Пятница , 4 июля 2025

Қазақстанның маңында «ЕКІНШІ ЧЕРНОБЫЛЬ» оқиғасы болып жатыр

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

Апта апты­ғы


Келесі жылы Ресей пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер бола­ты­нын айтқан Ксе­ния Соб­чак тіке­лей эфир­де Төмен­гі Орал­да орын алған апат тура­лы ашық айт­ты деп хабар­лай­ды Nur.kz порталы.

Ксе­ния Соб­чак «Россия‑1» теле­ар­на­сын­дағы «Вла­ди­мир Соло­вьев­пен бір­ге» бағ­дар­ла­ма­сын­да ресей­лік БАҚ руте­ний апа­ты тура­лы жақ ашпай­ды деді. «Біз баты­стық басы­лым­дар­дан радио­ак­тив­ті заттар­дың тара­лып жатқа­ны тура­лы апат болған соң екі айдан кей­ін біл­дік. Бұл екін­ші Чер­но­быль оқиға­сы­мен пара-пар», – деп мәлім­деді Соб­чак бағдарламада.

Еске сал­сақ, МАГАТЭ деректері бой­ын­ша, қыр­күй­ек­тің соңы мен қазан­ның басын­да бірқа­тар еуро­па­лық елдер­дің атмо­сфе­ра­сын­да руте­ний-106 аны­қталған бола­тын. Ради­а­ци­я­лық қорға­ныс жөнін­де­гі неміс ведом­ст­во­сы бұл зат Оңтүстік Орал, яғни Ресей неме­се Қаза­қстан аумағы­нан тара­лып жатыр деген шешім шығарған.

Бұдан кей­ін Росгид­ро­метр ради­а­ци­я­лық апат тура­лы бюл­ле­тень тара­тып, қауіп­ті заттың атмо­сфе­раға тара­лу дере­гін рас­таған еді. Ресей­де­гі «Грин­пис» ұйы­мы Еуро­па атмо­сфе­ра­сын­да бай­қалған руте­ний кон­цен­тра­ци­я­сы­ның мөл­шері аз болға­ны­мен, ондаған мил­ли­он ада­мға әсер ететінін мәлім­де­ген. Соның сал­да­ры­нан олар­дың ден­са­улы­ғын­да мін­дет­ті түр­де про­бле­ма­лар туын­да­уы мүмкін.

«Апат маңын­дағы адам­дар сәу­ле­ле­нуі мүм­кін. IRSN фран­цуз инсти­ту­ты­ның болжа­мы бой­ын­ша, ауаға тараған заттың мөл­шері 100-ден 300 тера­бек­ке­рель­ге тең болуы мүм­кін. IRSN баға­ла­уы бой­ын­ша, апат болған жер­ден бір­не­ше кило­метр қашы­қты­қта тұра­тын адам­дар­ды қорғау керек», – дей­ді ұйым.

Ерке­жан БЕШТАЕВА,

сту­дент

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн