Суббота , 5 июля 2025

Қазақстанда еркектердің ОТЫЗ ПАЙЫЗЫ БЕЛСІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Қаза­қстан­да еркек­тер­дің жар­ты­сы­нан аста­мын­да эрек­тиль­ді дис­функ­ция бар. Ал 30 пай­ы­зы ұрпақ тара­туға мүл­дем жарам­сыз деп хабар­лай­ды КТК арнасы.

 

Уро­лог-маман­дар­дың дере­гі адам шошыр­лық. Еркек­тер­дің әйел­дер­ге қараған­да он жылға аз өмір сүруіне айтар­лы­қтай әсер ететін себеп­тер­дің бірі осы екен.клама 14

Ақ халат­ты­лар­дың айтуын­ша, тап осы жыны­стық қаты­нас мәсе­лесін­де ерлер­дің жағ­дайы мәз бол­май тұр екен. Жоға­ры­да аталған деректер­ден бөлек, тағы 45 пай­ы­зға жуы­ғы жыны­стық жол­мен тара­ла­тын түр­лі жұқ­па­лы ауру­ларға шал­ды­ққан. Сон­дай-ақ иммун тап­шы­лы­ғы виру­сы, СПИД диа­гноз­да­ры­мен есеп­те тұрған ерлер­дің саны әйел­дер­ге қараған­да екі есе көп.

Елі­міздің 14 облы­сы­на сарап­та­ма жасаған маман­дар осын­дай нәти­же­лер­ге тап болып­ты. Соның сал­да­ры­нан еркек­тер өміріне қауіп төн­діретін жүрек-қан тамыр­ла­ры ауруы­на, қант диа­бетіне, семіздік­ке тап бола­ды дей­ді дәрігерлер.

«Ерлер­дің ден­са­улы­ғы тек Қаза­қстан­да ғана емес, дүние жүзін­де ойдағы­дай емес. Себебі дәрі­гер­ге үш есе кем бара­ды, Қаза­қстан­да ерлер­дің өмір сүруі әйел­дер­ге қараған­да он жылға кем. Бар­лық облы­ста ерлер ден­са­улы­ғы деген орта­лық ашыл­ды. 195 мың еркек сол орта­лы­қтан бүгін тек­сері­стен өтті», – дей­ді меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Мыр­за­кәрім Алшынбаев.

Nur.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн