Суббота , 5 июля 2025

Қазақстанда оппозициядан кейін, ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПОДАҚТЫҚҰРТУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 


 

Human Rights Watch (HRW) халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйы­мы Қаза­қстан билі­гін Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын (ТКК) жою­ды көз­дей­тін заң­дық про­це­ду­ра­лар­ды тоқта­туға шақыр­ды. Құқық қорға­у­шы­лар Шым­кент­тің эко­но­ми­ка­лық соты 5 жел­тоқ­сан­да Қаза­қстан Әділет мини­стр­лі­гінің ТКК-ге қар­сы шағы­мын қара­уға кіріс­кенін айта­ды. Құқық қорға­у­шы­лар­дың кеше таратқан мәлім­де­месін­де Қаза­қстан­дағы өнер­кәсіп сала­сы жұмыс­шы­ла­ры­ның өзге кәсі­по­дақта­ры­на да жой­ы­лу қау­пі төніп тұрға­ны айтылады.

 

Human Rights Watch-тың Еуро­па және Орта­лық Азия бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша дирек­то­ры Хью Уильям­сон Қаза­қстан халы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­леріне сай жұмыс­шы­лар­дың ерік­ті түр­де бірі­гуіне рұқ­сат беруі тиіс дей­ді. Құқық қорға­у­шы­лар меди­ци­на­лық жұмыс­шы­лар, көмір өндіру­шілер және басқа да сала­лар қыз­мет­кер­лерін бірік­тіретін ТКК мен оның фили­ал­да­рын жою – кон­фе­де­ра­ци­я­ны Қаза­қстан­да 2014 жыл­дан күшіне енген Кәсі­по­дақ тура­лы заңға сай Әділет мини­стр­лі­гін­де тір­ке­у­ге қою әре­кет­тері­нен соң жаса­лып отыр дейді. 

Заң­да кәсі­по­дақтар­ды тір­кеу талап­та­ры күшей­ген және ол кәсі­по­дақтар қыз­меті тура­лы халы­қа­ра­лық заң талап­та­ры­на қай­шы келеді. «Қаза­қстан кәсі­по­дақтар­ды үкі­мет емес, жұмыс­шы­лар құра­ты­нын және ол жұмыс­шы­лар құқы­ғын қорғау үшін қыз­мет ететінін есте ұста­уы тиіс. Қаза­қстан билі­гі кәсі­по­дақтар­ды қауіп көзі емес, ел дамуын­да үлкен рөл атқа­ра ала­тын маңы­зды инсти­тут ретін­де көруі тиіс», – дей­ді Уильямсон.

Өткен айда HRW баян­да­ма­сын жари­я­лап, Қаза­қстан­ды жұмыс­шы­лар құқы­ғын, оның ішін­де жина­лу, бірі­гу және ере­уіл өткі­зу құқы­ғын бұзып отыр деп айып­таған. Құқық қорға­у­шы­лар Еңбек кодексі мен Кәсі­по­дақ тура­лы заң­ды халы­қа­ра­лық талап­тарға сәй­кестен­діру­ге шақырады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн