Пятница , 4 июля 2025

Қазақ тілі ҚАЖЕТСІЗ болып қалды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

 

Жуыр­да Ұлт­тық тест орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры Рама­зан Әлі­мқұ­лов Ұлт­тық біры­ңғай тестіле­уден «Қазақ тілі» пәнінің алы­нып тасталға­нын ресми түр­де мәлім етті. Бұл жаңа­лы­қты қазақ тіл­ді сайт­тар бірі­нен соң бірі іліп әкетіп, жары­са жазды.

 

Ұлт­тық тест орта­лы­ғы дирек­то­ры­ның айтуы бой­ын­ша, Ұлт­тық біры­ңғай тестіле­удің жаңа фор­ма­тын­да «Мате­ма­ти­ка­лық сау­ат­ты­лық», «Оқу сау­ат­ты­лы­ғы», «Қаза­қстан тарихы» деген 3 пән мін­дет­ті болып қалған және 2 бей­ін­дік пән қосы­лған. Ал «Қазақ тілі» пәнінің сұрақта­ры «Оқу сау­ат­ты­лы­ғы» деген пән­нің ішін­де кездеседі.

Әлі­мқұ­ло­втың айтуы­на қараған­да, жана фор­матқа сәй­кес, ҰБТ биыл екі кезең­де өтетін болған­ды­қтан, «Қазақ тілі» пәні мек­теп дең­гей­ін­де­гі емти­ханда қалған көрі­неді. Бұл тосын жаңа­лық онсыз да басы­нан дау арыл­май келе жатқан Саға­ди­ев пен оның коман­да­сы­на деген елдің сені­міне одан сай­ын сел­кеу түсір­ді. Бұған дей­ін маман­ды­қтар тізі­мі­нен қазақ тілі мен қазақ әде­би­етінің алы­нып таста­луы­на қаты­сты басы дауға қалған білім мини­стрінің отстав­каға кетуін талап еткен­дер осы жағ­дай­дан кей­ін арт­па­са, кемі­месі белгілі.

Құр­банәлі АМАНКЕЛДІҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн