Суббота , 12 июля 2025

ҚАЗАҚСТАНДА мектептер салу ТОҚТАТЫЛАДЫ

Қаза­қстан­да әзір­ге мек­теп­тер­ді жап­пай салу тоқта­ты­ла тұра­ды, деп хабар­ла­ды ҚР пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Бер­ді­бек Сапарбаев.

«Бар­лы­ғы­ңы­зға бел­гілі, биы­лғы бюд­жет әлем­дік эко­но­ми­ка­дағы қиын жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты қысқар­тыл­ды. Алай­да бұл әле­умет­тік жоба­ларға әсер етпей­ді. Десек те, әзір­ге жаңа мек­теп­тер құры­лы­сын тоқта­та тұра­мыз», – деді Б. Сапар­ба­ев өткен бей­сен­бі­де Аты­рау облы­сы­на барған жұмыс сапа­ры барысында.

«Бұл мен атап өткен­дей, үш ауы­сым­да оқи­тын және апат­ты жағ­дай­да тұрған мек­теп­тер­ге әсер етпей­ді. Егер эко­но­ми­ка­лық жағ­дай дұры­ста­ла­тын бол­са, біз келесі жыл­дан бастап, біз­ге жетіс­пей­тін мек­теп­тер­дің құры­лы­сын жаңғыр­та­мыз», – деді ол.

«Алдағы үш жыл­да біз аз деген­де 77 мек­теп пен 27 бала­бақ­ша салуы­мыз керек. Бұл үша­уы­сым­ды және апат­ты мек­теп­тер­ді жою үшін жүр­гізіледі. «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сын­да осын­дай мін­дет қой­ы­лған, үш жыл ішін­де бұл мәсе­ле шеші­мін табуы керек. Осы мақ­сатқа қосым­ша қара­жат бөлін­ген», – деді Б. Сапарбаев.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн