Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ТАҒДЫРЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚОЛЫНДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

 

Пікір­сай­ы­сқа шақырамыз

 


 

Үсті­міз­де­гі жыл­дың 8 науры­здағы 9‑нөмерлі «ДАТ» газетіне шыққан ақын Мыр­зан Кен­же­бай мыр­за­ның «Әйел­дері бұзы­лған ұлт жой­ы­ла­ды» деген мақа­ла­сы исі қаза­ққа ой салға­ны дау­сыз. Нақты мысал­дар мен дәлел­дер кел­тіріп жазған Мыр­зе­кеңнің тәр­би­елік мәні бар осы мақа­ла­сы­на өз ойым­да жүр­ген кей­бір мәсе­ле­лер­ді қосқым келіп, қолы­ма қалам алып отырмын.

 

Ата­мыз қазақ қыз бала­лар­ды ерекше қадір­ле­ген. Соны­мен қатар олар­дың тәр­би­есіне үлкен мән беріп оты­рған. «Қыздың жолы жіңіш­ке», «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал­дар – соның куәсі.

Қазақ тұр­мысқа шық­паған қызды босағаға емес, төр­ге оты­рғы­за­тын. Тұр­мысқа шыға­тын қыз балаға (ол кез­де көбін­ше сырт­тай жасы­нан ата­сты­рып қоя­тын) жеке үй тігіп, оны жең­гесі­мен бір­ге тұрғы­зып, үй шаруа­сын, тамақ жасау, әсіре­се табақ тар­ту­дағы, табаққа тар­ты­ла­тын әр сыбаға­ның ала­тын орнын үйре­ту, қай­наға­ла­ры мен қай­ны­ла­ры­ның атта­рын ата­май, жана­ма ат қою, ата­ла­ры мен апа­ла­ры­на сәлем салу, тіп­ті үлкен­дер­ге шай құй­ып беру (оның да өзін­дік мәні бар) сияқты ұлт­тық сал­ты­мы­зға сай тәр­би­елік мәні зор істер­ді үйре­тетін болған.

Қыз бала тұр­мысқа шығып, келін болып барған­да, осын­дай тәр­би­елік жөні бар істер­ді біліп барған. Ондай­ды жете біл­ме­ген келін­дер­ге «тәр­бие көр­ме­ген» деп сын көз­бен қарай­тын. Сон­дай сөз­ге қал­мас үшін, ата-ана­сы қызда­ры­на мүм­кін­дік­тің барын­ша салт-дәстүр­ді үйретіп оты­рған. Қазір, Мыр­зе­кең айтқан­дай, оре­кең мен баты­стың «озық» үлгісін алған кей­бір келін­дер ата­ла­ры­на сәлем жаса­мақ түгілі, олар­ды Пәлен­ше Пәлен­ба­е­вич деп атын атай­тын келін­дер пай­да бола баста­ды. Кеудесін, ана­ры­ның түй­месі­нен басқа­сын көр­сетіп жүретін, темекі шегу мен ішім­дік ішуді мақтан тұта­тын «өте тәр­би­елі» қыздар көбей­іп кет­ті. Бұл – сал­дар. Ал себебі ары­да жатыр.

Қазір біз­де мат­ри­ар­хат басым болып тұр. Ер аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры әйел­дер­ден төмен. Бұрын әйелін талақ ететін жігіт­тер өте сирек еді. Керісін­ше, жесірін жатқа бер­мей­тін. Оның мәні терең­де жатыр. Ол тіке­лей ұрпақтың бола­шақ тағ­ды­ры. Ал қазір не көп – ажы­расу көп.

Неге? Ол мына біз­де­гі ер мен әйел­дің құқы­ғы бір­дей деген ұлт­ты көгерт­пе­гір ген­дер­лік сая­сат­тың кесірі. Ол мақтан емес, бола­шақта ұлт­ты жоя­тын сая­сат… Қазір біз­де ажы­рас­уға арыз бер­ген әйел­дің сөзі – сөз. Күй­е­уінің пікірін тың­дай­тын заң жоқ. Одан ешкім сұра­май­ды да. Сотқа күй­е­уі бар­ма­са да, сот мыр­за­лар еке­уін сырт­тай ажы­ра­тып, күй­е­уіне али­мент төле­уді мін­дет­теп жібе­реді. Бұл сая­сат түбірі­мен дұрыс емес. Егер ажы­рас­уға әйел арыз беретін бол­са, оған күй­е­уі келісім бер­ме­се, али­мент төлен­бей­ді десе, әйел­дер ары­зын дереу қай­та­рып алар еді. Сон­да ажы­расу азай­ып, бала әкесіз жетім бол­май, әке тәр­би­есін алып өседі.

 

Бүгін­гі әйел­дер­ге бала­ның әкесі – табыс көзі ғана. Әке тәр­би­есін көр­мей өскен ұл мен қыз бола­шақта шеше­сі сияқты болғы­сы келетіні айт­па­са да түсінік­ті. Сон­ды­қтан оларға шеше негіз­гі тұлға. Олар­дың қызда­ры да шеше­сі сияқты ажы­рас­ып алып, «емін-еркін» өмір сүр­гісі келетін болып өседі.

Өткен­де бір шене­улік «…біз­де қыз­мет істей­тін­дер­дің 56 пай­ы­зы әйел­дер» деп соғып тұр. Бұл мақтан емес. Сон­да әйел­дер­дің басым көп­шілі­гі қыз­мет істе­се, бала­ны кім таба­ды? Қазақ ұлты қалай көбей­еді? Жоқ, әлде ұлт жоқ жер­де мем­ле­кет бол­май­ты­нын шен­ділер түсін­бей ме? Әйел­дер­дің қыз­мет істе­уіне еш қар­сы емес­пін. Өз әйелім кезін­де бес бала тауып, қыз­меті­нен қалған емес. Мен қатар­лас доста­рым­ның да әйел­дері алды сегіз бала, арты төрт бала тауып, қыз­мет­терін таста­май еңбек етті.

Бірақ ажы­расу деген пәле біздің заман­даста­ры­мы­зда болған емес. Қазір бір бала, әрі кет­се екі бала тауып (фигу­рам бұзы­ла­ды деген сыл­та­у­мен) неме­се бала тап­пай­тып «ақыл­ды» әйел­дер­ге (бұлар ұлт­тың бола­шағын ойла­май, бүгін­гі күнін ғана ойлай­тын ақы­лы аздар және ұлт­ты жою­шы­лар қата­рын­да) не айтуға болады?

Мен тек қана көп бала тапқан әйел­дер­дің мем­ле­кет­тік кез кел­ген қыз­мет­ті істе­уіне қосы­ла­мын. Ұлт­ты өсі­ру ісі мем­ле­кет­тік дең­гей­де шешілуі керек. Ол үшін жасы 30-дан асқан жанұяға, егер төрт бала­дан кем бала­сы бол­са, екін­ші рет үйле­нуді заң­да­сты­ра­тын заң керек. Екін­ші, үшін­ші рет үйлен­ген­дер­ге мем­ле­кет мате­ри­ал­ды көмек көр­се­туді іске асы­рған дұрыс (квар­ти­ра, жер телі­мін неме­се ақша­лай). Сон­да іші тар, қызған­шақ әйел­дер еріне тоқал алғы­з­бас үшін, мін­дет­ті түр­де 4–5 бала туа­ры сөзсіз.

Ал жігіт­тері­міз үштен, төрт­тен әйел алып жат­са, қазақ қызда­ры қытай­ға, негр­ге, неміс­ке, тағы басқа ұлт­тарға күй­е­у­ге шығу деген пәле тоқтар еді. Қай­дағы бір қытай­дың бала­сын баққан­ша, өз ұлты­ның бала­сын тәр­би­е­ле­генін мақтан тұта оты­рып, қаза­қтың санын көбей­тіп, мем­ле­кеті­міз нығая түсер еді. Олар­дың ара­сы­нын Абай мен Шәкәрім­дер тума­сы­на кім кепіл?

Менің­ше, бәй­бі­ше, тоқал болуға намыстан­бау керек. Біз­де Абай­дың әже­сі Зере (шын аты Тоқ­ба­ла) сияқты мақтан тұтар қазақ әйел­дерінің сим­во­лы аз емес қой. Сол Зере әже­міз Құнан­бай­дың төрт әйелінің бірі емес пе еді? Қаза­қтай көп қырғын көр­ген халық кем­де-кем. Өткен ғасыр­лар­дағы жоңғар шапқын­шы­лы­ғы кезіндегі,1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезін­де­гі пат­ша жен­дет­терінің қаруы жоқ жасақтар­ды зеңбірек, пуле­мет­пен қырға­ны, 1921–22 және 1932–33 жылғы қол­дан ұйым­да­сты­рған ашар­шы­лы­қта қыры­лған халық,1937 жылғы репрес­сия, шетел­ге қашып, онда қыры­лған­дар және Сібір­ге жер ауда­ры­лып, онда қаза тапқан­дар мен неміс фаши­стері­мен болған соғы­ста қыры­лған­дар санын әлі ешкім дөп басып айта алмай­ды. Шама­мен бұл цифр 5–7 мил­ли­он­ның ар жақ-бер жағы бола­ды. Сон­да да қазақ жер беті­нен жой­ы­лып кетпеді.

 

Біз­дер­ді жой­ы­лу­дан аман алып қалған – алтын құр­сақ ана­ла­ры­мыз. Олар бірі бәй­бі­ше, бірі тоқал болып, аз деген­де бес-алты бала тауып, елді­гі­мізді, ұлты­мы­зды сақтай оты­рып, мем­ле­кеті­мізді аман алып қал­ды. Келе­шек­те ұлты­мы­зды азайт­пай, мем­ле­кеті­мізді сақтап қалу­дың бір­ден-бір жолы – көп әйел алу­ды заң­да­сты­ру болып табы­ла­ды. Біздің депу­тат­тар «көке­міздің атын қалаға беру керек» деп, халы­ққа пай­да­сы жоқ жағым­паз­ды­қ­пен сабан-су сөзді сапы­ра бер­ген­ше, келе­шек­те ота­ны­мы­зға пай­да­лы осын­дай игі баста­ма­ны көтер­гені дұрыс болар еді.

«Еркек­тер екі әйел алса, біз екі бай­ға тие­міз» деген баяғы депу­тат «қыздан» құдай сақ­та­сын. Жал­пы, елі­міз­де халы­қтың санын көбей­ту жай­лы ойла­нып жүр­ген шен­ді-шек­пен­ділер­ді бай­қа­ма­дым. Көр­ші қытай қазір бұры­нғы бір бала ғана туа­тын заңын өзгер­тіп, екі балаға рұқ­сат бер­ді. Соның нәти­же­сін­де өткен жылы халқы 18 мил­ли­онға өсті. Бұл дегеніңіз бір Қаза­қстан­ның халқы­нан көп.

Сон­да біздің мем­ле­кет бір жанұя­да төрт-бес бала­дан кем бол­ма­сын деген заң­ды неге қабал­да­масқа? Ден­са­улы­ғы көтер­ме­ген әйел­дер жетім­дер үйі­нен бала асы­рып алсын. Мұн­дай заң­ды қабыл­да­уға қар­сы адам – мем­ле­кеті­міздің бола­шағы­на қар­сы деп ойлаймын.

Мем­ле­кет­тің бай­лы­ғы – халық. Халы­қты көбей­тіп жатқан әйел­дер­ге мем­ле­кет тара­пы­нан беріліп жатқан бір рет­тік 86 мың жәр­де­мақы өте аз. Менің­ше, бірін­ші балаға 200 мың, екін­шісіне – 400 мың, ал үшін­ші балаға 600 мың, одан әрі әр балаға 300 мың­нан, алты бала тапқан анаға 2 мил­ли­он өтем беріп отыр­са – өте дұрыс болар еді. Екі мил­ли­он беріп жат­са, көп­те­ген әйел­дер алтын­шы бала­сын табуға қар­сы бол­мас еді. Негізі, елі­міздің бола­шағы осы жас нәре­сте­лер­ге тие­селі өз ақша­ла­рын беріп оты­рған ешқа­шан қате бол­май­ды. «Жақ­сы әйел жаман еркек­ті хан жасап, өзі хан­ның әйелі бола­ды, ал жаман әйел жақ­сы ерке­гін құл жасап, өзі құл­дың әйелі бола­ды» неме­се «Әйелі жақ­сы­ның ағай­ы­ны ара­ла­сып, жақын жүреді, жаман әйел­дің ағай­ы­ны ара­лас­пай, қашық жүреді» деп қазақ тауып айтқан. Осын­дай жақ­сы мақал­дар­мен бір­ге «Қыз кезін­де бәрі жақ­сы, жаман әйел­дер қай­дан шыға­ды» деген де мақал бар.

Расын­да, олар қай­дан шығып жүр? Менің бұл жазған мақа­лам менің жеке пікірім. Осы жазға­ным көп­те­ген жеке басын ғана ойлай­тын әйел­дер мен келе­шек­ті болжағы­сы кел­мей­тін­дер­ге ұнай қой­мас. Бірақ қазақ түбі осы­ған келеді.

Берік БАЛТА

 

Редак­ци­ядан: Әрине, автор­дың қозғап оты­рған тақы­ры­бы қоғам­дағы пікір­дің алтын қазы­ғы деп айтуға бол­мас. Бірақ ойла­нуға тұрар­лық ой-жоралғы­дан кен­де деу­ге тағы да бол­май­ды. Ал осы орай­да сіз­дер не айта­сыздар? Редак­ция газет оқыр­ман­да­ры­нан пікір күтеді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн