Суббота , 3 мая 2025

ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ әлемнің бел ортасында

 

Қаза­қстан арми­я­сы Global Firepower ұйы­мы жасаған әлем­дік рей­тинг­те 126 елдің ішін­де 66-орын алды.

 

Global Firepower мәлі­мет­терін­ше, Қаза­қстан­да әске­ри қыз­мет­ке жарам­ды 6 млн 438 мың 168 адам бар. Бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша Қаза­қстан 58-орын­да. Одан басқа, Қаза­қстан­да 110 мың әске­ри қыз­мет­кер (49-орын­да) және 378 мың резерв­те­гілері (24-орын), 300 танк (48-орын), 1 613 БТР (брон­далған транс­пор­тер­лар) (44-орын), 285 өзі жүретін артил­ле­ри­я­лық қон­ды­рғы (22-орын), 744 дана сүй­рет­пе­лі артил­ле­рия (18-орын), 393 дүр­кін­детіп ата­тын реак­тив­ті жүй­есі (12-орын) бар екен. Әрі Қаза­қстан­да 233 дана авиа­ци­я­лық әске­ри тех­ни­ка (41-орын) мен 15 дана жаға­ла­уды күзе­тетін кеме­лер (87-орын) бар.

Бұл рет­те Қаза­қстан­ның әске­ри бюд­жеті $2 млрд 435 млн, рей­тинг­те бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша елі­міз 59-орын­да тұр.

Рей­тинг­те­гі алға­шқы үш орын­да, сәй­кесін­ше, АҚШ, Ресей және Қытай орна­ласқан. Одан кей­ін Үндістан, Ұлы­бри­та­ния, Фран­ция мен Сол­түстік Корея келеді. Укра­и­на – 25-орын­да, Бела­русь – 45, Өзбек­стан – 54, Әзер­бай­жан – 63, Арме­ния – 74, Гру­зия –75, Қырғыз­стан –78, Тәжік­стан – 81, Түрк­мен­стан – 90-орында.

Соңғы үш орын­да Мали, Мозам­бик және Сома­ли орналасқан.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн