Воскресенье , 6 июля 2025

Қазақстанда 360 ауылдың АТЫ ӨШЕ МЕ?

 

«Қаза­қстан­да 6 мың­дай ауыл­дық елді-мекен­нің 6 пай­ы­зға жуы­ғы эко­но­ми­ка­лық әле­уеті төмен әкім­шілік бір­лік­ке жата­ды» деп мәлім­деді ҚР ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму вице-мини­стрі Дәу­лет Арған­ды­қов өткен бей­сен­бі­де­гі брифингте.

«…Біздің елде 6 мың­дай елді-мекен бар және соның 6%-ы бел­гілі бір әдісте­ме бой­ын­ша әле­уеті төмен­ге (елді-мекен­ге – Қаз­ТАГ) жата­ды… Және ондай жер­лер­ге салық төле­ушінің қар­жы­сы есебі­нен ауру­ха­на, ОДА (отба­сы­лық-дәрі­гер­лік амбу­ла­то­рия) салу орын­сыз. Бұл жағ­дай­дан шығу­дың бір ғана жолы бар – көшу, басқа жаққа көші­ру, яғни еңбек нары­ғы, жұмыс орын­да­ры бар жаққа қарай көшу», – деп атап өтті Д. Арғандықов.

Бұл рет­те, оның ақпа­рын­ша, «Жұмыспен қам­ту жол кар­та­сы-2020» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­руға 2015 жылы 37,3 млрд тең­ге жұм­са­ла­ды, ал 2014 жылы ол Т94,3 млрд бола­тын, 2013 жылы – Т102,9 млрд, 2012 жылы – Т57,6 млрд.

Бірақ жел­ге ұшқан бұл қыру­ар қар­жы ауыл­дың жағ­дай­ын жақ­сарт­паға­ны бар қаза­ққа мәлім. Енде­ше ауыл­ды аман алып қалу үшін, бірін­ші кезек­те қар­жы емес, елде­гі сая­си және эко­но­ми­ка­лық жүй­енің бет-әлпе­тін өзгер­ту керек шығар.

Елдос АУЫЛБАЛАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн