«Общественная позиция»
(проект «DAT» №37 (354) от 13 октября 2016 г.
Бұл екі арада
2016 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,7%-ға өсті, деп көрсетілген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында. Келтірілген көрсеткіштер – билік таратқан ресми дерек екенін ескеру қажет. Ал нарықтағы бағаның нақты жағдайын халықтың қалтасымен, базардың бағасымен, ел-жұрттың әлеуметтік жағдайымен салыстыру керек шығар.
Аталған мерзім аралығында баға жармаларға 45,7 пайыз, қантқа – 35,8%, кофе, шай және какаоға – 34,3%, май және тоң майға – 31%, нанға – 28,1%, кондитерлік өнімдерге – 23,2%, балық және теңіз өнімдеріне – 20,6%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 18,1%, макарон өнімдеріне – 18%, ұнға – 13,6%, жемістер мен көкөністерге – 12,8%, алкогольді ішімдіктерге – 11,6%, сүт өнімдеріне – 8,8%-ға жоғарылады.
Көрсетілген кезеңде ет және ет өнімдері бағасының ресми көрсеткіштегі өсімі 7,3 пайызға жеткен. Құс етіне баға деңгейі 16,1%, шұжық өнімдеріне – 8,8%, сиыр етіне – 6,2%, шошқа етіне – 3,6%, қой етіне – 3%, жылқы етіне – 2,4%-ға жоғары болды, деп хабарлайды статистика комитеті. Ал былтыр келісі 1200 теңге көлемінде болған жылқы еті биыл 1800–2000 теңгеге дейін өскенін ескеретін болсақ, базардағы нақты жағдайдағы бағаның өсімі 30 пайыздан кем түспегеніне көз жеткізуге болады.
Бұл екі арада Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы да едәуір қымбаттады. 2016 жылдың қыркүйегінде өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса алдыңғы аймен салыстырғанда 1,1%-ға қымбаттады, 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда –14,4%, деп көрсетілген статистика комитетінің хабарында.
Статақпарларға сәйкес, ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте баға өңдеу өнеркәсібінде – 15,2%, кен өндіру өнеркәсібінде 14,9%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға – 15,8%, өндірістік сипаттағы қызметтерге 2,8%-ға жоғарылады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндірушілер бағасы дизель отынына – 21,6%, металл кендеріне – 20,2%, табиғи газға – 18,3%, мұнайға – 15,6%, бензинге – 15,4%, мазутқа – 9,5%-ға жоғарылады, көмірге – 1,7%-ға төмендеді.
Бағаның мырышқа – 51,8%, ферроқорытпаларға – 47,3%, асыл металдарға – 39,6%, қара металдар илегіне – 38,8%, қорғасынға – 27,8%, алюминийге – 13,5%, мысқа – 9,9%-ға жоғарылауы тіркелді.