Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН МӘҢГҮРТТЕНДІРУ – биліктің білместігі ме, әлде бағдарлы саясат па?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Пай­ым патшалығы


(Соңы. Басы газет­тің өткен санында)

 

Қатар­дағы оқыр­ман­дар­дың кей­бір өкіл­дері бізді «қара түнек­ті шек­тен тыс төн­діріп отыр» деп кіна­ла­уы да мүм­кін. Бірақ біз сөз етіп оты­рған мәсе­ле­лер­дің дені ашық дереккөз­дер­де сөз болып жүр­ген жәйт­тер. Мәсе­лен, халы­қтың руха­ни дүни­есін қалып­та­сты­ру­да шешу­ші рөл атқа­ра­тын екі мини­стр­лік­тің (мәде­ни­ет және білім сала­сы­на қаты­сты) бұған дей­ін­гі жұмысын сара­лай кел­ген­де, оның нәти­же­сі ұлт бола­шағын көк­те­ту­ден гөрі, көк­тей сол­ды­руға жаса­лып жатқан қадам­дар сияқты көрінеді.

Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын біздің билік «қаза­қстан­дық ұлт» жаса­мақ болып, біраз жұмыстан­ды, қоғам­ды у‑шу етті. «Апыр-ау, осы мәсе­лені күн тәр­тібіне қояр­лы­қтай қан­дай ғана қажет­тілік туын­да­ды екен?» деген сұрақ талай­лар­ды кәдім­гі­дей ойлан­ды­рып тастаға­ны есі­міз­де. 300 жыл­дан астам ресей­лік-кеңе­стік импе­ри­я­ның идео­ло­ги­я­лық езгісін­де болып, енді ғана еркін ел ретін­де көзін ашқан қазақ халқын «қаза­қстан­дық ұлт» ету сон­да кім­ге неме­се кім­дер­ге керек болды?

Негізін­де, «қаза­қстан­дық ұлт» иде­я­сы – қазақ ұлтын құр­ту мақ­са­тын­да жасалға­ны бүгін­де ашық айты­лып жүр. Ол мақ­сат­ты жүзе­ге асы­ру­дың ең тиім­ді жолы – кор­руп­ци­я­лық қаты­на­стар­мен мата­лып қалған өз билі­гі­міздің пәр­мені­мен елі­міз­де­гі білім мен ғылым­ның өрісін тары­л­ту, мәде­ни­ет пен әде­би­ет­тің табиғи даму қарқы­нын шек­теу, ұлт­ты өзінің ұлт­тық табиға­ты­нан бір­те-бір­те қашы­қта­ту, осы­лай­ша оның бір­жо­ла­та жой­ы­лып кетуіне қол жет­кі­зу бола­тын­ды­ғы түсінікті.

Ал бұл мақ­сатқа қол жет­кі­зудің ең ұтым­ды, ең кешен­ді алғы шар­ты ұлт­ты өз ата­уы­нан айы­ру бола­тын­ды­ғы дау­сыз ғой. «Заттың ата­уын ұғы­нған адам оның өзін де ұғы­на­ды», деген екен Пла­тон. Қаза­қстан­ды мекен­де­ген халы­қты «қаза­қстан­дық ұлт» деп ата­уға қол жет­кіз­сек, солар­дың іші­нен қаза­қтар­ды іздеу қажет­сіз болып қал­май ма?! Енде­ше неге қазақ ұлты­нан қаза­қстан­дық ұлт жаса­масқа?! Міне, мақ­сат осы болды.

Мұн­дай адам айтқы­сыз иде­я­ның кенет­тен туын­да­уы­на жары­тым­ды себеп таба алмай аңта­ры­лып қалған халы­қты алдарқа­ту мақ­са­тын­да билік­тің ойлап тапқан сыл­та­уы да қызық-ақ бол­ды: Жер шарын­да ерекше дамы­ған, өзге елдер­ге үлгі болар­лы­қтай бір­ден-бір ел болып табы­ла­тын, алу­ан түр­лі ұлт­тар мен ұлы­стар­дың тұтас бір­ле­сті­гі­нен құралған Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры­ның тұрғын­да­ры «аме­ри­кан­дық ұлт» деп ата­ла­тын­ды­ғы тіл­ге тиек етіл­ді. Иде­я­ны ойлап табу­шы­лар­дың ішкі логи­ка­сы «Қаза­қстан­да да талай-талай ұлт пен ұлы­стар­дың болуы оның АҚШ-қа іштей ұқса­сты­ғын көр­се­те­ді, олай бол­са Қаза­қстан халқын да «қаза­қстан­дық ұлт» етіп жібе­рудің ешбір сөкет­ті­гі жоқ» деген пай­ы­мға құры­лған бол­са керек.

«Көпұлт­ты­лық» тұрғы­сы­нан екі ел ара­сын­да ұқса­стық бар екен­ді­гі рас, алай­да бұл елдер­дің көпұлт­ты болу тарихы екі түр­лі ғой. АҚШ мем­ле­кетінің негізін сол Аме­ри­ка кон­ти­нен­тіне әртүр­лі елдер­ден (ұлт­тар­дан) «жер­де­гі жұмақты іздеп барған» келім­сек­тер қоға­мы құраға­ны, алай­да бұл мем­ле­кет сол кон­ти­нент­тің жер­гілік­ті тұрғын­да­рын – әйгілі Мая мен Инк мәде­ни­ет­терінің негізін қалаған үндістер­ді – қырып-жою мен резер­ва­ци­яға тоғы­ту нәти­же­сін­де құры­лға­ны бар­шаға аян. Тұрғы­лы­қты халы­қты осы­лай­ша құры­тып тынған келім­сек­тер­ден – мидай ара­ла­сып кет­кен ағы­л­шын, пор­ту­гал, гол­ланд, неміс, фран­цуз, т.с.с. сан алу­ан ұлт өкіл­дері­нен – құралған «ұлт» «аме­ри­кан­дық ұлт» бол­маған­да қайтеді?!

Қаза­қстан да, өкініш­ке орай, келім­сек­тер­ден кен­де емес. Бірақ оның АҚШ-тан басты айыр­ма­шы­лы­ғы – әзір­ге жер­гілік­ті халы­қтың – қаза­қтар­дың – түгел құрып кет­пе­гені, әзір­ге толы­ққан­ды резер­ва­ци­яға да ұшы­рай қоймағаны!

ХХІ ғасыр­да бүкіл халы­қты түгел­дей физи­ка­лық тұрғы­дан жой­ып жібе­ру мүм­кін бол­мас деп үміт­те­не­міз (бірақ кім біледі, 1931–32 және 1937–53 жыл­дар­дағы зоба­лаң­дар еске түс­кен­де, кей­бір ойы оғаш бас­шы­лар мен жымысқы сая­сат­тан бәрін де күту­ге бола­тын сияқты). Алай­да бүгін­гі таң­да ұлты­мы­зды жою­дың аса айла­лы да жымысқы әдіс-тәсіл­дері бел­гі­леніп қой­ы­луы, сол әдіс-тәсіл­дер аясын­да жос­пар­лы да пәр­мен­ді жұмыстар да жүр­гізіліп жатуы, қазақ ұлты­нан «қаза­қстан­дық ұлт» жасау иде­я­сы да сон­дай зыми­ян әдіс-тәсіл­дер­дің бірі болуы әбден мүм­кін ғой.

Құдай сақтап, «қаза­қстан­дық ұлт» қалып­та­сты­ру иде­я­сы­на халқы­мы­здың көр­сет­кен жап­пай қар­сы­лы­ғы­ның арқа­сын­да сөз болып оты­рған мәсе­ле сол жолы күн тәр­тібі­нен алы­нып тасталған сияқты болып еді.

Енді, міне, нақ сол идея басқа­ша маз­мұн аясын­да – қазақ ұлтын «үштіл­ді­лен­ді­ру» мен қазақ жерін шетел­дік­тер­ге сату мен ұзақ мерзім­ге жалға беру иде­я­ла­ры арқы­лы – қай­та­дан жан­да­нып отыр. Бұл иде­я­лар­ды сәт­ті түр­де жүзе­ге асы­ра алған жағ­дай­да қаза­қты физи­ка­лық тұрғы­дан құры­ту­дың да, олар­ды рес­пуб­ли­ка ауқы­мын­да көп­теп сана­ла­тын шөл және шөлейт аймақтарға резер­ва­ци­яға айда­удың да қажеті бол­май қала­ды. Жәй ғана – рес­пуб­ли­ка­ны мекен­дей­тін он мил­ли­он­дай-ақ қаза­қты тілі мен ділі­нен айы­рып, саты­лған яки ширек ғасы­рға жалға беріл­ген шетел­дік­тер­мен (бірін­ші кезек­те қытай­лы­қтар­мен және оры­стар­мен) «тоғы­тып жібе­ру» толы­ғы­мен жет­кілік­ті! Бұл жағ­дай­да ондаған жыл­дар­дан кей­ін Қаза­қстан­да толы­ққан­ды қаза­қтың өзі түгелі, оның «сай­да – саны, құм­да – ізі қал­май­тын­ды­ғы» түсінікті.

 

Үкі­мет­тің ширек ғасыр бой­ы­на «мем­ле­кет­тік тіл» мен «халы­қа­ра­лық қаты­на­стар тілін» үне­мі тай­та­ла­сты­рып қоюы­ның арғы төр­кінін­де де ұлт­ты бір­те-бір­те ұлт­сыздан­ды­ру шара­ла­ры­на дай­ын­дық иде­я­сы жатуы әбден мүм­кін. Десек те, бұл жер­де, сөз­сіз, ада­ми фак­тор да маңы­зды рөл атқа­ра­ды, яғни билік басын­да оты­рған талай-талай шене­унік­тер кеше­гі Кеңес зама­ны­ның туын­ды­ла­ры, сон­ды­қтан олар мем­ле­кет­тік тіл­ді «қақ­пай­ды». Бұл мәң­гүрт­тер мем­ле­кет­тік тіл жап­пай бел алып кет­кен жағ­дай­да өздерінің орын­тақ­сыз қала­тын­ды­ғын, сөй­тіп сол орын­тақты иеле­ну нәти­же­сін­де кор­руп­ци­я­лық әре­кет­тер көме­гі­мен қар­пып оты­рған мол бай­лы­ғы­нан айы­ры­лып қала­тын­ды­ғын жақ­сы түсінеді.

Алай­да билік­тің қазақ тілін орыс тіліне «жығып беру» себебі тек осы­мен ғана шек­тел­мей, бұл мәсе­ле қаза­қтың тілін ғана емес, қазақ ұлтын­дағы бүкіл қаза­қи бол­мысын да бір­те-бір­те құр­тып тынуға бағыт­талған бағ­дар­лы сая­сат емес екен­ді­гіне кім кепіл?! Осы маз­мұн­дағы күмән қазір­гі таң­да одан сай­ын ушы­ғып тұр, себебі билік­тің енді «қостіл­ділік­ті» қоя қой­ып, «үштіл­ділік­ті» мем­ле­кет­тік сая­сат дәре­же­сіне көте­руін басқа­ша түсі­ну оңай­ға соқ­пай­ды. Рас, үкі­мет бұл сая­са­тын да халы­қтың қамын ойлаған­ды­қтың көрінісі деп түсін­діру­ге тыры­су­да, яғни дүние жүзін­де­гі бір­ден-бір қол­да­ныс тілі болып табы­ла­тын ағы­л­шын тілін таза мең­гер­ген «про­дви­ну­тый» қазақ халқы алда келе жатқан жаһан­да­нуға еш қиын­ды­қ­сыз-ақ ең алға­шқы­лар­дың бірі болып «кіріп бара­тын­ды­ғы­на» сен­діріп бағуда.

Десек те, жетелі түр­де ойлау қабілетін жоғалт­паған кез кел­ген адам сәби­ге үш тіл­ді бір­дей бала­лар бақ­ша­сы­нан бастап үйре­ту деген­ді – әлгі сәбиді ұлт­тық бол­мыстан жұр­дай, нағыз дүбә­ра-кос­мо­по­лит қылып шыға­ру­дың ең тиім­ді жолы екен­ді­гін қапы­сыз түсі­неді. Бұл орай­да кім – нені арман­дап, кім – нені жос­пар­лаға­ны бел­гісіз, әрине. Әйт­се де, біз­дер ұлт­тың қан­дай жағ­дай­да да өзін­дік ұлт­тық бол­мысын сақтап қалуын адам­зат бала­сы­ның ең басты құн­ды­лы­қта­ры­ның бірі деп түсінеміз.

Жаһан­да­ну дегеніңіз, мүм­кін, жаман да про­цесс бол­мас, ол бүкіл адам­зат ұрпағы­ның ұрыс­сыз-талас­сыз бір бағыт­та ғана жол тар­туы­на жағ­дай жасай­тын ұлт­тар­ды ұйы­сты­ру ама­лы болуы да ықти­мал. Әйт­се де, бүкіл Жер шары халы­қта­ры­ның бір тіл­де ғана сөй­леп, бір ғана мәде­ни­ет­тің жете­гін­де кетуін про­гре­стік сипаттағы про­цесс деп түсі­ну жаң­сақтық сияқты.

Әлем әртүр­лілі­гі­мен құн­ды. Рояль – жақ­сы-ақ музы­ка­лық аспап, оның алу­ан түр­лі дыбыст­ар шыға­ру мүкін­ді­гі де өте жоға­ры. Алай­да бүкіл музы­ка­лық шығар­ма­лар­ды жалғыз ғана рояль­дың көме­гі­мен тың­дай бер­сеңіз, әп-сәт­те-ақ жалы­ғып кетеріңіз кәдік. Ал сол шығар­ма­лар­ды алу­ан түр­лі аспап­тар қаты­сқан оркестр­дің орын­да­уын­да тың­да­саңыз, алар әсеріңіз де, бөле­нер ләз­за­ты­ңыз да рояль­ды тың­дағанға қараған­да әлдеқай­да тар­тым­ды бола­тын­ды­ғы дау­сыз. Жаһан­да­ну да сол оркестр сияқты болуы тиіс қой.

Біздің ұлты­мыз сол жаһан­да­нуға өзінің ұлт­тық бол­мысын – тілін, ділін, озық дәстүр­лерін, ұлт­тық әде­би­еті мен мәде­ни­етін – сақтаған күй­де енсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Жаһан­да­нуға ұйы­сқан халы­қтар ара­сын­да Құр­манға­зы­ның «Адайы» шер­тіліп, Естай­дың «Қор­ла­ны» шырқа­лып жат­са, олар кім-кім­ді де селт еткі­зері хақ. Қазір­гі қаза­қтар­дың ара­сын­да той­ған жерін өзінің ота­ны санай­тын кос­мо­по­лит­тер көбей­іп жатыр: бірақ нағыз қаза­ққа туған жер­ден, туған елден, туған орта­дан асқан құн­ды­лық жоқ болуы тиіс!

 

Қазақ – табиға­ты­нан зерек халық. Орыс тілін­де талай-талай оры­стар­дан да сау­ат­ты сөй­лей­тіні­міз сон­ды­қтан. Және мұн­дай сау­ат­ты­лық орыс мек­тебі­нен білім алған қаза­қтарға ғана емес, орта мек­теп­ті қаза­қ­ша бітір­ген­дер­ге де мей­ілін­ше тән қаси­ет. Қажет болған жағ­дай­да қазақ ағы­л­шын тілін де еш қиын­ды­қ­сыз иге­ре ала­тын­ды­ғы­на ешбір күмән жоқ. Біз ағы­л­шын тілінің халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі жетек­ші рөлін, сон­ды­қтан да ұлт өкіл­дерінің бұл тіл­ді жетік мең­ге­ру­ге жап­пай құл­шы­ну қажет­тілі­гін де жақ­сы түсінеміз.

Біздің түсін­бей­тіні­міз – үкі­мет­тің «үштіл­ділік­ті» баста­уыш сынып­тан, тіп­ті бала­лар бақ­ша­сы­нан бастап енгі­зе бастау иде­я­сын, сол сияқты ортаңғы және жоғарғы сынып оқу­шы­ла­ры­на жара­ты­лы­ста­ну пән­дерін жедел түр­де ағы­л­шын тілін­де оқы­та бастау қажет­тілі­гін «тық­па­лап оты­рған­ды­ғы». Бұл ұсы­ны­стың (өкініш­ке орай, бұл ұсы­ныс емес, талап болып тұр ғой, себебі оны үкі­мет мүше­сі ресми жар­лық ретін­де мәлім­деп отыр ғой) әдісте­мелік негізі жасақталған ба, ондай әдісте­ме қан­дай ғылы­ми зерт­теу нәти­же­леріне негіз­дел­ген деген маз­мұн­дағы маңы­зды сұрақтарға жау­ап жоқ.

Ал жал­пы­ла­ма ада­ми қисын тұрғы­сы­нан алған­да, оңы мен солын толық танып үлгер­ме­ген сәби­ге үш тіл­ді бір­ден тық­па­лау дегеніңіз – сол сәбидің пси­хи­ка­сы­на кері әсерін тигі­зе оты­рып, оның үш тіл­дің бір­де-біре­уінің ішкі иірім­дерін бүкіл бол­мысы­мен ұғы­нуға дәр­мен­сіз, нағыз дүбә­ра-міскін болып шығуы­на әкеліп соқты­руы мүм­кін. Сәби он екі-он үш жасқа жет­кен­нен кей­ін ғана оған үш тіл емес, он тіл­ді де үйре­те баста­уға бола­тын­ды­ғын жапон ғалым­да­ры дәлел­деп­ті; ал он екі-он үшке дей­ін ол өз тілінің иірім­дері­мен ғана сусын­да­уы тиіс.

Қазақ тегін халық емес, ол «мүшел жас» деген­ді бекер­ден-бекер «ойлап тап­паған». Ал нақ сол он екі-он үш жас – бірін­ші мүшел болып табы­ла­тын­ды­ғы кез кел­ген «нағыз қаза­ққа» бел­гілі жайт.

Бір таң­да­нар­лық жайт – Білім және ғылым мини­стрі мәлім­де­ген «үштід­ділік­ке өту» сая­са­ты, сол сияқты халы­қты дүр сіл­кін­дір­ген «Жер тура­лы кодекстің» жаңа редак­ци­я­сы жұрт­шы­лық тара­пы­нан қызу талқы­ға түсе бастаған сәт­те Мини­стр­лер каби­нетінің тағы бір бел­ді мүше­сі Дариға Назар­ба­е­ва халқы­мы­зға жедел түр­де қытай тілін үйрене баста­уға кеңес бер­ді. Ресми билік өкілінің бұл мәлім­де­месі онсыз да күп­ті көңілі­мізді одан сай­ын ойсыратты.

Орыс тілін бір кісі­дей біле­міз. Енді ағы­л­шын тілі мен қытай тілін де иге­рер бол­сақ, қаза­қтың ширек ғасы­рға жалға беріл­ген шұрай­лы жер­лерін жап­пай мекен­де­ген шетел­дік­тер­мен біздің қазақ та «тере­зесі тең адам­дар­дай-ақ» түсіні­сетін бола­ды ғой! Әй, бірақ ширек ғасыр­дан кей­ін Қаза­қстан­да әрбір ұлт­пен сол ұлт­тың тілін­де сөй­ле­сетін қазақ қалуы­ның өзі де оңай шаруа емес-ау!

Қаза­қстан­дағы қаза­қтар­дың саны Ресей халқы­ның он пай­ы­зын, Қытай халқы­ның бір-ақ пай­ы­зын да құра­май­ды екен. Олай бол­са, ширек ғасыр бойы жері­мізді мекен­деп алған оры­стар мен қытай­ларға (әсіре­се қытай­ларға) қазақ ұлты­ның жап­пай «жұты­лып кетуі» табиғи про­цесс болып шық­пай ма?! Ол кез­де қазір­гі Қаза­қстан­ның баты­сы мен сол­түсті­гін «қара оры­стар» жай­ла­са, шығы­сы мен оңтүстік-шығы­сын «бозғы­л­тым қытай­лар» жай­лай­тын шығар. Аста­на мен Алма­ты­да, мүм­кін, Шым­кент пен Тараз­да азы­рақ мөл­шер­де қаза­қтар қалуы ықти­мал. Айт­пақ­шы, олар да толы­ққан­ды қазақ емес екен ғой: себебі олар түгел­дей дер­лік ағы­л­шын­ша сай­рай­тын бол­май ма?!

 

Орын­бай ТИЕСОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн