Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАҒА ЖОЛАТПАУТІРКЕУ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Интер­нет иірімінен


 

 

Енді Қаза­қстан аза­мат­та­ры бір айдан аса­тын мерзім­ге туған-туы­сын ара­лап, яки жұмыс бабы­мен емін-еркін қыды­ры­стап жүре алмай­тын бол­ды. Бір айдан аса­тын мерзім­ге бір елді мекен­ге бара қал­саңыз, мін­дет­ті түр­де уақыт­ша мекен-жай бой­ын­ша тір­ке­у­ге тұруға мін­дет­тісіз. Яғни, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң актілеріне экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қимыл мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заңға енгізіл­ген түзе­ту­лер күшіне енді.

Билік уақыт­ша тір­кеу тәр­тібі аза­мат­тар­дың еркін жүріп-тұру құқы­ғын шек­те­мей­тінін, әрі халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге сәй­кес енгізіл­генін айтады.

Бірақ Аста­на мен Алма­ты секіл­ді қала­лар­да қара­пай­ым халық күн­көріс қамы­м­ен сабы­лып жүр­ген жоқ па? Олар­ды қайт­пек­піз? Оларға ондай тір­ке­уді кім береді? Қонақүй­лер­ді жаға­лай ма, жұмыс орны­на тір­ке­ле ме? Тір­ке­у­ге алғы­штар тағы да ақша табу­дың жолын таң­дап, қара­пай­ым халы­қтың қал­та­сын қағуға кірісіп кет­пей ме?

Мұн­дай тір­ке­удің қиын­ды­ғын алғаш болып қазақ көреді. Себебі қазір ұлты­мыз ұлы урба­ни­за­ци­я­ны басы­нан өткеріп жатыр. Осы урба­ни­за­ция қарқын алған кез­де оны тір­ке­умен шек­те­мек болған­дар­дың ісі күл­кі­мізді келтіреді.

Уақыт­ша тір­кеу тәр­тібі тала­бын орын­да­уға кіріс­кен­де, билік сөз­сіз қар­сы­лы­ққа тап бола­ды. Себебі шикі заң ешкім­ге де опа бермейді.

Шәрі­п­хан ҚАЙСАР,

Abai.kz

 

 

Не сұм­дық бұл!

 


 

БҮЙТКЕН Қаза­қста­ны ҚҰРЫСЫН!

 

Құр­мет­ті, Бибі­гүл xаным! Кеше­гі жаңа­лы­қтар­ды сіз де көр­ген болар­сыз. Жүре­гім аузы­ма тығы­лып жазып отыр­мын. Үйсіз жүр­ген қаңғы­ған қаза­қты енді осы­лай қана­уы қал­ды ма? Бұл заң­ды жақ­сы қол­да­на­тын Алма­ты мен Аста­на қала­сы­ның ІІБ болады.

 

Енді жал­дап тұрған пәтері­міз­ден шыға алмай тығы­лып, шыға қал­сақ, көше­де тек­се­рер деп, қуыс-қуы­сты пана­лап, немі­стен қашқан еврей­лер сияқты жүре­міз бе? Не сұм­дық бұл? Пәтер иелері үйіне тұрғы­зған күн­де де оған бөлек ақша сұрап, қаны­мы­зды ішпей ме? Айып­пұл төлеп, одан қал­са, әр күні­мізді қашып-тығы­лу­мен өткіз­сек, нағыз мигрант сор­лы біз бол­май­мыз ба? Сіз не дей­сіз? Нағыз қаза­қтың басы­на қара бұлт енді төніп келе жатыр.

Сту­дент жастар қай­да бара­ды – пәтер­де жүр­ген, көп бала­лы отба­сы­лар қай­да қала­ды? Өз үйі­міз, пана­мыз бол­са, бұлай жыла­мас едік. Қазақ жерін­де тағы да қасқай­ып қала­тын қаза­қтар ғана ма? Кім­нен пана сұрай­мыз? Бүйт­кен Қаза­қста­ны құры­сын, шетел­ден кел­ген бай­лар­ды тұрғыз­сын, солар­дан алсын айып­пұл, қара­пай­ым бей­ша­ра қаза­қтың несін ала­ды енді?

Шетел­дік­тер­ге құшақ ашып, қар­сы алып, тегін қыз­мет көр­се­те­ді, ал өзі­міздің қаза­ққа кел­ген­де кім­нің сая­са­ты бұл шыға­рып оты­рған? Ешкім ешқай­да шық­пай, қазақ қаза­қ­пен де ара­ла­са алмай қал­сын дегені ме сон­да? Әлде нағыз қаза­қтар­дың көтерілісін аңсап отыр ма атқа­мі­нер­лер? Ол күн де алыс емес, жасы бар, кәрісі бар ұран­да­тар. Бірақ одан не пай­да? Қай­да бара­мыз біз осы?

 

• (Бибі­гүл Дәу­лет­ба­е­ва­ның инста-парақ­ша­сы­на «Батыр Баты­ро­втан» кел­ген хаттан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн