Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ОРАЗАСЫ НЕГЕ 29 КҮН ҒАНА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Пәту­а­ның пай­ы­мы қайсы?


 

Алла бұй­ырт­са, кезек­ті Рама­зан айы да келіп қал­ды. Жыл­дағы қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша тұты­ла­тын ора­за күн­дерін бел­гіле­ген Діни басқар­ма­ның пәтуа­сы да алдын ала жари­я­лан­ды. Рама­зан айын­дағы ора­за және намаз уақы­ты­ның кестесі әр облы­ста жеке-жеке басы­лып тара­ты­ла­ды. Осы орай­да мен бүгін есім­де жүр­ген кей­бір ойлар­ды мұсыл­ман­дар орта­сы­на салған­ды мақұл көріп отырмын.

 

Дін­нің иесі – Алла, дін­нің қожа­сы – соны ұста­на­тын күл­лі мүмін мұсыл­ман­дар. Сол мұсыл­ман­дар жұмысы­на ұйтқы болып, жетек­шілік ету үшін әр елде дін ғұла­ма­ла­ры мен дің­ге­гін­де діні бар дін­дар­лар­дан тұра­тын діни басқар­ма қыз­мет жасай­ды. Бұл бас­шы­лық құры­лым да мұсыл­ман­дар­мен сана­са оты­рып, өз жұмысын атқа­руы тиіс. Өйт­кені Алла­ның дініне адал қыз­мет ету – әр мұсыл­ман­ның парызы.

Ора­за – мұсыл­ман­дар орын­дар бес пары­здың бірі. Бала күні­міз­ден білетіні­міз – қазақ Рама­зан айын көбіне ол кез­де «Отыз күн ора­за» деп атай­тын. «Отыз күн ора­за­ның баста­луы­нан жаңыл­мас үшін, алды­мен шағ­бан айын 30 күн­ге тол­ты­ру­мен баста» – деп те жата­ты­нын ести­тін­біз. Сол кез­де айты­ла­тын жара­па­зан да: «Отыз күн ора­за­ңыз қабыл бол­сын­нан» басталатын.

Соңғы жыл­да­ры осы отыз күн ора­за­ны Рес­пуб­ли­ка мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы­ның пәтуа­сы­мен 29 күн тұту дәстүр­ге айна­лып кет­ті. Көр­ші елдер мен Құран түс­кен араб ағай­ын­дар әлі күн­ге толық 30 күн ора­за ұстай­ты­нын көріп отыр­мыз. Сон­да біздің діни басқар­ма шыға­рып оты­рған пәтуа дұрыс па? Ора­за ұста­у­шы­ларға осы­лай мін­дет­те­у­ге қан­дай негіз бар? Ата­лы­нған діни меке­ме өзінің осы пәтуа­сы­мен 30 күн ора­за тұту­шы­ларға қия­нат жасап оты­рған жоқ па? – деген сұрақ ойға келеді.

Құран­да «діни басқар­ма­ның пәтуа­сы бой­ын­ша ұстал­сын» неме­се мен айтқан­дай «30 күн ора­за тұт» деген үкім жазыл­маған. Бірақ мәсе­лені аны­қта­уда бәрібір сол Құранға жүгі­ну­ге тура келеді. Бұл әр мұсыл­ман­ның пары­зы. Құран – Алла­ның сөзі. Адам­зат бала­сын тәр­би­е­леу үшін түсіріл­ген Алла­ның сөзінің күні бүгін­ге дей­ін аят, сүре түгілі әрпі мен үтірі де өзгер­ген жоқ және мәң­гілік өзгер­мей­ді. Мұсыл­ман­дар орын­дай­тын бес пары­здың басты мін­детінің өзі түсін­ген жанға осы­ны түсін­діретін Құранға бет бұрғы­зу. Алла сөзіне ден қойдыру.

Осы Құран кіта­бы­на зер салып қара­сақ, 30 параға бөлініп қой­ған. Бұл ненің бел­гісі? Отыз күн ора­за­да әр күні бір пара­дан сабыр­мен оқып шық­саң, сол отыз күн­де бүтін Құран­ды бір рет хатым­дап шыға­ды екен­сің. Біз­ге кезін­де ата­ла­ры­мыз бен ақсақал­да­ры­мыз да солай үйре­ту­ші еді. Сон­да ора­за шыны­мен отыз күн бол­са, тұтыл­маған бір күн­нің обал сау­а­бын, қаза­сын кім қалай шешеді? Әр адам ахи­рет­те бола­тын сұраққа діни басқар­ма­мен неме­се оның шығарған пәтуа­сы­мен емес, жеке-жеке жау­ап беру­ге бара­ды емес­піз бе? Ора­за – адам­ды Аллаға жақын­да­та­тын басты бес пары­здың бірі. Ол толық орын­дал­ма­са, сау­ап­тан айы­ры­лу­мен қатар күнә да. Жал­пы, осы­лай пәтуа шыға­ру кеше­гі Әбсат­тар Дер­бісәлі муф­тий болған кез­ден бастал­ды. «Құран­ды – араб әде­би­етінің жаз­ба­ша ескерт­кі­ші» деп, кітап жазып жүр­ген дін бас­шы­сы кезін­де өріс алған осы олқы­лы­қты қалай тоқта­туға бола­ды? Бұл сұраққа кім пәтуа шыға­рып жау­ап беруі тиіс?

Мен өз басым жыл сай­ын діни басқар­ма пәтуа­сы­на қара­ма­стан, 30 күн ора­зам­ды толық тұта­мын және жаным­дағы жамағат­тар­ды да осы­лай тұтуға үгіт­теп келе­мін. Өйт­кені дін, Құран – жыл көле­мін­де 30 күн ора­за­дан тыс одан да көп күн, «Алла­ның разы­лы­ғы үшін» ора­за тұтқан­дар­ды мақұл көреді. Осы­ны біле тұра, діни басқар­ма «отыз күн ора­за тұт, мүм­кін бол­са, Алла­ның разы­лы­ғы үшін одан да көп ора­за тұт» деп наси­хат жүр­гі­зудің орны­на осын­дай пәтуа шыға­ру арқы­лы бізді күнәға итер­ме­леп оты­рған жоқ па?

Ора­за жай­лы айтып қал­дық қой, ора­за­ны тұтуға бай­ла­ны­сты көзі­міз көр­ген мына бір жайт­ты да ортаға салған­ның арты­қты­ғы бол­мас. Жыл сай­ын Рес­пуб­ли­ка мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы­ның пәтуа­сы­мен Рама­зан айын­дағы ора­за және намаз уақы­ты бел­гі­ле­неді. Өткен жылы Алма­ты­ның түбін­де­гі Іргелі елді мекенін­де мынан­дай жағ­дай орын алды. Ауыл мол­да­сы азан шақы­ры­лы­сы­мен, ауы­зын ашып, ақшам нама­зын оқуға кірісті. Маған осы ара­да мол­даға күнә арт­пай, біраз адам­ды тоқта­туға тура келді.

Өйт­кені мол­да ауы­зын ашып, ақшам оқуға кіріс­кен­де, дала жап-жарық болып, күн батқа­ны­мен, баты­стағы шапағы жарқы­рап тұр­ды. Азан – намаз­дың баста­лу уақы­ты емес, намаз уақы­ты­ның таяп қалға­ны­ны­на шақыр­ту емес пе? Мек­ке­де азан шақы­ры­лған соң, бар­лық сауда орын­да­ры жабы­лып, сосын жанын­дағы мешіт­ке барып намазға тұра­ды ғой. Жал­пы күн­нің көрініп тұрған шапағы күн­нің бат­паған­ды­ғын көр­се­те­ді. Кеш­кі намаз­дың «Ақшам» ата­луы сол күн­нің нұры жой­ы­лып, содан кей­ін­гі тір­шілік шам­ның жары­ғы­на ұла­суын айт­пай ма?

Соны­мен қатар ауыз бекіту таң атпай тұрып, сәрі ішу­ден соң жабы­лып, күн батқан соң ашыл­май ма? Біздің мол­да­лар «күн­нің батуы­мен тала­сып ашқан сау­ап» деп, күн бат­пай тұрып, адам­дар­дың аузын ашты­рып жіберіп оты­рға­нын көр­ген­де, көп­шілік алдын­да көз­ге түсіп, сөз айту­дың өзі ыңғай­сыз екен. Күн бат­пай, жарық бар­да ауыз ашты­ру – ора­за­ны қаза еттіріп, сол күн­гі тұты­лған ора­за­ның сау­а­бы­нан айы­рып оты­рған жоқ па? Ол қаза­ның обал сау­а­бын кім көтереді?

Екін­ші­ден, ора­за кезін­де көп­шілік­тің басын қосар ауыз ашар беріледі. Ауыз ашар асы – негізі­нен аузын бекіт­кен­дер­ге көр­сетіл­ген құр­мет. Сол құр­мет­ке орай, сол асты дай­ын­даған жан­дарға да жазы­лар сау­ап­тың мол­ды­ғы айты­ла­ды. Бірақ соңғы жыл­да­ры осы ауыз ашарға аузын бекіт­кен­дер емес, «мұсыл­ман­сың, ора­за тұт» десең, зәресі кететін­дер келіп, дастар­хан­ның төрі­нен орын алып, сол ас өздеріне дай­ын­далған­дай, астың арнайы дай­ын­далған адам­да­ры­на қара­ма­стан, ашар­шы­лы­қтан кел­ген­дей, жұты­на ішіп-жеп жатқан­да­рын көр­ген­де; «Ей, мұсыл­ман, ауыз ашар асы аузын бекіт­кен­дер­ге құр­мет­пен берілетін ас, аузын бекіт­пе­ген­дер соларға қыз­мет жасап, сау­ап алы­ң­дар, иба­лы өне­ге алып, келе­шек­те өздерің де ора­за ұстаң­дар, олар­дың ішер асы­на қыз­мет жасап, алдын­да иба­лы болы­ң­дар» деп, оларға тоқтау айтып, алдын ала үйре­тетін дін­дар­ла­ры­мыз қай­да деген ой келеді.

Менің бұл пікірі­ме діни басқар­ма мен дін ғұла­ма­ла­ры не дер екен?

Бақты­бай АЙНАБЕКОВ,

ілім­гер-жазу­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн