Пятница , 4 июля 2025

АЗАҚТЫҢ ІШІНДЕ ЖҮРІП, АЗАҒЫМДЫ САҒЫНАМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

Оры­стіл­ді қаза­қтың жан айқайы


Бұл хат­ты жол­да­уға түрт­кі болған – ана тілім­нің жағ­дайы мен қаза­ғым­ның тағ­ды­ры, – деп жаза­ды редак­ци­яға жол­даған хатын­да пав­ло­дар­лық Серік Айы­пұ­лы. – Алдын ала айтып кетей­ін, мен 4–5 жасым­нан 18-ге дей­ін кілең орыс пен немістің орта­сын­да өстім. Қазақ доста­рым болған жоқ, туы­ста­рым­ды айт­паған­да. Орыс мек­тебін­де оқы­дым, қазақ тілі мен қазақ әде­би­еті деген пән­дер болған жоқ. Сон­ды­қтан мынау қаза­қ­ша жазуым­да қателік­тер бол­са – кешірерсіздер».

Біз Серік мыр­за қозғаған мәсе­ленің маңы­зды­лы­ғын еске­ре оты­рып, оның жүрек­жар­ды жаз­ба­сын сәл-пәл түзеп, оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­ну­ды жөн көрдік.

Соңғы үш жыл бой­ғы менің жұмысым қала­ның ішін­де болған­ды­қтан, қала­лық көлік­пен және көше­де жаяу көп жүре­мін. Мек­теп, бала­бақ­ша­лар­да, әртүр­лі меке­ме­лер­де жиі болып тұра­мын. Осы­дан 30–40 жыл бұрын Пав­ло­дар­дың көше­лерін­де қаза­қтар­ды кез­де­сті­ру өте сирек бола­тын. Кей­бір «Хим­го­род­ки», «Дач­ный», «Гор­т­орг», «МДС», «Восточ­ный» атты ықша­маудан­дар­да қаза­қты кез­де­сті­ру түгілі, исі де болмайтын.

Ал енді қазір­гі кез­де қала­ның көше­сін кезіп жүр­ген­дер­дің 90 пай­ы­зы – өзім­нің қара­көз­дерім. Көп­шілік меке­ме­лер мен мек­теп­тер­де, банк­тер мен дүкен­дер­де, емха­на­лар мен ауру­ха­на­лар­да 100%-ға жуық қаза­қтар жүреді десем, қат­ты қате­ле­с­пей­мін. Оры­стар­дың көбі көшіп кетті.

Кет­пе­генін­де – тұрақты жұмыста­ры бар. Басым бөлі­гі энер­ге­ти­ка сала­сын­да, ГРЭС, ТЭЦ, маши­на жөн­деу, ком­пью­тер­лік, жар­на­ма­лық, жаңа тех­но­ло­ги­я­лық фир­ма­лар мен завод­тар­да істей­ді. Көше­де жүр­гені – кем­пір-шал­дар ғана.

Енді осы үш жыл­да бай­қаға­ным – әлгі 100 пай­ыз қаза­ғым­ның 90%-ы оры­стіл­ді – мәң­гүрт болып кетіп­ті. Мен ішім­нен мұн­дағы қаза­қтар­ды екі­ге бөліп қой­дым: 90 пай­ы­зы «мәң­гүрт­тер», ал 10%-ы – «алдаб­ай­лар». Осы 10%-дың ішін­де өзім де бар­мын, отба­сым­мен бірге.

Мәң­гүрт­тен­ген қаза­қтар – тілі жаңа шыққан сәби­лер­ден бастап, 35–40 жастағы ұл-қызда­ры­мыз. Бұл топ­тың ерекшелі­гі – бұлар Қазақ елі тәу­ел­сіздік алып, қаза­қи қоғам тұта­са бастаған­да туып-өскен ұрпақ. Басым бөлі­гі қаза­қ­ша мек­теп­те оқып, қазақ бала­бақ­ша­лар­да тәр­би­е­лен­ген. Көбі орыс ұлты­мен ара­лас­паған. Бірақ та олар бір-бірі­мен таза орыс­ша сөй­лей­ді, бір сөз қаза­қ­ша қоспайды.

Ал «алдаб­ай­лар» – 40–45 жастан бастап 75–80 жастағы қарт­тар. Бұл орта­да «қос­па тіл» жүреді. Екі сөздің бірі орыс­ша неме­се сөй­лей­тін сөзін орыс­ша құра­с­ты­ра­ды. Ол сөз­дер­дің құра­мы мына­дай: и, или, уже, еще, вот, конеч­но, пото­му что, т.с.с, ал аяғын­да – «алдаб­ай­мен» аяқтай­ды. Бұл сөз­дер қаза­қтың қаны­на, сана­сы­на сон­ша­лы­қты сіңіп алған, енді ешқа­шан жой­ыл­май­ды. Жой­ыл­мақ түгілі, күн сай­ын өршіп бара­ды. Мысалға, менің аға-апа­ла­рым кілең қаза­қи ауыл­дар­да өсіп, қазақ мек­тебін­де оқы­ған. Олар есей­ген­ше орыс тілін біл­мек түгілі, оры­сты көр­ген­де, үкі көр­ген­дей шоши­тын. Ал қазір әрқай­сы­ның үйіне бара қал­саң, бала­ла­ры­мен, неме­ре­лері­мен орыс­ша азан-қазан болып жатқа­нын көресің.

Сор­лы қаза­ғым өз ана тілін жары­лқа­маған соң, басқа тіл­ді қай­дан жары­лқа­сын?! Орыс­ша­сы­ның өзі әде­би тіл­ден жұр­дай, күн­делік­ті қол­да­ны­ла­тын жабайы (кос­но­язы­чие) тіл­ден және екі сөзінің бірі орыс­ша неме­се была­пыт, «боқа­уыз» сөз­ден тұра­ды. Мек­теп­те­гі кіш­кен­тай бала­дан бастап, сту­дент ұл-қыздар­дың бір-бірі­мен сөй­ле­генін есті­сең, тура шеті­нен түр­ме­де оты­рып шыққан­дай, жар­гон сөз­дер­ді жаудырады.

Тағы бір айтып кететін жәйт, біз оры­ста­нып бара жатқа­ны­мыз аздай, енді араб­ша өмір сүре­міз деп әлек болып жүр­ген жастар көбей­іп бара­ды. Оларға: «Әу, қарағым, мынау түрің не, сен қазақ емес­сің бе?!» – деген­де: «Нет, я не казах, я мусуль­ма­нин. А все мусуль­мане бра­тья и сест­ры и на нации не делят­ся», – деп, орыс­ша жау­ап бер­гені бар.

Осын­дай­ды есті­ген­де, ішің қалай күй­месін?! Қаза­ғым, не бол­дың? Қан­дай қалға ұшырадың?

Марқұм әжем менің бала кезім­де терең ойда, тас­пиық тар­тып оты­рып, өзі­нен-өзі айта­тын: «Е, балам, азған-тозған заман бола­ды, шай­тан­ның ісі үстем бола­ды…» – деп. Мен сон­да: «Әже, сен үйден ешқай­да шық­пай­сың, оқу-жазу біл­мей­сің, осы­ны қай­дан шыға­ра­сың?» – дейтінмін.

Ал енді қарап тұр­сам, әжем айтқан заман туған сияқты. Бұған дәлел – әлем­де болып жатқан зұлым­дық, зор­лық-зомбы­лық қазақ қоға­мы­на да жай­ы­лып бара жатқан сияқты. Ері­міз – ез, қызы­мыз – жез, ар-намыс, ұят­тан жұр­дай болып бара жатқан секіл­ді­міз. Бұл біздің қаза­қи, ұлт­тық бол­мысы­мы­здан алы­стаған сай­ын, өршіп бара жатқан жағ­дай. Ары­мыз арсызда­нып, намысы­мыз құн­сызда­нып, рухы­мыз жан­шы­лған халық бол­дық. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет бол­сақ та, руха­ни құл­ды­қта жүр­гені­мізді өзі­міз де сезін­бей­тін сияқтымыз.

Бір бай­қаға­ным – кеңес кезін­де туып-өскен қаза­қтар 70-жыл­дар­дың басын­да пай­да болған «Сток­гольм син­дро­мы­на» шал­ды­ққа­ны бай­қа­ла­ды. Осы «оры­стіл­ділік» пен «оры­сқұл­дық» мәсе­лені қозға­саң бол­ды – өзіңе дүр­се қоя береді: «Сен неге оры­старға тиі­сесің?! Орыс бізді адам қыл­ды! Оры­стың арқа­сын­да біз өмір сүріп жатыр­мыз! Жүру­ші едік осы күн­ге дей­ін мал бағып. Не бір-бірі­мізді қырып таста­уш едік…» – деген нағыз құл­дың сөзін естисің.

Осы жоға­ры­да айты­лған жәйт­тер­ге дәлел ретін­де күн­делік­ті өзім көріп, естіп жүр­ген жағ­дай­лар­ды мысалға кел­тірей­ін. Менің үйім­нің қасын­да азық-түлік дүкені бар. Нан, сүт сата­тын бөлі­мін­де екі қазақ қыз-келін­ше­гі сату­шы болып істей­ді. Қашан бар­саң да, орыс тілін­де бір-бірі­мен шүй­ір­ке­лесіп жата­ды. Менің қаза­қ­ша­ма орыс­ша жау­ап бер­ген соң, шыда­май: «Қарақта­рым, маған қаза­қ­ша жау­ап бер­сең­дер, не, ауы­зда­рың қисай­ып қала ма?» – деген соң, мені­мен қаза­қ­ша сөй­лей­тін бол­ды. Бір күні кеш­кісін сүт алай­ын деп кезек­те тұрғам. Алдым­да бір оры­стың келін­ше­гі нан алып жат­ты. Сату­шы қыз нан­ды ұсы­нып жатып, қаза­қ­ша: «Жүз тең­ге», – деді. Әлгі әйел­дің: «А что такое, жуз тян­га?» – деген ашуын есті­ген­де, біздің сасып қалға­ны­мыз сон­ша­лық, дам­ба­лы­на оқыс дәрет «алып» қой­ған бала тәріз­дес бол­дық. Бір кез­де сату­шы қыздың таң қалған дауы­сы шықты: «Ка-а-ак?! Вы не зна­е­те, что такое жүз тең­ге?!». Ал мен сол кез­де есім­ді жиып, әлгі орыс әйел­дің бетіне қарап едім, біздің бәрі­мізді әдейі мысқыл­дап тұрға­ны анық бай­қал­ды. Бір кез­де әлгі орыс әйелі басын кекірей­тіп, дау­сын қатай­тып жау­ап бер­ді: «Не зна­ла, не знаю и знать не хочу!» – деп қақ­ши­тып, шығып кет­ті. Бет­тері боза­рып, аңы­рай­ып тұрған қыздарға бар айтқа­ным: «Не, қыздар, естиін деген­дерің осы ма еді?» – деп, мен де шығып кет­тім. Расын­да, мен әлгі орыс әйеліне рен­жі­гем де жоқ. Неге десеңіз – бұған біз, өзі­міз кінәлі­міз. Өз ана тілі­нен жиір­кен­ген ұлт қашан оңып еді?

Осы­ған ұқсас жәйт – тағы бір мысал кел­тірей­ін. Бір­де ауы­лға бара­тын болып, авто­бе­кет­ке билет алуға бар­дым. Кас­са­да қазақ қызы отыр екен, кеудесіне таққан «бей­джик­те» толық аты-жөні жазы­лған. Мен қазақ тілін­де аман­да­сып, қой­ған сұрақта­ры­ма ол толық орыс­ша жау­ап беріп отыр­ды. Ашуым кел­се де, сабыр сақтап сөй­ледім: «Мен сіз­бен өз мем­ле­кеті­міз­де, мем­ле­кет­тік тіл­де сөй­леп тұр­мын, ал сіз неге маған осы мем­ле­кет тілін­де жау­ап бер­мей­сіз?! Мүм­кін, мен орыс­ша біл­мей­тін шығар­мын?» – деп айтуым мұң екен, әлгі қыздың түрі бұзы­лып кет­ті. Беті сұр­ла­нып, қабағы түсіп, мұры­ны тыр­жиып, ыза мен жиір­кеніш ара­лас пей­іл бетіне шықты. Бірақ тіс жарған жоқ. Сол тістеніп алған түрі­мен қыз­метін атқа­рып болып, билет­ті ұсын­ды да: «На каком язы­ке хочу, на таком и буду гово­рить», – деп, тере­зесін сарт етіп жауып алды. Осын­дай жағ­дай­лар бір-екеу емес, күн ара­ла­та болып тұра­ды. Ал енді осы­дан кей­ін басқа ұлт­ты қалай кінәлайсың?

Иә, мүм­кін, мені біре­улер «ұлт­шыл» деп айтар. Бірақ соған қара­ма­стан, мен бір­де-бір ұлт­ты кем­сі­тей­ін деген ойым да жоқ. Шыным­ды айт­сам, менің олар­да жұмысым жоқ. Мен тек өз қаза­ғым ешкім­нен кем бол­ма­са екен деп, өз жерін­де «диас­по­ра» болып, өгей бала­ның күй­ін кешпе­се екен деп уай­ым­дай­мын. Мен қаза­ғым­ды ешкім­ге де қимай­мын, әрбір қаза­қты өзім­нің бауы­рым деп санай­мын. Қаза­қтың ішін­де жүріп, қаза­ғым­ды сағынам…

Иә, бұл мақа­лам­нан мен күн­шіл, мін­шіл, өз ұлтын қара­ла­у­шы адам сияқты көрі­нуім мүм­кін. Бірақ бұл мақа­ла­ны жазған­дағы ойым – қаза­ғы­ма жаным ашы­ған­ды­қтан, «мың өліп, мың тіріл­ген» қаза­ғым­ның намысы­на тиіп, рухын ояту үшін жаздым.

Бір өкіні­штісі – осы мақа­лам газет бетін­де шыққа­ның өзін­де әлгі 90 пай­ыз оры­стіл­ді қаза­қтар оны оқы­май­ды. Оқы­ған­ның өзін­де, не біреу оқып бер­се де, олар түсін­бей­ді. Сон­ды­қтан бұл мақа­ла тек 10 пай­ыз «алдаб­ай­ларға» арналған болып шығады.

Ескер­те кетей­ін, жоға­ры­да айты­лған жәйт­тер тек жеке өзім­де қалып­тасқан ой-пікір­лерім. Ешкім­ге де мін­дет­ті түр­де мой­ын­да­тай­ын деп, не бол­ма­са мен сияқты ойла­сын дегенім емес.

Ал енді жоға­ры­да айты­лған жәйт­тер­ге күмәні бар қаза­қтар мен «алдаб­ай­ларға» бір өтіні­шім бар. Сіз­дер үйлеріңіз­ден шығып, көлік­теріңіз­ден түсіп, бір сағат, бір күн емес, кем деген­де бір аптаға, не бол­ма­са бір айға жуық мерзім­де қалың жұрт­тың орта­сын­да жүріп, қоғам­дық көлік­тер­ге мініп, әртүр­лі меке­ме­лер­ге, бала­бақ­ша, мек­теп­тер­ге барып шық­саңы­здар, қан­дай ой- пікір­леріңіз қалып­та­са­ты­нын бай­қай­сыздар. Қаза­қтың аяны­шты, қасірет­ті тілі мен жағ­дай­ын көресіз­дер! Бара-бара,осы түрі­міз­бен өз тілі­міз, салт-дәстүрі­міз, әдет-ғұр­пы­мыз орта­мы­здан алы­стап, қажет­сіз зат болып, олар­ды тек теле­ди­дар­дан, көр­ме­ден, не мұра­жай­дан «этно­ауыл», «этно­тіл», «этно­киім­дер» ретін­де ғана көре­міз бе деп қорқам.

Енді осы ойла­рым­ды аяқтар алдын­да ішім­де жүр­ген бір бұй­ым­тай­ым­мен бөлі­се кетей­ін. Ол – қала­мы­здың ата­уы­на қаты­на­сты. Бай­қа­саңыз, мен өзім­ше қаза­қ­шыл бола тұрып, қала­мы­зды «Кере­ку» деп ата­май, «Пав­ло­дар» деп атап отыр­мын. Оған себеп – осы «Кере­ку» деген сөздің мағы­на­сын­да оры­стың «Коря­ков» деген көпе­сінің «қаза­қ­ша­ланған» тегі бар. Бір­не­ше ғасыр бұрын мүр­дем кет­кен ресей­лік ақ пат­ша біздің жер­де өз басқын­шы­лық сая­са­тын жүр­гі­зе оты­рып, өзінің ұрпақта­ры­на бір-бір қала­дан сый­лап, атта­рын қой­ған қала­ның бірі – осы Пав­ло­дар. Ал енді үш ғасыр бойы өзгер­те алмаған ата­уды қазір­гі заман­да қай­дағы жоқ көпе­стің аты­мен атау – қай сасқа­ны­мыз?! Менің ойым­ша, бұл – құл­дық сана-сезім­нің біздің бой­ы­мы­зды жай­лап алған­ды­ғы­ның бел­гісі. Өз басы­ма кел­сек, маған «Сары-арқа» деген атау ұнай­ды. Бұл менің жеке өзім­нің пікірім.

Осы­мен әңгі­мем­ді тоқтат­па­сам, тарқа­уы шексіз ойлар біт­пей­тін түрі бар. Ал қаза­ғы­ма айта­рым, оқыс кет­сем, кешірерсіздер!

Қаза­қтың қара баласы –

Серік АЙЫПҰЛЫ,

әзір­ге Пав­ло­дар қала­сы­ның тұрғыны

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн