Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРІ ШАРИҒАТҚА САЙ МА?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Дің мен дін

ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРІ
ШАРИҒАТҚА САЙ МА?

Кез кел­ген халы­қта салт-дәстүр де, әдет-ғұрып та кез­дей­соқ пай­да бол­май­ды. Ол қоғам­ның өмір сүру нор­ма­ла­рын қалып­та­сты­ру­шы заң­дық жүйе болып табы­ла­ды. Заң­ның адам­зат тарихын­дағы маңы­зы, заң­ның бар­лық халы­қтар­дағы киелілік сипа­ты мен оның киелілік сипа­ты­ның қалып­та­суы­на діни таным­ның ықпа­лы әлі көп жағ­дай­да ескеріл­мей келеді. Заң­ның шығуын­да екі негіз бар: бірін­шісі – Тәңір­дің бұй­ры­ғы; екін­шісі – сол Тәңір бұй­ры­ғы аясын­да пай­да болған заң (шариғат) – киелі дәстүр.

Әле­умет­тік тәр­тіп пен оның киелілік сипа­ты мәде­ни­ет­тің тәңір­лік сипа­ты­мен бай­ла­ны­сты бол­ды. Сон­ды­қтан мәде­ни­ет­тің қалып­та­суы алды­мен дін­мен, діни таным­мен бай­ла­ны­сты. Алай­да діни таным дүни­е­де­гі бар халы­қта бір­дей емес. Олар­дың ара­сын­да сан түр­лі ерекшелік­тер бар. Бұл мәсе­лені тереңірек ұғын­ды­ру үшін, Имам Мату­ри­ди пікір­леріне құлақ түріп көрелік. Ол ғұла­ма мына­дай пікір­лер­ді алға тартады.
Түр­кі халы­қта­ры­на кел­ген дін бір болға­ны­мен, ол дін­ді халы­қтарға жет­кі­зу­ші пай­ғам­бар­лар­дың әртүр­лі болуы, олар­дағы шариғат­тар­дың ерекшелік­тері, халы­қтар­дың өмір сүру жағ­дайы, табиғи ерекшелік­тері діни сенім ара­сын­да түр­лі айыр­ма­шы­лы­қтар­дың тууы­на ықпал еткені шын­дық. Сол себеп­ті халы­қтар Тәңір­ге қаты­сты сан­сыз түсінік­тер мен таным­дар да бол­ды. Олар өздері таны­ған Тәңіріне әртүр­лі ат бер­ді. Осы­лай Тәңір сан­сыз атқа ие бол­ды. Бірақ бұл Жара­ту­шы­ның көп болған­ды­ғын біл­дір­мей­тін еді. Тәңір­дің ата­луы қан­ша көп болға­ны­мен, ол бір ғана Жара­ту­шы еді. Сон­ды­қтан Жара­ту­шы­ға қан­ша­лы­қты ат беріл­гені­мен, ол бір ғана Жара­ту­шы болып қала береді. «Қазір Таухид­ке мой­ы­нұ­сы­нған халы­қтан Алла­дан басқа ешбір жара­ту­шы бар деген көзқа­рас­тың табы­луы мүм­кін емес. Адам бала­сы­ның ақы­лы жет­пей­тін және еріксіз таң­дай қақты­ра­тын мұғ­жи­за­лар жасау қабілетіне ие пай­ғам­бар­лар­ды Алла­дан басқа ешқан­дай жара­ты­лыс жібе­ре алмайды».
Демек, пай­ғам­бар­лар Алла­ның бар­лы­ғын халы­ққа біл­ді­ру үшін, тура жол­ды көр­се­ту үшін жіберіл­ген, Алла­ның өзі таң­даған тұлға­ла­ры және Алла­ның бар­лы­ғы­на, бір­лі­гіне үндей­тін, Алла­ның хик­мет­терін халы­ққа жет­кі­зетін басты тұлға­лар, әрі негіз­гі дәлел болып табы­ла­ды. Имам Мату­ри­ди бұл ойын одан әрі толы­қты­ра түсу үшін тағы мына­дай тұжы­рым­дар жасай­ды: «Алла­ның бір­лі­гін дәлел­дей­тін тағы бір басқа айғақ Һақ пай­ғам­бар­лар­дың түр­лі мұғ­жи­за­лар көр­се­туі бола­тын. Бұл мұғ­жи­за­ларға куә болған­дар оның бір­лі­гін қабыл етпе­у­ге мүм­кін­ді­гі қал­май­тын. Егер сері­гі бар жара­ты­лы­стың әре­кеті бол­са, онда пай­ғам­бар­лар­дың мұғ­жи­за­сы­на ол серік­тер кедер­гі кел­тір­ген болар еді. Сон­дай бір кедер­гі қар­сы­ла­стың табыл­маған­ды­ғы­на қараған­да, пай­ғам­бар­ларға қар­сы тіресіп, қар­сы­лық көр­сет­пе­удің өзі ол пай­ғам­бар­лар­дың Һақ пай­ғам­ба­ры екен­дік­терін біл­діреді және мұғ­жи­за тек Һақ пай­ғам­бар­ла­ры­на ғана тиесілі».
Демек, әр халық үшін өзіне жіберіл­ген пай­ғам­бар­лар арқы­лы қалып­та­сты­ры­лған жолы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лері киелі болып сана­ла­ды. Түр­кілер­де де әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лер ешқа­шан өзді­гі­нен пай­да болған жоқ. Тәңір­дің таң­да­уы­мен жіберіл­ген пай­ғам­бар­дың ықпа­лы­мен түрік жұр­ты­ның әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лері қалып­та­сты. Басқа­ша айтқан­да, түр­кі қоға­мын­дағы бар­лық қоғам­дық қаты­на­стар­ды, адам­гер­шілік нор­ма­ла­рын рет­тей­тін заң­дық жүйе-шариға­ты қалып­та­сты. Бұл жол түр­кі жұр­ты үшін киелі де қаси­ет­ті жол болып сана­ла­ды. Бұл жол­дан бас тар­ту түр­кі жұр­ты үшін, бүгін­гі күні қазақ халқы үшін Тәңір­дің бер­ген бұл нығ­меті­нен бас тар­ту болған болар еді. Тәңір­дің бұл бер­ген нығ­мет­тері­нен бас тар­тып, шегін­ген кезең­дер­де, түр­кі жұр­ты елді­гі­нен айы­ры­лып, өзге­ге бодан бол­ды. Бұл жол­ды қай­та тапқан­да, түр­кілер айбын­ды мем­ле­кет­тер құрып, әлем­ге билі­гін жүр­гі­зе ала­тын дең­гей­ге көтеріл­ді. Сон­ды­қтан да бұл жол түр­кілер­де көздің қара­шы­ғын­дай сақта­лып, әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лерінің киелілік сипа­ты мем­ле­кет­тік дәре­же­де қорға­ла­тын еді. Енді­гі кезек­те сол әдет-ғұрып­тар мен салт-дәстүр­лер­дің басты-басты­ла­ры­на кеңірек тоқта­лып көрелік.
Қазақ халқын­да, өзге түр­кі халы­қта­ры­ның біра­зын­да рулық, тай­па­лық одақтар әлі күн­ге бар. Алай­да олар­дың бар­лы­ғы дер­лік өзінің алға­шқы қалып­та­су кезеңін­де­гі мақ­са­ты мен атқа­руға тиісті ролін атқа­рып оты­рған жоқ. Рулық, тай­па­лық жүй­е­лер мен жүздік құры­лым­дар сақталған қазақ халқы­ның өзін­де бұл жүй­е­лер адам­ның шығу тегін аны­қтай­тын, ағай­ын-туы­стың ара жігін ажы­ра­та­тын кез­де ғана еске алы­нып, олар­дың тари­хи мәні мүл­де ұмы­ты­лған десе болады.
Алай­да бұл ру, тай­па­лар­дың қалып­та­суы күні кеше басталған жоқ және түр­кілер­дің тарихын­да мем­ле­кет­тік­тің ірге­та­сы қыз­метін атқа­ру үшін құры­лған жүй­е­лер бола­тын. Ру, тай­па­лар өз мін­детін дұрыс атқа­рып тұрған кез­де түрік мем­ле­кет­ті­гінің мықты, өзге­лер­ге үкі­мін жүр­гі­зе ала­тын­дай болға­ны, ру, тай­па­лар­дың басы бірік­пей, өза­ра қырқы­сты бастаған­да мем­ле­кет­ті­гі күй­реп, өзге­ге бодан болған­ды­ғын тари­хи деректер айғақтай­ды. Біздің қолы­мы­здағы деректер бұл ру, тай­па­лар­дың қалып­та­суы, мем­ле­кет­тік жүй­енің ірге­та­сы ретін­де қалып­та­су кезеңінің баста­луын Оғыз қаған­нан баста­ла­ты­нын көре­міз. «Оғыз-нама» даста­ны түр­кілер­ге Бір Жара­ту­шы-Тәңір­ге мой­ы­нұ­сы­ну­ды әкел­ген тари­хи тұлға. Қазір­гі күн­ге дей­ін қазақ халқын­да сақта­лып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр­дің осы Оғыз қаған дәуірі­нен бастау алға­нын көре­міз. Оған дәлел ретін­де Оғыз қаған­ның Йафе­стен тараған халы­қтар­ды ру, тай­па­ларға топ­та­сты­рып, түр­кі мем­ле­кет­ті­гінің басқа­ру жүй­есін қалып­та­сты­рға­ны дәлел бола ала­ды. Бұл Оғыз қаған­ның Йафе­стен тараған халы­қтар­ды бір Тәңір­ге мой­ы­нұ­сы­нуға шақы­рып, халы­қты иләһи дін­ге бет бұрғы­зған киелі тұлға болған­ды­ғы­нан хабар береді.
Басқа­ша айтқан­да, Оғыз қаған­ды түр­кі халқы­на Тәңір­ден жіберіл­ген пай­ғам­бар деп тануға бола­ды. Рашид ад-дин Шыңғыс хан­ның да осы Оғыз қаған­нан келе жатқан Тәңір дініне мой­ы­нұ­сы­нға­нын жаза­ды. Олай бол­са, бұл түр­кілер­дің ұзақ ғасыр­лар бой­ы­на Оғы­здан қалған Тәңір дініне мой­ы­нұ­сы­нып, сол дін­де болған­ды­ғын көрсетеді.
Біз жоға­ры­да Оғыз қаған­ның алғаш рет рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­ді топ­та­сты­рып, мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың түр­кілік жүй­есін қалып­та­сты­рған тұлға болған­ды­ғын айтқан бола­тын­быз. Ал мұның өзі осы рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің ыды­ра­май, сақта­лып қалуын қам­та­ма­сыз ететін осы жүй­е­мен сабақ­тас әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лер­дің қалып­та­суы­на мүм­кін­дік бер­ді. Біз сон­ды­қтан қазір­ге дей­ін қазақ ара­сын­да өмір сүріп келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лер­дің баста­уы осы Оғыз қаған­нан қалған және олар­дың бар­лы­ғы­ның киелілік сипа­ты бар деп айта ала­мыз. Бұл Оғыз қаған­ның түр­кі тарихын­дағы орны қан­ша­лы­қты маңы­зды болған­ды­ғын көрсетеді.
Егер біз түр­кі тарихын­дағы ұлы мем­ле­кет­тер тарихы­на назар сала­тын бол­сақ, түр­кі мем­ле­кет­терінің шары­қтау шегіне жетіп, дамуы да, құл­ды­рап, ыды­рап, тоз-тоз болып, өзге­лер­ге бодан болуы да осы рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің қан­ша­лы­қты өз қыз­метін дұрыс-бұрыс атқа­руы­мен бай­ла­ны­сты болған­ды­ғын көруі­міз­ге бола­ды. Мыса­лы, Алып Ертоңға, Мөде қаған, Бумын қаған­дар өздері құрған ханды­қта­рын қалып­та­сты­рып, олар­ды қуат­ты мем­ле­кет­ке айнал­ды­ра алуы осы рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің қыз­метін өз дәре­же­сін­де пай­да­ла­на алуы­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты бол­ды. Ол мем­ле­кет­тер­дің ыды­рап, күй­реп, өзге­лер­ге бодан болуы да осы рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің өз қыз­метін қажет­ті дең­гей­де атқа­ра алмауы­мен, ыды­рап кетуі­мен тіке­лей бала­ны­сты болды.
Түрік халы­қта­ры­ның ислам дінін қабыл­да­уы түрік­тер­дің жаңа саты­ға көтерілуіне ықпа­лын тигізді. Түрік­тер ара­сын­да ғылым мен мәде­ни­ет жыл­дам қарқы­н­мен дамы­ды. Түрік­тер ара­сы­нан жүз­де­ген ғалым­дар шықты. Олар ғылым­ның бар­лық сала­сын­да ірі жаңа­лы­қтар­ды дүни­е­ге кел­тір­ді. Бұл жал­пы ислам мәде­ни­еті мен ғылы­мы­на қосы­лған қомақты үлес болға­ны­мен, мұның есесіне түрік халқы­ның мәде­ни­еті мен дәстүрі күн санап өше баста­ды. Әсіре­се руха­ни, мәде­ни сала­да бұл про­цесс өте жыл­дам жүр­ді. Ол кез­де­гі түсінік бой­ын­ша ислам дінін қабыл­дау араб болу деген­ді біл­діретін. Мыса­лы, 728 жылы Бұха­ра қала­сы­ның шон­жар­ла­ры ара­б­тар­дың сол кез­де­гі Мау­а­ран­на­хр­дағы өкілі Ашрасқа мұсыл­ман­дық наси­хат­тың пәр­мен­ділі­гі арқа­сын­да көп­те­ген түр­кістан­ды­қтар­дың араб болған­ды­ғын хабар­лай­ды. Ислам дінін қабыл­даған түр­кі халы­қта­ры өздерінің дәстүр­лі мәде­ни­еті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі­нен ажы­рап, толық пар­сы­ла­нуға бет алды. Оған дәлел­ді ұза­қтан ізде­мей-ақ, түр­кі ғұла­ма­ла­ры тара­пы­на­на жазы­лған кітап­тар ішін­де XI ғасыр орта­сы­на дей­ін бір­де-бір не діни, не ғылы­ми, не әде­би шығар­ма­ның жазыл­мауы­нан көру­ге бола­ды. Тек Жүсіп Бала­сағұ­ни­дың «Құт­ты білік» атты еңбе­гі түрік тілін­де жазы­лған алға­шқы шығар­ма бол­ды. Одан кей­ін Махмуд Қашқа­ридің «Диу­ан луғат ат-Түрік» еңбе­гі мен Ахмед Йүг­не­ки­дың «Ибат ал-Хақа’иқ» атты еңбек­тері дүни­е­ге келді.
Бұл шығар­ма­лар­ды түр­кі халы­қта­ры­ның қауіп­ті шеп­ке жақын­даға­нын біл­діретін сол дәуір зия­лы­ла­ры­ның жанай­қайы десе болады.
Түр­кі халы­қта­ры өзінің тілін, дәстүр­лі мәде­ни­етін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоғал­тып қой­ған жоқ. Соны­мен бір­ге көне­ден келе жатқан түрік мем­ле­кет­ті­гінің қалып­тасқан жүй­есін де өзгер­ту­ге мәж­бүр бол­ды. Оған түрік халы­қта­ры­ның ішкі қоғам­дық қаты­на­ста­рын рет­тей­тін жүй­енің шариғат үкім­дері­мен алма­сты­ры­луы тіке­лей ықпал етті. Бұл бір­тін­деп түр­кілік әдет-ғұрып, салт-дәстүр­дің қол­да­ны­стан шыға­ры­луы­на әкел­ді. Көне­ден келе жатқан некелік қаты­нас өзгер­тіліп, экзо­гам­дық қаты­на­стар эндо­гам­дық қаты­на­спен алма­сты­рыл­ды. Рулас, қан­дас адам­дар ара­сын­дағы некелік қаты­на­стар осы кез­ге дей­ін сақта­лып кел­ген рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің ыды­ра­уы­на әкел­ді. Рулық, тай­па­лық жүйе түр­кі мем­ле­кет­ті­гінің бас­шы­сы – ханды осы рулық, тай­па­лық жүйе бас­шы­ла­ры сай­лап қоя­тын. Хан әр кез­де мем­ле­кет­тік мәсе­ле­лер­ді осы ру, тай­па бас­шы­ла­ры­мен кеңе­се оты­рып шешетін және әр ру, тай­па ерік­ті әскер шыға­рып, мем­ле­кет қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге тиіс болатын.
Мыса­лы, Түр­геш қаға­ны­на кел­ген араб елшісінің Түр­ге­ш­тер­дің қаға­ны­мен болған әңгі­ме­ден түр­кі мем­ле­кет­ті­гінің жүй­есін көру­ге бола­ды. Ол оқиға Йақут­тың «Муджам ал-Бул­дан» атты шығар­ма­сын­да былай­ша баян­да­ла­ды: «Қаған мені шақы­рып алып, «Саған не керек?» – деп сұра­ды. Мен оны мақтай оты­рып, оның ада­сып жүр­генін, ислам­ды қабыл­дау керекті­гін айт­тым. Қаған менен – «Ислам деген не?» – деді. Мен оған ислам дінінің талап­та­ры мен қағи­да­ла­ры тура­лы айт­тым. Соны­мен бір­ге нені істе­у­ге бола­ды, қай нәр­сені істе­у­ге тый­ым салы­нға­ны тура­лы әңгі­ме­ледім. Оған қоса дін­нің мін­дет­тері мен мінә­жат жасау жол­да­рын баян­да­дым. Одан кей­ін қаған «Мұсыл­ман­дар кім­дер?» – деп сұрақ қой­ды. Мен «Олар қала­лар­дың халқы. Олар­дың ішін­де мон­ша­шы­лар, тігін­шілер, етік­шілер бар», – деп жау­ап бер­дім. Одан кей­ін Қаған маған бір­не­ше күн күте тұру­ды бұй­ыр­ды. Бір­де қаған атқа оты­рып, жолға шықты. Оның қасы­на әрқай­сысы­ның қолын­да туы бар он кісі еріп жүр­ді. Ол маған өзі­мен бір­ге жүруім­ді талап етті. Көп ұза­май қалың ағаш қор­шаған төбе­ге жет­тік. Күн шығы­сы­мен, он кісінің біре­уіне туды көте­руді бұй­ыр­ды. Ту көтерілісі­мен, тудың асты­на он мың кісі сап құрып тұра қал­ды. Олар­дың бас­шы­сы хан алды­на шықты… Он ту көтеріл­ген­де, басы­нан аяғы­на дей­ін қару­ланған жүз мың кісі дай­ын тұр­ды». Осы қысқа үзін­дінің өзі түр­кілік мем­ле­кет­тік жүй­енің қан­дай болған­ды­ғын аңғартады.
Ислам дінін қабыл­даған түр­кілер­де рулық, тай­па­лық жүйе ыды­раған соң, мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың түр­кілік жүй­есі де ыды­ра­ды. Хан билі­гі бұры­нғы­дай бүкіл қоғам өкіл­дері тіке­лей ара­ла­са ала­тын кол­лек­тив­тік билік жүй­есі болу­дан қалып, орны­на жеке биле­ушінің абсо­лют­тік билі­гіне негіз­дел­ген, мем­ле­кет­ті басқа­ру жүй­есі кел­ді. Түр­кі дүни­есінің басы­на осын­дай ауыр кезең туған­да, тарих сахна­сы­на Қожа Ахмет Йаса­уи сын­ды ұлы тұлға шықты. Ол сопы­лық ілім­ді түр­кілер ара­сы­на әке­лу арқы­лы ислам дінін­де­гі иман­ның әлсіре­уін тоқта­тып, алға­шқы қал­пы­на қай­та кел­тір­ді, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, Ислам­ның бес пары­зын қабыл етіп, қоғам­дық қаты­на­стар­ды рет­те­уді толы­ғы­мен түр­кінің салт-дәстүріне бер­ді. Бұл түр­кінің жоғалған дәстүр­лі мәде­ни­еті мен тілін қай­та тірілтті.
Одан кей­ін­гі кезең­де рулық, тай­па­лық жүй­е­лер қай­та­дан толы­ғы­мен Жошы ұлы­сын­да қал­пы­на кел­тіріліп, мем­ле­кет­ті басқа­ру жүй­есі түр­кілік сипат алды. Ру-тай­па­лар­дың басы­на билік­ке Йаса­уи жолы­ның өкіл­дері кел­ді. Олар Алла­ның аты­нан билік жүр­гізіп, мем­ле­кет­те әділет­ті қоғам орнат­ты. Мем­ле­кет­те­гі абсо­лют­тік билік ханда да, биде де, қара халы­қта да болған жоқ. Абсо­лют­тік тек заңға-шариғатқа ғана беріл­ді. Сол кезең­де­гі Жошы ұлы­сы­ның мем­ле­кет­тік жүй­есінің құры­лы­мын былай­ша кес­кін­де­у­ге болар еді: кере­ге қара халық; уық – руха­ни жетек­шілері-билер; шаңы­рақ – сая­си билік иесі-хан. Осы жүй­ені ХІХ ғасыр­да өмір сүр­ген әрі ақын, әрі батыр Мәделі қожа Қанай датқаға айтқан өлеңін­де былай­ша суреттейді:

Қан­ке осы жер­де туып едім,
Саған кел­ген жауларды
қуып едім.
Шаңы­рағы­ң­ды шайқалтпай
ұстайтұғын,
Сен кере­ге болғанда,
мен уық едім.
Бұл өлең жол­да­ры, бір жағы­нан, дәстүр­лі қазақ қоға­мы­ның жүй­есін сурет­те­се, екін­ші жағы­нан, көне түр­кі­ден келе жатқан мем­ле­кет­тік жүй­ені дәл сурет­те­генін көре­міз. Соны­мен бір­ге кәдім­гі қаза­қтың киіз үйінің тек үй емес, түр­кінің көне­ден келе жатқан мем­ле­кет­тік жүй­есінің сим­во­лы екен­ді­гіне таң­дан­басқа болмайды.
Жошы ұлы­сын­дағы мем­ле­кет­тік жүй­енің бұлай­ша қалып­та­суы ол мем­ле­кет­те ең әділет­ті қоғам­ның орна­уы­на ықпал етті. Сон­ды­қтан да Жошы ұлы­сы Алтын Орда атан­ды. Осын­дай әділет­ті қоғам орна­туға негіз болып, Жошы ұлы­сын­дағы түр­кілер­дің басы­ның бірі­гуіне арқау болған, көне түр­кі мәде­ни­еті мен салт-дәстүрін қай­та жаңғыр­тқан Йаса­уи жолы бола­тын. Бұл қазақ қоға­мы­ның әле­умет­тік топ­та­рын айқын­дай­тын қара-қожа-төре қазақ қария сөзінің негіз­сіз еме­сті­гін көр­се­те­ді. Сол себеп­ті бұл жүй­е­лер киелі саналды.
Алай­да Алтын Орда­дағы бұл жүйе абсо­лют­тік билік­ті қол­дай­тын Жошы ұрпақта­ры­на тиім­ді болған жоқ. Өзбек хан қай­тыс болған соң, оның тағы­на оты­рған Жәні­бек хан Йаса­уи жолы­нан бас тар­тып, Ислам дінінің араб дәстүр­шіл­ді­гін негіз­ге алған бағы­тын қабыл етті. Осы­лай ол абсо­лют­тік билік­ке жетуді мақ­сат етті. Асан Қай­ғы бастаған Йаса­уи жолы өкіл­дерінің күресі нәти­же­сіз аяқтал­ды. Ұзақ жыл­дарға созы­лған арпа­лы­стан кей­ін Алтын Орда мем­ле­кеті тарих­тан кету­ге мәж­бүр бол­ды. Одан кей­ін­гі кезең­де тарих сахна­сы­на шыққан мем­ле­кет­тер де, биле­ушілерінің абсо­лют­тік билік­ке жете­міз деп, Йаса­уи жолы­нан бас тар­туы­мен бай­ла­ны­сты бол­ды. XV ғасыр­дан бастап, араб дәстүр­шіл­ді­гін негіз­ге алған нақш­бан­дийа тариқа­ты абсо­лют­тік билік­ке ұмты­лған биле­ушілер­дің қолын­дағы құра­лы­на айнал­ды. Нақш­бан­дийа тариқа­ты­ның Мау­а­ран­на­хр­дағы бел­ді өкілі Қожа Ахрар «Мен Шыңғыс хан Йаса­сы­ның күлін көк­ке ұшы­ра­мын» деп, Йаса­уи жолы мен түр­кі дәстүріне қар­сы шықты.
Биле­ушілер тара­пы­нан қол­дау тапқан нақш­бан­дийа тариқа­ты өкіл­дері түр­кінің киелі саналған әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лерін киелілік сипа­ты­нан ажы­ра­ту үшін қол­дан кел­ген­дерінің бәрін жаса­ды. Нәти­же­сін­де руха­ни билік пен сая­си билік­тің киелілі­гі, рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің киелілі­гі тура­лы түсінік­тер халық сана­сы­нан шай­ы­лып, Евра­зия түр­кі мем­ле­кет­тері бірі­нен соң бірі тарих сахна­сы­нан кет­ті. Рулық, тай­па­лық жүй­е­лер­дің ыды­ра­уы мем­ле­кет­тің түр­кілік сипа­тын жой­ды. Түр­кі мем­ле­кет­тері өзге импе­ри­я­лар­дың қол асты­на түсті.
Зікірия ЖАНДАРБЕК,
Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн