Среда , 14 мая 2025

Қазақтың айыр қалпағында ҚАНДАЙ ҚАСИЕТ БАР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г).

 

Наурызна­ма өсиеттері


 

Қаза­қтың қалпағы

Айыр, тілі шайыр!

Жұмыр тұяқтың жүй­рі­гі Кер Алабайыр!

(Дасқұт Жәд­ді)

 

Қазақ халқы­ның киелі бас киі­мі Айы­рқал­пақтың алты қаси­еті болады.

1. Маң­дай алды – Ақ бата, Ақ сүт.

2. Оң құлақ тұсы – Ақауыз.

3. Сол құлақ тұсы – Ақсұр.

4. Жел­ке тұсы – Қарақұс.

5. Төбесі төр­теу – «Тәнес».

6. Алтау жинал­са, «Ақ бата, Ақа­уыз, Ақ сүт, Ақсұр – «Қарақұсқа» жем бол­май­ды» – деген киелі өсиет.

Бұл ұлы киелі өси­ет­ті баба­мыз Алтын Күрек Орғасүй айтқан. Халқы­мыз бұл баба­мы­здың атын ата­уға қорқып, Айы­рқал­пақ Айдаһар Би десе, ал жұм­сақ ұғым­да «Сүй­ін­ші» деп, әру­ағы­на ырза­лы­ғын білдірген.

Айы­рқал­пақ Айдаһар Би осы киелі бас киім­ді ойлап тауып, кей­ін­гі ұрпағы­на мынан­дай өси­ет қал­ды­рып­ты: «Жер-Жаһан жұмыр бол­са, соның ең биік төбесіне барып ту тік­кен «Ала­ша Қаһан». Бас киім­нің шашағы осы жол­ды көрсетеді.

Таудың ең биік шыңы­на шығып тұрып, жұмыр жер­ді төрт­ке, яғни төрт құбы­лаға бөл­ген Қазақ Қаһан. «Маң­дай тұсым – шығы­сым, жауы­рын тұсым – баты­сым» – деп екі түстік­ке бөл­ді. «Сол қол жағым­да адам жегіш Ары­стан» – деді, яғни «теріс» – деп, «сол­түстік» бағыт, екін­шісі өздерін құдай санаған азғын­дар – піра­уын­дар оң жағым­да, яғни «түстік» деп, «оңтүстік» бағыт­ты көрсетті.

«Баты­сы» мен піра­уын­дар­ды Кера­лып­тың қылы­шы­на тап­сыр­ды. Шығы­сы мен «Ары­стан­ды» қаһа­ры­на алды. «Мазан Сей­хун­да» шеруді тоқтат­ты. Кера­лып­тар «мен құдай­мын» деп кел­ген азғын­дар­ды құр­бан­ды­ққа шалып, Көк Тәңірі «Құй­ры­қты жұл­ды­зға» аттан­дыр­ды. Қол­да­рын кесіп «Көк Сей­хунға» таста­ды. Құл­дар­ды боса­тып, «шерудің соңы осы­мен біт­ті» деп, еркіне жіберді.

Киелі бас киім­нің төбесі­нен төмен қарай түсетін төрт қара жолақ, сол «төрт құбы­ла» жол­ды көр­се­те­ді. Киелі бас киім­нің маң­дай тұсы мен жел­ке тұсы – айыр. Бұл бел­гі Ала­ша Қаһан жұмыр жер­дің жар­ты­сын алып, жүрек тұсы­на орал­ды. Қазақ Қаһан жүрек­тің дүр­сілі­нен оянып, төбе­ге шығып, төрт құбы­ла­сын алған­да, жүрек­тің дүр­сілі басы­лып, Айыр­та­уда кеме­ге несі­бе салып, дүни­е­ден арман­сыз озды». Қазақ Қаһан­нан кей­ін Айыр­тау (Қазына–Құт) болып, киелі Ордаға айнал­ды. Ол жер­ге шаһар салуға тый­ым бер­ді. Бел­гі қой­ы­лған (мәң­гі тастар) тастар­дың 16‑ы киелі «Бес­то­раңғыл­да» – депті.

Осын­дағы ежел­гі Сақ сөз­деріне түсіндірме:

«Сей­хун» – сақ тілі­нен аударған­да «Сой­қан теңіз» деген ұғым­ды біл­дір­се, «Жей­хун» – «Жой­қын теңіз» деп, асау ірі өзен­дер­ді айтқан.

«Мазан Сей­хун» сөзі – «Қызыл Сей­хун» дегені.

Айыр­тау (Қазы­на – Құт) – қазір­гі киелі Қазы­ғұрт тауы.

Піра­уын­дар – 5,5 мың жыл бұрын жер жүзіне билік жүр­гізіп, өздерін «құдай» санаған фараондар.

«Адам жегіш «Ары­стан» – деп, адам еті­мен қорек­те­нетін тай­па­лар­ды айтқан. Кер Сақ Аб «Сан­сыз Баба», Алаш Қаһан мен Қазақ Қаһан­дар бастаған Сақ жауын­гер­лері фара­он­дар­ды Саха­раға қуып тығып, олар­дың одақ­та­ста­ры адам жегі­ш­тер­ді жой­ып жіберген…

Алтау жинал­са, «Ақ бата, Ақа­уыз, Ақ сүт, Ақсұр – «Қарақұсқа» жем бол­май­ды» – дегені: Алты Алаш! Ақ батаға, Отан Анаңа, Ана­ның Ақ сүті­мен дары­ған Тіліңе, Діліңе, Ата-Баба дәстүріне, Өси­ет, Наси­я­ты­на адал болып, ынты­мағың мықты бол­са, ешу­ақыт­та дұшпа­ның ала алмай­ды, өлі­гің «Қарақұсқа» ешу­ақыт­та жем бол­май­ды! – деген киелі ұғым­ды білдірген.

«Тәнес» – «төрт құбы­ла» – бұл қаси­ет­ті төрт алқа (крест) тәрізді бел­гі Алты Ала­штың бел­гісіне айналды.

 

«Анаң­нан айна­лай­ын, сені туған!» – БҰЛ СӨЗ ҚАШАН АЙТЫЛҒАН

 

Ана – Адам бала­сы­ның шаңырағы!

Ата – шаңы­рақтың тіреуіші!

Ақиқат – тек­тілер­дің жина­ла­тын Ордасы!

(Қара Бура Әулие)

 

Қара Бура Әулие (азан шақы­рып қой­ы­лған аты – Тұмар) тура жиыр­ма екі жасқа толған­да, еліне дай­шұғыт­тар шабуыл­дай­ды. Дай­шұғыт­тар­дың (қытай­лар) пат­ша­сы: «Сақ, Ала­штың қызда­ры тек­ті туа­ды. Ер-аза­мат­та­рын қырып, қызда­рын тар­тып алып, күң қылай­ық! – деп, «Ұлу мәжүн» жылы, «Құс келер, табан мамық» айын­да Алаш (қазақ) елінің «күн атар» тұсы­нан тиеді. Қап­таған қалың жау жолын­дағы­ның бәрін тап­тап өтіп, ер-аза­мат­тар­ды қоға­дай жапы­ра қырып, қыз-келін­шек­терін күң етіп, Тұмар батыр­дың да еліне жақындайды.

Елдің басы­на туған ауыр күн­дер Тұмар батыр­ды да тыныш жатқы­з­бай­ды. Ауы­рып жатқан ана­сы­на біл­дір­мей, қару-жарағы мен сауыт-сай­ма­нын соғы­сқа әзір­леп, астын­дағы Белқарғы тұл­па­рын суы­тып, елден жыраққа шығып кетіп, жеті күн бойы оңа­ша­да, биік төбенің басы­на шығып, Көк­тәңіріне сиы­на­ды. Бұл кез­де Тұмар­дың ана­сы өте қат­ты науқаста­нып, төсек тар­тып жата­ды. Тұмар­дың әкесі Аса Қай­сы­а­хат, ана­сы Нәзил­ла Бибі­шүкір Үзда­най Ана елге өте сый­лы, қадір­лі болады.

Елге жау шауып, дүр­бе­лең басталған­нан-ақ сар­ба­з­да­рын жинап, соғы­сқа дай­ын­далған қол­бас­шы Қан­теңер Баһа­дүр Үзда­най Ана­ның көңілін сұрап, бата­сын алып, жауға атта­на­ды. Тұмар ана­сы­ның бата­сын да алма­стан жауға аттанған қол­дың соңы­нан шауып, жеті күн өткен­де қуып жете­ді. Үзда­най Ана­ның туған пер­зен­ті Тұмар­дың жеті күн бойы жоға­лып кет­кенін есті­ген қол­бас­шы Қан­теңер Баһа­дүр сар­ба­з­дарға орта жол­дан қосы­лған Тұмар баты­рға шауып келіп, ашуын бой­ы­на сый­ды­ра алмай:

«Сен нағыз тасбүй­рек, қатыг­ез жан екен­сің! Осын­ша­ма аза­мат Үзда­най Ана­ның бата­сын алып аттанған­да, сен науқа­стың жағ­дай­ын да біл­ме­стен, қаңғып келіп, жар­ты жол­дан қосыл­дың! Мұны­ң­ды қалай түсі­ну­ге бола­ды?!» – деп, ызға­рын төгіп, қаһар­ла­на­ды. Сон­да Тұмар да арқа­ла­нып кетіп:

«Уа, Қан­теңер! Маған анам­ның ауы­рға­ны жаны­ма бат­пай­ды! Ал қан­ша­ма ана­ның қаны төгіліп, қан­ша­ма ата­ла­ры­мы­здың «Ақ бата­сы» аяқ асты тап­тал­ды?! Қан­ша­ма қыз көз жасы­на тұн­шы­ғып, күң бол­са, қан­ша­ма сәби жетім қалып, тұл бол­са, мен анам­нан туы­лға­ны­ма өкі­нер едім!» – деген­де, Қан­теңер мына отты жау­а­пқа таң қалып, айтарға сөз таба алмай, үнде­ме­стен қол­ды бастап жүре береді.

Дай­шұғыт­тар­дың қап­таған қалың қолы көрін­ген­де, Қан­теңер қол­бас­шы жаға­сын ұстап, Көк­тәңіріне сиы­нып­ты. Дай­шұғыт­тар оқтан қағар, тірі қалқа ретін­де қолға түс­кен қыз-келін­шек­тер­ді алда­ры­на салып, айдап келеді екен. Тұмар (Қара Бура) шыдай алмай:

«Ақ сүтіңді аяққа тап­тат­пай­мын, Апа! «Ақ сүт!», «Ақ сүт!» – деп, қаһар­лы дауы­сы­мен ұранға басып, ақсүм­бе қылы­шын қына­бы­нан суы­рып, жауға қар­сы шабады.

Қан­теңер­дің қолы да: «Ару­ақ! Көк­жал! Көк­жал!» – деп, қыз-келін­шек­тер­ді айна­ла орап өтіп, қалың жау қолы­ның екі бүй­ірі­нен тиіп, қырып сала­ды. Жаудың алдын­да келе жатқан қыз-келін­шек­тер­ге бірін­ші жет­кен дауыс «Ақ сүт» екен. Ұран­дап, от боп жанып келе жатқан баты­рға қыз-келін­шек­тер қақ жары­лып, жол аша­ды. Жауды оттай жапы­рған, жел­кесі­нен қалың ұзын шашы төгіліп, жолы­ққан жауын жара­тын жол­ба­ры­стай өзін-өзі ұстай алмай жүр­ген Тұмар баты­рға қыз-келін­шек­тер­дің ара­сы­нан егде тар­тқан біре­уі шығып, үзең­гісіне жармасып:

«Анаң­нан айна­лай­ын, сені туған!» – деп, тізе бүгіп сәлем сала­ды. Осы кез­де күл­лі қыз-келін­шек­тер де: «Анаң­нан айна­лай­ын, сені туған!» – деп, осы сөзді қай­та­лап, аспан астын күңірен­тіп жібе­реді. Жау тізе бүгіп, қыз-келін­шек­тер боса­ты­лып, елге оралған­да, Үзда­най Ана ауруы­нан құлан таза айы­ғып, сар­ба­з­дар­дың алды­нан шығып, Тұмар баты­рға қарап иіліп сәлем салып:

– Уа Пер­зен­тім! Қызыр Әлей­кум­са­лам босаға­ма келіп, бата бер­ді! Ұран­даған дауы­сың құлағы­ма жет­ті! Күл­лі қыз-келін­шек­тің айтқан алғы­сын Әру­ақтар толқып тұрып қабыл алды! Маған ем бол­ды! Енді сен анаңа қары­здар емес­сің! Жара­ту­шы – жалғыз Көк­тәңірі куә! Жер бетін­де киелі Көк­жал куә! Көк­тәңіріне ұра­ны­ң­ды көтер­ген Көк­дауыл Қыран куә! Ал енді ақсүм­бе қылы­шы­ң­ды таста! – деп, пер­зен­тінің қаруын алып, осы жаудан жеңіспен қай­тқан қол­мен қылы­шты жер­ге көмеді.

 

Сыпы­ра шежіре­ші Әли­асқар­дың түсініктеме-баяны:

«Қара Бура­ның ана­сы – Нәзил­ла Бибі­шүкір Үзда­най Ана – Алаш Қаһан­ның үлкен ұлы – Қазақ Қаһан­ның Халұқ атты кіші ұлы­нан туған Тек­ті мен Түк­тінің ұлда­ры, Үш Жүздің, одан қала бер­ді бүкіл Түр­кі әле­мінің Ұлы ата­ла­ры Алты Ала­штың ең кішісі – Қоңы­рат (Сүм­бі­ле) Ата­дан тараған 90 бау­лы қоңы­рат­тың бір бауы – Бел­ше­ректен тараған Тек­ті Әулет­тің қызы…

Қара Бура Әули­енің қылы­шы көміл­ген жер қазір­де «Ақсүм­бе» деп ата­ла­ды. Киелі қарт Қара­та­удың теріс­кей­ін­де­гі Созақ жерін­де «Ақсүм­бе» елді мекені бар. Бес күн жалған­да бүкіл әулие-әмби­е­лер­дің ара­сын­да Ана­сы­ның қары­зы­нан көзі тірісін­де құты­лған Қара Бура Әулие ғана!» – деп, Ұлы Сыпы­ра шежіре­ші әңгі­месін аяқтап, Қара Бура әули­е­ге бағы­штап құран оқыпты.

Осы аңы­зда аталған жеке­ле­ген сөз­дер­ге түсіндірме:

«Ұлу мәжүн» жылы – Ұлу жылы дегені.

«Құс келер, табан мамық» айы – сәуір айы.

«Күн атар» тұсы – елдің шығы­сы деген ұғым.

«Ақсүм­бе» қорға­ны кей­ін­гі заман­дар­да үлкен бекініс орны болған.

Қара Бура Әули­енің кесе­несі Созақ елді мекенін­де орна­ласқан. Бұл жер­де ежел­гі сақтар зама­нын­да ұзын­ды­ғы мен ені 40 шақы­ры­мға жет­кен алып шаһар болған. Бұл шаһар Қазақ Қаһан­ның егізінің сыңа­ры Созақ Қаһан­ның аста­на­сы болған. Оның билі­гі Қара­та­удың терісті­гі­нен Сол­түстік мұз­ды мұхи­тқа дей­ін жет­кен. Шаһар­дың сыр­тқы биік қамал­да­ры Қара­та­уға түй­ісіп жатқан. Бұл қамал­дар­дың қал­ды­қта­ры қазір де сақталған. «Үлкен жал» деп ата­ла­тын топы­раққа айналған бұл қал­ды­қтар­дың топы­рағы күй­ген кір­пі­штің қызғы­лт түсін­дей боп жатыр. Осы қамал­дың ішін­де, шығыс қақ­па­ның сол жағын­дағы биік қара­уыл мұна­ра­сы болған төбе­де құлағын жер­ге төсеп, тың тың­дай­тын «Саққұлақтар» оты­рған. Мұн­дай қаси­ет­ке ие болған­дар 300 шақы­рым­да келе жатқан қол­дар­дың санын дәл аны­қтап оты­рып­ты. Осы төбенің аку­сти­ка­лық қаси­етін және «Үлкен жал» қорға­ны мен оның ішін­де­гі шөгіп кет­кен шаһар орны­на да зерт­теу жүр­гізіп, ақиқат пен аңыз ара­сын аны­қтау – күн тәр­тібін­де тұрған үлкен мәселе…

 

Халұқ Әули­енің ӨСИЕТТЕРІ


 

Қабірі­ме жақын­дап, қара жер­ге басын исе, кәпір бол­са да,

«Сол пен­денің күнәсін кешір!» – деп, Алла­дан тілеймін!

Қай­ыр Хош, Там­шы Тәңір Тама бұлақ!

Қол­да­сын «Бола­шым­ды» Қос Әруақ!

Есіне алма­са, жүдеймін!

Есіне алып, есі­гі­ме жақын­дап көңіл бөлсе,

Алдын­да жатқан «зіл» бол­са да,

Өз қолым­мен ала­стап күреймін!

 

***

Тари­хат Ақиқатқа бармай,

Тақтың мұра­ты болмайды!

Балиғат Шариғатқа толмай,

Бақтың мұра­ты болмайды!

 

***

Жалғыз түй­е­ге жүк артып шықсаң,

Оның белі ауыр­май­ды, жолы ауырлайды!

Уа, Елім! Жалғы­здық Аллаға жарасқан!

Бір-бірің­нен ажырамаңдар!

 

Әли­асқар Бай­ғұтұ­лы (22.03.1898 ж. – 21.03.1981 ж.) – Ұлы Сыпы­ра шежіре­ші. «Бес­таң­ба», «Ізбөрі», «Ғасыр Табақ наси­ят­та­ры» кіта­бы­нан «Құсілім», «Қадым», «Ықы­лым» заман­да­ры­нан қалған баға жет­пес жәді­гер­лер­ді жет­кі­зу­ші, басты бұлақ көзі.

Ақпан­тай Әли­асқарұ­лы (02.02.1962 ж. – 10.05.2009 ж.) – ерекше қабілет иесі, құй­ма құлақ, қазір­гі заманғы «үн тас­па­ның» қыз­метін атқа­рып, халқы­на мол жәді­гер­лер­ді, мұра­хат­тар­ды жет­кізіп кет­кен «Екі дүниенің ара­сын жалға­у­шы дәнекер!».

Асан Тұра­ба­ев – бұл ұлы мұра­лар­ды тұңғыш рет қағаз бетіне, үнтас­паға жазып алған тарих таным­гері, өнертанушы.

 

Шежірені ғалам тарихы­мен салы­сты­рып, жүйелеп,

қал­пы­на кел­тіріп халқы­мы­зға жет­кі­зу­ші, түсіндірме

жазып, ғалам­торға, бас­паға дайындаған –

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,

Қаза­қстан Журналистер

одағы­ның мүшесі,

Шым­кент шаһары

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн