Пятница , 4 июля 2025

Қазақстандық банктерді ЖАҢА ЖЫЛДА ҚАНДАЙ қиындықтар күтіп тұр?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

Жоралғы

 


 

Қаза­қстан­дық банк­тер­дің несие беру­де­гі тым төмен­гі көр­сет­кі­ші жаңа жылға жағым­ды болжам жаса­уға негіз бер­мей­ді. Бұл көр­сет­кіш жағы­нан өтіп бара жатқан жыл был­ты­рғы­дан да нашар және соңғы 10 жыл­дағы ең төмен болуы әбден мүм­кін. Бірақ Ұлт­тық банк­тің моне­тар­лық сая­сат­ты жұм­сар­ту үрдісі келесі жылы жағ­дай жақ­са­ра ма деген үміт ұяла­та­ды. Деген­мен, осы ара­лы­қта банк­тер жаңа про­бле­ма­ларға ұры­нуы мүмкін.

 

Банк­тер­дің эко­но­ми­ка­ны неси­е­лен­ді­ру қарқы­ны­ның өсу келе­ше­гі үлкен күмән туды­ра­ды, ал про­бле­ма­лық несие көле­мінің артуы – ең ықти­мал сце­на­рий болып тұр. Сон­ды­қтан банк сек­то­рын­дағы жағ­дай тура­лы рет­те­ушінің қара­ша айы­ның соңы­на бер­ген соңғы мәлі­мет­тері опти­мизм­ге себеп бола алмай­ды. Актив­тер­дің, депо­зит­тер­дің артуы, олар­дың дол­лар­сызда­нуы жалға­сып оты­рға­ны­на қара­май, несие берудің қарқы­ны өте төмен болып отыр.

Тек қазан айын­да ғана банк жүй­е­лерінің актив­тері 1,3% өсіп, 25,4 трлн тең­ге­ге жет­ті, ал биы­лғы 10 айда 7%-ға өсті. Бірін­ші кезек­те ол депо­зит­тер­дің ағы­сы арқа­сын­да орын алды. Күздің екін­ші айын­да бұл көр­сет­кіш Т17,3 трлн-ға, неме­се 1,5% өсті, ал жыл басы­нан бері 11%-ға өсті. Бұл рет­те осы үдеріс халық пен кәсі­по­рын­дар­дың дол­лар­дағы салым­да­ры­ның кему жағ­дай­ын­да жүр­ді. Ал ол салым­дар қазан айын­да сәй­кесін­ше 0,8% және 6% бол­ды. Өз кезе­гін­де тең­ге­де­гі бөл­шек депо­зит­тер 7,1% және кор­по­ра­тив­тік – 6,7%-ға артуы жалға­сты. Нәти­же­сін­де дол­лар­дағы депо­зит­тік база бөл­шек бой­ын­ша қыр­күй­ек­те 67%-дан – қазан­да 65,2%-ға дей­ін түсті, ал кор­по­ра­тив­тік сек­тор­да – 52,8%-дан 49,7%-ға кеміді.

Күздің алға­шқы екі айын­да депо­зит­тер­дің дол­лар­сызда­нуы ұлт­тық валю­та­ның тамы­здан бер­гі ныға­юы мен тең­гелік салым­дар­дың мөл­шерінің жоға­ры болуы­мен бай­ла­ны­сты болар. Бірақ неси­е­лен­діру­ге қаты­сты жағ­дай бұры­нғы­сын­ша құрғақ­шы­лық кезеңді еске сала­ды: мұн­дай­да өнім жақ­сы бола­ды, эко­но­ми­ка­ның өсу қарқы­ны жоға­ры бола­ды деп күту­ге кел­мей­ді. 2016 жылғы қазан­да банк­тер­де неси­е­лен­дірудің жал­пы көле­мі 0,7% өсіп, $12,77 трлн-ға жет­ті, ал ол қыр­күй­ек­те 0,6% болған еді. Жыл басы­нан бері бұл көр­сет­кі­штің өсуі 1%-дан сәл асты. Бұл рет­те тең­гелік неси­е­лер бір айда 1,5% артып, Т8,54 трлн бол­ды, ал шетел­дік валю­та­да 0,9% түсіп, Т4,22 трлн бол­ды. Тең­ге­де­гі неси­е­лер­дің мен­шік үлесі бір айда 66,4%-дан 66,9%-ға дей­ін өсті.

Бірақ банк жүй­есінің бүкіл неси­елік порт­фелін қара­сақ, онда бұл жер­де бұры­нғы­сын­ша теріс үрдіс сақта­лып отыр. Қазан айын­да ол T15,5 трлн-ға дей­ін өскеніне қара­ма­стан, оның өсу қарқы­ны бар болға­ны 0,2% бол­ды. Ал 2016 жыл­дың бірін­ші 10 айы­ның қоры­тындыс­ын­да осы көр­сет­кіш бой­ын­ша құл­ды­рау бай­қа­ла­ды, ол қазан айын­да 0,2% азайған.

 

Несие беру қарқы­ны­ның тым төмен­ді­гі мен жыл басы­нан бер­гі неси­елік порт­фель­дің кері дина­ми­ка­сы Ұлт­тық банк­тің жалға­сып оты­рған қатаң ақша­лай-неси­елік сая­са­ты­на бай­ла­ны­сты. Қара­ша айын­да ҰБ кезек­ті рет база­лық мөл­шер­ле­мені 0,5%-ға төмен­детіп, 12% жасаға­ны­мен, ол бұры­нғы­сын­ша банк­тер­дің несие беру мүм­кін­ді­гін ынта­лан­ды­ра алмай отыр. Себебі банк­тер үшін артық қара­жа­тын ҰБ нот­та­ры­на салған әлдеқай­да тиім­дірек болмақ.

Қазан айы­ның соңы­на ҰБ орна­ла­сты­рған қысқа мерзім­дік айна­лым­дағы нот­тар­дың көле­мі Т2,56 трлн болып, олар­дың кіріс тиім­ділі­гі, мыса­лы, 7 айлық және 12 айлық нот­тар бой­ын­ша сәй­кесін­ше 13,25% және 11,48% болды.

Қара­ша айы­ның соңы­на олар­дың көле­мі аздап төмен­деп, Т2,4 трлн бол­ды, бірақ 2015 жылғы тиісін­ше айдың соңы­мен салы­сты­рған­да, ол 8,2 есе­ге арт­ты. Бұл рет­те орта­ша кірістілі­гі, мыса­лы, 7 айлық және 12 айлық нот­та­ры бой­ын­ша сәй­кесін­ше 12,9% және 11,38% бол­ды. Бірақ Ұлт­тық банк­тің нот­та­ры тіп­ті кірістілі­гі құл­ды­раға­ны­мен, база­лық мөл­шер­ле­менің төмен­де­уі нәти­же­сін­де, орна­ла­сты­ру көле­мі бой­ын­ша, бұры­нғы­сын­ша банк­тер үшін эко­но­ми­ка­ны неси­е­лен­дірудің орны­на инве­сти­ци­я­ла­у­ға тар­тым­ды болып қалып отыр.

«Қазір Ұлт­тық банк мөл­шер­ле­месі айтар­лы­қтай жоға­ры және ол біздің бүгін­гі неси­е­лен­діру­ге деген ынта­мы­зды жоқ ете­ді. Біз­ге несие бер­ген­нен бұрын қар­жы­ны құн­ды қағаз­дарға салған қызық әрі тиім­дірек», – деді қара­ша айын­дағы «Халық бан­кінің» соңғы бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да оның басқар­ма төрай­ы­мы Үміт Шаяхметова.

Назар салар­лы­ғы – Ұлт­тық банк­тің база­лық мөл­шер­ле­месінің төмен­де­уіне қара­май, банк қары­зда­ры­ның құны артып келеді. Қазан айын­да бұл мөл­шер 0,6%-ға өсіп, ал жыл басы­нан бері – 1,6% артып, 15,5%-ға жет­ті. Бұл рет­те мөл­шер­ле­ме кор­по­ра­тив­тік сек­тор үшін де, жеке кли­ент­тер үшін де өсті. Кор­по­ра­тив­тік кли­ент­тер үшін ол бір айда 0,6% арт­ты, ал қаңтар айы­нан бері – 1% артып, 14,4%-ға жет­ті. Жеке кли­ент­тер үшін ол көр­сет­кіш қазан айын­да 0,8%-ға өсіп, жыл басы­нан бері 2,7% өсіп, 18,6% болды.

 

Көш бастап тұрған банк­тер­ге кел­сек, алға­шқы бес топ-бан­кі бұры­нғы күй­ін­де қалып отыр. Актив­тер көле­мі бой­ын­ша бірін­ші орын­да «Қаз­ком­мерц­банк». Тек қазан айын­да бұл көр­сет­кіш Т108,8 млрд арт­ты, неме­се 2,16%-ға көбей­іп, T5,15 трлн-ға жет­ті. Бірін­ші кезек­те бұл депо­зит­тер­дің өсуі есебі­нен көбей­іп отыр. Жыл басы­нан бері олар 5,5%-ға өсіп, Т3,4 млрд-қа дей­ін жетті.

Екін­ші орын­да бұры­нғы­сын­ша «Халық бан­кі». Қазан айын­да оның актив­тері Т125,7 млрд арт­ты, неме­се 2,93%-ға өсіп, Т4,42 трлн дей­ін жет­ті, ол заң­ды тұлға­лар­дың салы­мы­ның Т114,1 млрд дей­ін барын­ша өсуі­мен байланысты.

Үшін­ші орын­да – «Цесна­банк». Қара­ша айы­ның басын­да оның актив­тері Т2,07 трлн болып, күздің екін­ші айын­да ол Т15,4 млрд қысқар­ды. Оған себеп – заң­ды тұлға­лар салым­да­ры­ның Т11,2 млрд, неме­се 1,2% төмен­де­уі бол­ды. Алай­да қазан­да банк сала бой­ын­ша бөл­шек депо­зит­тер кірісінің ең жоға­ры көр­сет­кі­шіне жет­ті – Т24,2 млрд.

«Цесна­банк­тен» кей­ін төр­тін­ші оры­нға Ресей «Сбер­бан­кінің» қаза­қстан­дық еншілесі жай­ға­сты. Бір айда оның актив­тері Т6,3 млрд, неме­се 0,4% көбей­іп, Т1,5 трлн дей­ін жет­ті – оған жеке тұлға­лар депо­зит­терінің Т9,8 млрд болуы, бірақ кор­по­ра­тив­ті кли­ент­тер салым­да­ры Т10,8 млрд аза­юы сеп болған.

Көш­бас­шы­лар бес­ті­гінің соңын­да – «Банк Цен­тр­Кре­дит». Қазан­да оның актив­тері Т28 млрд көбей­ді, неме­се 2,15%-ға, сөй­тіп Т1,33 трлн болды.

Айта кетер­лі­гі – бірін­ші бес­тік­тің ішін­де­гі тек 2 банк қана қазан­да өздерінің неси­елік порт­фель­дерін өсір­ді. Бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша барын­ша өскені «Халық банк» – Т35,6 млрд-ға, неме­се 1,6%-ға. Күздің екін­ші айын­да «Цесна­банк­тің» неси­елік порт­фелі 1,1%-ға өсті.

Алай­да қалған 3 банк­те («Қаз­ком», «Сбер­банк» және «Банк Цен­тр­Кре­дит») бұл көр­сет­кіш төмен­де­ген. Қазан айын­да бұл көр­сет­кіш «Цен­тр­Кре­дит» бан­кін­де барын­ша төмен­де­ген – Т24,4 млрд-ға, неме­се 2,7%-ға. Ресей «Сбер­бан­кінің» қаза­қстан­дық еншілесінің де ссу­да­лық порт­фелі барын­ша қысқарған (Т12,7 млрд) неме­се 1,3 пай­ы­зға. Қарас­ты­рып оты­рған банк­тер ара­сын­да бұл көр­сет­кі­штің барын­ша төмен­де­уі ҚКБ-те тір­кел­ген – 0,3%-ға (Т9,7 млрд).

Егер бұл банк­тер­ді барын­ша жақ­сы капи­тал­дан­ды­ру тұрғы­сы­нан қара­сақ, демек, тұрақты­лық жағы­нан онда бірін­ші болып қазан айы­ның аяғын­дағы 19% көр­сет­кі­шпен «Халық банк» келе жатыр. Одан кей­ін – «Сбер­банк». Үшін­ші орын­да «Қаз­ком­мерц­банк», оның көр­сет­кі­ші 9,3%-ға тең. «Цесна­банк­тікі» сәл төмен­деу (8,8%). Топ‑5 ішін­де ең төмен­гі нәти­жені «Банк Цен­тр­Кре­дит» көр­сетіп отыр, оның көр­сет­кі­ші 7,7% болды.

 

Ұлт­тық банк­тің про­бле­ма­лы кре­дит­тері бой­ын­ша, тіп­ті ресми дең­гей­де сынға ұшы­рап жатқа­ны­на қара­ма­стан, оған тоқта­луы­мыз керек: себебі бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша басқа бала­ма ақпар жоқ.

Рет­те­ушінің соңғы ақпа­ры­на сәй­кес, төлеу мерзі­мі 90 күн­нен асып кет­кен (NPL 90+) займ­дар саны қазан айын­да 7,6%-ға төмен­де­ген, ол қыр­күй­ек­те 7,9% болған еді. Алай­да бар­лық жұмыс жаса­май­тын кре­дит­тер үлесі, керісін­ше, бір айда 12,9%-дан 14,3%-ға дей­ін көбейген.

Егер қара­ша айы­ның басын­дағы ссу­да­лық порт­фель­де­гі про­бле­ма­лы займ­дар­дың саны барын­ша көп банк­тер тура­лы айтар бол­сақ, онда NPL 90+ үлесі бой­ын­ша көп­тен бері «Пәкістан ХБ» қаза­қстан­дық еншілесі көш бастап тұр – 31,86%. Екін­ші орын­да ресей­лік «ВТБ Банк» еншілес құры­лы­мы – 18,95%. Үшін­ші жолақта қаза­қстан­дық акци­о­нер­лер­дің бақы­ла­у­ын­дағы «АТФ­Банк». Оның төлем мерзі­мі 90 күн­нен асып кет­кен займ­дар үлесі 12,53%-ға жет­кен. Төр­тін­ші орын­да Ресей «Сбер­бан­кінің» қаза­қстан­дық еншілесі, оның NPL 90+ үлесі 10,78% дең­гей­ін­де. Алға­шқы бес­тік­ті «Халық бан­кі» 10,1% көр­сет­кі­ші­мен жауып отыр.

Жаңа жыл­дың басы­нан NPL көр­сет­кі­ші (Вики­пе­дия: про­сро­чен­ный, недей­ству­ю­щий, небла­го­по­луч­ный, кре­дит – «ток­сич­ные акти­вы», по кото­рым не выпол­ня­ют­ся усло­вия пер­во­на­чаль­но­го кре­дит­но­го согла­ше­ния) көп­те­ген банк­тер­де өседі деп барын­ша күмән­сіз айтуға бола­ды. Себебі 2017 жыл­дан бастап жұмыс жаса­май­тын кре­дит­тер­ді жаңа стан­дарт бой­ын­ша есеп­тей­тін бола­ды. Сол кез­ден бастап оларға тек мерзі­мі өтіп кет­кен ғана емес, реструк­тив­ті займ­дар да жатқы­зы­ла­тын бола­ды. Сон­ды­қтан келесі жылы төлем мерзі­мі өтіп кет­кен кре­дит­тер үлесінің өтіп бара жатқан жыл­дағы­дан да көп бола­ты­ны­на таң қалмаңыз.

Қазір­дің өзін­де банк­тер­де кем деген­де екі жаңа про­бле­ма туын­дай­ды. Бірін­ші­ден, ол капи­тал жет­кілік­тілі­гі бой­ын­ша Ұлт­тық банк­тің жаңа талап­та­ры­на жау­ап беру. Екін­ші­ден, жұмыс жаса­май­тын кре­дит­тер өсі­мі. Оның үстіне бұл көр­сет­кіш ұлғай­ған сай­ын, жеке­ле­ген банк­тер­ге капи­талға қосым­ша қар­жы құй­ма­стан, капи­тал­дан­ды­ру бой­ын­ша Ұлт­тық банк­тің жаңа нор­ма­тив­терін сақтау қиы­нға соғады.

Десек те, бар­лық қаза­қстан­дық екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің акци­о­нер­лері бұған дай­ын ба? Егер жоқ бол­са, онда банк­тер бірі­ге ме, әлде олар­дың кей­бірі лицен­зи­я­ла­ры­нан айы­ры­лған­ды жөн көре ме? Жау­а­бын көп күтер­лік уақыт та қалған жоқ. Бұл сұрақтар­дың бар­лы­ғы­на жау­ап­ты біз келесі жыл­дың басын­да-ақ ала­тын шығармыз.

 

Сер­гей ЗЕЛЕПУХИН

 

Қаза­қ­ша нұсқа­сын редакциялаған –

Айман Ома­ро­ва

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн