Понедельник , 7 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ӘМІРХАНЫ мәңгілікке аяқ басқан күн

Әне-міне деген­ше, қам­шы­ның сабын­дай қысқа, алақа­нын­дай тар уақыт сырғып өтті: тіп­тен жаны­мы­здың жала­уы жығы­лған­дай күй кеш­кені­міз де кеше сияқты еді. Бәл­кім, бір адам­ның биі­гі, шын мәнін­де, бүтін елдің қадір тұтар биі­гіне айнал­маған­да – біз де бұлай­дан-бұлай «суы­ры­лып» сөй­ле­мес пе едік, кім білсін?!

Мына­ны қараңыз­шы: ақын Әмір­хан Балқы­бек­ті өз туған топы­рағы – Шар­да­ра­сы бауы­ры­на басқа­лы жыл ауна­уға жақын қалып­ты. Тіп­ті небәрі 45 жасын­да арты­на өлмес сөз қал­ды­рып, «өлді» деу­ге кел­мес кеңістік­ке «аяқ басқан» Әмір­ханды ұмы­ту мүм­кін бе?! Тек ақын­ның жары Мар­хаб­бат жең­ге­міз БАҚ бетін­де алғаш рет «жыл­дық» деген сөзді ауы­зы­на алған­да барып, Әмір­хан көке­міздің мына өмір­де, аны­ғы адам­дар ара­сын­да шыны­мен жоқ екенін аңғардық-ау!

Күні кеше – Жылқы жылы қазақ әде­би­еті тағы бір орны тол­мас өкініш өртін­де қалған; қазақ жері тағы да бір қазы­на­лы ғұмыр­ды бауы­ры­на басқан; қашан­да қара­пай­ым, қашан­да емен-жарқын қал­пы­мен Әмір­хан ұлда­ры ота­ры­нан жазған қозы­дай қай­ы­рыл­ма­стың басқа бір «өрісіне» кете барған…

Осы орай­да өткен жылғы Әмір­хан Балқы­бек­ке арнаған шағын бір жаз­ба­мы­зды парақтаған­да: «Сол бейне әлі жарқын (мәң­гі жарқын). Ала­та­удың қол­ты­ғын­да өскен шаһар­дың көше­лерін­де «Сәкен бәтің­кесінің ізін­дей» болып тағы да жетім із қал­ды. Басын­да Алтайы түл­кі тымақ, үстін­де қызыл тон, аяғы­на сап­та­ма етік киген, екі беті ақпан­ның аязын­да отқа жалатқан­дай қып-қызыл болып жүретін қай­ран Әмір­хан­ның ғұмы­ры-ай дей­міз егіліп», – деп, аға­ның алдын көр­ген бір буын­ның аты­нан аһ ұра үн қатып­пыз – бұған да бір жыл!

«Қай­ран Әмір­хан­ның ғұмы­ры» дей­тіні­міз де – біздің буын әде­би­ет­тің нағыз жана­шы­ры Әмір­ха­ны­мен бақыт­ты еді! Оның төңіре­гін­де­гі қай­сы­бір жасқа қара­саң да, көл-көсір қуа­ны­шты уыстай­тын да жүретін: «Рас қой, ә?» деп, әлем әде­би­етінің арғы-бер­гі тарихы­нан ұзақ-ұзақ сыр шертетін…

Енді, міне, шанағы күңірен­ген күй­ге толы жетім Шар­да­ра тағы өзіне шақы­рып тұр: Әмір­хан­мен соңғы рет қоштас­паққа (жыл уағын­да жан дене­мен соңғы рет қошта­са­ды дей­ді: дін­де де, ғылы­ми дәлел­дер­де де)!

Әрине, бұл қошта­су маған жоғал­ту емес, артын­да қалған «хаты­мен» жоғал­май­тын өмір­ге бір­жо­ла «аяқ басу» секілді!..

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

 

Ақын­ның асы­на шақырады

Бел­гілі ақын, сын­шы, түр­кiта­ну­шы, мифо­лог, біл­гір әде­би­ет­ші Әмір­хан Жұма­бекұ­лы Балқы­бек­тің өмір­ден өткеніне жыл толуы­на бай­ла­ны­сты туған жері Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы Шар­да­ра қала­сын­да 2015 жыл­дың 5 сәуірі күні сағат 13.00-де «Мали­ка» мей­рам­ха­на­сын­да марқұм­ның рухы­на бағы­шта­лып, құран оқы­лып, жыл­дық асы беріледі.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн