Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ БАЛАСЫНА шын біліктілікті қолдайтын БІЛІМ АУРАСЫ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Бола­шақ қай­дан басталады?

 

«DAT» газетін­де жари­я­ланған ғалым Қанағат Жүке­шев­тің білім беру мәсе­ле­лері тура­лы мақа­ла­сын оқы­ған соң, көкей­де­гі өз ойы­мы­зды да ортаға салу­ды жөн көрдім.

 

Бүгін­гі таң­да ежел­ден ойы сер­гек, көзі ашық, көкіре­гі ояу қазақ жұр­ты оты­ры­қ­шы елге айнал­ды. Алай­да білім­мен қара үзіп, алға шығуы­мыз былай тұр­сын, елі­міздің жоға­ры оқу орын­да­ры бер­ген диплом­дар­ды әлем­нің ешбір елі мой­ын­да­май отыр. Оқу бітір­ген соң дипло­мы бары да, жоғы да екі қолға бір күрек табуы мұң болды.

Мек­теп дирек­то­ры­нан бастап, білім сала­сын басқа­рып оты­рып, жемқор­лы­қтың кесірі­нен сот­талған­дар­дың ішін­де мини­стр­дің орын­ба­са­ры да бой көр­сет­ті. Ал «ара­кідік ішіп-жеп, астыр­тын қылғы­тып» қой­са да ұстал­май жүр­ген­дері қаншама?!

Мұн­дай жағ­дай­да білім беру сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сая­сат қан­дай болуға тиіс? Әрине, ең алды­мен ойға ора­ла­ты­ны – шығы­ны аз, нәти­же­сі жемісті болуы қажет. Өйт­кені нары­қтың заңы солай. Келесі­де, қазір­гі қоғам өмірінің мақ­са­ты мен талап­та­ры­на жау­ап беретін тиім­ді болуы қажет. Соны­мен қатар әлем ғылы­мы мен мәде­ни­етінің көші­нен қал­май­тын және бір­тұ­тас жүй­елі болға­ны абзал.

Әлем тұта­сып, руха­ни дүние жаһан­данған мына ала­са­пы­рын заман­да біздің жарқын бола­шағы­мыз, келе­шек­тің кемел аза­мат­та­ры нені біліп, оны қалай иге­руі керек? Әрбір мәде­ни­ет­ті адам адам­зат руха­ни­я­ты­ның мәде­ни мұра­ла­рын, оның негіз­дерін мін­дет­ті түр­де таны­ға­ны дұрыс. Ал бұл тұрғы­дан кел­ген­де, біз­де де ескір­ген әдісте­ме мен көз­бо­я­у­шы­лы­қтар жеткілікті.

Қара­пай­ым бола тұра, әркім­ге түсінік­ті, бел­гілі дүниенің өзін ауыр­ла­тып, шақ­ша­дай басы­ң­ды шыр айнал­ды­рып жібе­ретін оқулы­қтар мен сабақ берудің көнер­ген әдісте­месі­мен енді­гі жер­де алы­сқа шаба алма­сы­мыз анық. Жеке тұлға­ның дені сау, табиғи ойлау жүй­есіне әйте­уір мін­дет­ті түр­де осы­лай ұқты­руым керек деген­ді алға тар­тып, теріс тәсіл­мен «шабуыл жаса­удың» пси­хо­ло­ги­я­лық жағы­нан зардабы көп көрі­неді. Айта­лық, ғылы­ми таным­нан, жүй­елі білім мен мәде­ни­ет­тен қорқа­тын, өз әле­уетіне сен­бей­тін неме­се бар­лық нәр­се­ге дог­ма­ти­ка­мен қарай­тын, сыңаржақты­ққа бой ұра­тын әпер­бақан­дық жоға­ры­дағы­дай ессіз «шабуыл­да­удан» туа­ды екен.

Жал­пы білім беретін орта мек­теп­тер­де адам­зат мәде­ни­етінің құн­ды­лы­қта­ры жүй­елі түр­де оқы­ты­луға тиіс. Неге мәде­ни­ет­ке жабысып қал­дың десеңіз, әр адам күн­делік­ті қол­дан­ба­са да, мін­дет­ті түр­де білу­ге тиіс тео­ри­я­лық ұғым­дар бола­ды. Соның бірі мәде­ни­ет – адам бала­сы­нан ғұмыр бойы бір елі қал­май­ды, оның өмірін жөн­ге салып, аны­қтап оты­ра­ды. Мысалға мате­ма­ти­ка ғылы­мын алай­ық. Нату­рал және бүтін сан­дар­ды, раци­о­нал мен ирра­ци­о­нал­ды қан­дай сипа­ты­на қарай қалай бөлуді, диф­фе­рен­ци­ал мен инте­грал­дың негіз­дерін әркім­нің біл­гені жақ­сы. Бірақ сол үшін бәрі­міздің мате­ма­тик болуы­мыз мін­дет­ті емес.

Мате­ма­ти­ка – модел­деу әрі абстарк­ци­я­лық ойлау ғылы­мы. Соны­мен қатар физи­ка, химия және мате­ма­ти­ка пән­дері модел­де­уді лай­ы­қты айқын­даға­ны­мен, оны гео­метр­лік сыз­ба­лар­мен көр­сет­кен­де ойға қоным­ды бола­ты­ны бел­гілі. Олай бол­са, мате­ма­ти­ка­лық модел­деу ойды гео­мет­ри­я­лық тұрғы­дан, гра­фи­ка­лық жағы­нан көре біл­ген­де ғана адам бала­сы оның негіз­гі заң­ды­лы­ғын түсініп, өмір­де қол­да­на ала­ды екен.

Физи­ка, химия пән­дері­нен орта мек­теп оқу­шы­ла­ры­на ұшы-қиыр­сыз қап­таған фор­му­ла­лар­ды жаз­ды­рып, есеп шығар­тып қояды да, дәл қан­дай заң­ды­лы­қтың қыз­мет етіп тұрға­нын әр оқу­шы­ға түсінік­ті етіп көр­се­те бер­мей­ді. Ішкі сыры мен себеп­терін түсін­бей, заң­ды­лы­қтар­дың жал­пы құры­лым­да­ры­мен жіті таны­спаған соң, ол пән­дер тез ұмы­ты­ла­ды және оны қай­та еске түсі­ру де мүм­кін емес. Жал­пы әрбір ғылы­мға қыз­мет ететін негіз­гі заң­да­ры мен ішкі сипатта­рын күр­делі рет­тері­мен жүй­елі түсін­діруді біз бүгін­де мәде­ни­ет ретін­де тануы­мыз керек секілді.

Іргелі база­лық ғылы­ми пән­дер­дің сыр­тын­да жал­пы мәде­ни­ет­ті иге­ру­ге, әрине, мін­дет­ті­міз. Оған: дүни­е­та­ну, био­ло­гия, тіл­та­ну, қоғам­та­ну, өнер­та­ну, тұр­мыстық және тех­но­ло­гия мәде­ни­еті секіл­ді пән­дер жатқы­зыл­мақ. Тіл­та­ну жағы­нан кел­ген­де, біз­де ана тілі­мен қатар шет тілін оқы­ту ісі бір­ша­ма жолға қой­ы­лған, өзге­ге үлгі болар­лы­қтай тәжіри­бе­міз де бар­шы­лық. Деген­мен, іс жүзін­де сөй­ле­у­ге шорқақ, өз ойын жаз­ба­ша біл­діру­ге осал жастар­дың кез­десіп жата­ты­ны сала­ны жетіл­ді­ру тетік­терін әлі де қарас­ты­ру керек екенін көрсетеді.

Гума­ни­тар­лық пән­дер­дің маз­мұ­нын тарих­тан бастап, құқық негіз­дері­мен сабақ­та­сты­рып, өмір­мен жіті бай­ла­ны­сты­ру қажет секіл­ді көрі­неді. Бүгін­де ХІІІXIV ғасыр­лар тарихы көшпен­ділер­мен тығыз бай­ла­ны­сты екен­ді­гі ескеріл­мей­ді. Керісін­ше, отар­ла­у­шы­лар жасаған жасан­ды тарихқа сүй­е­не­міз де, өзі­міздің асқан жабайы әрі май­мыл­дан тараған қаңғы­бас тай­па­лар деп түсін­ді­ре салу­дан таймаймыз.

Сол секіл­ді фило­со­фи­я­ны діни қағи­да­лар­мен сабақ­та­сты­рып түсін­діруді өмір­дің өзі талап ете баста­ды. Оның өзін­де сауда-cат­тық, қар­жы-несие мәсе­ле­лері секіл­ді кей­бір эко­но­ми­ка­лық аспек­тілер де бел­гілі мөл­шер­де қарас­ты­ры­лып жат­са – нұр үстіне нұр.

Әде­би­ет пәні орта мек­теп­тер­де бір­ша­ма тәуір оқы­ты­луы мүм­кін. Ал музы­ка, бей­не­леу өнері секіл­ді пән­дер­дің жағ­дайы мүл­де сын көтер­мей­ді. Негізі атал­мыш екі пән­ді әде­би­ет­пен бір­ге топ­та­сты­рып оқы­ту­дың бір­тұ­тас жүй­есін құруға бола­тын секіл­ді. Оны өнер­та­ну деген жал­пы ата­у­мен жоға­ры дең­гей­ге көтеріп, өнер сала­сы­ның түр­лі ағым­да­рын, адам­зат тарихын­дағы асыл мәде­ни мұра­лар­ды таны­сты­рып, түсін­дір­се, жас буын­ның руха­ни мәде­ни­етінің дең­гейі артқан болар еді.

Қазір көп жағ­дай­да бұл пән­дер негізі­нен баста­уыш мек­теп­те ғана тақ­пақ жат­та­тып, хор­мен ән айтқы­зу­дан аса алмай жүр. Оның өзін­де арнайы дай­ын­далған маман­дар бол­са ғана. Орта мек­теп­те өнер тарихы мен руха­ни құн­ды­лы­қтар жай­ын­да тіп­ті әңгі­ме қозғал­май­тын да шығар. Ал театр, балет, кино, теле­ви­зия өнері жай­ын­да ешкім ауыз ашпай­ты­ны енді айдан анық. Мұн­дай салғырт­ты­қты өзгер­тетін уақыт келді.

Күн­делік­ті тір­шілік­те өмір­лік қажет­тілік­ке айналған тұр­мыстық мәде­ни­ет мәсе­ле­лері де еске­русіз қал­мауы керек секіл­ді. Оның өзінің ішкі заң­да­ры мен қағи­да­ла­ры бар. Сәу­лет өнері­нен, дизайн­нан хабар­дар болу­мен қатар, антро­по­мет­ри­ка, эрго­но­ми­ка, бел­гілі заттың өңін, түр-түсін үйле­сті­ре білудің алға­шқы мағлұ­мат­та­ры әрбір мәде­ни­ет­ті де өрке­ни­ет­ті адам­да болуға тиіс. Тұр­мыстық және эко­ло­ги­я­лық таза­лы­қта­ры­ның негізін тану да бүгін­гі өмір тала­бы. Жасай­тын өні­мі­міз, көр­се­тетін қыз­меті­міз тұр­мыстық мәде­ни­ет­тің бар­лық тала­бын қанағат­тан­ды­руы мін­дет­ті. Өмір мен еңбек­ті үйле­сті­ре білудің өзі айна­лып кел­ген­де тұр­мыстық мәде­ни­ет­пен тіке­лей бай­ла­ны­спақ. «Бала­ны – жастан…» демек­ші, мұның бәрінің негізі мек­теп­те қала­на­ты­ны мәлім.

Ада­ми қоғам дамуы­ның ең негіз­гі фак­то­ры тех­ни­ка мен тех­но­ло­ги­я­ның өркені. Олай бол­са, тех­но­ло­гия мәде­ни­еті де жеке пән ретін­де оқы­ты­лып, одан арнайы маман­дар сапа­лы білім беруі тиіс. Тех­но­ло­гия дегені­міз – өзін­дік тари­хи даму жолы бар, іші­на­ра көп­те­ген ұста­ным­дар­дан тұра­тын, сала­лап жүй­е­ле­у­ге бола­тын ғылым.

Адам бала­сы тұты­нып келе жатқан мате­ри­ал­дық бай­лы­қты жасау прин­циптері сана­у­лы ғана көріністер­ге негіз­де­леді. Айта­лық, ерітіп құю, таң­ба­лау, басып шыға­ру, бөл­шек­теу, жап­сы­ру, т.с.с. Металл, бал­шық, плат­мас­са дей­сіз бе, бәрібір. Қазір­гі заман­да қарқын­ды дамып, ауы­здан түс­пей­тін болған нано, мик­ро­тех­но­ло­ги­я­ның да прин­ци­пі негізі­нен ұқсас. Соның негіз­гі маз­мұ­ны мен заң­ды­лы­қта­рын жет­кін­шек­тер­ге түсін­дір­сек, оның жемісі де болар еді. Шетел тех­но­ло­ги­я­сын соқыр­лы­қ­пен көшіру­мен қашанғы күнелтеміз?

Жал­пы білім беру сала­сын­да тео­ри­я­лық бағыт­та жоға­ры­дағы мәде­ни мәсе­ле­лер­ді игер­ту­мен шек­тел­мей, оның прак­ти­ку­мы­ның да орны ерекше бол­мақ. Себебі әр адам алған білі­мін іс жүзін­де қол­ма-қол атқарған­да ғана оның іскер­лік сапа­сы­ның тиім­ділі­гі арта түсетіні бел­гілі. Әр бала өз қабілеті мен дарын бей­і­міне қарай таң­дау жасап, саз аспап­та­рын­да ойнап, қолө­нер туын­ды­ла­рын жаса­уы мүмкін.

Соны­мен қатар жоға­ры сынып оқу­шы­ла­ры үшін нақты жоба­лар­мен айна­лы­суы­на мүм­кін­дік жасалға­ны абзал. Мыса­лы, жылқы фер­ма­сын салу, оның құры­лыс жоба­сы­ның есебін жаса­туға бола­ды. Био­ло­ги­я­лық, зоо­тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын зерт­теу, жұмыс орын­да­ры­ның ұйым­да­сты­ры­луын рет­теу, эсте­ти­ка­лық, таза­лық талап­та­рын қанағат­тан­ды­ру үшін қан­дай үкі­мет­тік орын­дар­дан нен­дей рұқ­сат алу, қар­жы көз­дерін табу­дың жол­да­рын ізде­сті­ру секіл­ді нақты іс-әре­кет­тер үйретіл­се, бала­ның өмір­ге дұрыс жол­да­ма алуы­на көмек­тес­кен болар едік.

Жал­пы прак­ти­кум­дық жоба­лар арман-қия­лға негіз­дел­ген алға жете­лей­тін сипатта көрініс тап­са – құба-құп. Прак­ти­кум жұмыста­ры­ның жоба­сын бар­лық пән­дер­дің маман­да­ры талқы­лап, баға беріп, ақыл-кеңес қосып отыр­са, нақты құн­ды­лы­ққа негіз­дел­ген болар еді. Мұның бәрі бала­ның бола­шақ маман­ды­ғы мен кәсібін дұрыс таң­да­уы­на жоға­ры оқу орын­да­ры­на түсу­леріне зор қолға­быс жасаған­дық болар еді.

Жоға­ры білім демек­ші, бұл жүй­ені қазір­гі таң­да тео­ри­я­лық бағы­тқа негіз­дел­ген зерт­теу уни­вер­си­теті етіп ұйым­да­сты­рып жатқа­ны – зама­на тала­бы­нан туын­дап оты­рған қажет­тілік. Енді жедел­детіп прак­ти­ка­лық бағыт­тағы инже­нер, тех­ник, тех­но­лог­тар дай­ын­дай­тын инсти­тут­тарға бөліп жік­те­ме­се, мем­ле­кет қара­жа­ты мен қар­жы­сы шын мәнін­де жел­ге ұшып жатыр.

Көп­те­ген маман­ды­қтар­ды бұры­нғы­дай құрғақ уағы­здан құры­лған дог­ма дәрістер­мен төпе­ле­удің қажет­тілі­гі дәл қазір­гі таң­да қажеті шама­лы. ЖОО бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның дең­гейі бірізділік­ке негіз­дел­гені­мен, іші­на­ра бірер бөлі­гінің ғылы­ми-зерт­те­у­ге басым­дық бер­гені, терең­детіл­ген көп­жыл­дық оқуға, енді бір тобы­ның прак­ти­каға басым­дық бер­ген қысқа мерзім­дік білім беру­ге көшуі – заң­ды құбылыс.

Қалай болған­да да, ең негіз­гі ғылы­ми заң­дар мен заң­ды­лы­қтар­ды, басты ере­же­лер­ді білім­ге талап­танған әрбір жастың білуін мін­дет­те­у­ге тиіс­піз. Себебі заң­дар мен заң­ды­лы­қтар­ды толық біліп игер­ген адам ғана нақты әрі шынайы ойлай ала­ды. Қазір ақпа­рат көп. Алай­да оны түсініп, өзіне қажетін іліп әкетіп кәде­ге жара­та білетін қабілет­тілік­ті иге­ру бәрі­нен маңы­зды болып отыр. Білі­мі мен білік­тілі­гін арт­ты­рған, оны қол­да­ны­сқа, айна­лы­мға енгі­зе біл­ген адам әрдай­ым өзге­ден оқ бойы алға оза береді.

Қазақ бала­сы тумысы­нан зерек келеді. Енді праг­ма­ти­каға шынайы бей­ім­дел­ген ком­пак­тілі білім­ге шын­дап ден қой­са, табиғи бай­лы­қтан жүз­де­ген есе артық құн­ды­лы­ғы­мыз сол ғана бол­мақ. Оған үкі­мет­тік бюд­жет­тен қосым­ша қар­жы жұм­са­удың да қажеті шама­лы. Тек қана бар­лық дең­гей­де­гі білім ошақта­рын­да шын білік­тілік­ті қол­дай­тын дені сау аура қалып­тас­са, сыбай­ла­стық пен жемқор­лы­қтан құтыл­са, қазақ білі­мі өзін ғана емес, басқа­лар­ды да жары­лқа­уға қабілет­ті болар еді.

 

Қуан­дық ШАМАХАЙҰЛЫ,

халы­қа­ра­лық журналист

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн