Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКІЛ ҚОҒАМДЫҚ АКАДЕМИЯ КІМГЕ КЕРЕК?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

Күн тақы­ры­бы­на

 


 

Келе­шек­те еге­мен елі­міздің дамы­ған 30 елдің қата­ры­на қосы­луы ада­ми капи­талға, ғылым­ның дамуы­на, ғалым­да­ры­мы­здың білік­тілі­гіне, дүние жүзіне таны­луы­на бай­ла­ны­сты. «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша шетел­де оқып, білім алған, соңғы жыл­дар біраз маман­ды­қтар бой­ын­ша маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­ра­ны бітіріп жатқан жастар жет­кілік­ті, бірақ олар­дың көп­шілі­гі ғылы­ми меке­ме­лер­ге бар­май­ды. Оның басты себебі – бүгін­гі таң­да ғылым­ның қал­дық қағи­да­мен қар­жы­лан­ды­ры­луы, ғалым­дар­дың жалақы­сы төмен, жағ­дайы мүшкіл.

Эко­но­ми­ка­лық тоқы­рау, тең­генің құн­сызда­нуы­на, жап­пай жұмыс­сызды­ққа қара­ма­стан (өзіне-өзі жұмыс беріп оты­рған­дар­ды қоса есеп­те­сек, тұрақты жұмысы жоқтар саны 2,5 млнға жететін көрі­неді), әлем­дік дең­гей­де нешетүр­лі шара­лар өткізу­ге әбден машы­қта­нып алдық емес пе? Жақын­да Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы алыс және жақын шетел­дер­ден біраз қонақтар шақы­рып, өзінің 70 жыл­дық мерей­той­ын атап өтті. Бірақ той сыр­тын­да Қаза­қстан ғылы­мы­ның қор­да­ланған тау-тау про­бле­ма­сы ата­у­сыз қалды.

Өзін-өзі тара­тып, кей­ін қай­та­дан «сай­ла­на­тын», шыны­на кел­сек, тізім­мен тағай­ын­да­ла­тын пар­ла­мент депу­тат­та­ры сияқты бір­не­ше ака­де­ми­к­тер­дің ел пре­зи­ден­ті аты­на жазған өтіні­ші бой­ын­ша, Ғылым ака­де­ми­я­сы тара­ты­лып, 2003 жылы оның орны­на қоғам­дық Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы (ҰҒА) құрылды.

Ал ғылы­ми бағ­дар­ла­ма­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру, олар­дың орын­да­луын бақы­лау – ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне (БжҒМ) жүк­тел­ді. Бұры­нғы Кеңес Одағы рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның ішін­де мұн­дай қада­мға барған тек Қаза­қстан бол­ды. Алып дер­жа­ва – Ресей­ді былай қой­ған­да, көр­шілері­міз Өзбек­стан, Қырғыз­стан мен Тәжік­стан, тіп­тен Түрк­ме­ния да Ғылым ака­де­ми­я­ла­рын сақтап қалды.

КСРО Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның фили­а­лы негізін­де 1946 жылы құры­лған рес­пуб­ли­ка Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның құра­мын­да 14 ака­де­мик пен 16 мүше-кор­ре­спон­дент бол­са, қазір бірін­шісінің саны 135-ке жетіп­ті, екін­шілері – 102. Елі­міз еге­мен­дік алған­нан кей­ін ҰҒА бала­ма­лы негіз­де толы­ққан­ды сай­лау жүр­гіз­ген жоқ, ака­де­ми­к­тер­дің көбінің жасы 70–80 ара­лы­ғын­да, тіп­тен 90-нан асқан­да­ры да бар.

Еге­мен­дік алған алға­шқы жыл­да­ры ауыл шару­а­шы­лық және т.б. ғылым сала­ла­ры бой­ын­ша док­тор атағы бар­лар­дың көп­шілі­гі сала­лық ака­де­ми­я­лар­дың, мәсе­лен, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, меди­ци­на ака­де­ми­гі неме­се мүше-кор­ре­спон­ден­ті болып сай­лан­ды. Олар 2003 жылы ҰҒА-ның пре­зи­ден­ті болып сай­ланған Мұрат Жұры­но­втың бұй­ры­ғы­мен ака­де­ми­к­тер неме­се мүше-кор­ре­спон­дент­тер бола қалды.

 

Қар­жы­лан­ды­ру­дағы қиянат

 

Еге­мен­дік­тің алға­шқы жыл­да­ры ғылым сала­сын­да орын алған қиын­шы­лы­қтар­ды эко­но­ми­ка­лық ауырт­па­лы­қтар және қар­жы тап­шы­лы­ғы­мен түсін­діру­ге болар еді. 2006 жылы елба­сы көбінің жасы 70-тің ар жақ-бер жағын­дағы ҰҒА ака­де­ми­к­тері­мен Алма­ты­да жиы­лыс өткізіп, ғылым сала­сын қар­жы­лан­ды­ру 25 есе­ге арта­ты­нын мәлім­де­ген еді. Сенері­мізді неме­се сен­бесі­мізді біл­мей, мүм­кін, сан­дар­дың ара­сы­на үтір қой­ыл­маған шығар деп, ел пре­зи­ден­тінің аузы­нан шыққан жақ­сы­лы­қтар­ды жары­са жария ететін мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры­на үңі­ле қарап, қате кет­пе­геніне көзі­міз жетіп, қуанған­нан бөр­кі­мізді аспанға атқан едік.

БжҒМ жари­я­ланған деректер бой­ын­ша (2013 ж.), соңғы жыл­да­ры 325 ғылы­ми меке­ме­лер­де 20 мыңға жуық маман­дар істеп жатыр екен. 2010 және 2011 жыл­да­ры зерт­теу жұмыста­рын қар­жы­лан­ды­руға 20 млрд-тан тең­ге бөлін­се, 2012 жылы оның көле­мі 2,5 есе артып, 50 млрд болып­ты. Бірақ бұл көр­сет­кіш Жал­пы Ішкі Өнім­нің (ЖІӨ) 0,15–0,21 пай­ы­зы­нан аспай­ды екен. 2015 жылы елба­сы ҰҒА-да өткен жина­лы­ста ғылым сала­сын қар­жы­лан­ды­ру ЖІӨ-нің 1,5 пай­ы­зы­на жет­кізілетінін тіл­ге тиек еткен еді. Бірақ 2016 жылы ғылым­ды қар­жы­лан­ды­руға 21,2 млрд тең­ге бөлініп, ЖІӨ-нің небәрі 0,076 пай­ы­зын құрапты.

Неге ғылым сала­сын қар­жы­лан­ды­ру сон­ша­ма құл­ды­рап кет­ті, мұны қалай түсін­діру­ге бола­ды? Батыс Еуро­па, Жапо­ния, АҚШ пен Кана­да сияқты эко­но­ми­ка­сы, білі­мі мен ғылы­мы дамы­ған елдер­де ғылым­ды қар­жы­лан­ды­ру мөл­шері ЖІӨ-нің 2–3 %-нан кем емес. ЮНЕСКО ақпа­ра­ты бой­ын­ша, оның халы­қа­ра­лық орта­ша дең­гейі – 1,7 пай­ы­зды құрай­ды. Ауыл шару­а­шы­лық ғылым­дар сала­сын қар­жы­лан­ды­руға 2010 жылы 2,800 млн тең­ге бөлін­се, 2013 жылы оның мөл­шері 3,502 млн тең­гені құрап­ты (19–23 млн АҚШ доллары).

Алы­сқа бар­май, осы көр­сет­кі­шті Түр­ки­я­мен салы­стыр­сақ, 2002 жылы аграр­лық сала­дағы ғылы­ми меке­ме­лер­дің зерт­теу жұмыста­ры­на бөлін­ген қар­жы 9,1 млн дол­лар бол­са, 2012 ж. 10 есе­ге жуық артып, 84,47 млн дол­ларға жеткен.

Жан басы­на шаққан­да елі­міз­де жылы­на ғылы­мға жұм­са­ла­тын шығын 14 АҚШ дол­ла­ры­нан аспа­са, Ресей­де – 70, АҚШ-та – 892, Шве­ци­яда – 875, Фин­лян­ди­яда – 726 дол­ларға жете­ді екен. Еге­мен ел болға­ны­мы­зға ширек ғасыр толып, Аста­на мен Алма­ты­да дүни­е­жүзілік дең­гей­де дүріл­детіп нешетүр­лі шара­лар өткізіліп жатқан­да, мұны қалай түсін­діру­ге болады?

Фран­ция импе­ра­то­ры Напо­ле­он бір ауыр шай­қас алдын­да: «Ғалым­дар мен есек­тер­ді ортаға алы­ң­дар» деп сол­дат­тарға бұй­рық бер­ген көрі­неді. Сон­да әйгілі қол­бас­шы ғалым­дар­дың көме­гі­мен жауды жеңу­ге сеп­ті­гін тигі­зетінін, есек­тер қару-жарақты тасу үшін қажет екенін ескерт­кен. Шын­ды­ғы­на кел­сек, елі­міз еге­мен­дік алған­нан кей­ін, ғылым сала­сы мем­ле­кет­тің нағыз өгей бала­сы­на айналды.

Ғылы­ми жұмыстар қал­дық қағи­да­мен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бол­ды, ғылы­ми қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы төмен, сон­ды­қтан ғылы­мға дарын­ды жастар келе қой­май­ды. Кеңес Одағы кезін­де ғылы­ми меке­ме­лер­ді қар­жы­лан­ды­ру қаңтар айы­нан баста­лып, қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы кешік­тіріл­мей, айы­на екі рет беріліп отыр­са, еге­мен ел болған­нан бері ғылым сала­сын қар­жы­лан­ды­ру­ды екін­ші тоқ­сан­нан бастау әдет­ке айнал­ды, қыз­мет­кер­лер­ге арыз жаз­ды­рып, 2–3 айға шара­сыз дема­лы­сқа жібереді.

 

Ғылы­мға жастар неге келмейді?

 

Бұрын Ауыл шару­а­шы­лық ака­де­ми­я­сы­ның ғылы­ми-зерт­теу меке­ме­леріне мем­ле­кет бюд­жеті­нен арнайы қар­жы бөлініп, көп қабат­ты тұрғын үйлер, жеке кот­те­дж­дер салы­на­тын. Мен 1966 жылы Қазақ өсім­дік қорғау ҒЗИ-на қыз­мет­ке орна­ла­стым: жар­ты жыл өтпе­стен жаңа салы­нған үйден тегін екі бөл­мелі, 2 жыл­дан кей­ін 3 бөл­мелі пәтер алдым, 3–4 жыл­дан кей­ін жеке кот­те­дж­дің кіл­ті берілді.

Бүгін­гі таң­да жас ғалым­дар үшін тұрғын үй мәсе­лесі үлкен түйт­кіл­ге айна­лып отыр, ипо­те­ка­мен алуға олар­дың жалақы­сы жет­пей­ді. Қазір аталған инсти­тут­та істей­тін 20-дан астам жас ғалым­дар­дың отба­сы­ла­ры осы­дан 60 жыл бұрын қабы­рға­сы қамыстан тұрғы­зы­лған, өрт шығу қатері жоға­ры жатақ­ха­на­да, кей­бір жас отба­сы­лар 2–3 бала­сы­мен бар-жоғы 15–20 шар­шы метр бөл­ме­де тұрып жатыр. Үлкен қала­ның түбін­де тұрып (қазір Науры­з­бай ауда­ны­на кір­ді), күн­делік­ті ішетін суы­ның өзін сырт­тан тасы­мал­дай­ды. Олар кезін­де мүлік иесі болып саналған «ҚазА­гро­Ин­но­ва­ция» қоға­мы­м­ен сот­та­сып жүріп, әрең деген­де бас­па­на­ла­рын жеке мен­шік­ке аудар­ды. Алма­ты қала­сы­ның түбін­де­гі инсти­тут­тың 20 гек­тар­дан аса жеміс аға­шта­ры мен жидек­тер оты­рғы­зы­лған, танап­тық тәжіри­бе­лер жүр­гі­зетін шұрай­лы жері облыс әкім­шілі­гі мен билік­те­гі шене­унек­тер­дің шеші­мі­мен талан-тара­жға түсіп, бір­де-бір қыз­мет­кер­ге тұрғын үй салуға жер телі­мі тимеді.

Кеңес Одағы кезін­де ең жоға­ры жалақы ала­тын­дар­дың бірі – ғылы­ми қыз­мет­кер­лер еді: ғылым док­то­ры – бөлім мең­ге­ру­шісінің айлық жалақы­сы 400–450 сом бол­ды. (Салы­сты­ру ретін­де – обл­ком­ның бірін­ші хат­шы­сы мен облат­ком төраға­сы, мини­стр­лер мен олар­дың орын­ба­сар­ла­ры­ның жалақы­сы 250–300 сом­нан аспай­тын). Қазір жас ғалым­дар­дың айлық жалақы­сы 50–60 мың, ғылым кан­ди­да­ты, аға ғылы­ми қыз­мет­кер­лер­дікі – 140–150 мың, ғылым док­то­ры атағы бар жетек­ші ғалым­дар­дікі – 180–200 мың тең­ге­ден аспай­ды. Кезін­де рес­пуб­ли­ка­ның Ғылым ака­де­ми­я­сын басқарған, көп жыл­дар Аграр­лық уни­вер­си­тет рек­то­ры қыз­метін атқа­рып, ауыл шару­а­шы­лы­ғын меха­ни­ка­лан­ды­ру және элек­тр­лен­ді­ру кешенін жеке­ше­лен­діріп, Биз­нес уни­вер­си­тетін ашқан, екі шақы­ры­лым бой­ын­ша пар­ла­мент депу­та­ты­на тағай­ын­далған Кен­жеға­ли Саға­ди­ев­тің еге­мен елі­міздің ғылы­мы­на жана­шыр­лық біл­діріп, жас ғалым­дарға қамқор­лық көр­се­ту мақ­са­тын­да нақты ұсы­ны­стар жасаға­нын есті­ген емеспін.

Зей­нет­кер­лік­ке шыққан ғалым­дар­дың зей­не­тақы­сы күл­кі туды­ра­ды. Мыса­лы, мен 2005 жылы 63-ке тол­дым, соңғы үш жыл­дағы орта­ша жалақым 100 мың тең­ге­ден аса­тын, соған қара­ма­стан № 1 тізім бой­ын­ша маған 10 487 тең­ге тағай­ын­да­лып, қосым­ша әле­умет­тік көмек ретін­де 3000 тең­ге қосы­лып­ты. Тең­генің ұдайы құн­сызда­нуы, азық-түлік пен көр­сетілетін қыз­мет­тер­дің қым­бат­та­уы­на бай­ла­ны­сты жыл сай­ын қосы­ла­тын пай­ыз арқа­сын­да қазір зей­не­тақым 87 мыңға жет­ті. Салы­стыр­сақ, Ішкі істер мини­стр­лі­гін­де под­пол­ков­ник неме­се пол­ков­ник шенін­де 50–55 жаста зей­нет­ке шыққан­дар­дың зей­не­тақы­сы 125–150 мың тең­ге­ден кем емес.

90-жыл­да­ры кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ция қорғаған көп­те­ген жас ғалым­дар жұмыс істе­у­ге жағ­дай жасай­тын, жалақы­сы жоға­ры шетел фир­ма­ла­ры неме­се кәсіп­кер­лік­пен айна­ла­са­тын меке­ме­лер­ге кет­ті. Сон­ды­қтан ғалым­дар­дың ара­сын­да орта буын (40–55 жастағы­лар) жоқ деу­ге бола­ды. Жалақы­сы мар­дым­сыз болған­ды­қтан, ғылым мен білім сала­сы­на бірен-саран бол­ма­са, талант­ты жастар келе қояды деп айту қиын.

 

Ғалым­дар­дың дең­гейі қандай?

 

Бәсе­ке­ге қабілет­ті дамы­ған мем­ле­кет болу үшін, біз сау­ат­ты­лы­ғы жоға­ры елге айна­луы­мыз керек, демек елде сау­ат­ты­лы­ғы жоға­ры маман­дар мен ғалым­дар болуы шарт. Біз ғалым­дар­дың саны жөні­нен Түр­ки­ядан кем түсе қой­мас­пыз. 2013 жылы БжҒМ жари­я­лаған ақпа­ратқа сәй­кес, 43 бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша зерт­теу жүр­гізіліп­ті, ғалым­дар 1868 ұсы­ны­сқа өнер­та­быст­ық куәлік алып­ты, басы­лым­дар­да 17 360 мақа­ла­лар жаря­ланған. Сол ақпа­рат­та Қаза­қстан ғалым­да­ры­ның жетістік­тері дүни­е­жүзілік дең­гей­де өте төмен екен­ді­гін сипаттай­тын мынан­дай деректер кел­тіріл­ген: Ғылым сала­сын­да істей­тін 17 мың ада­мға шама­мен 1–2 халы­қа­ра­лық патент келіп­ті; халы­қа­ра­лық басы­лым­дар­да жари­я­ланған жұмыстар 0,021 пай­ыз ғана. Салы­сты­ра алған­да, АҚШ ғалым­да­ры­ның көр­сет­кі­ші – 22%, Қытай­да – 10,2, Ресей­де – 2%- ға жуық, неме­се біз­ден 100 есе­дей жоға­ры. 2010 жыл өндіріс­ке ендіру­ге бар-жоғы 10 жаңа тех­но­ло­гия, 2011 жылы – 12 жаңа тех­но­ло­гия ұсынылған.

Осы ақпа­рат­тық тал­да­уда ғылым сала­сын­дағы тоқы­ра­удың негіз­гі себеп­тері де көр­сетіл­ген. Бірін­ші­ден, ғылы­мға аса көңіл бөлін­бей, оның жет­кілік­ті қар­жы­лан­ды­рыл­мауы. Екін­ші­ден, жастар ара­сын­да ғылы­мға деген құл­шы­ныс бол­мауы, осы­ған бай­ла­ны­сты ғылы­ми қыз­мет­кер­лер жасы­ның ұлға­юы. Үшін­ші­ден, жоғарғы оқу орын­да­ры мен ғылы­ми меке­ме­лер­дің ара­сын­да тығыз бай­ла­ны­стың бол­мауы, ғылы­ми жоба­ларға халы­қа­ра­лық сарап­та­ма­лар жасал­мауы. Төр­тін­ші­ден, ғылы­ми меке­ме­лер­де зама­на­уи құрал-жаб­ды­қтар­дың тап­шы­лы­ғы, жете білетін маман­дар­дың бол­мауы. 2010 жылы жаңа құрал-жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген зерт­ха­на­лар саны 7% бол­са, 2014–2015 жыл­да­ры бұл көр­сет­кі­шті 11,9–12,4%-ға көте­ру көзделген.

Біз­де ғылым кан­ди­дат­та­рын былай қой­ған­да, қан­ша­ма док­тор­лар, тіп­тен әртүр­лі ғылым сала­сын­дағы ака­де­ми­к­тер де жет­кілік­ті. Бірақ та мәсе­ле олар­дың санын­да емес – сапа­сын­да, білім дең­гей­ін­де. Өкініш­ке орай, сапа көп­шілік жағ­дай­да төмен. Еге­мен­дік жыл­да­ры көп­те­ген маман­ды­қтар бой­ын­ша ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры мен жоға­ры оқу орын­да­рын­да шағын дис­сер­та­ци­я­лық кеңе­стер ашыл­ды. Олар­дың төраға­сы меке­менің бас­шы­сы, мүше­лерінің көп­шілі­гі – қол астын­дағы қыз­мет­кер­лері, жет­пе­гені – көр­ші­міз Өзбек­стан мен Қырғыз­стан­нан шақы­рыл­ды. Осын­дай қал­та­дағы кеңе­стер не ана тілі­міз­де, не ұлта­ра­лық тіл­де 2–3 сөй­лем­ді сау­ат­ты жаза алмай­тын ғылым кан­ди­дат­та­рын былай қой­ған­да, қап­таған док­тор­лар­ды шығарды.

Соңғы жыл­да­ры ғылым мен білім орта­лы­қта­рын­да әртүр­лі дең­гей­де­гі халы­қа­ра­лық ғылы­ми-тәжіри­белік кон­фе­рен­ци­я­лар өткізіп, көле­мі 400–500 бет неме­се 30–40 бас­па табақ бола­тын үлкен жинақтар­ды шыға­ру­ды әдет­ке айнал­дыр­дық. Олар­да жари­я­ла­на­тын мақа­ла­лар көбі­не­се редак­ци­я­лан­бай, автор­лық нұсқа­да бас­паға жіберіледі. Өкініш­ке орай, біраз мақа­ла­лар бой­ын­ша алы­нған нәти­же­лер­дің ғылы­ми жаңа­лы­ғы, нақты­лы­ғы мен шынай­ы­лы­ғы күмән туды­ра­ды, қазақ неме­се орыс тілін­де сау­ат­сыз жазы­ла­ды, мәтінін былай қой­ған­да, тақы­ры­бы­ның өзін­де грам­ма­ти­ка­лық және сти­ли­сти­ка­лық қате­лер өріп жүреді. Ауыл шару­а­шы­лық сала­сы бой­ын­ша шыға­тын «Вест­ник сель­ско­хо­зяй­ствен­ной нау­ки» мен «Жар­шы» жур­нал­да­ры­ның бірін­ші бетін­де ред­кол­ле­гия мүше­лері деп он шақты ғылым док­тор­ла­ры, тіп­тен ҰҒА ака­де­ми­к­терін тізіп қой­ған­мен, олар жари­я­ла­на­тын мақа­ла­лар­мен таны­сып, пікір жазып, кел­тіріл­ген деректер­дің шынай­ы­лы­ғын аны­қтап жатқан жоқ. Әсіре­се ана тілі­міз­де шыға­тын басы­лым­да өрес­кел кем­шілік­тер мен құры­лым­дық тұрғы­дан жіберіл­ген қате­лер орын алады.

Енді инно­ва­ци­я­лық патент­тер­ге кел­сек, оның саны ғылы­мға қосы­лған жаңа­лы­қты шынайы сипатта­май­ды. Бұл жай­лы Қазақ өсім­дік қорғау ҒЗИ-ның тәжіри­бесі­нен нақты біле­мін. Жыл басын­да инсти­тут дирек­то­ры әр бөлім мең­ге­ру­шісіне бәлен­ше патент ала­сың деп тап­сы­рыс беріп, оны тоқ­сан сай­ын қадаға­лай­тын. Соны­мен, осы­дан 15–20 жыл бұрын бел­гілі ұсы­ны­старға, тіп­тен шетел фир­ма­ла­ры­ның елі­міздің аумағын­да тір­кел­ген өсім­дік қорғау құрал­да­ры­на жылы­на 3–4 патент ала­тын­дар бол­ды. Инно­ва­ци­я­лық патент­тің жаңа­лы­ғын сарап­тай­тын зият­кер­лік меке­ме­ге кел­сек, олар үшін негіз­гі талап орын­дал­са болға­ны, әр патент үшін өтінім беру­ші ақша төлей­тін­дік­тен, неғұр­лым патент көп беріл­се, соғұр­лым меке­ме қазы­на­сы­на қар­жы көп түседі.

 

Енді­гі үміт кімде?

 

Уни­вер­си­тет түлек­терінің терең білі­мі мен маман­ды­ғы бой­ын­ша машы­ғы да шама­лы. Соңғы жыл­да­ры уни­вер­си­тет ғылы­мы­на көп көңіл бөлі­ну­де, ғылы­ми жоба дай­ын­даған қыз­мет­кер­леріне мем­ле­кет­тік грант бой­ын­ша басым­ды­лық беріледі. Бірақ та ҰҒА-ның 70 жыл­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты сөй­ле­ген сөзін­де елба­сы олар­дың инно­ва­ци­я­лық орта­лы­қтарға айнал­маға­нын мой­ын­дап­ты. Әль-Фара­би мен Назар­ба­ев атын­дағы уни­вер­си­тет­тер бол­ма­са, басқа­ла­рын­да ғылы­ми-зерт­теу жұмыста­ры­мен айна­лы­суға мүм­кін­дік шама­лы, арнайы зерт­ха­на­лар, құрал-жаб­ды­қтар, аграр­лық сала­дағы оқу орын­да­ры­на танап­тық тәжіри­бе­лер жүр­гі­зетін тұрақ­жай­лар жоқтың қасы.

Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этно­ло­гия инсти­ту­ты дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Нұр­лан Ағы­ба­ев­тың «Жас Алаш» газетінің тіл­шісіне бер­ген сұх­ба­тын­да уни­вер­си­тет ұста­зда­ры­ның оқу жүк­те­месі 800‑1000 сағатқа жететінін, олар­дың оқу-әдісте­мелік құрал­дар дай­ын­дау және басқа тап­сы­ры­стар­ды орын­да­удан қолы тимей­тіні көр­сетіліп­ті. Қай ұстаз бір-екі айлық еңбек дема­лы­сын­да ісса­парға барып, ғылы­ми жұмыспен айна­лы­са­ды, кіта­п­ха­на­да оты­рып, әде­би­ет көз­дері неме­се ғалам­тор жүй­есі арқы­лы әлем­дік ғылы­ми жетістік­тер­мен танысады?

Өкініш­ке орай, Қазақ аграр­лық уни­вер­си­тетін бітір­ген­дер­дің көп­шілі­гінің білі­мі таяз, тәжіри­белік машы­қта­ры жоқ. Соңғы жыл­да­ры маги­стра­ту­ра арқы­лы дай­ын­да­лып жатқан­дар­дың бірен-сара­ны бол­ма­са, білі­мін терең­детіп жатыр деп айта қою қиын. Олар­дың жетек­шісі көп­шілік жағ­дай­да білі­мі таяз кан­ди­дат­тық неме­се док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын әрең қорғаған ғалым-сымақтар.

Қоры­та кел­ген­де, келе­шек­те еге­мен елі­міз­де ғылым­ның дамуы, ғалым­да­ры­мы­здың дүние жүзіне таны­луы олар­дың білік­тілі­гіне, ғылы­ми меке­ме­лер­дің зама­на­уи құрал-жаб­ды­қтар­мен жаб­ды­қта­луы­на бай­ла­ны­сты. Ғылы­ми ақпа­рат­тар­дың көп­шілі­гі ағы­л­шын тілін­де жари­я­ла­на­ты­нын ескер­сек, оны жетік білу – бірін­ші мін­дет. Осы­ған бай­ла­ны­сты шетел­дер­де док­то­ран­ту­ра­да дай­ын­ды­қтан өтіп жатқан жастарға үлкен үміт арта­мыз. Олар­дың ғылым­мен айна­лы­суы үшін жағ­дай жаса­лу керек, ала­тын еңбе­кақы­ла­ры ірі ком­па­ни­я­ның қатар­дағы мене­джер­лері­нен кем бол­маға­ны жөн. Сон­да ғана ғылым сала­сын­да ілгерілеу бола­ды, ада­ми капи­тал жақ­са­ра­ды, біздің дамы­ған 30 елдің қата­ры­на қосы­лу мүм­кін­ді­гі­міз артады.

 

• Біздің аны­қта­ма: Про­фес­сор Мұрат Қой­шы­ба­ев 50 жыл­дан бері ғылым сала­сын­да, оның 49 жылын Қазақ өсім­дік­тер қорғау ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­тын­да еңбек еткен. 1993 жылы Санкт-Петер­бор қала­сын­да өсім­дік қорғау маман­ды­ғы бой­ын­ша док­тор­лық дис­сер­та­ция қорғаған. 350-ге жуық ғылы­ми еңбек­тері мен моно­гра­фи­я­ла­ры жарық көр­ді. Біраз жыл ауыл шару­а­шы­лық сала­сын­дағы CIMMYT (Center International Improvment ща maize and tritici) және ICARDA (International Center Agricultural of Dry Aries) халы­қа­ра­лық орта­лы­қта­ры­мен жұмыс жүр­гіз­ген. 2015 жылы АҚШ-тың Кор­нель Уни­вер­си­тетінің ресми шақы­руы­мен BGRI (Borlaug grup of Rust Initative) бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша Австра­ли­я­ның Сид­ней қала­сын­да өткен бидай­дың тат ауру­ла­ры жай­лы бес құр­лық ғалым­да­ры­ның бірі ретін­де халы­қа­ра­лық фору­мға қатысқан.

 

 

Мұрат ҚОЙШЫБАЕВ,

ауыл шару­а­шы­лық

ғылым­да­ры­ның

док­то­ры, профессор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн