Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ КЕДЕЙ ЕЛДЕРДІҢ БІРІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 

 

АнекDAT

 

– Алы­спақ керек пе, аты­спақ керек пе?

Онлайн-баһа­дүр:

– Жазыспақ керек).

Әділет Ыбы­рай­дың ФБ-парақшасынан

 


 

 

Кәрім Мәсі­мов пре­мьер­лік еткен 10 жыл­дың ішін­де (Пре­зи­дент аппа­ра­тын басқарған аз ғана жыл­ды қоса есеп­те­ген­де) елі­міздің сыр­тқы қары­зы 155 мил­ли­ард дол­ларға жет­кен. Бұл жан басы­на шаққан­да әр қаза­қстан­ды­ққа (1 жасар бала­ны қоса есеп­те­ген­де) 9100 дол­лар­дан келеді деген сөз.

 

Қар­жы дағ­да­ры­сы кезін­де мұнай­ға тәу­ел­ді елі­міз тағы да шетел­ден қарыз алуға мәж­бүр бол­ды. Не үшін? Бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамау үшін. Ең сорақы­сы – қара­пай­ым халы­қтың (ҚР аза­мат­та­ры­ның) зей­не­тақы қоры­на қол сал­ды. Тең­ге баға­мын рет­теу және Ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны аяққа тұрғы­зу үшін деген желе­умен – аза­мат­тар­дың жыл­дап жинақтаған қар­жы­сын алды. Қор­дағы қар­жы­ны жұм­сар­да халы­қтың пікірі сұралмады.

Бүгін­гі таң­да 9,6 мил­ли­он элек­то­рат­тың (дауыс беру­шілер­дің) 7,3 мил­ли­о­ны тұты­ну­шы­лық және ипо­те­ка­лық несие алып отыр. Тіп­ті, олар­дың 1,3 мил­ли­о­ны соңғы 3 айдың шегін­де неси­е­лерін төлей алмаған. Бұл – кедей­лік. Қаза­қстан әлем­де­гі ең кедей елдер­дің қата­рын­да. Өзге мем­ле­кет­тер­дің тұты­ну­шы жәші­гі­мен біздікін салы­сты­рып көр­ген Өске­мен­нің қоғам­дық кеңес өкіл­дері осын­дай тоқта­мға кел­ген. Бұл тура­лы «Қам­шы» пор­та­лы gazeta.kz сай­ты­на сіл­те­ме жасай оты­рып хабар­лай­ды. Қаза­қстан­ның қазір­гі жағ­дайы әлем­де­гі ең кедей Чад рес­пуб­ли­ка­сы мен Афри­ка­ның жағ­дай­ы­мен теңес­кен. Бұл – елі­міз аза­мат­та­ры­ның 1,3 мил­ли­о­ны кедей екен­ді­гінің дәлелі. Болжам­мен 80 пай­ы­здан астам қаза­қстан­ды­қтар банк­тер­ге қарыз екен.

Соңғы 10 жыл­дың ішін­де мем­ле­кет­тік хол­динг­тер­ге қол­дау біл­ді­ру үшін бюд­жет­тен 33 мил­ли­ард дол­лар жұм­са­лып­ты. Ал бөлін­ген қар­жы бюд­жет­ке қайт­ты ма?! Тағы да жоқ. 18 мил­ли­ард дол­лар қары­зы бар «Қаз­Мұ­най­Газ» мем­ле­кет­ке диви­дент­терін қай­тар­мақ түгілі, қай­та­дан көмек сұрап, алақан жай­ып отыр деп жаза­ды Абай кз (Нұр­зат Т. 07.08.2017).

Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

 

 

ПАТРИОТ ХАЛЫҚ

қалай пай­да болады?

 

Араб Әмір­лі­гінің тұңғыш пре­зи­ден­ті жері­нен мол мұнай қоры табы­лған­да, «мұнай тау­сы­лған­да, халқым­ды немен асы­рай­мын» деп ойлап, «елі­міздің көше­леріне төсел­ген әр тасқа дей­ін, ғима­рат­тар­дың қабы­рға­сы­на қаланған әр кір­піш­ке дей­ін тури­стер­ді тар­та­тын бол­сын» деп бұй­рық бер­ген екен. Араб Әмір­лі­гінің мем­ле­кет болып қалып­тасқа­ны­на 50 жыл да болған жоқ. Бүгін­де гүл­деніп, дамы­ған мем­ле­кет табысы­ның басым бөлі­гі мұнай­дан емес, туриз­мнен жинақталады.

 

Енді қараңыз! Мен осы күн­дері Чехи­я­ның Мари­ян­ские Лаз­ни деген алақан­дай ғана курорт­ты қала­сын­да дема­лып жатыр­мын. Дүние жүзі­нен тури­стер келеді. Бұл қала­да ешқан­дай өнер­кәсіп жоқ. Эко­ло­ги­я­ны бүл­дір­меу үшін солай етіп қой­ған. Қала халқы туриз­мнен түс­кен қара­жат­тан-ақ балқып-шалқып отыр. Иман­дай шыным, табиға­ты жағы­нан біздің Алма ара­сан­ның сұлулы­ғы­мен тала­са алмай­ды. Ерте­ректе Алма­ты халқы шіл­денің ысты­ғын Алма ара­сан­да өткі­зетін. Суы қан­дай шипа­лы еді! Кей­ін­нен бұл шипа­жай­ды біреу сатып алып­ты деп естідік. Қазір ит те жоқ, ит бай­лаған жіп те жоқ! Алма ара­сан көз­ден бұл-бұл ұшты. Қаза­қстан­да табиға­ты жанға жай­лы, суы дерт­ке шипа орын­дар көп. Тек сер­вис жоқ. Сер­вис бар жер­дің баға­сы аспанға ұшып тұр. Одан да шет елге барып, ел көріп, жер көріп қай­тқа­ным мың есе артық. «Пат­ри­от бол, ақшаң елге бұй­ыр­сын» дей­тін­дер алды­мен өздері пат­ри­от болып алсын!..

«Жер­дің асты мен үстін­де­гі бай­лы­қты сатып, қой­ны-қоны­шым­ды ақшаға тол­тыр­дым, енді халық немен күн көреді?» деп ойла­на­тын, Құдай­дан име­нетін ЕР бол­ма­са, пат­ри­от ЕЛ қай­дан болсын?

Гуль­ма­рия БАРМАНБЕКОВА

 

 

ҮШ ҚЫЗҮШ ТАҒДЫР

Орта­лық Ази­ядағы көр­шілес үш елдің тәу­ел­сіздік­тің баста­уын­дағы сая­си тағ­ды­ры үш қыздың тағ­ды­ры секіл­ді үш түр­лі бол­ды. Қырғыз­стан­ның экс-пре­зи­ден­ті Асқар Ақа­ев­тың тұңғы­шы Бер­мет – ерте­гісі ерте тау­сы­лған xан­шай­ым. Әкесі қызын пар­ла­мент­ке депу­тат еткені сол еді, отба­сын сая­сатқа ара­ла­сты­рғы­сы кел­ген пре­зи­дент­ті xалық тез ара­да өз орны­на қой­ды. Бір күн­де ду еткен елден үрейі ұшқан төл пре­зи­дент билік түгілі, бас сауға­лап, отба­сы­мен Мәс­кеу қашып тын­ды. Қашқын әкесі­мен бір­ге Бер­мет Ақа­е­ва­ның үлкен сая­сат­тағы жолы­на нүк­те қой­ыл­ды! Қырғы­здар бей­ре­сми монарxи­яға жол бер­мей­тінін келесі пре­зи­дент­терін­де де анық бай­қат­ты. Елді билеп-төсте­гісі кел­ген Мак­сим Баки­ев­тың тағ­ды­ры Бер­мет­тен ары аса алмаға­ны естеріңіз­де шығар…

Өзбек­стан­ды өмірінің соңы­на дей­ін арман­сыз басқарған марқұм Ислам Кәрі­мо­втың ерке­то­тайы Гугу­ша кезін­де Орта­лық Ази­ядағы ең ықпал­ды әйел­дер­дің бірі бола­тын. Тіп­ті кезін­де әкесінің мұра­гері деген болжам жаса­лын­ды. Ал бүгін­де одан асқан мүсә­пір жоқ. Әкесі бар­да-ақ басы­нан бақ кет­кен экс-xан­шай­ым­ның xәлі қазір тіп­тен мүш­кіл. Асау атты басын­да жүген­де­ме­сең, ырық бер­мей­ді: Ислам әка­ның басты қателі­гі сол болатын.

Бірақ, Кәрі­мов кей­бір көр­шілес әріп­те­стері секіл­ді қос-қостап әйел алма­ды, «қолын мез­гілі­нен кеш сер­ме­се де», ел ісіне отба­сын ара­ла­сты­ру­ды сап тиды. Жеке сая­си ойын жүр­гіз­гісі кел­ген Гүл­нәр­дің ыры­ғы­на көн­бей (қызға тиесілі бүкіл меди­а­им­пе­ри­я­ны жауып, сан­даған ком­па­ни­я­лар­ды тар­тып алды, 2013 жылы «салы­қтан жал­тар­ды» деп, үсті­нен қыл­мыстық іс қозғап, үй қамаққа алды), тым асқы­нып кет­кен амби­ци­я­сы­ның күл-талқа­нын шыға­рып, тіке­лей айтқан­да, әкесінің кім екенін танытты.

Тура сол уақыт­та АҚШ «Өзбек­стан­ның теле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық рыно­гы­на енуді көз­де­ген шетел­дік инве­стор­лар­дан пара алған» деп, Гүл­нәрға айып тақты. Швей­ца­ри­я­лы­қтар офф­шорға бай­ла­ны­сты жеке тер­геу жүр­гізді. Өздері қасақа­на түр­де «пара беру» опе­ра­ци­я­сын ұйым­да­сты­рып, Орта­лық Ази­яда өз мүд­де­леріне сай сая­си ойын жүр­гізу­ге ыңғай­лы болу үшін, кей­ін қыл­мыстық іс қозғай­тын Баты­стың барым­та­шы­ла­ры қақ­па­ны­на Гүл­нәр­ді әдейі түсір­ді ме, әлде шыны­мен мил­ли­ард­таған сома көле­мін­де пара алды ма?

Әке-жүрек Баты­стың құрған қақ­па­ны­нан қызын аман алып қалу үшін, Гүл­нәр­дың неде бол­са Өзбек­стан­да қалуы үшін арнайы ұйым­да­сты­ры­лған «қыл­мыстық дра­ма» ма? Бәл­кім, Таш­кент­тің ресми мәлім­де­месі (Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның қамауға алы­нға­ны жөнін­де­гі – Ред.) сол дра­ма­ның жалға­сы шығар?

Қалай десек те, Өзбек­стан­ның тұңғыш бас­шы­сы­ның қызы­на басын­да «тәйт» деме­уі, отба­сы­лық тра­ге­ди­яға әкеп соққы­зды… Туған қызы­ның жаһан таны­ған ана­дай әкесін жұрт­пен бір­ге ақтық сапарға шыға­рып салып, бір уыс топы­рақ сала алмауы – тра­ге­дия емей немене?!

Көр­шілес қос тұңғыш қыздың тағ­ды­ры­нан гөрі, қаза­қстан­дық xан­шай­ым­ның асы­ғы алшы­сы­нан түсіп тұр. Төрт құбы­ла­сы түгел, меди­а­им­пе­ри­я­сы орнын­да, бала-шаға­сы­на тие­селі ком­па­ни­я­ла­ры жыл санап өсіп жатыр. Өзі муль­ти­мил­ли­о­нер. Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры, «Нұро­тан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры қыз­метін атқар­ды. Қазір біл­дей сена­тор! Ән айтам десе – ән айта­ды, би билей­мін десе – би дай­ын. Оның бағы­на орай, кешірім­шіл әке мен көн­біс қазақ деген xалық бар. Күй­е­уінің қыл­мысын, өзінің офф­шо­рын, сая­си сүріністерін, «үштіл­ділік» бой­ын­ша рефор­ма­тор­лы­ғын, бар­лық-бар­лық еркелі­гін кешіріп келе­міз. Бірақ, алдағы уақыт оның еркелі­гін көте­ре ме? Бар­лық гәп сон­да ғой!

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 

Қаза­қтар құл­дық санадан

ӘЛІ АРЫЛҒАН ЖОҚ

 

Қазір­гі жаста­ры­мыз бен орта буын аға­ла­ры­мы­здың басым көп­шілі­гінің қоғам­дағы әділет­сіздік­ке деген көз қарас­та­ры жоға­ры. Солай бола тұра, неге ұлты­мыз осын­ша­ма қай­ғы­лы күй­ге түсіп бара жатыр?

 

Ойла­нып отыр­сам, тағы сұрақ туын­дай­ды: сол был­ты­рғы сәуір­де Макс пен Талғат­тың қасын­да бір­ге 7000-ға жуық болған халық қай­да қазір? Қаным қай­най­ды: сон­ша­ма 7000 адам осы екі батыр­ла­ры­мыз жазы­қ­сыз сот­та­лып жатқан­да үнсіз, ошақ қасын­да тығы­лып жатқан­дай көрін­ді… Әншей­ін, үйде оты­рып, Фейс­бук­та ғана сөз көтер­ген­ге мәз болып алған­быз. Билік пен бұқа­ра­ның ара­сы­на диа­лог орна­та алмай келе­міз. Сая­сат саx­на­сын­да жүріп, суын ішкен сая­сат­кер­лері­міз тек экран­ның арғы жағын­да әде­мі сөй­ле­умен шек­тел­ген шын­ды­қты мойындайық.

Менің бір бай­қаға­ным – қаза­қтар әлі құл­дық сана­дан арыл­маған. Бостан­дық пен Тәу­ел­сіздік­тің қады­рін түсін­бе­ген қазақ, енді мың Макс пен Талғат сияқты батыр­лар­ды ұстап қамап жат­са да немқұрай­лы қарай­тын бола­ды. Өйт­кені қазір қаза­қтың басым көп­шілі­гі елге, ұлтқа жаны ашы­ған намысты жігіт­тер­дің баста­ма­ла­рын жалға­сты­ра алмай келеді. Оның дәлелі – ұлтым деген жана­шыр аза­мат Жан­бо­лат Мамай­ды да құтқа­ра алмай, жазы­қ­сыз күй­гелі жатқа­нын көріп отыр­мыз. «Тәу­ел­сіздік» деген ұғым­ды біл­ме­ген қазақ ондай батыр­лар­дың қадірін қай­дан түсінсін!?

Ринат РАФХАТ

 

 

303-ші АВТОБУС

 

Бүгін экс­пе­ри­мент үшін, Қос­шы (Аста­на­ның маңы – Ред.) деген жер­ге 303-ші авто­бу­спен бар­дым. «Азия Парк» аял­да­ма­сы­нан Қос­шы­ға дей­ін 56 минут жүр­дім. Сон­да байқағаным:

 

1) Авто­бу­ста 99,999% қара­пай­ым, тұр­мысы орта­ша қазақтар.

2) Жол­дың бой­ын­да 4 басты аял­да­ма бар – «Green Village», «Лес­ная Поля­на», «Пери­зат» және «Қос­шы».

3) «Green Village» деген ми дала­ның орта­сын­да қор­шалған 20–25 кот­те­дж­дер. Авто­бус сол аял­да­маға кел­ген­де, ешкім түс­пе­ді, ешкім кір­меді. Яғни GV кот­тедж қала­шы­ғын­дағы­лар Аста­наға өз көлік­тері­мен барып келеді.

4) «Лес­ная Поля­на­да» авто­бу­стың 50% түсті. Бір-біріне ұқсаған 5 қабат­ты, 9 қабат­ты үйлер. Қаза­қтар көп шоғыр­ланған жер екені көз­ге байқалды.

5) «Пери­зат» деген дүкен­нің аты. Ол аял­да­ма­дан адам­дар аздау түсті. Пери­зат аял­да­ма­сын­да қым­бат зәулім сарай­лар салы­нған. Яғни, ол аймақта тұра­тын адам­дар да, Аста­наға (90%) өз көлі­гі­мен қатынайды.

6) Соңғы аял­да­ма Қос­шы­ның өзі бол­ды. Айна­ла ми дала. Кей­бір үйлер­де адам­дар тұрып жат­са, кей­бір жер­де құры­лыс бұрқы­рап жатыр. Авто­бу­стың қалған ада­мы сол жер­ден шығып, ары қарай тағы жаяу кетіп бара жатыр.

Тоқ етері: қазақ – кедей. Жол­шы­бай авто­бу­стағы адам­дар­дың көз­деріне қара­дым: тұр­мыстан шар­шаған­дық, ой-мұңға толы көз­дер. Кей­біре­улер қала­дан шар­шаған­нан, ұйы­қтап та қалды.

Анда-сан­да Әсет һәкім­ге (Исе­ке­шев – Ред.) айтқы­з­бай-ақ, қоғам­дық көлік­ке оты­рып, xалы­қтың шын бей­несін көр­ген пай­да­лы. Өз басым жұмысқа жаяу барып-келем, бірақ бүгін Қос­шы­ға өз-өзім­нен барғым келіп кетті.

Самат НҰРТАЗА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн