Понедельник , 7 июля 2025

ҚАЗАҚСТАНДА АЭС ҚАШАН САЛЫНАТЫНЫ Нұрлан Қаппаровтың қазасынан КЕЙІН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Қаза­қстан­да атом электр стан­си­а­сын (АЭС) салу тура­лы келісім­ге 2015 жыл­дың І‑ші жар­ты­жыл­ды­ғын­да қол қою жос­пар­ла­ну­да», деп хабар­лай­ды Қаз­ТАГ Қаза­қстан­дағы «Роса­том» мем­кор­по­ра­ци­я­сы­ның өкілі Вита­лий Рябо­втің сөзіне сіл­те­ме жасап.

«Қазір сол келісім­нің егжей-тег­жейі пысы­қта­лу­да, үйле­сті­ру жүріп жатыр, келісім­шар­тты оңай жасау үшін қазір негіз­гі келісім мұқи­ят пысы­қта­луы керек. Біз қазір Ресей­де ведом­ство­ара­лық үйле­стіру­ден өттік…», – деген екен сей­сен­бі күні В. Рябов KazAtomExpo көр­месінің ашылуында.

Иә, Қаза­қстан­да АЭС салы­на­ды деген әңгі­ме соңғы 10 жыл­дың көле­мін­де айты­лып келеді. Енді бұл атом стан­са­сы жалаң сөз­ден нақты жағ­дай­ға айна­ла­тын түрі бар: тағы сол Рябов деген ресей­лік­тің айтуы­на қараған­да, оның бірі – Кур­ча­тов, екін­шісі – Балқаш қала­сы­ның маңын­да салы­на­тын болыпты.

Тіп­ті, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да мега-жоба­лар­ды тоқта­та тұру керек деген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жуы­қтағы тиым салуы­на қара­май, сол Рябов: «Биы­лғы бірін­ші жар­ты­жыл­ды­қта келісім­ге қол қой­ы­лар деп ойлай­мын» – деп, қаза­қстан­дық тара­пқа ескер­ту жасаған сыңай біл­діреді. Себебі, оның сөзіне қараған­да, «Роса­том» келісім­ге қол қою мәсе­лесі 2014 жыл соңы­на дей­ін шешілуі тиіс еді дейді.

Елдің эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ы­на тіке­лей кері әсер етер қатері күшті атом стан­са­сын салу – халы­қтың ырқы­нан тыс шешіл­ме­уі тиіс мәсе­ле бол­са керек. Ал жер иесі – қазақ халқы, тіп­ті бұл аждаһа құры­лы­стың қашан және қай ел сала­ты­ны жөні­нен бүгін­ге дей­ін бей­ха­бар болған еді. Енді міне, «Қаза­том­пром» кор­па­ра­ци­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Нұр­лан Қап­па­ров кенет­тен қай­тыс болған соң, Ресей Қаза­қстан­да АЭС салу мәсе­лесін шеше салға­ны тағы да күдік­ті ойларға жетелейді…

Сырым ДАТОВ.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн