Понедельник , 7 июля 2025

Қазақ хандығының тарихын САНДЫРАҚТАН ТАЗАЛАЙЫҚ

Оғаш ой

 

Қазақ ханды­ғы­ның құры­лға­ны­на 550 жыл ғана бол­ды деген сөз, менің­ше, таза сан­ды­рақ! Сон­да қалай, одан бұрын қазақ қой сияқты дала­да жай­ы­лып жүріп пе екен? Тіп­ті басқа­сын айт­паған­да, Шыңғыс хан өз нөкер­леріне топы­рақ­пен көм­діріп, жер­мен жек­сен еткен Оты­рар қала­сы хандық бол­ма­са, билік, басқа­ру­шы бол­ма­са, өзі­нен-өзі салы­нып, көше­лерін­де хауы­здар атқы­лап, ғылы­ми кіта­п­ха­на өзді­гі­нен пай­да бол­ды ма? Сол Оты­рар­дан қан­ша­ма музы­ка­лық аспап­тар табы­лып, Сары­ба­ев деген музы­кант-ғалым бәріне үн беріп, қазір Қарақат Әбіл­ди­на ойнап жүр­ген жеті­ген саз аспа­бы жер­ден өніп шықты ма?

Бұл, менің­ше, әйте­уір қаза­қта бұрын хандық болған екен, енді біз де билік­ті сол ханды­ққа ауы­сты­рып, кім хан бол­са, соның ұрпағы­на мәң­гілік билік беріп қояй­ық деген жан­дай­шап­тар мен табан жалағы­штар­дың ойлап шығарған әре­кет­тері деп біле­мін! Егер Қазақ ханды­ғы­ның құры­лға­ны­на небәрі 550 жыл ғана бол­са, оған дей­ін хан болған тұлға­лар­ды қай­те­міз – олар­дың атақ-лау­а­зы­мын өзгер­тіп жаза­мыз ба?

Оған дей­ін ханы бол­ма­са, бас­шы­сы бол­ма­са, біздің жері­мізді орта ғасы­рға жет­кіз­бей-ақ басқа­лар басып алар еді ғой. Ондай­да бүгін­гі қазақ деген халық болу­шы ма еді? Қазақ ханда­ры­ның елді бірік­тір­ген еңбе­гі мен ерлі­гі арқа­сын­да ата-баба­мыз елді­гін, жер­лі­гін сақтап қалды.

Тарих­ты бұр­ма­лап айту­дың да жөні бар: жас ұрпақта­ры­мыз қай­дан біледі – шыны солай екен дей­ді ғой. Осын­дай біл­гіш­сы­мақтар қаза­қтың тарихын жаза­тын бол­са, жетіс­кен екенбіз!

Қай­ре­ден ЖҰМАШЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн