Суббота , 5 июля 2025

Қазақстанда қанша ЖҰМЫССЫЗ БАР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

 

 

Кеше Ста­ти­сти­ка коми­теті Қаза­қстан­да 2015 жыл­дың қаңтар-қазан айла­ры ара­лы­ғын­да жұмыс­сыздар саны 441 мың адам­нан асты, деп хабар­ла­ды. Коми­тет­тің осы жылғы он айдағы мәлі­мет­тері бой­ын­ша, жұмыс­сыздық дең­гейі еңбек­ке жарам­ды халық саны­ның 4,9 пай­ы­зы болған екен.

 

Осы ресми ақпа­ратқа сену­ге бола ма? Мәсе­лен, бире­сми салы­сты­ру­лар жасау үшін, Қаза­қстан халқы­ның 50 пай­ы­зға жуы­ғы тұра­тын ауыл­ды алып қарай­ық. Ауыл­да бүгін­де мек­теп­тен басқа жұмыс беру­ші орын жоқ. Орта­ша мек­теп­тің мұғалім­дер кон­тин­ген­ті тех­ни­ка­лық қыз­мет­шілер­ді қосқан­да 40–50 адам­нан аспайды.

Ал орта­ша есеп­пен 3 мың халық тұра­тын ауыл­дың тең жар­ты­сы еңбек­ке жарам­ды деген­де, құры­ған­да бір мың адам күрек ұстай ала­ды деген сөз. Сон­да ауыл­дағы 40–50 мұғалім бір мың жұмыс­сыздың қай жыр­ты­ғын жамайды?

Тіп­ті ауыл әкім­ді­гін­де 3–4 адам жұмыс істе­се, дәрі­гер­лік амбу­ла­то­ри­яда 5–6 дәрі­гер бол­са, тағы да жал­пы жиы­ны он шақты адам сан­тех­ник, элек­трик, мұрап, бай­ла­ныс­шы болып жүр дей­ік. Осы­лар­ды мұғалім­дер­ге қоса құрап-сұраған­да, ауыл­да жұмысты болу бақы­ты­на ие болған­дар­дың саны 100 ада­мға жет­пей­ді. Енде­ше қалған 900 жұмысқа жарам­ды адам жұмыс­сыздар­дың қан­ша пай­ы­зын құра­мақ? Есеп­те­удің ең оңай жолы – жұмысты халы­қтың пай­ы­зын шыға­ру: ол – 10 пай­ыз! Қалған 90 пай­ы­зы – жұмыссыздар.

Ал енді Қаза­қстан ауыл­да­ры бой­ын­ша осын­дай қара­пай­ым жал­пы көр­сет­кі­шті қала халқы­на шағып жібе­рер бол­сақ, елде­гі жұмыс­сыздар мөл­шері 25 пай­ы­здың маңын­да болып шық­пай ма?

Әлбет­те, дәл осы доғал дерекке дау айтар адам табы­ла­ды: «Өз күнін өзі көр­ген халы­қты қай қиса­пқа қоса­сыз?» – дей­тін. Оны да есеп­теп көрейік.

Тағы да сол ресми ста­ти­сти­ка­лық ақпа­рат бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 2,7–2,8 мил­ли­он мөл­шер­де «өз күнін өзі көр­ген» халық бар. Бұл жал­пы халы­қтың – 15, ал еңбек­ке жарам­ды­лар­дың – 30 пайызы.

Осы 30 пай­ы­здың тең жары­мы­на жуы­ғы (1,4 мил­ли­он адам­ның маңы) – азын-аулақ малы мен егістік жері бар шару­а­лар. Олар­да ай сай­ын алып тұра­тын тұрақты жалақы жоқ. Малы семір­ген­де, егіні піс­кен­де – соны сатып, аузы аз-маз аққа жари­тын «күн көру­шілер». Ал қазір­гі ресей­лік және бело­рустік азық-түлік­тің қаза­қстан­дық нары­ққа жап­пай экс­пан­сия жасау жағ­дай­ын­да ол шару­а­лар өндір­ген ет пен егін қара бақыр­лық құны жоқ күй­ге түсті. Енде­ше осы 1,4 мил­ли­он адам­ның ара­сын­да «өз күнін өзі көру­шілер» көп бол­ма­са керек.

Ал еңбек­ке жарам­ды халы­қтың қалған жар­ты­сы (ол да 1,5 мил­ли­он адам­ның төңіре­гі) – қала-дала­дағы базар сауда­гер­лері, базар-вок­зал­да арба сүй­ре­ушілер, 30–40 мың тең­гені тір­шілік санаған «охран­ник­тер», құры­лы­сқа қара­дай жал­данған жан­бағыл­дар. Сол 1,5 мил­ли­он­ның ара­сын­да «өз күнін өзі көреді» деген патент қолы­на зор­лы­қ­пен беріл­ген шеміш­ке мен бәліш сату­шы­лар бар.

Енді тағы бір қара­пай­ым есеп жасап көріңіз: базар біт­кен­нің жар­ты­сы жабыл­ды, қалған жар­ты­сын қым­бат­шы­лық қылқын­ды­рып, «сауда­гер» деген аты бар ағай­ы­нға тұрған орнын өтеу мұң бол­ды. Құры­лыс қаңта­рыл­ды. Сон­да 1,5 мил­ли­он «күнөл­ту­шінің» қан­ша­сы нан табар хал­де қала­ды деп ойлайсыз?

Егер «өз күнін өзі көр­ген» 3 мил­ли­онға жуық адам­ның үштен бірі құр патен­тін кеміріп қал­ды десек, тағы да 1 мил­ли­он адам жұмыс­сыздар арми­я­сын тол­ты­рға­ны сөз­сіз. Ресми тір­кел­ген жар­ты мил­ли­онға мына мил­ли­он­ды қос­саңыз, жұмыс­сыздар­дың ең төмен­гі мөл­шерін аны­қтай ала­сыз. Ал оның жоғарғы мөл­шері құры­ған­да 2 мил­ли­он­нан кем түс­пей­ді. Ал бұл – Қаза­қстан­дағы жұмысқа жарам­ды (10 мил­ли­он­ның маңы) халы­қтың 20 пай­ы­зы болып шыға кел­мей ме?

Енде­ше ресми ста­ти­сти­ка­ның санын­дағы 5 пай­ыз жұмыс­сыз 2 мил­ли­он халы­қтың қолы­на су құя алмай қалады…

 

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн