Вторник , 1 июля 2025

Қазақстан халқы ҚАРЫЗҒА БАТТЫ

Қаза­қстан­ның жал­пы сыр­тқы қары­зы жыл басы­нан бері 4,76 пай­ы­зға артып, 2014 жылғы 31 жел­тоқ­сан­дағы есеп бой­ын­ша, 157 мил­ли­ард дол­ларға жет­ті ($157 062,2 млн), деп хабар­лай­ды Қаз­ТАГ ҚР Ұлт­тық банк сай­тын­да жари­я­ланған ақпа­ратқа сіл­те­ме жасап. Бұл көр­сет­кіш 2013 жылғы 31 жел­тоқ­сан­да $149 931,1 млн болған екен.

Атап айтқан­да, мем­ле­кет­тік және мем­ле­кет­тің тара­пы­нан кепіл­ден­ген сыр­тқы қарыз биы­лғы өткен 31 жел­тоқ­са­нын­да 2013 жыл­дың 31 жел­тоқ­са­нын­дағы $6 156,7 млн-мен (жал­пы сыр­тқы қары­здың жал­пы көле­мінің 4,1%-ын) салы­сты­рған­да $8635,1 млн бол­ды (жал­пы сыр­тқы қары­здың бар­лық көле­мінің 5,5%).

Мем­ле­кет­тің тара­пы­нан кепіл­ден­бе­ген сыр­тқы қарыз сәй­кесін­ше $148 427,1 млн-ға (94,5%) қар­сы $143 774,5 млн-ға (95,9%) жеткен.

Айта кету­ге тура келеді: «кепіл­ден­ген» неме­се «кепіл­ден­бе­ген» деген ескер­ту – көз алда­удың ғана ама­лы. Бірін­шісі – мем­ле­кет тара­пы­нан жасалған қарыз алу әре­кет­терінің көрінісі. Ал екін­шісі – негізі­нен екін­ші дең­гей­лі банк­тер­дің (ЕДБ) сырт­тан қарыз алу нәтижесі.

Ал жеме-жем­ге кел­ген­де, халы­қа­ра­лық қар­жы-қарыз заң­ды­лы­қта­ры­на сәй­кес, бұның еке­уіне де мем­ле­кет жау­ап береді. Себебі ЕДБ үшін қары­зға қар­жы алу тәр­тібін жасап, оны пар­ла­мент пен пре­зи­дент­тің пәр­мені арқы­лы заң­да­сты­рып беру­ші – мем­ле­кет. Осы тұрғы­дан алған­да, мем­ле­кет дегені­міз – халық. Енде­ше біздің сыр­тқы қары­зы­мыз Қаза­қстан­ның 6–7 жыл­дық бюд­жетіне пара-пар деген сөз.

«

 

Пав­ло­дар­да

ЛЕНИН

неғып тұр?

Сәбет өкі­метіне барып қай­тқан­дай бол­дым. Пав­ло­дар облы­сы, Ертіс ауда­ны, Голу­бов­ка ауы­лы­на (сәбет өкі­меті кезін­де «Абай» совxо­зы болған екен) бар­сам, Мәде­ни­ет үйінің алдын­да қасқай­ып мына қасқа­бас тұр (сурет­те). Ауыл­дың кіре берісін­де оры­стың тари­хи көлік­тері тас тұғыр­да қаз­дай тізіліп, өткен ғасыр­дан үн қатып тұр. Өрке­ни­ет­пен тіл­де­стіріп тұрған «Билайн­нан» басқа опе­ра­тор жоқ. Қалға­нын айт­пай, осы жер­ден тоқтай қалай­ын. Әйт­пе­се айтқан­ның – аузы жаман, көр­ген­нің – көзі жаман. Мен 25 жыл артқа топ ете қал­сам, сен­дер алды­ңғы елу елдің қата­рын­да­мыз дейсіңдер!

Ұлан НҮСІПӘЛІ,

әртіс, ҚР қоғам қайраткері

(«Фейс­бук­тағы» парақшасынан)

 

 

 

Ұлт үстіне шығатындай,

ОЛ ҚАНДАЙ ОРТАҚ АҚША?

 

Өткен апта­да Ресей пре­зи­ден­ті Путин ортақ валю­та тура­лы әңгі­менің шетін тағы шығар­ды. Бір емес, екі рет. Әуелі Мәс­ке­уде қозғап, сосын Аста­на­да айтып қал­ды. Лука­шен­ко­ның бұл мәсе­ле­ге пози­ци­я­сы бел­гілі. «Мен пре­зи­дент болып тұрған­да, ортақ валю­та бол­май­ды», – деген мықты­ңыз осы. Ал Аста­на әлі өз пози­ци­я­сын ашық біл­ді­ре қой­ған жоқ. Әңгі­мені осы­мен бітіріп, мәсе­ленің мән-жайы аны­қталған­ша жылы жауып қоя тұруға болу­шы еді, бірақ…

Соңғы күн­дері ресей­лік БАҚ-тар­да сарап­шы­лар ортақ валю­та жай­ын­дағы өз бас­шы­ла­ры­ның баста­ма­сын қызу наси­хат­та­уға көшіп кет­ті. Тіп­ті оның рубль болып қалуы ғажап емес екен­ді­гін де айтып қалу­да… Демек, бұл тегін шу емес. Жос­пар­лы «шу» болуы әбден мүмкін.

Қаза­қстан­дық эко­но­мист Олжас Құдай­бер­ге­но­втың пікірін­ше, ортақ валю­та әзір­ге бол­май­ды. Эко­но­ми­ка­сы шикі­за­тқа тәу­ел­ді елдер­ге одан келіп-кетер пай­да да жоқ. Әңгі­ме «над­на­ци­о­наль­ная валю­та» жөнін­де болуы мүм­кін. Қаза­қ­ша­ла­сақ – «ұлтүстілік валю­та»! Аудар­ма­сы қан­дай жаман еді! Ұлт­тың үстіне шығып ала­тын­дай, бұл не қылған валю­та? Эко­но­ми­ка­лық сөздік­тер­де «одаққа мүше елдер­дің банк­тері ара­сын­дағы есеп­те­су бір­лі­гі» делін­ген екен.

Бір кез­дері Еуро­па­да ЭКЮ деген болған. Қол­мен ұста­май, көз­бен көр­мей, ірі қар­жы опе­ра­ци­я­ла­ры осы ЭКЮ-мен жаса­ла беретін. Еура­зи­я­лық одақ осы «ұлтүсті валю­та­ны» ортақ қыла ма, неме­се рубль­ді таң­дай ма, әлде әлгі айта беретін «алты­нға» көше ме? Бұл сау­ал­дар­дың әзір­ге жау­а­бы жоқ. Бірақ Еура­зи­я­лық одақты оның елесі кезіп жүр­гені рас енді…

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ,

ult.kz

 

 

 

ЖАҢА НАЗ – «20 ЕВРАЗ…»

 

Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ шең­берін­де ортақ ақша айна­лы­мын қалып­та­сты­рып, қол­да­ны­сқа шыт жаңа валю­та енгі­зу тура­лы Ресей пре­зи­ден­ті В. Путин­нің баста­ма­сы сөз­ден іске көше бастаған сыңай­лы. (Оқы­ңыз: http://abai.kz/post/view?id=3200). Шын­ту­ай­тын­да, шөп басын қимыл­датқан жайт әлдекім­дер­дің сәт­сіз әзілі неме­се аран­да­туы да болуы ғажап емес…

Әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­ла­ры қызу талқы­лаған бұл сурет­те ЕАЭО-ның бола­шақта қол­да­ны­сқа енгізілуі ықти­мал ақша бір­лі­гінің үлгісі бей­не­лен­ген. «Евраз» атты атау беріл­ген «банк­нот­тың» кін­дік әкесі Денис Про­ко­пов деген дизай­нер екен. Еуро мен дол­лар­дың «шағы­лы­суы­нан» шыққан дүбә­ра иде­я­ның қағаз­дағы шар­тты бір­лі­гі – 20 евраз…

Ортақ валю­та­ның бетін­де адам­заттың алға­шқы ғарыш­кері Юрий Гага­рин­нің күлім­сіре­ген жүзі көрініс тапқан. Айт­пақ­шы, банк­нот­тың егесі одақ­та­стар («Билет бан­ка ЕАС»?..) болға­ны­мен, номи­нал­ды ақша­да Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның мем­ле­кет­тік гер­бі негіз­гі нышан ретін­де алыныпты…

Анау-мынау деу артық болар, бірақ қоғам­дық пікір­дің қыбыл­на­ма­сын аңдып-бағуға арналған бұл қадам­ның аста­рын­да алыс емес айлар­да ресми жария бола­тын ақпа­рат жат­паған­ды­ғын кім жоққа шыға­ра алады?

Abai.kz

 

 

Үміт­кер­ге аманат

 

Әке­жан бауырыңызды

ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫҢЫЗ

 

Аса құр­мет­ті Елба­сы, Сіз Қаза­қтың тұңғыш Пре­зи­ден­тісіз. Ғасыр­лар бойы тап­талған ұлт­тық құн­ды­лы­ғы­мы­зды игілі­гі­міз­ге асы­ру­да, салт-дәстүрі­міздің аясын тары­л­тқан шолақ арқау, тар тұса­удың мата­уы­нан құты­лып, еңсе тiк­те­уде Сіз арқа­лай­тын жүк­тің сал­мағы бат­пан, жау­ап­ты­лы­ғы орас­ан. Сан қыр­лы мін­дет­теріңіздің басты­сы да, қаси­ет-киесінің алғы­сты­сы мен қарғы­сты­сы да – ұлт қамы үшін атқа­рар қыз­метіңіз. Қиыр қонып, шет жай­лап, жат бауыр боп жүр­ген қам көңіл қаза­қтың тағ­ды­ры­на қамқор­лы­қтың да үлкені Сіздің мойныңызда.

Сіз жал­пы қаза­қтың бүтін­ді­гін сақта­у­мен, жалқы қаза­қтың да бас аман­ды­ғы­на бірін­ші жау­ап­ты тұлға­сыз. Халқы­мы­здың: «Кең бол­саң, кем бол­май­сың» деген дана­лы­ғы Сіздің адам тағ­ды­ры­на бай­ла­ны­сты шешім­деріңіздің ұшар басын­да тұра­тын шам­шы­рағы болуын қалар едім. Бүгін­гі­дей күр­делі де бей­ма­за заман­да Сіздің кең де, дана да бол­мауға жар­ты мысқал да хақы­ңыз жоқ. Бұл – ел ішінің телісі мен тен­те­гін тез­ге сал­мау керек деген сыңаржақ талап емес, жаза­дан гөрі рақы­мға жуық тұра­тын қаза­қы мінез­ге ден қою­дың тілегі.

Сіз Пре­зи­дент болған мез­гіл­де талай аза­мат­тың озық қаси­етін тап басып тани біл­діңіз. Солар­дың орта­сын­да ерекше көз­ге түс­кені – Әке­жан Қажы­гел­дин еді. Бірақ, өкініш­ке орай, бұл шәкір­тініңіз­бен ара­ла­ры­ңы­зда біз түсін­бей­тін бір сыр бар. Осы шәкір­тіңіз бүгін ете­гі кесіліп, сырт­та жүр. Бұдан ұтқан – бітім әке­лер біл­телі сөз езуіне жұқ­паған, аза­мат­тың ара­сын бүл­дір­ген­нен бүл­дір­гі еншілеп қалуға әмсе дай­ын тұра­тын жалған «жана­шыр­лар».

Қадір­мен­ді Нұре­ке! Кеше өзіңіз қай­ра­май өтетін қара қылыш етiп, суын жет­кер­ген Әке­жан­ның бүгін­гі­дей дағ­да­рыс кезеңін­де қасы­ңы­здан табы­лға­нын қалар едік. Ол – өкпе­ден биiк тұра­тын ірi аза­мат. «Аға – бор, iнi – тас» деген қаза­қтың бере­ке­ге үнде­ген жорас­ын ұстап, ара­дағы ызғар­дың тоңын жібіту­ге өзіңіз­ге тән кісілік­пен Сiздiң бiрiн­шi болып кiрiс­кенiңiз жөн деп білемін.

Сай­лау дода­сы­нан әдет­те­гі­дей шашаңы­зға шаң жұқ­пай келеріңіз­ге сенімдімін.

Аман­гел­ді КЕРІМТАЕВ,

Аягөз қала­сы

 

 

 

Сай­лау сарсаңы

 

Сызды­қо­вты

СЫНАСАҢ

сот­та­ла­сың…

 

Түні­мен үйдің алдын про­ку­ра­ту­ра мен поли­ция өкіл­дері күзетіп, таңер­тең бір­не­ше көлік­пен кел­ген билік өкіл­дері қолы­ма «алдын ала ескер­ту» қаға­зын ұстатты.

Сон­дағы­сы – «Фейс­бук» парақ­шам­да Ком­му­ни­стік пар­ти­ядан (халы­қтық – Ред.) пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түс­кен Тұрғын Сызды­қо­вты сынаға­ным заңға «қай­шы» келіп­ті. Сай­лау науқа­ны тұсын­да «үміт­кер­лер­ге» сын айтуға, олар­ды негіз­сіз айып­та­уға бол­май­ды екен-мыс.

Шыны керек, бұл ұят­ты жағ­дай бол­ды. Тарихқа қара­сақ, ком­му­ни­стер­ден көр­ме­ген қор­лы­ғы­мыз жоқ. Репрес­си­яға ұшы­рат­ты, ашты­ққа душар етті, мил­ли­он­даған қаза­қты құр­бан етті. Ком­му­ни­стер­дің бодан­ды­ғы­нан қашан құты­ла­мыз деп, ондаған жыл­дар бойы тәу­ел­сіздік­ті арман­дап, аңсап, күт­тік. Енді қолы­мы­зға тәу­ел­сіздік тиген­де, ком­му­ни­стік идео­ло­гия мен нацизм мен фашизмді теңе­стіріп, оған елі­міз­де тый­ым салу­дың орны­на оларға пар­тия құрып беріп, пар­ла­мент­ке жіберіп, бар­лық жағ­дай­ды жасап отыр.

Осы­ның бәрі билік­тің қолын­да емес пе, ком­му­ни­стік пар­тия емес, «соци­а­ли­стік» деп ауы­сты­ра сал­са несі кетеді?

Жоқ, оның орны­на ком­му­ни­стер­ді сына­уға бол­май­ды деп, қолы­мы­зға қағаз тара­тып жүр. Масқа­ра емес пе? Бара-бара, ком­му­низмді, ком­му­ни­стік пар­ти­я­ны сынау заң­мен қуда­ла­на­тын шығар мына түрімен.

Жан­бо­лат Мамай,

«Фейс­бук­тағы» парақшасынан

 

 

 

ОСК ОСЫНЫ

БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

 

Қызы­лор­да қала­сы­ның тұрғы­ны Сәкен Нұр­ма­ха­нов редак­ци­яға хабар­ла­сып, «Сіз­дер­ге менің бір сұрағым бар. Елба­сын сай­лау науқа­ны­ның баста­луы­на бай­ла­ны­сты қала­ның әр мек­тебінің, яғни білім орда­сы­ның қабы­рға­сы­на «26 сәуір Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің кезек­тен тыс сай­лау күні» деген бил­борд­тар­ды іліп тастаған. Мен фило­лог емес­пін, бірақ осы жер­де қате бар сияқты. Дұры­сы «26 сәуір Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­тін кезек­тен тыс сай­лау күні» болар дей­мін. Сіз­дер қалай ойлай­сыздар? Егер менікі дұрыс бол­са, бұл олқы­лы­қты қалай түзе­у­ге бола­ды? Түзей­тін бол­сақ, қан­ша­ма қар­жы­ның жел­ге ұшқа­ны ма?» – деді.

«Тіл­дің сақ­шы­сы» деген аты­мыз бар, дереу барып көр­сек, учас­келік сай­лау комис­си­я­сы үйлеріне «26 сәуір 2015 жыл жек­сен­бі», «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің кезек­тен тыс сай­лау күні», «Сай­ла­у­ға қаты­сай­ық!» деп жазы­лған екен. Тіл маман­да­ры­ның айтуын­ша, мұн­да сти­ли­сти­ка­лық қате­лер жіберіл­ген. Қате жазы­лған мәтін­дер­ді реті­мен айт­сақ, дұры­сы «2015 жыл­дың 26 сәуірі – жек­сен­бі» болуы керек. Өйт­кені жыл­дың мез­гілін орыс­ша­дан сөз­бе-сөз ауда­ру қазақ тілінің сөй­леу заң­ды­лы­ғы­на сай кел­мей­ді. Ал екін­ші негіз­гі мәтін «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­тін кезек­тен тыс сай­лау күні» болуы керек. Бұл жер­де ілік сеп­ті­гі жалға­уы­ның кере­гі жоқ. Ал енді «Пре­зи­ден­тінің» болған­ның өзін­де «сай­ла­уы күні» болуы керек еді.

Мағы­на­сы­на кел­сек те, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­ден­тінің, яғни қазір­гі пре­зи­ден­ті­міз Назар­ба­ев­тың сай­ла­уы емес, пре­зи­дент­ті, яғни «пре­зи­дент» атты лау­а­зым иесін сай­лау ғой. Осы­дан соң Орта­лық сай­лау комис­си­я­сын­дағы­лар бұл кім­нің сай­ла­уы екенін жұр­тқа ашық біл­дір­ген­дері шығар деп түйдік.

Осы­лар­ды айтып, облы­стық сай­лау комис­си­я­сы­на хабар­ласқа­ны­мы­зда, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­нан жіберіл­ген мәтін екен, облы­стағы 365 сай­лау участ­ке­лерінің бәрін­де осын­дай. Бұл өрес­кел қате­лер бол­маған­ды­қтан, осы­лай қала бер­сін деп шештік деді. Егер орыс тілін­де­гі мәтінін­де осын­дай қате­лер түгілі, бір үтірі қой­ыл­май кет­се, бәрінің де астан-кестеңі шығар еді. Біздің қаза­қтар «соқыр тауы­ққа – бәрі бидай» деген­дей жұта бере­міз. 2011 жылғы пре­зи­дент сай­ла­уы кезін­де кей­бір қазақ аза­мат­та­ры­на сай­лау бөлім­ше­сі­нен «при­гла­ше­ние» кел­ген еді. Себебін сұра­с­тыр­сақ, қаза­қ­ша мәтін­де­гі шақы­ру­лар жетіс­пе­ген­дік­тен, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сын­дағы­лар біздің үнде­ме­сті­гі­міз­ге кәміл сен­ген болу­ла­ры керек, 96 пай­ыз қаза­қта­ры бар облы­сқа «при­гла­ше­ниенің» елу пай­ы­зын орыс тілін­де жіберіп­ті. Осы жер­де Елба­сы­ның Қаза­қстан халық ассам­бле­я­сын­дағы «100 қазақ оты­рған жер­де 5 орыс отыр­са, біз орыс­ша сөй­лей­міз. Біз сор­лы халы­қ­пыз ғой» деген сөзі еске түседі. Сор­лы­лы­қтан құтқа­ру­ды бұл кісінің өзі қолға алма­са, басқа қаза­қтар­дан қай­ран бол­май тұр.

«Тіл сақ­шы­сы» газеті,

Қызы­лор­да қаласы

 

 

 

Одағың осы ма?

 

Ресей мен Қаза­қстан арасында

«ЕТ СОҒЫСЫ» ЖҮРІП ЖАТЫР

 

Құс шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерінің қауіп­сізді­гін мони­то­ринг­теу қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, Қаза­қстан­да Ресей­де өндіріл­ген құс етінің бес тон­на­сы сауда­дан алы­нып тастал­ды, деп хабар­ла­ды ҚР ҰЭМ Тұты­ну­шы­лар­дың құқы­қта­рын қорғау коми­тетінің бас­пасөз қызметінен.

«2015 жылғы 2 науры­здан бастап ҚР ҰЭМ Тұты­ну­шы­лар­дың құқы­қта­рын қорғау коми­тетінің аумақтық депар­та­мент­тері тамақ өнім­дерінің 823 сына­ма­сын ірік­теп алды. Оның ішін­де 231 сына­ма бой­ын­ша зерт­ха­на­лық зерт­те­улер нәти­же­лері­нен кей­ін, тех­ни­ка­лық регла­мент­тер­дің талап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тіні рас­тал­ды (Қаз­ТАГ).

Одақ­тас бол­сақ, «елдер ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы еркін жүреді» деген Ресей мен Қаза­қстан өз нары­қта­рын сол одақ­та­сты­қтың зардаб­ы­нан құтқа­ру үшін, «тех­ни­ка­лық регла­мент талап­та­ры» деген шек­теу тауып алды. Бұның ақы­ры одақ­тас Ресей, Бела­русь және Қаза­қстан ара­сын­дағы «ет соғы­сы­на» ұла­сты. Сөй­те тұра, енді бұлар Ресей пат­ша­сы Вла­ди­мир Путин­нің тықақта­уы­мен «валю­та­лық одақ» деген тағы бір шала­жан­сар құры­лым тудырмақ.

Тех­ни­ка­лық регла­мент­тер­ге сәй­кес кел­мей­тін өнім­дер­ге қаты­сты коми­тет ресей­лік құс еті сапа­сын бар­лық облы­стар­да тек­сері­стен өткі­зу үшін мони­то­ринг жүр­гі­зу тура­лы аумақтық бөлім­ше­лер­ге тап­сыр­ма беріп­ті. Осы­дан кей­ін «одағың осы ма?» демес­ке лаж қалмайды.

Сырым ДАТОВ

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн