Воскресенье , 6 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН алтын-валюта ҚОРЫ КЕМІДІ

 

Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық резерв­тері, оның ішін­де Ұлт­тық банк­тің алтын-валю­та қоры мен Ұлт­тық қор актив­тері 2015 жыл­дың сәуір айын­да 0,2 пай­ы­зға азай­ып, 98,686 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­рын құрады.

 

Бұл тура­лы хабар­лаған Ұлт­тық банк дере­гін­ше, алтын-валю­та қоры жыл басы­нан бері 0,63 пай­ы­зға азай­ып, 1 мамыр­дағы мәлі­мет бой­ын­ша, 28,737 мил­ли­ард дол­лар­ды құраған. Ұлт­тық қор актив­тері жыл басы­нан бері 4,91 пай­ы­зға кеміп, 69,949 мил­ли­ард дол­лар болған.

Өткен апта­да Дүни­е­жүзілік банк есебін жари­я­лап, онда Қаза­қстан 2014 жыл­дың мамы­ры­нан 2015 жыл­дың науры­зы­на дей­ін­гі ара­лы­қта тең­генің айыр­бас баға­мын қол­да­уға 17 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­рын жұм­саға­нын хабарлаған.

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн