Вторник , 13 мая 2025

Қазақстан темір жолы арқылы МҰНАЙ ҚАЛАЙ ҰРЛАНАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Мәсе­ленің мәні

 


Бүгін­гі инже­нер, бұры­нғы «КГБ» мен қазір­гі «КНБ» капи­та­ны, ақтө­белік темір­жол­шы Алдаб­ер­ген Аймағам­бе­то­втен редак­ци­я­мы­зға хат кел­ген еді. Осы хат­тың жай-жап­са­рын тек­се­ру, оны газет­ке басуға дай­ын­дау бары­сын­да біраз сұрақтар туын­даған соң, Алдаб­ер­ген мыр­за­ны редак­ци­яға шақыр­дық. Ақтө­бе­де­гі мұнай ұрлы­ғы мен темір жол бой­ын­дағы былы­қтар тура­лы біраз мәсе­ленің жай-жап­са­рын өз аузы­нан естідік. Мем­ле­кет мүд­десін қорғау жолын­да жәбір көріп, жер­гілік­ті жер­де қуда­ла­у­ға түс­кен аза­мат жария етіп оты­рған жәйт­тер ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы мен Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті тара­пы­нан жіті тек­се­ру­ге алы­на­ды деген ойдамыз.

 

– Алдаб­ер­ген мыр­за, ең алды­мен сот пен оттың орта­сы­на түсуіңіз­ге себеп болған жағ­дай қалай басталға­нын айтсаңыз…

– Даудың басы мені заң­сыз жұмыстан шыға­ру­дан бастал­ды ғой. Кей­ін­нен 2011 жылы науры­зда сот­тың екін­ші саты­сын­дағы кас­са­ци­я­лық алқа­сы мені­мен еңбек шар­ты­ның бұзы­луы заңға қай­шы деп таны­ды. Бұры­нғы жұмысым – Ақтө­бе темір жол бөлім­ше­сін­де­гі АСУ бөлі­мі басты­ғы қыз­метіне қай­та­дан орна­ла­стыр­ды. Бірақ сот­тың шеші­мі орын­далған жоқ. Мені­мен бұзы­лған еңбек шар­ты қай­та­дан жалғасқан жоқ. Себебі науры­здан кей­ін­гі шыққан 22 қыр­күй­ек айын­дағы шешім – алды­ңғы сот­тың шеші­мін өзгер­тіп жібер­ген. Онда жұмыстың орны­на «қыз­мет­ке орна­ла­сты» деп, өңін айнал­ды­рып жібер­ген. Қыз­мет­ке орна­ласқан адам­мен еңбек шар­ты жасал­май­ды. Мені қыз­мет­ке орна­ла­стың деп, үшін­ші рет жұмыстан шыға­рып жібер­ді. Осы шешім­ді облыс әкі­мі қол­дап, Ақтө­бе про­ку­рор­ла­ры­ның ешқай­сысы наза­рға алмаған соң, Қаза­қстан­ның бас про­ку­ро­ры Жақып Аса­нов мыр­за­ға шағым жаз­дым. Сол кісі жағ­дай­ды түсініп, екі сот­тың: бірін­де –жұмысқа, екін­шісін­де – «қыз­мет­ке орна­ла­сты» деген шеші­мін көріп, облыс поку­ра­ту­ра­сы­на тап­сыр­ма беріп, ақы­ры 2017 жылы науры­здың 7‑сінде жәбір­ле­ну­ші болып таныл­дым. Сот­тың шеші­мі орын­дал­маға­ны аны­қтал­ды, қазір тер­геу жұмысы басталды.

– Сіздің бас про­ку­рор Аса­но­вқа дей­ін­гі қуда­ла­у­ға түсуіңіздің аста­рын­да қан­дай себеп барын ашып айта ала­сыз ба?

– Ең басты себеп – мұнай ұрлы­ғы. Біздің Ақтө­бе темір жол бөлім­ше­сін­де 2006 жыл­дың аяғы­нан бері Ресей­ден кел­ген мұнай жүгінің коды стан­ци­яда өзгер­тіліп, оны ком­по­зит жүгінің коды­на айнал­ды­рып, шетел­ге жөнел­те­ді. Бұл – жүк алушы, кеден мен стан­ция қыз­мет­кер­лерінің ара­сын­дағы үшжақты жаса­ла­тын әре­кет. Жүк­тің кодын өзгер­тіп, мұнай ұрла­у­шы­ларға сыбай­лас бола­тын – стан­ция бас­шы­лы­ғы. Міне, осы қыл­мысты мәсе­лені көтер­ген­нен бастап, қуда­ла­у­ға түстім.

– Демек, сіз­ге қаты­сты сот шешім­дерінің бұр­ма­ла­нуы­на мұнай ұрла­удың «май­тал­ман­да­ры» қаты­сты екен ғой…

– Әлбет­те, дәл солай! Мен – темір­жол­шы маман­мын, жол бой­ын­дағы жүк тасы­ма­лы қозға­лы­сы­ның бар­лық бүге-шігесін біле­мін. Сот­та менің мұнай ұрла­у­ға қаты­сты көтер­ген шуым­нан кей­ін, облы­стық про­ку­рор келіп, қыл­мыстық іс қозғап, іс қара­лып, үкім шықты. Бірақ мені ол іске куә­гер ретін­де қаты­стыр­ма­ды. Ол үкім­ді кей­ін тауып алдым: 80 бет­тік үкім­ге өзім ана­лиз жасап, кестесін түздім, Қаза­қстан темір жолы­ның аны­қтаға­нын сот­та қаралған іспен салы­стыр­дым. Екі жыл­да (2007–2008) 730 күн бар десек, сот өз шеші­мін­де 60 күн­ді ғана көр­сет­кен. Қалған 630 күн­де қол­ды болған мұнай тура­лы сөз жоқ. Мұнай ұрла­у­шы­лар 60 күн­де мем­ле­кет­ке 5,5 мил­ли­ард тең­ге мұнай­ға шығын кел­тір­се, қалған 630 күн­де­гі мұнай­дың қар­жы­сы кім­нің қал­та­сы­на түс­кен? Мем­ле­кет­ке 5,5 млрд тең­ге емес, кемін­де 100 млрд тең­ге залал кел­тіріл­ген деп есеп­тей­мін. Мұнай­дың кон­тра­бан­да­лық жол­мен елден шыға­ры­луы­на бай­ла­ны­сты кел­тіріл­ген шығын қан­дай қал­та­ларға кетіп жатыр?

Мәсе­лен, Қан­ды­ағаш стан­ци­я­сы бой­ын­ша, «КНПЗ-Трейд» және «Вер­нал-Ойл Казах­стан» ЖШС‑і жүк жөнел­ту­шілері 2007 жыл­дан бастап, 2008 жыл­ды қоса есеп­те­ген­де, «ком­по­зит жүк» деген код арқы­лы вагон-цистер­на­лар­мен шикі мұнай тасы­мал­даған. Ал «ком­по­зит жүк» пен мұнай­дың баға­сы ара­сын­да қан­дай айыр­ма­шы­лық барын есеп­теп көріңіз. Үш рет жүр­гізіл­ген тек­се­ру бары­сын­да Қан­ды­ағаш стан­ци­я­сы­нан 2007-08 жыл­дар ара­лы­ғын­да қоса есеп­те­ген­де, «ком­по­зит жүк­тің» коды соғы­лған вагон­дар­мен мың­даған тон­на шикі мұнай сырт елге жіберіл­гені анықталды.

– Сон­да «ком­по­зит жүк­тің» ішін­де не болуы керек?

– Дәл осы ара­дағы ком­по­зит жүк дегені­міз – өңде­уден өткен­нен кей­ін­гі мұнай­дың қал­ды­ғы. «Ком­по­зит» пен шикі мұнай­ды тасы­мал­дау тари­фы ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық жер мен көк­тей, мәсе­лен, бір вагон­дағы жүк­тің айыр­ма­сы – 47 мың тең­ге. Тасы­мал вагон­дарға «ком­по­зит­тің» орны­на шикі мұнай­дың тиел­генін темір жол бас­шы­лы­ғы біл­ме­уі мүм­кін емес.

– Ал шикі мұнай­ды ұрла­уды ақтө­белік лаң­кестер­ден құралған «ОПГ» ұйым­да­стыр­ды деген дақ­пырт шын­ды­ққа сая­ды деу­ге бола ма?

– Мәсе­ленің үсті­нен дөп түстіңіз! Қан­ды­аға­шқа жақын жер­де­гі Темір, Кеңқи­яқ, Шұбар­ши мен Ақтө­бе­де лаң­кест­ік оқиға болға­ны естеріңіз­де болар. Ол іс жабыл­ды деп жүр­ген­де, 2016 жылы мау­сым айын­да қан­да оқиға тағы да қай­та­лан­ды. Ара­сын­да бір ай өтпей жатып, шіл­де айын­да Кеңқи­яқтың қасын­дағы тоғай­да қару асы­нған сақал­ды­лар жер­гілік­ті тұрғын­дарға мал жай­ғы­з­бай­ты­ны, шөп шап­тыр­май­ты­ны, орман алқа­бын атыс алаңы­на айнал­ды­рған­да­ры жөнін­де «Диа­по­зон» газетін­де жазыл­ды. Мен Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бұры­нғы капи­та­ны­мын ғой: осы мәсе­лені қоры­тын­ды­лап, коми­тет­тің облы­стық депар­та­мен­тіне, ҰҚК-не жаз­дым. Мұнай ұрлы­ғы­ның ашыл­маға­нын, қол­ды болған ақша осы лаң­кестер­дің қолы­на түсті деген күді­гім­ді ашып айт­тым. Сол ары­здан кей­ін мені ҰҚК бас­шы­лы­ғы қабыл­да­ды: «Сырт­тан келетін ақшаға бақы­лау жасап, жолын жауып отыр­сыздар, сон­да елдің ішін­де, орманға тығы­лып, қару асы­нған­дар қыру­ар қар­жы­ны қай­дан алып отыр?» – деп, сұрағым­ды төтесі­нен қой­дым. Қалай болған­да да, осы қыл­мыстың бетін ашуға бел будым. Кей­ін­нен біраз істің беті ашы­лға­ны жөнін­де облы­стық газет­тер­де жария бол­ды. Ал осы жылғы ақпан­ның 26-сы күні коми­тет­тің қыз­мет­кер­лері мені тауып алып, осы іс бой­ын­ша куә­гер­лік­ке тарт­ты. Қолым­нан кел­ген­ше көмек­тесіп жатыр­мын, менің жазған ары­зым­нан кей­ін де талай деректер­дің беті ашы­лған екен, тек­се­ру-аны­қтау істері жүр­гізіліп жатыр. Оның нәти­же­сін дер уақы­тын­да білетін бола­сыздар, тер­геу құпи­я­ла­ры­на бай­ла­ны­сты алдын ала айта алмаймын.

– Ал ұрланған мұнай­дан түсетін қыру­ар қар­жы қай­да кетіп жатыр ойлайсыз?

– Ұрланған мұнай­дан түс­кен қар­жы «тер­ро­рист-дін­шіл­дер­дің» қолы­на түс­кеніне күмәнім жоқ. Мұнай ұрлы­ғы Ресей­мен тығыз бай­ла­ны­сты. Өйт­кені мұнай тиел­ген вагон­дар Ресей­ден Қаза­қстанға келеді. Мұн­да жүк­тің коды «ком­по­зит­тік­ке» өзгер­тіліп, кері қарай экс­пор­тқа-мыс жөнел­тіледі. Мұнай вагон­да­ры­ның Қаза­қстан арқы­лы шетел­ге жөнел­ті­лу себебі – Ресей­де экс­порт­талған мұнай­дың әр тон­на­сы­на 276 дол­лар­дан төле­нуі керек. Ал Қаза­қстан­да сыр­тқа шыға­ры­ла­тын мұнай­ға қосым­ша құн салы­ғы жоқ.

– Сіз жәбір­ле­ну­ші ретін­де тар­ты­лған тер­геу ісі ақыр соңын­да сізді қай­та­дан жұмысқа алу мәсе­лесін шешеді деп ойлай­сыз ба?

– Мәсе­ленің қызы­ғы да осы болып тұр. Менің осы іске қаты­сты шағы­мым­ды про­ку­ра­ту­ра ҰҚК-не бер­мей жатыр – түр­лі тосқа­уыл­дар қою­да. Коми­тет өзді­гі­нен ол істі өз қара­уы­на ала алмай­ды – про­це­ду­ра­лық тәр­тібі солай. Бұған елдің Бас про­ку­ра­ту­ра­сы рұқ­сат беруі тиіс.

Енді менің ісім­ді қарап, заң­сыз шешім шығарған екі судья­ның қыз­мет­теріне сәй­кест­і­гі жөнін­де мәсе­ле қара­уға қаты­сты науры­здың 2‑сінде пре­зи­дент­ке арыз жаз­дым. Сол ары­зым­ның ішін­де мем­ле­кет­ке шығын кел­тір­ген мұнай ұрлы­ғы жөнін­де­гі қыл­мыстық іс біре­се ашы­лып, біре­се жабы­лып жатқа­нын да жаз­дым. Сол істі ҰҚК-не беру жөнін­де­гі ұсы­ны­сым­ды да ұмыт қал­ды­рған жоқ­пын. Әзір­ге менің ісім про­ку­ра­ту­ра­дан шыға алмай тұр.

– Өзіңіздің жеке басы­ңы­зға қоқан-лоққы жасап жүр­ген­дер бар ма?

– Онсыз бола ма? (Күл­ді). Облы­стық БАҚ бет­теріне шыққан екі мақа­ла­дан кей­ін, темір жол­дың Ізғұ­лов деген бір бас­шы­сы Аста­на­дан арнайы ұшып кел­ді. Мені­мен сый­ла­са­тын ақсақал­дарға түні бойы хабар­ла­сып: «Қай­та-қай­та жазуын қой­ма­ды, ақша керек шығар, сөй­лесіңіз­дер­ші», – деп өтініш жасап­ты. Сол кез­де­су­ге барған екі аға­мыз менің тамы­рым­ды басты. «Аға­лар, мен сіз­дер­ді сый­лай­мын, Ізғұ­лов ақша деген әңгі­мені бекер айтып оты­рған жоқ – күні ертең менің өзім ұста­лып кетуім мүм­кін, ара­лас­паңы­здар, өзім бастаған істі аяғы­на дей­ін жет­кі­зе­мін», – дедім. Ақсақал­дың біре­уі айтып­ты: «Алдаб­ер­ген­нің жазға­ны орын­ды, стан­ция аумағы­на кіретін жер­лер мен темір жол тар­мағы заң­сыз жеке­ше­лен­генін елдің бәрі біледі, ол айтқа­ны­нан қайт­пай­ды, әуре бол­маң­дар», – депті.

Ал жеке басы­ма кел­сем, ұлым жақ­сы бір фир­ма­да атқа­ру­шы дирек­тор еді – жұмысы­нан шыға­рып жібер­ді. Өзім­нің ден­са­улы­ғы­ма зиян кел­ді: екі рет инфаркт алдым. Бір жыл азап шегіп, «мәде­ни конц­ла­герь­де» оты­рған­дай, ештеңе істе­мей оты­рып қал­дым. Маңай­ым­да жүр­ген жора-жол­да­стың бәрі менен қашты. Деген­мен, әділет­тің ауы­лы­на жететін күн жақын қалға­ны­на сене­мін. Себебі бас про­ку­рор Жақып Аса­но­втың өзі менің мәсе­ле­ме оң көзі­мен қара­ды. Жақып мыр­за­ға сіз­дер­дің газет­теріңіз арқы­лы аға­лық алғы­сым­ды біл­дір­гім келеді. Әділет­ті жол­дан тай­ма­са екен дей­мін. Алты жылғы арпа­лы­стың соңы оңды бола­ды деп сен­гім келеді. Жұмысқа қай­та орна­ла­сты­ру тура­лы сот шеші­мі орын­дал­маған кез­де жәбір­ле­ну­шінің, яғни менің ары­зым бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық іс тек қана меди­а­ци­я­лық тәр­тіп­пен тоқта­ты­ла­ды неме­се сот­тың үкі­мі­мен кінәлілер жау­а­пқа тартылады.

– Ал егер екін­ші тарап сіз­ден кешірім сұрап келіп жат­са ше?

– Егер кешірім сұрап, менің шығын­да­рым­ды өтеп жат­са, олар­ды жаза­ла­тып, бала-шаға­сын аңы­ра­тып қай­тем? Басым аман, бауы­рым бүтін. Менің мақ­са­тым – келе­шек­те әділет қуған ел аза­мат­та­ры мен сияқты заң­сызды­қтың құр­ба­ны бол­ма­са екен деймін.

Ал мем­ле­кет­тің бай­лы­ғы – мұнай­ы­мыз қол­ды болып, оның қар­жы­сы жол торы­ған қарақ­шы­ның уысын­да кет­пе­уі үшін, қолы­ман кел­ген­ше тер­геу-тек­се­ру амал­да­ры­на көмектесем.

– Енде­ше іске сәт, Алдаб­ер­ген мырза!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн