті­нен туындайды.

Бірақ, өкініш­ке орай, бүгін­де «қаза­қстан­дық бір­тек­тілік» жоға­ры­да айты­лған «ұлт­тық мем­ле­кет» ұғы­мы­м­ен үйле­с­пей отыр. Тіп­тен кей жағ­дай­да қай­шы­лы­ққа келіп қала­ды. Себебі түп­кілік­ті мағы­на­сын­да «бір­тек­тілік» мем­ле­кеті­міздің пай­да болуын­дағы қазақ ұлты­ның рөлін ескер­ме­ген. Сон­ды­қтан ол ұлт­тық тра­ге­ди­я­ны қастер­лей­тін тари­хи әділет­тілік­пен үндесе алмай жатыр. Мәсе­лен, әлем­де­гі бар­лық дамы­ған және дамуға бет бұрған мем­ле­кет­тер­дің басым бөлі­гі ұлт­тық сипатта. Бірақ ол мем­ле­кет­тер­де де көп­те­ген ұлт өкіл­дері тұрақты тұрып жатыр. Соған қара­ма­стан, олар­дың мем­ле­кет­тілі­гінің тарихы бел­гілі бір ұлт­пен ғана ассио­ци­а­ци­я­ла­на­ды: Англи­яда − ағы­л­шын, Фран­ци­яда − фран­цуз, Ита­ли­яда − ита­льян, Қытай­да − қытай, Өзбек­стан­да − өзбек және т.б. Өйт­кені өмір диа­лек­ти­ка­сы мен тала­бы солай.

Сон­ды­қтан біз де мем­ле­кет негізін құра­у­шы қазақ ұлты­ның мәде­ни­етіне негіз­дел­ген «қаза­қстан­дық бір­тек­тілік­ті» таң­даға­ны­мыз дұрыс. Мұн­дай жол − заң­ды әрі әділет­ті жол. Сон­да аталған қай­шы­лы­қтар бол­мас еді. Нәти­же­сін­де, қазақ тілі мен мәде­ни­етіне, тарихы­на, салт-дәстүріне, ерекшелі­гіне сүй­ен­ген тұтас Қаза­қстан халқы бір­тек­тілік­ке бет бұрып, мем­ле­кет­тік субъ­ект ретін­де қазақ ұлты төңіре­гіне топ­та­сып, күшті мем­ле­кет құруға әлдеқай­да мол мүм­кін­дік ашы­лар еді. Ол, өз кезе­гін­де, төр­ге «қазақ халқы­ның тари­хи мис­си­я­сы» (жау­ап­кер­шік) мәсе­лесін шыға­рып, ұлт­тың ұлт ретін­де ұйы­суы­на, оның мәде­ни­етінің, ғылы­мы мен білі­мінің дамуы­на жол ашар еді. Осы бағыт­тағы «ұлт­тық өрлеу» мем­ле­кет­тің де гүл­де­нуіне бір­ден-бір себеп­кер екені − айт­па­са да түсінік­ті болар деп ойлаймыз…

Енді осы­ған бай­ла­ны­сты «Қазақ ұлты оған қан­ша­лы­қты дай­ын?» деген сұрақ туа­ды. Бұл өте маңы­зды сұрақ! Себебі біз ұлт­тық тен­ден­ци­я­ның өрле­уіне сәй­кес ұлты­мы­здың сапа­лық дең­гей­ін зерт­теп, ұлт­тық мінез дина­ми­ка­сын жаңа заманға сәй­кестен­діріп отыр­ма­сақ − мінез­ден ажы­рап қала­тын түрі­міз бар. Сон­ды­қтан бұл мәсе­лені үйле­стіріп оты­ру­дан үкі­мет те, ұлт­тық биз­нес те, сая­сат­шы­лар мен ғалым­дар да тысқа­ры қал­ма­са екен деген тіле­гі­мізді жасырмаймыз.

 

ІІ. Ұлт­ты сезі­ну – Отан­ды сезі­ну­ден басталады

Бұған дей­ін де ұлт­тық зерт­те­улер­де «қазақ ұлты­ның мис­си­я­сы», «Қазақ мем­ле­кеті», «қазақ тілі», «ата-баба салт-дәстүрі», «қаза­қтың тамағы», «қаза­қтың киі­мі» және т.б. ұлт­тық ерекшелік­тер мен ұста­ным­дар тура­лы үзіл­мей айты­лып келеді. Шынын­да да, Қаза­қстан − мем­ле­кеті және Кон­сти­ту­ци­я­сы, Заң­да­ры бар ел. Бірақ жуыр­да пре­зи­дент­тің өзі: «Қазір мем­ле­кет­ті­гі­мізді сақтап қалу мін­деті алға шықты» деп ашып айт­ты! Неге? Себебі қазір­гі дағ­да­рыс кезін­де ел тұта­сты­ғы ауа­дай қажет. Бірақ біз­де «ауа­дай қажет» тұта­сты­қты ыды­ра­ту­шы құбы­лы­стар да жет­кілік­ті! Мыса­лы, қоға­мға қара­сақ, ондай фак­тор­лар­ды көп­теп кездестіреміз.

Қазір «қаза­қстан­дық бір­тек­тілік­тен» өзге − «қазақ бір­тек­тілі­гі» деген өткір мәсе­ле пай­да бол­ды! Одан әрі: «Біз­де ұлт­тық мінез бар ма? Бар бол­са − неден көрі­неді?», «Қазақ жұр­тын ыды­ра­ту­шы қан­дай себеп­тер?», «Оны­мен қалай күре­су керек?», «Ұлт­тық бір­тек­тілік­ті қалай нығай­та­мыз?», «Аза­мат­тық қоға­мға көшудің жол­да­ры қан­дай?» деген сияқты сан-сапа сұрақтарға жау­ап беру қажет­тілі­гі бар­лы­ғын байқадық…

Бірін­ші­ден, ең басты мәсе­ле ретін­де «мем­ле­кет­тен бөлек» сана­ла­тын дін мәсе­лесін қарас­ты­рай­ық. Не себеп­тен дін­ді алға шығар­дық? Себебі мем­ле­кет пен қоғам­ның бақы­лау аясы­нан тыс қалған дін, соның ішін­де қазақ елінің табиға­ты­на жат діни бағыт­тар жағ­дай­ды шие­леністі­ре түсу­де. Қазір ол біздің ішкі тұта­сты­ғы­мы­зға сына қаға баста­ды. Ол тура­лы бел­гілі дін­та­ну­шы Зікірия Жан­дар­бек былай дейді:

«Таза ислам­ды» уағы­здай­тын уағыз­шы­лар­дың «еңбек­тері» арқа­сын­да қазақ жаста­ры ата-баба­сы­ның мың жыл бойы келе жатқан дәстүр­лі дүни­е­та­ны­мы­нан ажы­рап, араб дәстүр­шіл­ді­гіне қарай ойы­са баста­ды. Бұл – қаза­қты тарих­тан кетірудің төте жолы. Сон­да қазақ үшін оларға қаза­қтың тари­хи тамы­рын кесетін уағы­зы қым­бат па, әлде қазақ қым­бат па? Осы екі ара­лы­қты таң­дай­тын кез кел­ді. Не біз бұл халы­қты дәстүр­лі діни таны­мы­нан ажы­ра­тып, жастар­ды ада­сты­рып жатқан уағыз­шы­лар­ды тыя­мыз, неме­се ертең­гі күні тарих сахна­сы­нан кететіні­міз­ге мой­ы­нұ­сы­на­мыз. Басқа жол жоқ».

Міне, бел­гілі ғалым­ның сөзі­нен бүгін­де қазақ қауы­мы «бай-кедей» болып әле­умет­тік тұрғы­дан ғана емес, діни тұрғы­дан да ажы­рай бастаға­нын көре­міз. Мыса­лы, әсі­ре дін­шіл­дер қаза­қы қалып­тағы мінезді, салт-дәстүр­ді толы­ғы­мен шариғатқа алма­сты­рғы­сы, не бол­ма­са қаза­қы ада­ми қаты­на­стар­ды дін­ге тәу­ел­ді еткісі келеді.

Жарай­ды, жұрт «дін – иман» деп, оны қабыл­да­сын. Бірақ дін өз ішін­де тұта­стық жоқты­ғы­нан ғасыр­лар бойы қанға сіңісті болған қаза­қи адам­гер­шілік қағи­дат­тар­ды жой­ып, ұлт­тық бірізділік пен тұта­сты­ққа залал кел­тіре­рін неге ұқпай­ды? Соны көре тұра, қалай­ша біз ұлты­мы­здың қаза­қы наным-сенім­ге негіз­дел­ген иман­ның орны­на «соқыр сенім­ге» бет бұруын үнсіз қадаға­лап оты­руға тиіс­піз? Оты­ра бер­сек, орға жығы­лар түрі­міз бар!

Енде­ше қазір­гі қаза­қтың алдын­да тұрған өзге − эко­но­ми­ка­да, ғылым­да, білім­де – шаруа шаш етек­тен болып тұрған­да, қол­ды көк­ке жай­ып, «бере гөр» деп оты­ра беру жөн емес, қаза­ққа әре­кет керек, еңбек керек, білім керек, кәсіп керек! Халық айт­пақ­шы, «маң­дай тер­мен келер бере­ке» керек! Міне, қаза­қты қазақ ететін, жұды­ры­қтай жұмыл­ды­ра­тын, адам ретін­де кемел­ден­діретін, ұлт­тық кәсі­би шебер­лік­ті шың­дай­тын, өзін­дік мінез қалып­та­сы­тра­тын басты құн­ды­лық осы бол­са керек-ті!

Қазір көп мәсе­ле қазақ ұлты­ның «ұлт­ты­ғы­на» деген салғырт­ты­ғы­нан туын­дап отыр деу­ге бола­ды. Әли­хан Бөкей­ха­нов «Ұлты­на, жұр­ты­на қыз­мет ету білім­нен емес – мінез­ден» деген еді. Сол айт­пақ­шы, қазақ ұлтын­да мықты ұлт­тық мінез бол­са, онда оның билі­гі де ешқа­шан халы­қ­пен ақыл­дас­пай, ойы­на кел­ген «ғалам­дық жоба­лар­ды» өз халқы­на тық­па­ла­мас еді! Стра­ге­ти­я­лық қауіп­ті шешім­дер­ге бар­мас еді! Сон­ды­қтан қаза­қтың ұлт­тық мінезін қалып­та­сты­ру­да дін­нің де, білім­нің де орны ерекше болған­ды­қтан − дін­ді де, білім­ді де «қазақ бағы­ты­на» бұра­тын кез келді.

Біз­дер осы уақы­тқа дей­ін ұлт­тық идео­ло­гия негіз­дерін қалай алма­дық. Себебі оның өмір­ге келуі үшін, ұлт бой­ын­да ұлт­ты ерекше­леп тұра­тын «ұлт­тық мінез» болуы тиіс. Тәу­ел­сіздік­тің баста­уын­да қаза­қта ол мінез бір­ша­ма бол­ды. Мен бұл жер­де оны дәлел­деп жат­пай­мын, тек кеңес дәуірін­де «ауыл­дық резер­ва­ци­яда» болған қазақ ұлты мінезін жоғалт­па­ды деп қысқа қайырамын.

Ал, өкініш­ке орай, тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін «мінез» күше­юдің орны­на азып бара­ды. Қазір­гі жаста­ры­мыз діл­ге жат ақпа­рат­тар ағы­ны­на тап болу­да. Бұл ұлт­тық тәр­би­енің әлсіре­уіне әкел­ді. Қазақ тілінің қол­да­ныс аясы­ның тары­луы, халы­қтың тұр­мыс жағ­дай­ы­ның төмен­ді­гі де оған ықпал ету­де. Нәти­же­сін­де, жаңа ұрпақтың жады­нан «ұлт­ты­қтың» іргелі стан­дарт­та­ры (ере­же­лер) ұмы­ты­ла баста­ды. Олар­ды қазір бір ғана «мем­ле­кет» және «қазақ» деген сөз­дер бірік­тіріп тұрға­ны бол­ма­са − қазақ жаста­ры­ның дені «қазақ болу қан­дай» деген сұраққа жау­ап бере алмай­ды. Ол түгілі қари­я­ла­ры­мыз да «Ақсақал болу қан­дай?», «Әже болу қан­дай?» деген­ді біле бер­мей­ді. Нәти­же­сін­де, біздің ұлт­тық бол­мысы­мыз, ұлт­тық мінезі­міз, ұлт­тық тұта­сты­ғы­мыз әлсірей түсу­де. Ал мұн­дай әлжу­аз «ұлт­тық көр­сет­кі­шпен» біз ұза­ққа бара алмай­мыз. Барға­ны­мен – бәсе­ке­ге төз­бей­міз! Сон­ды­қтан ұлт­тық мінезді қалып­та­стыр­ма­сақ − салт-дәстүрі­міз, мәде­ни­еті­міз, білі­мі­міз одан әрі әлсірей береді.

Екін­ші­ден, бүгін­де «ұлт­тық намыс» пен «ардың» аяқ асты болуы жиіледі. Соның кесірі­нен біз өзі­міз­ге тән «ұлт­тық мінез» туды­ру­дың орны­на өзге­лер­дің жете­гіне жүр­гіш болып алдық. «Мінез­сіз» қызда­ры­мыз қым­сын­ба­стан жат­тың жете­гін­де кетіп жат­са, қызда­рын қорғай­тын жігіт­тері­міздің тұр­мыс тауқы­меті жете­гі­мен ұсақтануда.

Әлем­де «ұлт­тық мінезі» бар халы­қтар аз емес. Мыса­лы, шешен­дер саны жағы­нан аз да бол­са, «мінезді» халық. Көр­ші өзбек­те де, тәжік пен түр­кі­мен­де де, туыс қырғы­зда да бір­ша­ма «мінез» бар. Мінездің арқа­сын­да өзбек­тер­дің саны 20 жыл­да екі есе­ге дей­ін арт­ты. Түр­кі­мен­дер өз кел­бетіне қол жет­кізіп алды. Қырғы­здар «демо­кра­ти­я­шыл халық» ретін­де танылды.

Ал біз­де осы­ның қай­сысы бар, нақты­рақ, қай­сысы қал­ды? Бел­гісіз. Айта­ры­мыз: «бар­дың өзін жой­ып алдық» деген пес­си­ми­стік сарын…

Енде­ше біз­ге ұлт­тық келісім­ге келіп, өзі­міз­ге тән руха­ни бағыт-бағ­дар алға­ны­мыз жөн! Ол біз үшін ком­пас функ­ци­я­сын атқа­ра ала­тын­дай болуы тиіс. Бұл, әрине, дін­ді, не бол­ма­са бүкіл адам­за­тқа ортақ құн­ды­лы­қтар­ды терісте­мей­ді. Керісін­ше, бұл олар­ды бұрын­нан келе жатқан ата-баба дәстүрі­мен бірік­тіріп, жаңа­ша түр­лен­діру­ге жетелейді.

Менің ойым­ша, ол кодек­сте («қазақ кодексін­де») бас­шы­лы­ққа алы­на­тын құн­ды­лық ата­улы­ның бар­лы­ғы да өзге мәде­ни­ет­тен, не бол­ма­са өзге құн­ды­лы­қтарға сүй­еніп емес − қазақ дәстүрі мен мәде­ни­еті­нен туын­да­уы мін­дет­ті! «Ере­же» әлем­дік өрке­ни­ет­пен, демо­кра­ти­я­лық Заң­дар­мен үйлесім­де болға­ны жөн. Осы шара­ны қолға алу бары­сын­да тозы­ғы жет­кен дәстүр­лер­ді наси­хат­та­май, ұлтқа тіреу бола­тын мінезді дәріп­теу жалға­сын табуы керек.

Міне, осы және т.с.с. үлкен шару­а­лар бізді алда күтіп тұр! Оны кім жасай­ды? Оны өз халқы­ның шынайы пат­ри­от­та­ры жаса­ма­са, бөтен біреу біз­ге жасап бер­мей­ді. Осы­дан он жыл­дай бұрын Берік Әбдіға­лиұ­лы «Қазақ мис­си­я­сын» ұсы­нған бола­тын. Енді, міне, «мис­си­я­ны» жау­ап­кер­шілік­пен атқа­ра­тын мінез тура­лы ойла­на­тын кез кел­ген сыңайлы…

Біз ұсы­нып оты­рған жоба КСРО-ның «Ком­му­низм құры­лыс­шы­ла­ры кодексіне» жақын көрі­нуі мүм­кін. Бірақ олай емес. Өйт­кені «ком­му­ни­стік кодекс» сая­си-идео­ло­ги­я­лық құн­ды­лы­қтарға негіз­дел­ген. Ал біз ұрпақ тәр­би­есін­де бірізділік­ті ұлт­тық сабақ­та­стық тұрғы­сы­нан қарас­тыр­сақ дейміз.

Себебі сабақ­та­сты­қтың үзі­ле бастаға­ны­на куә болып отыр­мыз. Дәстүр­лі жағ­дай­да біз­де­гі ұрпақ сабақ­та­сты­ғы ежел­ден «ата мен әже тәр­би­есі» арқы­лы жалға­сып оты­ра­тын. Бүгін­де жас кел­ген соң, көбі әйте­уір «ата-әже» бола­ды… Бірақ бұры­нғы­дай ұлт­ты ұйы­сты­ру­шы қари­я­лар − «қазы­на қарт­тар» неге азай­ып кетті?

Өмір бақи жина­маған білім­ді күш кетіп, қар­тая бастаған­да, қал­пы­на кел­тірем деу – бос әуре­шілік. Енде­ше қоғам­ның зия­лы ойы ада­мға қарай бұры­лып, қоғам­ды жұмыл­ды­рып, жоға­ры­да аталған­дай бола­шақтың ортақ кон­струк­ци­я­сын құруы тиіс. Ал қазір­гі­дей керіл­де­су­мен, бөл­шек­те­ну­мен, не басқа да «қасқыр заман­ның қасқыр тір­лік­тері­мен» айна­лы­сып жүре бер­сек, соңы өза­ра жат­тарға айна­ла­ры­мыз кәдік! Әркім қарақан бас қамы мен күн­көрістің жете­гін­де кет­се – бүгін­гі мақта­ны­шпен айты­ла­тын «жетісті­гі­міз­ден» не үміт, не қайыр?

 

ІІІ. Нақты әре­кет керек

Мен осы бағыт­та жұмыс баста­уға әре­кет­теніп, «Фейс­бук­те­гі» парақ­ша­ма сұрақтар жари­я­лап едім − қызы­ғу­шы­лық таны­тқан­дар мен қол­даған­дар бір­ша­ма бол­ды. Төмен­де содан қысқа үзін­діні назар­ла­ры­ңы­зға ұсы­на­мын. «Қаза­қтың нағыз жігіті қан­дай болуы керек?» деген сұраққа мына­дай жау­ап­тар кел­ді (бұл үлкен жұмыстың баста­ма­сы, үлгі ретін­де қарап шығыңыздар):

«Қазақ жігіті үлкен­ді сый­ла­уы тиіс. Ол «Үлкен тұрып, кіші сөй­ле­ген­нен без» деген қазақ дана­лы­ғын бас­шы­лы­ққа ала­ды». (Әбдіқа­ли Әбдірай­ым, Тараз);

Әрбір жігіт өзінің жеті атаға дей­ін­гі шежіресін жақ­сы білуі тиіс. Соны­мен бір­ге қазақ жігіті ұлтын бір тамыр­дан тарай­тын халық деп сана­уға, әрбір қаза­қты өз қан­да­сым деп құр­мет­те­у­ге мін­дет­ті. (Айгүл Шоғы, Ақтау);

Қазақ жігіті өтірік айт­пай­ды, ұрлық істе­мей­ді, босаға кер­мей­ді, табал­ды­рық бас­пай­ды, ала жіп атта­май­ды. (Босаға кер­меу – ерлі-зай­ып­ты адам­дар­дың ара­сы­на килік­пе­уді, яғни отба­сы­ның шырқын бұз­ба­уды; Табал­ды­рық бас­пау – үйдің қорға­у­шы киесіне соқты­қ­па­уды, біре­удің отба­сы­на жаман­дық ойла­мауды; Ала жіп атта­мау – біре­удің өміріне қатер төн­дір­меу мен дүние-мүл­кіне қол сұқ­па­уды біл­діреді). (Марат Уатқан, Алматы);

Отан отба­сы­нан баста­ла­ды. Сон­ды­қтан Қазақ жігіті отба­сы алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін биік дәре­же­де ұста­уы тиіс. Ол қоғам­дағы ер адам­ның рөлін түсі­ну­ге, түй­сі­ну­ге, ұрпақ тәр­би­есін оны­мен ұшта­сты­руға мін­дет­ті. (Бей­біт Жұма­ді­ло­ва, Алматы);

Қазақ жігіті ағай­ы­нға қорған, туып өскен ортаға жана­шыр екенін жас кезі­нен сезініп өседі. Ол «әрбір қазақ менің жалғы­зым» деген ұста­ным­ды заң деп қабыл­да­уға, Ата-баба­ла­ры тарихын­дағы Баһа­дур Жалаңтө­стен бастап, Махам­бет-Иса­тай­ларға дей­ін­гі, Бөген­бай, Қабан­бай, Жәні­бек және т.б. тари­хи ұлт батыр­ла­ры­ның ұлы ерлік­терін мұра тұтып, өзін ынжы­қты­қтан аулақ болуға, білі­мін ғылы­мға ұшта­сты­руға, ізденіспен өмір сүру­ге мін­дет­ті; (Гатау-Гали Бохан, Атырау);

Қазақ жігіті (әрине, әр қазақ аза­ма­ты) – Қазақ елінің және жерінің нақты, бір­ден-бір иесі ретін­де оның ертең­гі күніне және бола­шағы­на жау­ап­ты! Сон­ды­қтан да оның әрбір атқарған ісі осы бағыт­та жаса­луы тиіс, әрбір әре­кеті оның (қоғам­ның) дамуы­на кедер­гі кел­тір­ме­уі керек! Бол­ма­са, ертең­гі күні Қазақ елі деген мем­ле­кет­тің болуы да екіта­лай! Сол үшін әрбір қазақ жігіті Ота­ны – Қазақ елі үшін бар күш-жігерін аямауы тиіс. «Отан үшін отқа түс – күй­мей­сің»! (Алмас Арзи­ку­лов, Астана).

P.S. Бұл мақа­ла айтар­лы­қтай бір жаңа­лық ашып оты­рған жоқ − «қаза­қы мінез» бұры­нғы қаза­қта бар еді! Халық сый­лы жігіт­терін тәр­би­е­леп шығарған, елге сый­лы ақсақал­да­ры мен әже­лері болған. Яғни, бей­нелі түр­де айт­сақ − осы­ны жасай­тын «қари­я­лар ака­де­ми­я­сы» үне­мі жұмыс істеп тұрған! Одан шыққан қыз-келін, аға-іні, үлкен-кіші қоғам­дағы өз орнын жақ­сы біл­ген. Мұның бәрі қазақ жұр­ты­ның «жазыл­маған кодексінің» арқа­сын­да мүм­кін болған.

Ал кеңе­стік кез­де­гі ұрпақ қаза­ққа тән мінезді әде­би­ет­тен тыр­нақтап жинап, қаны­на сіңіріп, өмір­де ұстан­ды. Оқы­ға­нын орта тәр­би­есі­мен бекітіп отыр­ды… Бүгін­де интер­нет дәуірі келіп − осы үрдіс үзілу­ге шақ тұр. Қаза­қтың өзін­дік «жазыл­маған кодек­с­тері» жай­ы­на қалып, ұлт ұлт­тық тәр­би­е­ден алшақтай түсу­де. Басқа­ша айт­сақ − әркім өз біл­гені­мен жүру­ге бет бұруда.

Олай бол­са, осы мәсе­ле­де нақты іске көшіп, қаза­қтың «жазыл­маған кодексін» халы­ққа ұсы­ну қажет. Ол жоба­лар­дың шар­тты ата­у­ла­ры да бел­гілі, олар: «Қыз жолы», «Келін иба­лы­ғы», «Жігіт­тік кодексі», «Ақсақал­дық инсти­ту­ты – Қазы­на қария», «Әже­лер ака­де­ми­я­сы» және т.с.с. Сон­да ұлт­тың өзіне сенім­ділі­гі ныға­я­ды, «мен қаза­қ­пын» деген өршіл-намыс­шыл мінезі қалыптасады.

Оны­мен бір­ге «әр қазақ жалғы­зым» деген ұста­ным күшейе түседі. Себебі «кел­беті бар халық» қана бола­шағы­на сенім­ді! Отан­сүй­гі­штік қай­рат пен жігер­ге ұла­са­ды. Қазір­гі­дей «әр кәл­лә бір қиял» деген­нен ары­лып, мінезі­міз көр­кейе түседі. Сөй­тіп, «стан­дарт­тан кетіп бара жатқан ұят» та қалы­бы­на ора­лып − той­лар­да ата мен бала, ене мен келін бірі­гіп стрип­тиз тама­ша­лап отыр­мас еді…

 

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ,

фило­соф

 

• Редак­ци­ядан: Мақа­ла авто­ры көтеріп оты­рған «ұлт­тық мінез» мәсе­лесін кім – қалай түсі­неді? Қаза­қтың «ұлт­тық мінезін» ояту арқы­лы мем­ле­кет билі­гін жүген­де­удің алғы шар­тта­ры қан­дай? Қазір­гі қай­шы­а­лы­сқан өрке­ни­ет көшін­де Ақор­да­ны өзге­лер­ге емес, өз халқы­ның «ұлт­тық мінезі­мен» сана­суға қалай көн­діру­ге бола­ды? Осы төңірек­тес ойлар­ды ортаға салу үшін, оқыр­ман қауым­ды пікір­та­ласқа шақырамыз.

 

 

 

 

Қатер қай­дан демеңіз

 

Қауіп­сіздік орын­да­ры мен

депу­тат­тар­дың арасында

УАХАБШЫЛАР ОТЫР

 

Бел­гілі ғалым Мекем­тас Мыр­за­хме­тов елі­міз­ге өз заң­да­рын орна­та бастаған уаха­бизм­ге қаты­сты ойла­рын біл­діріп, олар­дың көзін құрт­па­са бол­май­ды деген ойын жет­кізді деп хабар­лай­ды NUR.KZ. Бұл тура­лы ғалым «Алма­ты» теле­ар­на­сы­ның «Өткір тіл» бағ­дар­ла­ма­сын­да айтты.

 

«Мен уаха­би­стер­дің қалай пай­да болға­нын біле­мін. Оның ота­ны Тараз­да бол­ды. Сон­дағы жігіт­тер ұйым­да­стыр­ды. Әуелі «уаха­бизм» деген­ді біл­ген жоқ­пын өзім. Кей­ін ізден­дім жақ­сы­лап тұрып, бүкіл тарихын көтеріп, біраз мәлі­мет­ке қаны­қтым. Таза­бек­тің (Мұха­мет­жан – Ред.) үйін­де 20 уаха­биспен бас қостым. Мәсе­лесінің дұрыс-бұры­сын оларға қан­ша сағат түсін­дір­дім. «Кей­ін қара­бет бол­май­ық, ойла­ны­ң­дар» деп жібер­ген­біз. Содан тарап кет­тік, қай­тып олар­мен кез­дескен жоқ­пыз. Олар әре­кет­терін астыр­тын жасап жатыр. Құзыр­лы орын­дар оны біліп отыр ғой, мен айт­пай-ақ», – деді ғалым.

Ғалым­ның айтуын­ша, біз бұл ілім­нің көзін құрт­пай­ын­ша, елі­міз­ге үлкен қауіп төніп тұр. «Уаха­би­стер­ді жой­май бол­май­ды, егер жой­ма­сақ, олар бізді жояды. Бірақ оған кедер­гілер бар. Оған мен түсін­бей­тін бір кедер­гілер бар. Олар қауіп­сіздік орган­да­рын­да да, депу­тат­тар­дың ара­сын­да да отыр. Мен біл­ген­ді тиісті орын­дар біл­мей ме? Бәрі сол ақшаға бай­ла­ны­сты ғой. Оның бәрі дін үшін жаса­лып жүр­ген жоқ, ақша үшін жаса­лып жүр», – деді Мекем­тас Мырзахметов.

«Бай­тұр­сы­нов: «Дінін шан­шып істік­ке, әркім бір жем іздеп жүр» дей­ді. Неге біздің өнер­паз­да­ры­мыз дінін сат­ты? Бірі жаңа пай­ғам­бар шығар­мақ­шы, бірі криш­на­ны әкел­мек­ші, енді бірі уаха­бизммен айна­лы­са­ды – не құдай ұрды бұлар­ды? Біліп отыр іштері­нен бәрін. Дін­ге беріліп кет­кенін көр­гем жоқ, ақшаға құлап жатыр олар. Мұның орта­лы­ғы – Сауд Ара­би­я­сы. Оның мем­ле­кет­тік діні – уаха­бизм», – деп түй­ін­деді ол.

Qazaquni.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн