Суббота , 5 июля 2025

Қазақтың бір дерті бар «ПОНТ» ДЕГЕН

Қаз-қал­пын­да

 

Ұлты­мы­здың бой­ын­дағы аса бір сүй­кім­сіз қаси­ет – мақтанға бей­ім­дік. Керітарт­па кемістік­ті кезін­де Абай да сынаған. Бұл өзін жұрт­тың алдын­да «мықты» етіп көр­се­ту­ге құмар­лық. Кісім­сі­ну, өзінің дәре­же­сін, әл-ауқа­тын, дәу­летін көтер­ме­леп көр­се­тетін­дей жасан­ды­лы­ққа жол беру. «Бәлен­ше сон­дай екен» деп айт­сын деп тыра­шта­ну. Жасы­ра­ты­ны жоқ, мұн­дай «қаси­ет» көп­шілі­гі­міздің бой­ы­мы­зда бар. Оны орыс тілін­де түр­ме жар­гон­да­ры­нан шыққан «понт» сөзі айқын бейнелейді.

Орыс­ша түсін­дір­сек, «понт – это показ­ное потреб­ле­ние». Ол көбіне өзін-өзі жар­на­ма­ла­у­ға мұқтаж жан­дар­да жиі кез­де­седі. Өте үлкен үй салу, аса қым­бат көлік алу, той­ға 500, 1000, 2000 адам шақы­ру, той­ды шетел­де өткі­зу, баға­сы жоға­ры смарт­фон ұстау, бренд­тік киім­дер­ге әуе­стік – тап осы­ның мысалы.

Адам­ның ішкі жан дүни­есінің бай­лы­ғын жарқы­ра­тып қолы­ң­да ұстап жүре алмай­сың. Ал баға­лы мүлік, қым­бат киім, кере­мет қара көзіл­дірік, цифр­бла­ты күн­мен шағы­лы­сқан қым­бат сағат, мода­мен үндес етік сенің мате­ри­ал­дық дең­гей­іңді, жұрт­тан арты­қ­шы­лы­ғы­ң­ды «көр­сетіп» тұра­ды. Ал сол өтірік мақтан, көз алдау уақыт­ша ғана. Ақы­ры осы­лай жасан­ды­лы­ққа жол беріп, «…болып көрі­ну­ге» тыры­су­шы­лы­қтың арты ашыл­май қой­май­ды. Содан кім ұтты?

Батыс елдерін­де мұн­дай «…болып көрі­ну­ге» тыры­су­шы­лық мүл­де жоқ. Әркім өз мүм­кін­ді­гі­мен өмір сүреді. Айып­тап жатқан да ешкім жоқ, қызға­нып жатқан да ешкім жоқ. Ақиқа­тын­да адам­ды сүй­кім­ді ететін үстін­де­гі киі­мі емес, ұнам­ды қылы­ғы, адам­гер­шілі­гі. Көр­кем мінез қалып­та­сты­ру орны­на «пон­тқа» ұмты­лу – руха­ни дең­гей­дің төменділігінен.

Ең бір өкіні­штісі – өзі­нен мықты­ның рөлін ойна­уға құмар­лық сияқты «понт­тық» қаси­ет біз­де жеке адам­ның мінезі­нен «мем­ле­кет­тік пон­тқа» ұла­сып кет­кен­ді­гі. «Аса бай», «демо­кра­ти­я­сы дамы­ған», «эко­но­ми­ка­сы дәу­лет­ті», «мықты» болып көрін­гісі кел­ген Қаза­қстан нешетүр­лі сам­мит­тер, диа­лог­тар, уни­вер­си­а­да­лар, ЭКС­ПО-лар ұйым­да­сты­рып бақты ғой. «Понт­тың» сал­да­ры сол, қазір ЭКСПО-2017 өткі­зу үшін қара­жат таба алмай жатыр­мыз. Ал Қаза­қстан – дефолт қау­пі төн­ген он елдің ішін­де тоғы­зын­шы орында!

Осы «понт­сыз-ақ» өзі­міз­ше жай өмір сүріп көрейікші!

Марат Тоқаш­ба­ев­тың

«Фейс­бук» парақшасынан

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн