Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАҒАН Оғыз Доғанның соты басталды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

 


 

 

Air Astana ком­па­ни­я­сы борт­сері­гінің қазақ тілін біл­ме­геніне нара­зы­лы­ғын біл­діріп, қазақ тілін­де қыз­мет көр­се­туін талап еткен Оғыз Доған (сурет­те) атал­мыш ком­па­ни­ядан өз кінәсін мой­ын­дап кешірім сұра­уын және мораль­дық шығын ретін­де 1 тең­ге беруін талап етіп отыр деп хабар­лай­ды Qamshy.kz ақпа­рат агент­ті­гі Today.kz-ке сіл­те­ме жасап. Аза­мат­тық талап Алма­ты­ның Түрк­сіб аудан­дық соты­на келіп түсті.

 

 

Оғыз Доған­ның адво­ка­ты Абзал Құс­пан талап тура­сын­да айтып берді.

«Біз Air Astana ком­па­ни­я­сы­ның өз кінәсін мой­ын­да­уын, Оғыз Доған­нан кешірім сұра­уын талап ете­міз. Бірақ Про­цес­су­ал­дық кодекс бой­ын­ша талап­ты өзгер­те ала­мыз. Әзір­ше тек кешірім сұра­уын ғана талап етіп отыр­мыз. Мораль­дық шығын ретін­де 1 тең­ге көле­мін­де ақша талап ету мәсе­лесі қарас­ты­ры­лу­да», – деді Абзал Құспан.

Айта кетей­ік, Air Astana өкіл­дері сотқа кел­меді. Бұған дей­ін Оғыз Доған­ның аза­мат­тық тала­бы басқа сот­тың қара­уын­да болды.

«Бұл іс судья Аман­тай­ұлы­ның қара­уын­да бол­ды. Ол істі қабыл­да­ды, алай­да 4 қазан­да адво­кат­пен жеке таныс екенін, ол оның кур­с­та­сы екенін айтып, істен бас тарт­ты. 5 қазан­да іс маған тап­сы­рыл­ды. Бұған дей­ін оған дай­ын­дық жүр­гізіл­меді. Бір­де-бір сот оты­ры­сы бол­ма­ды. Екі жақты тату­ла­сты­ру үшін 16 қазан­да сот оты­ры­сы өте­ді. Мүм­кін, мәсе­ле бей­біт түр­де шешілетін шығар. Соны­мен қатар бар­лық өтіні­ш­тер­ді қарау керек», – деді судья Нұр­жан Қалымжанова.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, әле­умет­тік желі­де Air Astana ком­па­ни­я­сы ұшағы­ның жола­у­шы­сы Оғыз Доған борт­серік­тің мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­ме­гені үшін және қазақ тілін­де қыз­мет көр­сет­пе­ді деп айып­таған видео­сы тарал­ды. Оқиға 14 тамы­зда болды.

Qamshy.kz

• Сурет­тер Құрал Меде­уовтың ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн