Понедельник , 7 июля 2025

Қазақ елін қорғаған АЛАШ ПОЛКІ туралы не білеміз?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

 

Айқар­ма­да айта­рым: Аза­мат соғы­сы­на 100 жыл

 

  • Өткен ғасыр­дағы Аза­мат соғы­сы жыл­да­рын­да Торғай­да, Семей­де, Зай­сан­да, Леп­сі­де, т.б. жер­лер­де құры­лып, аз уақыт соғыс­са да, Қазақ елінің тәу­ел­сізді­гі үшін күресіп, небір ұлт­тық-пат­ри­от­тық ерлік­тің үлгісін көр­сет­кен Алаш полк­та­ры тура­лы не білеміз?

 

Қазақ әде­би­етінің клас­си­гі Ғабит Мүсіре­по­втің былай бір жазға­ны бар: «…Жаңа Семей­дің шетін­де оты­рған Орта­лық Ала­шор­да Кол­чак­пен шарт жаса­сып, Совет үкі­метіне тұс-тұстан жабы­ла баста­ды. Алаш полк­тері май­данға шықты. Ала­шор­да бей­біт елді талан-тара­жға салған бан­ды­лар­дың орда­сы­на айнал­ды» (Таң­да­ма­лы үш том­дық, 2‑том. Алма­ты. 1980 ж. 465-бет).

Кеңе­стік кездің идео­ло­ги­я­сы­мен лаж­сыз жазы­лған жағ­дай шынын­да да осы­лай ма еді?

Алға­шқы Алаш полк­та­ры Леп­сі уезіне қараған қазір­гі ШҚО-ның Үржар, Мақан­шы, Тас­кес­кен, Аякөз, Леп­сі өңір­лерін­де ұйым­да­сты­ры­лған еді. Тар­баға­тай­дың күн­гей бет­терін­де Алаш жасақта­ры­ның лек­тері 1918 жыл­дың басы­нан құры­ла бастай­ды. Сарқант­тық матай руы­нан шыққан Керім­бай (под­пол­ков­ник), Кең­са­ба (пол­ков­ник) Қара­бұлақ ауы­лын­да алғаш эскад­рон құра­ды. Осы жыл­дың қыс орта­сы­нан бастап, Көк­тұ­ма­да (қазір­гі Үржар ауда­ны­ның Бақты аулы) жасақтар­ды 6 ай дай­ын­дап, Жеті­су май­да­ны­на аттандырған.

Тари­хи деректер­ге қараған­да, әске­ри дай­ын­дық сау­ат­ты жүр­гізіл­ген. Атпен шауып келе жатып, екі қап­талға қарға шан­шы­лып қой­ы­лған шыбы­қтар­ды қылы­шпен шапқан­да, қиы­лған шыбы­қтар тіп-тік түсуі керек екен. Окоп қазу, қорға­ну, най­за­мен шан­шу, вин­тов­ка­мен ат үстін­де ату сияқты түр­лі әске­ри әдістер дай­ын­ды­ғы жаса­ла­ды. Полк сар­ба­з­да­ры­на «Алаш гим­ні» де үйретіледі.

Бір­де Леп­сі­ден Көк­тұ­маға таны­мал Алаш қай­рат­кері, әрі полк­тің коман­ди­рі Отын­шы Әлжа­нов келіп, сар­ба­з­дар­дың дай­ын­ды­ғын көреді. Сон­да сап алдын­да сөй­ле­ген Отын­шы­ның қанат­ты сөзі сар­ба­з­дар­дың жадын­да мәң­гі сақта­лып қалып­ты: «Көз алда­ры­ңа еле­стетің­дер! Ресей үкі­меті бұрын ақбоз ат сияқты бола­тын. Сол ақбо­здан аттың қасқа­сын­дай ғана ақ үкі­меті қал­ды. Қасқа бара-бара төбел­ге айна­ла­ды да, жай ғана жирен ат бола­ды. Жеті зәлім­нен құры­лған үкі­мет келеді. Ол – ұры, өтірік­ші, иман­сыз, дін­сіз, қатыг­ез, жауыз, т.с.с. Ол үкі­мет­тен жеті ата-бабаң­ның ұрпағы­на иненің жасуын­дай жақ­сы­лық кел­мей­ді. Тек Құдай қай­да­сың деп, көк­ке шыққан­да, әлем­ді шар­пып, ол өз-өзі­нен құлай­ды», – деген екен.

Отын­шы ұзын бой­лы, дауы­сы зор, арық қара кісі екен. Ол құра­лай­ды көз­ге атқан қас мер­ген болып­ты. Жат­ты­ғу алаңын­да наган мен мыл­ты­қ­пен көк­ке лақты­рған тиын­дар­ды атып түсірген.

1918 жылғы Леп­сі төңіре­гін­де­гі ұры­стар­да Алаш пол­кіне Отын­шы тіке­лей бас­шы­лық жасап, қызыл­дарға қар­сы небір сәт­ті соғы­стар жүр­гі­зеді. Күз­де соғыс өнерін озық мең­гер­ген, шеті­нен мың­мен айқа­са­тын жиыр­ма шақты сар­ба­з­бен Отын­шы жедел Семей­ге шақы­ры­ла­ды. Сол жолы тап­сыр­ма орын­дау сапа­рын­да Отын­шы қаза бола­ды да, Жеті­су май­да­нын­да қызыл­дарға қар­сы соғы­сып жатқан Алаш пол­кіне тіке­лей ата­ман Аннен­ко­втың өзі бас­шы­лық жасайды.

Ел аға­ла­ры, би-болы­стар ел ішіне Ала­шор­да үкі­метінің мақ­са­ты тура­лы түсінік жұмыста­рын жүр­гі­зеді. Әскер­дің ішіп-жеміне қала, ауыл бай­ла­ры­нан, халы­қтан жиы­лған қар­жы­ға өгіз­дер сатып алы­на­ды. Ауыл халқы: «Малы­мыз бала­мы­здан артық емес», – деп, қора­лап мал жинай­ды. Мол­даб­ай деген бай өгіз­дерін қым­батқа сатып­ты. 1930 жыл­да­ры ол өлген­де, келін­дері былай жоқтапты:

Он алты ат беріп орысқа,

Тала­стың атам болысқа.

Ала­шқа қимас малыңнан,

Бір тоқты шық­па­ды-ау сойысқа. –

деп.

Алаш сар­ба­з­да­ры үйлері­нен ат мініп шыққан. Әке-шеше­лері Алаш мұра­ты жолын­да еттері­нен ет кесіп, бала­ла­рын оққа бай­лаған­дай, үйден жана­за оқы­тып шыға­рып салған. Сар­ба­з­дар атпен сапқа тұрған­да, аттың түсіне қарай тұрған: көк атты­лар бір қатарға, жирен атты­лар бір қатарға, т.с.с. Ал жаяу әскер­ді ру бой­ын­ша сапқа тіз­ген: «Семіз най­ман» рота­сы, «Бай­жі­гіт» рота­сы, «Сыбан» рота­сы, «Болат­шы» рота­сы, т.с.с. деп.

Алаш пол­кін­де үш дөң­ге­лек­ті, атпен сүй­ретіп жүретін 14 зеңбірек болған. Оларға офи­цер­лер бас­шы­лық жасаған. Көшпе­лі ас-ауқат, қазан-ошағы болған. Қазан­дар­ды дөң­ге­лек­ті рамаға орна­тып, атпен тар­тып жүр­ген. Оны­мен жүріп келе жатып, жол үстін­де ас әзір­лене бер­ген. Бағын­ды­рған ауыл­дар­дың үйлеріне күзет қой­ып, әр шаңы­рақта бір­не­ше сар­ба­з­дан тұра берген.

Тарих­та мына­дай деректер бар: «…1918 жыл­дың соңын­да аннен­ков­шы­лар үш күн ішін­де Леп­сі уезінің Пет­ров­ский, Пяти­горск және Пред­гор­ное деген үш қоны­сын өртеп, тона­ды» («Қаза­қстан тарихы», М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, Қ.Жүкеш. 2003 ж. 39-бет).

Бұл ауыл­дың тұрғын­да­ры қат­ты қар­сы­ла­са­ды. Қызыл­дар шегініп келіп, ауы­лға тығы­ла­ды. Әр көше, әр бұры­лыс, әр қақ­па­ны алу оңай­ға түс­пей­ді. Осы соғы­ста Шынар Мәме­те­ков (Асан Айт­мұ­ха­мет­тің аға­сы) ерлік­пен қаза таба­ды. Талай алаш сар­ба­з­да­ры шығы­нға ұшы­рай­ды. Сол сияқты Андре­ев­ка (қазір­гі Қабан­бай) түбін­де де Алаш пол­кі қат­ты шығы­нға ұшы­рай­ды. Орыс мұжы­қта­ры соғы­сып жатып, қызыл­дарға қол көтеріп кіріп кетіп, бұларға қар­сы оқ атқан.

Кепі­шев Бай­золла деген сар­ба­з­дың мына­дай айтқа­ны бар екен: «Жан керек болған­да, жалғыз қурай­ды пана­лай­сың. Андре­ев­ка түбін­де­гі соғы­ста оң қанат­тағы Алаш рота­ла­ры­нан ешкім тірі қалған жоқ. Пуле­мет атып жатқан өзі­міздің Жанқа­ра­ның бала­сы еді, ол да оқ тиіп жара­лан­ды. Ал пуле­мет­ті 2–3 кісі атуы керек. Біре­уі кезеніп ата­ды, екін­шісі стволға оқтар кеп­теліп қал­мас үшін, оқшан­тай­ды керіп оты­ра­ды. Тағы біреу пуле­мет­ті қызған­да суы­тып, таза­лап, май­лай­ды. Мен жара­ланған жігіт­ті жер бауыр­лап, оң қол­ты­ғы­нан бір қолым­мен сүй­реп, екін­ші қолым­да пуле­мет­тің оғы салы­нған қор­жын­ды кезек-кезек жыл­жы­тып оты­рып, жан қала­тын зеңбірек­тің жаны­на кел­генім­де, орыс офи­цері: «Сен неге кел­дің?!» – деп, қора­бы­нан писто­летін суы­рып алған­да, кенет­тен кер­ней ойнап қоя бер­ді. Қара­сақ, қосым­ша тың күш келіп қалып­ты. Офи­цер «Уһ!» деп оты­ра кетті.

Тың күш қызыл­дар­ды да, саты­лған мұжы­қтар­ды да баудай түсіріп, тас-талқа­нын шығар­ды. Осы сатқын­ды­қтан кей­ін ата­ман Аннен­ков орыс мұжы­қта­рын соғы­сқа жаяу айдап, алғы шеп­ке сала­тын болды».

Ата­ман Алаш пол­кін қайт­пас қырғын­дарға арнайы сал­мап­ты. Бүкіл арми­я­ны ұлты­на қара­май тең ұстап­ты. Сар­ба­з­дар ата­ман бас­шы­лы­ғы тара­пы­нан әділет­сіздік­ті айт­па­ды. Аннен­ков Бірін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа қаты­сып, «ата­ман» дәре­же­сіне көтеріл­ген. Отыз екі жастағы жігіт. 2–3 бала­сы бар. 1918 жылы Укра­и­на­дан Семей­ге, одан Жеті­суға жіберілген».

Жазы­лған тарих­та тағы да мына­дай мағлұ­мат бар: «…1919 жылы қазан айын­да Аннен­ков қарақ­шы­ла­ры кес­кілес­кен ұры­стар­дан кей­ін Чер­кас­скіні (Сер­кеш) және басқа село­лар­ды алды. 1800 адам­ды қырып таста­ды…» (М.Қозыбаев, І.Қозыбаев. «Қаза­қстан тарихы», 76-бет).

Ата­ман Аннен­ков шынын­да да қаны­пе­зер адам болған ба? Мына дерекке қараңыз: Чер­касск шай­қа­сын­дағы жеңіс­ке орай ата­ман сар­ба­з­дар ара­сын­да палу­ан­дар сай­ы­сын ұйым­да­сты­ра­ды. Аякөз маңы­ның бір жігіті бәрін жыға­ды. Ата­ман сол жігіт­тің білек, сан бұл­шық еттерін ұстап көріп: «Сен­де 9 кісінің күші бар екен. Мұн­да бір оққа ұшып кетесің», – деп, әске­ри киі­мін шештіріп, еліне қай­та­ра­ды. Сон­дай-ақ Қален мер­ген 1919 жылы Пас­ха мере­кесін­де мыл­ты­қ­пен тиын­дар атып, ерекше көз­ге түседі. Аннен­ков оны да «Аман жүр!» деп, әскер­ден қай­та­рып­ты. Таны­мал әншілер­ді, бақ­сы-бал­гер­лер­ді де халы­ққа керексің­дер деп, үйіне қай­та­рып оты­рып­ты… Қален мер­ген соғы­стан қай­тқан­да, алды­на полк­тің бір айғыр үйір жылқы­сын салып беріп­ті. Осын­дай адам­ды қаны­пе­зер бол­ды деу­ге ауыз бара ма?

Ал ата­ман­ның фицер­лері тіл білетін, жол білетін қай­ра­ты бар, қару­ды жақ­сы мең­гер­ген, білім­ді сар­ба­з­дар­ды алғы шеп­ке сал­май, маң­да­рын­дағы тыл жұмысын­да ұстаған. Бұл соғы­ста офи­цер­лер де, сар­ба­з­дар да қызыл­дар­дың жеңетінін біл­ген. Бірақ соңы­на қызыл үкі­мет­ке қар­сы күрескен.

Ата­ман Аннен­ков өте сұлу адам екен. Мың адам­ның ішін­де «мен мұн­да­лап» тұра­тын ұзын бой­лы адам болып­ты. Ұрыс дала­сын­да ерлік көр­сет­кен­дер­ге мара­пат­ты да, әске­ри атақты да аямай беріп оты­рып­ты. Ата­манға 4 рет қызыл­дар­дың ықпа­лы­мен мұжы­қтар тара­пы­нан жасалған қастан­дық әшке­ре­ле­неді. Қызыл­дарға қар­сы күрес­кен сар­ба­з­дар Аннен­ко­вты құр­мет тұтқа­ны сон­дай, «Алаш гим­ніне» ата­ман­ның да есі­мін қосыпты.

Арғы атам ер түрік –

Біз қазақ еліміз!

Шалқар көл, самал тау –

Сары­арқа жеріміз!

Той той­лап, мал айдап,

Ерке өскен Алаштың

Ел қорғар еріміз!

 

Қай­ыр­ма­сы:

Аннен­ков – атаман,

Қол­дай гөр жасаған!

Ала­шпыз қауымнан –

Қоры­қ­пай­мыз жауыңнан!

 

Біз – Қали Арыстан,

Дол­дан­са қоймайтын.

Алға ұмтыл, ер Алаш

Елің бар қорғайтын!

Әли­хан, Әлихан –

Ала­штың серкесі,

Ел қамын ойлайтын!

Қай­ыр­ма­сы:

Алаш сар­ба­з­да­рын Бірін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан қай­тқан, «өмірі­міз­де бір рет қана при­ся­га қабыл­дай­мыз!» деген офи­цер­лер басқа­рып­ты. 1919 жылы Сер­ке­ш­те­гі соғы­ста бір офи­цер біле­гі­нен қылы­шпен шабы­лып­ты. Ол: «Мына­дай қат­ты соғыс немістер­мен де болған жоқ», – деп­ті жара­ла­нып жатып. Сол соғы­ста қызыл­дар­дан шегініп келе жатқан­да, Омар­дың аты­на оқ тиіп құлай­ды. «Омар қал­ды, Омар қал­ды!» деген дауы­сты естісі­мен, Саға­ди кері бұры­лып, қуып келе жатқан жауға қар­сы шауып барып, бір-еке­уі­мен қылы­ш­та­сып, бетін қай­та­ра­ды да, Омар­ды мің­ге­стіріп алып қашып келеді. Осы­лай­ша Омар мен Саға­ди өмір бойы ара­сы­нан қыл өтпе­стей дос болыпты.

Ата­ман арми­я­сы­ның негіз­гі құра­мы осы маңын­дағы гор­ни­зон­дар­дан тар­ты­лған кадр­лар мен әске­ри каз­ак­тар, пере­се­лен­дер­ден шақы­ры­лған мұжы­қтар және әу баста Отын­шы Әлжа­но­втың бас­шы­лы­ғын­да соғы­сқан Алаш пол­кі еді. Кей­ін­нен орыс мұжы­қта­ры тұта­стай қызыл­дарға беріліп кете­ді. Алаш пол­кі ата­ман арми­я­сы­ның негіз­гі тіре­гіне айналады.

Бірақ 1920 жылы көк­тем­де қызыл­дар бүт­кіл елде жеңіс­ке жете бастаған кез­де, Алаш сар­ба­з­да­ры қылыш, мыл­ты­ғы­мен Леп­сі, Аякөз, Үржар, т.б. бағыт­тарға топ-тобы­мен еліне қай­та­ры­ла­ды. Соны­мен Қаза­қстан­да аза­мат соғы­сы аяқталады.

Алаш пол­кінің ықпал­ды тұлға­ла­ры­ның бірі – Нұғы­ман Тарақты болған. Тегіне ру атын алып­ты. Оқы­ған жігіт екен. 1890 жыл­да­ры ағай­ын ара­сын­дағы кикіл­жің­нен 20 үй тарақты Абы­ра­лы-Жала­у­лы­дан көшіп келіп, Тарға­ба­тай­ға қоны­ста­на­ды. Нұғы­ман Отын­шы Әлжа­но­втың сері­гі, оққаға­ры, кон­войы бола­ды. Отын­шы қаза тапқан­нан кей­ін, ата­ман Аннен­ко­втың оққаға­ры және кон­войы болады.

1920 жылы соғыс аяқталған соң, Нұғы­ман сенім­ді адам­да­ры­на: «Мені боль­ше­вик­тер көк­ке шық­сам аяғым­нан, жер­ге кір­сем шашым­нан тар­тып, тауып ала­ды. Мен адам тап­пас жер­ге кете­мін», – деп, мәң­гілік­ке жоға­ла­ды. Ол не Қытай жеріне, не қал­мақ ішіне сіңіп кетеді.

Алаш пол­кінің келесі бір таны­мал тұлға­сы – Тұр­сын Мұста­фаұ­лы Жарқын­ба­ев 1894 жыл­да­ры туған, руы – Керей (Нұра­лы). Бұры­нғы Шұбар­тау ауда­ны­ның «Көк­тал» сов­хо­зын­да Тұр­сын­ның ата­сы­ның атын­да «Жарқын­бай қыста­уы» деген мекен әлі бар. Тұр­сын 2–3 ағай­ын­ды жігіт­тің отба­сын­да ұлдан жалғыз бола­ды. Тұр­сын­ның шеше­лері адуын­ды, пысық адам­дар болып­ты. Тұр­сын­ның алғыр­лы­ғын, зеректі­гін біл­ген шеше­лері оның 7–8 жасын­да Шұбар­та­удан Көк­тұ­ма­дағы наға­шы еліне (Бақты­ға) оны оқы­ту үшін көшіп келеді. Жылы­на 2 сиыр төлеп, «ста­ро­сла­вян» қар­пін­де­гі гим­на­зи­яда оқы­та­ды. Тұр­сын орыс­ша сөй­леп, орыс­ша жазған­да, оры­стың небір сау­ат­ты­ла­ры басын шай­қап, риза болып, таң­да­на­ды екен. Ал төте жазу­ды, құран қаріп­терін өз еркі­мен үйреніп, кей­ін Семей­де мұғалім­дер дай­ын­дай­тын семи­на­ри­яда оқып­ты. Тұр­сын О. Әлжа­но­втың тұсын­да Алаш пол­кінің қой­ма мең­ге­ру­шісі болып, ата­ман Аннен­ко­втың тұсын­да – шта­б­та писарь бола­ды. Бүкіл шта­б­тың мәлі­мет­тері, кіріс-шығыс, соғыс жос­па­ры, т.б. іс қағаз­да­ры Тұр­сын­ның қолы­нан өтеді.

Тұр­сын Жарқын­ба­ев соғы­стан оралған соң, кеңес өкі­меті тұсын­да Көк­тұ­ма­да 1922–1926 жыл­да­ры аудан­дық ком­со­мол коми­тетінің 1‑хатшысы, 1926–1929 жыл­дар ара­лы­ғын­да аудан­дық сот (судья) бола­ды. Ол кез­де пар­тия, ком­со­мол, сот, року­ра­ту­ра – бәрі аудан­дық атқа­ру коми­тетіне қарай­ды да, атқа­ру коми­теті ескі тәр­тіп­пен шека­ра­лық әске­ри гор­ни­зонға тіке­лей бағы­на­ды екен. Аудан­дық атқа­ру коми­тетінің төраға­сы – Тұр­сын Қозы­ба­ев (1896–1964) болған, руы – тоғас. Аудан­да сол кез­де жоға­ры сау­ат­ты осы екі Тұр­сын ғана болыпты.

1928 жылы күз­де Нұғы­ман Тарақты мен Тұр­сын Жарқын­ба­евқа қуғын-сүр­гін баста­ла­ды. Нұғы­ман табыл­май­ды. Ал Тұр­сын өзі­мен бір­ге Жеті­су май­да­нын­да болған 30-дай жігіт­пен Қытай­ға өтіп кетеді.

Тұр­сын Жарқын­ба­ев­ты 1950 жыл­дар­дың басын­да Қытай өкі­меті Кеңе­стер Одағы­ның сұра­уы­мен қабы­рғаға тіреп қой­ып, халы­қтың алдын­да ата­ды. Тұр­сын­ның 4–5 қызы, жалғыз ұлы болып­ты. Тұр­сы­нға әскер­лер мыл­тық кезен­ген­де, топ­тың ара­сы­нан 15–16 жасар ұлы «әкем­ді атпаң­дар!» – деп, оққа қар­сы жүгіреді. Сон­да бала­ны біреу ұстап қала­ды. Сол бала 1960 жыл­да­ры Аякөз маңын­да поездің асты­на түсіп, қаза болыпты.

Тұр­сын­ның қару­лас сар­ба­з­да­ры: «Тұр­сын кезін­де Қаза­қстан­дағы төрт­тің бірі еді» – деп баға­лаған екен. Бел­гілі жазу­шы Қаб­деш Жұма­ді­ло­втің «Соңғы көш» рома­нын­дағы Тұр­сын Жаңа­ба­ев болып жүр­ген кей­іп­кер – осы Тұр­сын Жарқын­ба­ев екен.

Сол сияқты Алаш пол­кін­де Омар Қашаға­нов, Бай­золла Кепі­шев, Бай­қу­ан Түсі­п­ба­ев, Саға­ди Дала­ба­ев, Ыды­рыш Слам­ба­ев, Қасен­бай Жала­у­ы­ров, Деме­жан Тастым­ба­ев, Жел­ді­бай Кісі­мі­сов сияқты бүгін­дері ұмыт болған ұлт­шыл аза­мат­тар бол­ды. Ала­штың бұл сар­ба­з­да­ры 1970–1980 жыл­дар ара­лы­ғын­да өмір­ден өтті. Омар Қашаға­нов Алаш пол­кін­де капи­тан болып­ты. Кей­ін­нен артель­ге жетек­шілік етіп, кол­хоз­да өте ықпа­лы адам болған. Ол тура­лы: «Ақтың офи­цері болып­ты, фор­ма­сы­мен түс­кен суреті бар екен» деген ел ішін­де лақап­тар көп айты­ла­тын. Бірақ ол кез­де оның Алаш сар­ба­зы болға­нын ешкім біл­ме­уші еді. Ұлты үшін ұлы соғы­сқа түс­кен қай­ран арыс осы­лай­ша ата­у­сыз қалды.

Бай­қу­ан Түсі­п­ба­ев кей­ін­нен жар­ты Қаза­қстанға таны­мал сыны­қ­шы-емші бол­ды. Кеңес өкі­меті дүр­кіреп тұрған шағын­да бұл кісі­ге тый­ым сал­май, ем жаса­уы­на еркін­дік бер­ді. Қалған сар­ба­з­дар кей­ін­нен қара­пай­ым еңбек адам­да­ры болды.

Есір­ке­нов Иманәлі деген сар­ба­з­дың бала­ла­ры әкесінің Жар­бұлақ ауы­лы­нан Қален мер­ген­мен бір­ге шақы­ры­лып, Алаш пол­кін­де соғы­сқа­нын әңгі­ме­леп бер­гені бар. Ерте­ректе Көк­те­рек-Ойран­нан көшіп кет­кен Жанқа­был­дың Рақы­мы, Қарақол ауы­лы­ның тұрғы­ны Қана­пия Жұмақ­ба­ев (ел «Қызыл­ба­ла» дей­тін) Алаш пол­кін­де болға­нын қару­ла­ста­ры айтып еді.

Бұл бір өңір­ден ғана шақы­ры­лған Алаш сар­ба­з­да­ры­ның қысқа­ша ғана тарихы. Тар­баға­тай­дың күн­гей­ін­де­гі 12 болы­ста мұн­дай жүз­де­ген өңір бол­ды. Ала­шқа әскер жина­уға, оны жаб­ды­қта­уға қат­ты көмек­тес­кен болы­стар­дың талай­ы­на сыр­ты­нан 1920 жылы Омбы­да өлім жаза­сы шыға­ры­лып­ты. Тіп­ті сыр­тқа қашып кет­кен болы­старға дей­ін соңы­нан қуып барып, кеңе­стік сот­тың үкі­мін орындатыпты.

1970 жыл­да­ры Сер­кеш (Чер­касск) қорға­ны­сын­дағы мұра­жай­ға сая­хатқа барған­дарға оның сол соғы­сқа қаты­сқан күзет­шісі: «Мы здесь обо­ро­ня­лись, отту­да нам крас­ные ата­ка­ва­ли», – деп­ті. Сөйт­се ол да ата­ман Аннен­ко­втың арми­я­сын­да болып­ты деген әзіл тараған.

Бірақ бұл мақа­ла­да айты­лған көп­те­ген жағ­дай­лар – ел аузы­нан жет­кен жарым-жар­ты ғана ақпар. Енді Алаш пол­кінің 100 жыл­ды­ғы­на орай осы тарих­ты шынайы зерт­теп, зер­де­леп, жеке кітап шыға­ра­тын уақыт жет­кен сияқты. Бұл орай­да бүгін­гі қаза­қстан­дық әскер­де­гі сар­ба­з­дарға пат­ри­от­тық тәр­бие беру­ге бір­ден-бір мүд­делі меке­ме – ҚР Қорға­ныс мини­стр­лі­гі үлкен іске баста­ма­шыл болға­ны лай­ық еді.

Аны­ғын­да, Алаш пол­кі шынайы әске­ри күш болға­нын мына деректен білу­ге бола­ды: «…1918 жыл­дың тамы­зы­ның 12-де Ала­шор­да әске­ри бөлі­мінің басты­ғы под­пол­ков­ник Хамит Тоқта­мы­шев (Көк­пек­ті маңын­да қызыл­дар­мен кес­кілес­кен соғы­ста ерлік­пен қаза бола­ды) Уақыт­ша Сібір үкі­меті соғыс мини­стрінің аты­на: Семей­де 750 жауын­гер мен 38 офи­цері бар Алаш пол­кінің құры­лға­нын, Зай­сан­да – 200 адам­нан, Пав­ло­дар­да – 150, Қарқа­ра­лы­да – 250 және Өске­мен­де – 250 адам­нан тұра­тын әске­ри құра­ма­лар жасақта­лып, Қаза­қстан­ның әртүр­лі аймақта­рын­да қызыл­дарға қар­сы тіке­лей кіріс­кен­ді­гі тура­лы баян­дал­ды. Ала­шор­да үкі­метінің бас­шы­сы Ә. Бөкей­ха­нов Кол­чак үкі­метінің ресми деле­га­ци­я­сы­мен жүр­гізіл­ген келіс­сөзін­де Қызыл Арми­яға қар­сы Алаш қару­лы күш­тері іс жүзін­де 700 жігіт Жеті­су май­да­нын­да, 540 адам – Тро­ицк түбін­де, 2000 адам – Орал облы­сын­да соғыс әре­кет­теріне қаты­су­да». (К.Нұрпейісов, М.Қойкелдиев. «Алаш һам Ала­шор­да», «Алаш қозға­лы­сы». Алматы,1995 ж.).

Осы деректің өзі­нен Алаш қозға­лы­сы Қызыл өкі­мет­ке қар­сы қару­лы соғыс жүр­гіз­генін көру­ге бола­ды. Енде­ше ел тәу­ел­сізді­гі жолын­да құр­бан болған қазақ сар­ба­з­да­ры­ның осы тарихын бүгін­гі ұрпақ неге білмеске?

Рама­зан НҮСІПОВ,

Үржар ауда­ны (ШҚО)

 

 

Дерек пен дәйек

ҰЛТТЫҚ ӘСКЕР

Кеңес өкі­метіне

КЕРЕК БОЛМАДЫ

Алаш қозға­лы­сы­ның көр­нек­ті бас­шы­ла­ры­ның бірі Мір­жақып Дула­тов сол кез­де «Қазақ» газетіне «Қайт­сек жұрт бола­мыз?» деген мақа­ла жазып, «Жау­ап біреу-ақ, әскері­міз бол­са ғана жұрт бола­мыз»– деп өзі жолын көр­се­те­ді. Ала­штың көр­нек­ті қай­рат­кер­лерінің бірі Жақып Ақба­ев «Әскер құра­мы 26,5 мың адам болуы қажет» деген ұсы­ныс жасай­ды. Алаш әскерінің атқа­ра­тын басты мін­деті: ақтар мен қызыл­дар­дың ара­сын­дағы соғы­сқа бару емес, елінің тыны­шты­ғын сақтау, сырт­тан кел­ген жауға қар­сы тұрып, еліне қорған болу, делін­ген. Әскер­дің түрі – атты һәм тұрақты әскер прин­ци­пі­мен құры­ла­ды. Пат­ша­лық Ресей қару­лы күш­терінің құры­лы­мы үлгі ретін­де алынады.

Ұлт­тық әскер құру­да ақ гвар­ди­я­шыл­дар­дан көмек алу ұйға­ры­лып, ақг­вар­ди­я­шы­лар мен казак офи­цер­лері Алаш әскерін құруға нұсқа­у­шы ретін­де тар­тыл­ды. Оларға жылы­на 810 мың сом жалақы тағай­ын­да­ла­ды. 100 мили­ци­о­нер­ге (жауын­гер­ге) бір офи­цер, елу мили­ци­о­нер­ге бір нұсқа­у­шы бекітіледі. 30–35 жастағы қазақ аза­мат­та­ры ерік­ті түр­де әскер­ге алы­на­тын бола­ды. Сар­ба­з­дарға Алаш үкі­меті қазы­на­сы­нан жалақы төле­неді. Оның мөл­шері жер­гілік­ті жер­дің қар­жы мүм­кін­ді­гіне бай­ла­ны­сты шешіл­ді. Мыса­лы, Қоста­най уезін­де 650 сом бол­са, Ойыл­да 50 сом бол­ды. Әр жауын­гер өзіне қару-жарақ, ер-тұр­ман, жүген, киім сатып алуға тиісті делініп, ол қар­жы­ны жер­гілік­ті Ала­шор­да үкі­метінің орган­да­ры бөл­ді. Әске­ри қыз­мет мерзі­мі 1–1,5 жыл болып белгіленді.

Бірқа­тар уез­дер­де 19–25 жастағы қазақ жігіт­терін әскер­ге моби­ли­за­ци­я­лау жүр­гізіліп, дені сау, дәрі­гер­лік тек­се­ру­ден өткен аза­мат­тар алын­ды. Әр 25 үйден (кей­бір жер­лер­де 50 үйден) бір аза­мат әскер­ге тар­ты­лып, жалғыз ер аза­ма­ты бар үйлер басқа асы­ра­у­шы­сы бол­ма­са, әскер­ге алын­бай­тын болды.

Әскер құру ісін және оған бас­шы­лық жаса­уды 3 адам­нан тұра­тын Ала­шор­да­ның Әске­ри Кеңесі басқар­ды. Әске­ри Кеңес­ке боль­ше­вик­тер­ге қар­сы күре­су үшін әскер­ге жігіт­тер шақы­ру мін­деті жүк­тел­ді. Қазақ жігіт­тері­нен офи­цер­лер дай­ын­дау үшін Орын­бор қала­сын­дағы юнкер­лер учи­ли­ще­сінің мүм­кін­ді­гі пай­да­ла­ныл­ды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмо­ла, Семей, Жеті­су облы­ста­рын­да мили­ци­о­нер­лер саны 13,5 мың, яғни Бөкей­де – 1000, Орал­да – 2000, Торғай­да – 3000, Ақмо­ла­да – 4000, Семей­де – 1500 және Жеті­су­да 2000 адам бол­сын деп белгіленді.

Зерт­те­уші М.Әбсәметовтың пікірін­ше, Алаш әскерінің фор­ма­сы болған. Жаға­сы­на жүні өсіңкі емес тері жүр­гізіп, пішінін мұсыл­ман шәкірт­терінің кам­зо­лы­на ұқса­тып тік­кен. Бірақ бұл фор­ма бар­лық Алаш әскер­лерін­де бол­маған сияқты. Мыса­лы, Батыс Ала­шор­да әскер­лері бешпент, түйе шек­пен, қызыл бөрік, қысқа тон киген. Ұлт­тық әскер­дің тұңғыш негізін салушы Алаш әскерінің туы ақ түсті, орта­сын­да киіз үйдің суреті және «Жаса­сын, Отан­ның адал Ұлда­ры!» деген жазу болған.

Семей­де 1918 жыл­дың қаңтар және мамыр айла­рын­да бірін­ші Алаш атты әскер пол­кі жасақта­ла­ды. Оны ұйым­да­сты­ру мен жаб­ды­қта­уда Ә.Бөкейханов, капи­тан Хамит Тоқта­мы­шев, Семей уездік зем­ст­во­сы­ның төраға­сы А.Қозыбағарұлы, М.Тынышпаев, Р.Мәрсеков көп еңбек сіңір­ген. Семей өңірінің қал­та­лы аза­мат­та­ры да көмек қолын ұсыныпты.

Алаш әскеріне қажет­ті әске­ри киім даяр­ла­уда Ала­шор­да қай­рат­кер­лері ынты­зар­лық таны­тқан. Мәсе­лен, М.Тынышпаевтың зай­ы­бы Гүл­баһрам Тыны­шпа­е­ва­ның баста­ма­сы­мен әйел­дер әскер­ге киім тігу мақ­са­тын­да арнайы «әйел­дер қоға­мын» құрған.

Зерт­те­уші Е.Сайлаубайдың деректеріне қараған­да, әскер негізі­нен Семей және Қарқа­ра­лы уез­дерінің жігіт­тері­нен жасақталған. Жақ­сы қару­ланған Семей­де­гі 1‑ші Алаш дала­лық атты әскер пол­кінің құра­мын­да 700 адам болған, оның 35‑і орыс офи­цер-нұсқа­у­шы­ла­ры бол­ды. Полк коман­ди­рі болып қазақ капи­та­ны Хамит Тоқта­мы­шев бекітіледі.

Бұл полк 1918 жыл­дың жазы­нан бастап Алтай губер­ни­я­сы­ның Руб­цовск өңірін­де және Жеті­су жерін­де боль­ше­вик­тер­ге қар­сы ұрыс жүр­гі­зеді. Алаш пол­кінің Бал­та­бай Бей­се­бе­ков, Ахметқа­лы Орман­ба­ев деген жауын­гер­лері қызыл­дар­мен соғы­ста асқан ерлік көр­се­те­ді. Мыса­лы, Сарқант өңірі Анто­нов­ка село­сын­да қор­ша­уда қалған Алаш пол­кінің 98 жауын­гері 4–5 күн бойы күші басым қызыл әскер­дің шабуы­лы­на той­та­рыс беріп, көмек келіп жет­кен­ше беріл­мей соғысқан.

Алтай өлкесін­де болған соғыс тура­лы Семей­де шыға­тын «Сары­арқа» газеті былай жазған: «Алтай губер­ни­я­сын­да ұрыс жүр­гіз­ген Алаш отря­дын­да Тұрағұл Аба­ев (Абай Құнан­ба­ев­тың бала­сы) Биа­х­мет Сар­ма­нов, Қара­жан Үкі­ба­ев, Тоқтар Бег­ме­тов, Ғаф­дол­да Қас­ке­ев, т.б. ерлік­пен шай­қа­сты. Ажал­дан қай­мы­қ­пай «Алаш» деп ұран­дап, ұры­сқа кір­ді. Бір шай­қа­ста қар­сы жақтың 3 жауын­герін өлтіріп, сегіз ат, 100 сом ақша­сын олжа­лап, 11 ада­мын тұтқы­нға алып, көп­те­ген қару-жарақты қол­да­ры­на түсірген».

Қызыл­дар күшей­іп, Кеңес билі­гі үстем­дік құра бастаған­да, Ала­шор­да әскері еріксіз Кеңе­стер жағы­на шығуға мәж­бүр бола­ды. Өйт­кені жақ­сы қару­ланған мил­ли­он­даған жауын­гері бар Қызыл Арми­яға қар­сы төтеп бере алмай­ты­ны айқын еді. Алаш халқы­на қорған бола­тын әскер­ді сақтап қалу­дың басқа жолы да жоқ еді.

Қол­да­ры­на билік толық тиген соң, аз ұлт­тар­дың өз әске­ри құра­ма­ла­ры­ның болуын қала­маған боль­ше­вик­тер біздің ұлт­тық әскері­мізді түгін қал­дыр­май тара­тып жібе­реді. Оның тарихын зерт­те­у­ге Кеңес өкі­меті тый­ым сала­ды. Сон­ды­қтан өткен ғасыр басын­да ұлт тағ­ды­ры шешілер тұста ел-жұр­ты­на қорған болуға тыры­сқан Алаш әскерінің жауын­гер­лік істері тура­лы жари­я­ланған деректер өте аз. Бұл – бола­шақ зерт­те­ушілерін күт­кен мәсе­ленің бірі.

Сей­ітқа­ли ДҮЙСЕНОВ,

тарих­шы, namys.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн