Қазақстандық мектептердің ҮШТЕН БІРІНДЕ КҮЙ ЖОҚ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №2 (366) от 19 января 2017 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

 

Мектеп инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы орта білім саласындағы негізгі проблемалардың бірі, деп атады ҚР Білім және ғылым министрлігі. Бұл туралы ведомствоның ҚР БҒМ сайтында жарияланған 2016 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген 2017–2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында айтылады.

 

«2015–2016 оқу жылы 7160 күндізгі жалпы білім беретін мектептерден: 2257 мектеп (30,7%) бейімделген ғимараттарда орналастырылған, 69 мектеп (0,96%) – апатты жағдайда, 86 мектеп (1,2%) сабақтарды үш ауысымда жүргізеді, 1 337 мектептің (18,6 %) спорт залы жоқ», – деп көрсетілген орта білім беру саласындағы проблемаларға талдама жасаған бөлімде.

Сондай-ақ сапалы білімге қол жетімділікке жетуде мектептердің жоғары желідегі интернетпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі әсер етеді, сонымен қоса сандық-ақпараттық ресурстар саны да. Оқушылардың ақпараттық технологияларға қол жету мүмкіндігі шектелген. Мектептердің әлемдік білім беру, интернет ресурстарына шығу көрсеткіштері төмен денгейді сақтап қалуда деп көрсетілген.

БҒМ тағы бір проблема ретінде «Республика бойынша ШЖМ (шағын жинақты мектептердің) саны жалпы көрсеткіштерге қарағанда қысқаруда, олардың үлесі 44,1% құрайды. Оларда білікті мамандардың тапшылығы орын алуда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі байқалуда. Жаңа модификациялық оқу кабинеттері жоқ мектептер: физика 33,7%, химия 39%, биология 39,3%, математика 29,3% және лингофондық кабинеттер 49%. 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ШЖМ орта баллы республикалық көрсеткіштен (74,67 балл) төмен, яғни 4,45 балл», – деп көрсетілген жоспарда.

Білім министрлігінің жоспарларында апаттық мектептерді алдағы үш жылда жою бар. «Апатты мектептердің орнына сонымен қатар үш ауысымды мектептерді жою үшін құрылыс республикалық және жергілікті бюджеттен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік-жеке-кәсіпкерлік әріптестік арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл 2020 жылға апатты және үш ауысымды мектептерді толық жояды», – делінген стратегиялық жоспарда.

ҚазТАГ

 

 

 

Құй күл, құй жыла!

 

«ЭКСПО-ға 5 миллион адам келеді, бәлен миллион ақша табамыз» деген-ді. «Ойпырмай, көшеге сыймай, сапырылысып, не ағылшынша, не испанша тіл білмей, әр қонақтың аузына қарап жүрмесек болғаны» деп едік.

Ж-о-оқ. Қорықпаңдар! Олай болмайтын болды. Ат арылтып, арып ашып, ЭКСПО-мызға келетіндер өзіміздің ордабасылық мұғалімдер екен ғой. Қош келдіңіздер, құрметті ордабасылықтар!

Мухит Тастанның ФБ-парақшасынан

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн