Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІҒЫЛЫМ ТІЛІНЕ айналатын мақсатқа жете аламыз ба?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Ойталқы

 


 

 

«Сырт­тан кел­ген най­за­лы жаудан, іштен шыққан кездік­ті жау жаман» – деген қаза­қтың сөзі кей­ін­гі уақыт­та қисын­ды айты­лған­дай болып отыр. Билі­гі­мізді «жау» деген­ге қима­сақ та, оның қаза­ққа қаты­сты өзек­ті мәсе­ле­лер бой­ын­ша жасап жатқан әре­кет­тері сыр­тқы жауды қажет етпей-ақ, қоғам­дағы тыны­шты­қты толқы­ту­да. Жер мәсе­лесі бой­ын­ша ушы­ққан жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты билік мора­то­рий жари­я­лап, аяқ тар­тқан сыңай таны­тқан­нан кей­ін, тіл­ге қаты­сты, оның ішін­де мек­теп­тер­де үш тұғыр­лы тіл­ді енгі­зу бағ­дар­ла­ма­сы­ның айна­ла­сын­да дау туа бастады.

 

 

«Аузы күй­ген үріп ішеді» деген түсінік – қаза­қстан­дық билік­ке жат нәр­се. Билік өкіл­дерінің әртүр­лі сала­дағы тығы­ры­қтан шыға­ра­ды деп жари­я­лаған бағ­дар­ла­ма­ла­ры іске асқан жоқ. Одан қоры­тын­ды жасап жатқан билік те жоқ. Кезек­ті дау – мек­теп­тер­де үш тұғыр­лы тіл­ді енгі­зу жөнін­де­гі бағ­дар­ла­ма­сы­на қаты­сты туындауда.

Жуы­қта бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Расул Жұма­лы­ның ұйым­да­сты­руы­мен Қаза­қстан мек­теп­теріне үштіл­ділік­ті енгі­зу мәсе­лесіне арналған «IQ Studio» сарап­та­ма­лық бас қосу өткізді. Оған ака­де­мик Асқар Жұма­діл­да­ев, сая­сат­кер-жур­на­лист Әмір­жан Қоса­нов, қоғам қай­рат­кері Дос Көшім шақы­ры­лып, білім сала­сы­на енгізіл­гелі оты­рған рефор­маға қаты­сты пікір­лері мен ойла­рын ортаға сал­ды. Талқы­лау бары­сын­да сан алу­ан пікір­лер айтыл­ды – билік­те­гі орыс тіл­ділер­дің қазақ тілінің дамуы­на жасан­ды түр­де­гі кедер­гі кел­ті­ру әре­кет­тері атап өтіл­ді. Атал­мыш рефор­ма­ның толы­қтай пісіп жетіл­ме­генін, олар үш тұғыр­лы тіл­ге емес, үш тіл­ді баста­уыш сынып­тан бастап оқы­ту мәсе­лесіне нара­зы екен­дік­терін атап айтты.

Әдет­те­гі­дей, қоғам бел­сен­ділері өткі­зетін шараға шақы­ры­лған билік өкіл­дері тара­пы­нан ешкім де төбесін көр­сет­пе­ді. Деген­мен, әділ­дік үшін осы үш тұғыр­лы тіл мәсе­лесіне қаты­сты білім және ғылым мини­стрі Ерлан Саға­ди­ев­тың БАҚ қа бер­ген сұх­ба­ты­нан үзін­ділер кел­тіріп кетей­ік: «…Қысқа­ша айт­сам, бағ­дар­ла­ма­да қазақ тілінің қол­да­ны­сын шек­те­у­ге, неме­се кей­біре­улер айтқан­дай, оны жою тура­лы қан­дай да бір мақ­сат та жоқ. Мен іс басы­на қазақ тілін – өзім­нің ана тілім­ді шет­те­тей­ін деген оймен кел­генім жоқ…

Аталған бағ­дар­ла­ма­ның негіз­гі мақ­са­ты – пре­зи­дент ұсы­нған «Мәң­гілік ел» иде­я­сын орын­да­уға бастай­тын, оған негіз қалай­тын плат­фор­ма жасау. Өйт­кені «Мәң­гілік ел» білі­мі заман тала­бы­на сай, әлем­де­гі ғылым мен тех­ни­ка­ның, жал­пы әлем өрке­ни­етінің жаңа­лы­ғын еркін біліп, еркін иге­ре, қол­да­на ала­тын Қаза­қстан­ның мәң­гілік қоға­мын құруға арналған. Соны­мен қатар қоғам­да сапа­лы білім алу­дың мүм­кін­ді­гі бар­шаға бір­дей болуы көр­сетіл­ген. Ал қазір біз­де­гі білім жүй­есін­де мұн­дай тепе-теңдік жоқ…

Қазақ мек­теп­терін­де оқы­ған жастар­дың әрі қарай сапа­лы білім алуы­ның шек­те­улі екенін көріп отыр­мыз. Мыса­лы, біздің ең жоға­ры ағы­л­шын тілін­де дәріс беретін Назар­ба­ев Уни­вер­си­тетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT уни­вер­си­тет­теріне ауыл жаста­ры­ның түсуіне біраз қиын­шы­лы­қтар­дың бар екенін өзім көр­дім. Ол – бір.

Екін­ші­ден, біз­де орыс тілін­де оқы­та­тын мек­теп­тер де бар. Олар­да да көп­те­ген қазақ жаста­ры оқи­ды. Шынын айт­сақ, осы жастар­дың көбі, тіп­тен қазақ жаста­ры­ның көбі қазақ тілін дұрыс біл­мей­ді, дұрыс түсін­бей­ді. Осын­дай себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты біз­де­гі білім алу жүй­есін­де тепе-теңдік жоқ, жастар­дың бәрі бір дең­гей­де сапа­лы білім алуы­на жағ­дай жасал­маған. Біздің мақ­са­ты­мыз – осын­дай қай­шы­лы­қтар­ды жой­ып, жастарға, әсіре­се ауыл­да жүр­ген жастарға, бәріне бір­дей сапа­лы, заман тала­бы­на сай білім беру…

Жара­ты­лы­ста­ну (химия, физи­ка, био­ло­гия, инфор­ма­ти­ка) пән­дерін үш тіл­де, оның ішін­де қазақ тілін­де де жаңа әдісте­ме­мен оқы­ту көз­деліп отыр. Сон­ды­қтан биы­лғы жыл­дан бастап 73 мың мек­теп мұғалі­мі жаңа әдісте­ме­ге арнайы дайындалады…

Осы мақ­сат­та және әлем­де­гі озық тәжіри­бені кеңі­нен қол­да­ну үшін биыл 2,5 мың мек­теп­ті кең жолақты интер­нет желісіне қоса­мыз. Аталған іс-шара­лар Елба­сы бекіт­кен бағ­дар­ла­ма­да нақты көр­сетіл­ген және оған тиісті қар­жы бөлініп отыр. Соны­мен қатар 73 мың мек­теп мұғалі­міне жаңа әдісте­мені үйре­тетін 80 маман Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­терін­де дай­ын тұр…

Ал қазақ тілі тура­лы айтар бол­сақ, біз­де ана тілі­мізді жан-жақты, жедел, тиім­ді үйре­тетін әдісте­ме жоқ. Кей­бір елдер­де (мыса­лы, ағы­л­шын­дар­да, фин­дар­да) өз халқы­ның тілін өздеріне және басқа ұлт­тарға 4–6 ай ішін­де үйре­тетін тиім­ді әдісте­ме­лер бар. Осын­дай әдісте­ме­лер­дің жоқты­ғы­нан біз­дер мек­теп­те қазақ тілін айлап, жыл­дап оқыт­сақ та, тиісті нәти­же шыға­ра алмай келеміз…».

Әлбет­те, ешкім өз бала­сы­ның қазақ, орыс, ағы­л­шын тіл­дерін­де еркін сөй­ле­геніне қар­сы емес. Үш емес, он тіл біл­се де құптаймыз.

Деген­мен, үш тіл­ділік­ке өту асы­ғыс шара емес пе? Ширек ғасыр­дан бері еңсесін көте­ре алмай келе жатқан қазақ тілі орыс пен ағы­л­шын тілінің көлең­кесін­де қалып кет­пей ме?

Министр айтып өткен «Мәң­гілік ел» иде­я­сы мен «Нұр­лы жол­дар» мен «Нұр­лы көш­тер­дің» сәт­тілі­гіне шыны­мен сенетін адам­дар билік іші­нен де табы­луы екіта­лай. Бұған қоса, министр мыр­за айтып өткен­дей, қазақ тілін жан-жақты, жедел, тиім­ді үйре­тетін әдісте­ме­лер де жоқ. Қыру­ар қара­жат­тар­дың бөлі­нуіне қара­ма­стан, министр айтып өткен әдісте­ме­лер­ді әзір­лей алмай кел­ген мини­стр­лік 25 жыл­дан бері «айға бата жасап» жүр ме екен? Талқы­лау бары­сын­да айты­лып өткен пікір­лер­ді сара­лай­тын бол­сақ, бала­лар­дың бір­не­ше тіл­ді еркін мең­гер­геніне ешкім қар­сы емес. Мәсе­ле соны жүзе­ге асы­ру жолын­да және қазақ тіліне төніп тұрған кезек­ті қатер­де болып тұр.

Оқыр­ман наза­ры­на осы талқы­ға қаты­сқан аза­мат­тар­дың пікірін ұсы­нып отырмыз.

 

Расул ЖҰМАЛЫ:

– Министр Саға­ди­ев­тың айтуын­ша, үш тіл­ділік жоба­сы әу бастан басқа мақ­сат­тар­мен қатар, бүкіл Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на қазақ тілін білуді қам­та­ма­сыз ету жолы. Екін­ші жағы­нан, қоғам­да сан алу­ан ойлар айты­лу­да. Зия­лы қауым өкіл­дері қар­сы­лық біл­діріп, ұста­здар қауы­мы алаң­да­уда. Соңғы санаққа қарай­тын бол­сақ, мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның 70 пай­ы­здан аста­мы үш тіл­ділік баста­ма­сы­на қарсы.

Бұл қаза­қтың игілі­гін мең­зеп оты­рған баста­ма ма? Неме­се оның бола­шағы­на бал­та шаба­тын­дай, алаң­да­у­шы­лық туғы­за­тын­дай жоба ма? Сон­ды­қтан бірін­ші сұрақ – әу баста бұл баста­ма­ның мақ­са­ты қан­дай еді, нелік­тен бұл мәсе­ле дәл қазір көтеріл­ді және бұл шын мәнісін­де қан­дай нәти­же­ге, қан­дай сал­дарға алып келуі мүм­кін? Демо­гра­фи­я­лық жағ­дай­дың өзге­руі, қаза­қтың саны­ның өсуі, биыл­дан бастап қазақ мек­теп­терін­де «е», «к», «л» деген жаңа сынып­тар­дың пай­да болуы, әрине, қуан­та­тын жағ­дай. Енді осы­ны қол­паштап, ең бол­са­ма­са кедер­гі жаса­мау қажет. Қазір­гі уақыт­тағы елі­міз­де орын алып оты­рған екі тіл­ді сая­сат нәти­же­ге жет­ті ме? Екі тіл­ділік сая­сат­ты бітір­мей жатып, үш тұғы­рға көшу қан­ша­лы­қты қисы­нға саяды?

«Бала қан­дай тіл­де білім ала­тын бол­са, қан­дай тіл­де тәр­бие ала­тын бол­са, сол тіл­ді мен­шік­те­уші халы­ққа қыз­мет ете­ді» деген сөз бар. Мек­теп тек білім беру ошағы ғана емес, ол тәр­бие беру, аза­мат­ты өсіріп шыға­ру орта­сы, ол – бала­лар­дың бола­шағы. Үш тіл оқы­ған бала­ның Отан сүй­гі­шті­гі қан­дай бола­ды? Әрине, бір­не­ше тіл біл­ген, ағы­л­шын тілін біл­ген жақ­сы, басқа тіл­дер­ді де біл­сін. Деген­мен, бірін­ші сынып­тан бастап басқа тіл­дер­ді оқы­ту қан­ша­лы­қты қисынды? 

 

Дос КӨШІМ:

– Үш тіл­ділік жоба­сын енгі­зу – соңғы уақыт­тар­да қазақ тіл­ділер­дің көбей­іп келе жатқа­ны­на және қаза­қтар­дың демо­гра­фи­я­сы­ның өсуіне бай­ла­ны­сты орыс тілін сан түр­лі айла-тәсіл­мен сақтап қалу үшін жасалған тех­но­ло­гия. Алды­мен нақты жүй­е­леп алай­ық, бұл жер­де нақты үш мәсе­ле бар.

Бірін­шісі – бала­ның басын ата­ла қылып, төрт-бес жастан қаза­қ­ша, орыс­ша, ағы­л­шын­ша үйре­ту. Екін­ші­ден, жоғарғы сынып­тар­да негіз­гі пән­дер – физи­ка, химия, мате­ма­ти­ка­ның ағы­л­шын тілін­де өтуі. Бұл біздің қабыл­дай алмай жатқан екін­ші мәселеміз.

Үшін­ші мәсе­ле – жал­пы тарих­ты орыс тілін­де беру. Орыс тілі­нен құты­ла алмай жатқан­да, осы үш мәсе­ленің үше­уіне де ғалым­дар, педа­гог­тар, пси­хо­лог­тар нақты жау­ап бер­ген, оны қай­та­лап жат­пай­ық. Министр Саға­ди­ев осы жер­де отыр­са, оған қоя­тын сұрағым бар еді: «Жиыр­ма жеті жыл бойы оры­стіл­ді бала­ларға қазақ тілін оқы­тып, «сәле­мет­сіз бе» деген сөзді біл­мей­тін бала­лар­ды тәр­би­е­леп шығарған мини­стр­лік қалай­ша үш тіл­де оқы­та­ды? Бұл мини­стр­лік­ке қалай сену­ге бола­ды? Нелік­тен мек­теп­те тарих пәні­нен сабақты орыс тілін­де беруі­міз керек, осы­ған уәж бар, негіз­де­ме бар ма?

Дүние жүзі мек­теп­тері орыс­ша оқы­тып жатыр десе, түсі­нер ем. Мұн­дай шешім шыға­руға Білім мини­стр­лі­гінің еш негіз­де­месі бол­маған. Қысқа­сы, көтеріп жатқан рефор­ма­лар­дың бір­де-бір негіз­де­месін, дәлелін халы­ққа түсін­дір­ген жоқ. Жер мәсе­лесін­де де пре­зи­дент айт­ты ғой, халық түсін­ген жоқ, соны түсін­дірей­ік деп. Осы мәсе­лені де түсіндірсін.

Тың­дай­тын құлақ жоқ болған соң, халық нара­зы­лы­ғын біл­діреді. Кез кел­ген рефор­ма қар­сы­лы­ққа душар бол­са, оны тоқта­та­ды. Билік айтқан­ды тың­да­май­тын, ұқпай­тын бол­са, үлесі 70 пай­ы­зға жетіп қалған қазақ өзінің қар­сы­лы­ғын көр­се­те білуі керек. Ол үшін Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда арнайы бап­тар да бар.

 

Асқар ЖҰМӘДІЛДАЕВ:

– Негізін­де мен ағы­л­шын тілін үйре­нуді қол­дай­мын. Бүкіл ғылы­ми әде­би­ет­тің 80 пай­ы­зы ағы­л­шын тілін­де жазы­ла­ды. Бүкіл биз­нес, бүкіл тех­но­ло­гия ағы­л­шын тілін­де айты­ла­ды. Сон­ды­қтан ағы­л­шын тілін үйре­ну – қазақ үшін олжа.

Бірақ осы жер­де бір ғана мәсе­ле­ге қар­сы­мын. Мини­стр­лік­тің айта­тын сөзін­де бар­лық қаза­қстан­дық оқу­шы­лар мін­дет­ті түр­де ағы­л­шын тілін­де оқуға жүк­тей­тін бағ­дар­ла­ма жаз­сын. Бұл жер­де не үшін деген сұрақ туа­ды. Кон­сти­ту­ци­я­ның аза­мат­тық құқы­ғы жөнін­де­гі бөлім­деріне сәй­кес келе ме, кел­мей ме?

Кезін­де орыс ғұла­ма­сы Ломо­но­сов ғылым­дағы баты­стың, немістің әсеріне қар­сы шықты. Біз неге ғылым­ды неміс тілін­де неме­се орыс тілін­де дамы­туы­мыз керек деген қар­сы пікір айт­ты. Тарихқа үңілей­ік: мыса­лы, Иса­ак Нью­тон бірін­ші рет ағы­л­шын тілін­де мақа­ла жазған­да, жұрт­тың бәрі қар­сы шыққан. Ол кез­де ғылым – латын тілін­де еді. Неміс және ағы­л­шын тіл­дері вар­вар­лар тілі деп есеп­тел­ген. Бәрі латын тілін­де болу керек деген дау-дамай шыққан.

Бірақ қазір латын тілі қай­да қал­ды? Неміс тілі, ағы­л­шын тілі ше? Демек, заман және тарих тұрғы­сы­нан қарай­тын бол­саңыз – дүние алма-кезек. Бір кез­дері бай­қал­май­тын, білін­бей­тін, ешнәр­се шық­пай­ды деген тіл­дер алға дамып кет­ті. Ешкім біл­мей­тін халы­қтар алға шықты.

Сон­ды­қтан бұл ара­да мін­дет­ті түр­де біз – қаза­қтың тілі ғылым тіліне айна­ла­ды деген мақ­сат коюы­мыз қажет. Мен Алма­ты­ға 1969 жылы кел­дім. Сол кез­де көше­де қаза­қ­ша бір сөз есті­сек қуа­на­тын­быз. Ал қазір авто­бу­сқа мін­сек те, көше­де жүр­сек те қаза­қ­ша сөз естіледі ғой. Демек, бұның бәрі «көз қорқақ – қол батыр» деген­ге сай. Менің ойым­ша, кез кел­ген ұлт­тың тари­хи дамуы бола­ды. Қаза­қтың тари­хи дамуы дұрыс бағыт­та келе жатыр. Біздің мем­ле­кеті­міздің, оның бас­шы­ла­ры­ның ең бірін­ші мақ­са­ты – осы даму үрдісіне кедер­гі жаса­мау. Басқа ешнәр­сенің кере­гі жоқ. Үш тұғыр­лы тіл­дің қисын­сызды­ғы ешқан­дай дәлел­ді қажет етпей­ді. Қаза­қтың жерін­де, қаза­қтың елін­де қазақ тілінің еңсесі биік болуы керек. Қалға­ны­мыз соның қамын жаса­уы­мыз керек.

 

Әмір­жан ҚОСАНОВ:

– Біз­де әрбір министр орны­на кел­се, жаңа рефор­ма бастай­ды. Ол рефор­ма­ның артын­да мате­ри­ал­дық мүд­де тұра­тын сияқты. Өйт­кені әрбір пән – ол кітап. Кітап – поли­гра­фия, поли­гра­фия – қағаз өндірісі, ол – ақша. Мен өзім солай ойлай­мын, өйт­кені мен қан­ша мини­стр­ді көр­дім – кел­ген сай­ын жаңа­дан бір рефор­ма жасайды.

Бұл баста­ма­ның қисын­сыз екені тәжіри­бе жүзін­де дәлел­ден­ген. Мысал ретін­де кел­тірей­ін: менің таны­ста­рым, доста­рым­ның 1‑сыныпта оқи­тын неме­ре­леріне қаза­қ­ша жаз десе, ағы­л­шын әрпі­мен жаза­ды екен. Оған ескер­ту жаса­саң, «какая раз­ни­ца» деп шыға келетін көрі­неді. Міне, бірін­ші сынып­тағы бала­ны үш тіл­де оқы­ту – қаза­қ­ша сөзді ағы­л­шын әрпі­мен жазып, «какая раз­ни­ца» дегі­зеді. Сон­ды­қтан пси­хо­лог­тар­дың пікірі­мен келі­су керек.

Баста­уыш сынып­та бала­ның негізі, ой сана­сы Қоблан­ды­ны, Қаң­бақ шал­ды, Алпа­мысты оқып қалып­та­су керек. Суда жүзуді үйрен­гің кел­се, суға түсу керек. Біз 27 жыл­дан бері сол суға түсу­ден қорқып отыр­мыз. Ең басты­сы, осын­дай құжат­тар­ды қабыл­дай­тын, оны дай­ын­дай­тын клерк­тер­ден бастап, шешім қабыл­дай­тын мини­стр­лік­тер қаза­қ­ша ойлап, түн­де түсін қаза­қ­ша көретін, бала­ла­ры қазақ мек­тебін­де оқи­тын, Қаза­қстан уни­вер­си­тетін­де оқи­тын адам­дар болуы керек! Егер де олай бол­май­тын бол­са, біздің мына әңгі­ме­міз осы жер­де қала­ды. Атта­ры дар­дай шене­унік­тер­дің бала­ла­ры шетел­дің оқу орын­да­рын­да оқиды.

Қаза­қтың пат­ри­о­ты­мыз ба? Пре­зи­дент­тен бастап, білім мини­стрінің бала­сы, неме­ресі қазақ мек­тебіне баруы керек. Сол кез­де ғана қазақ тіліне деген құр­мет бола­ды. Мини­стр­лер маған рен­жі­се де, сотқа бер­се де айтай­ын: мұның артын­да мате­ри­ал­дық мүд­де жатыр. Әрбір министр келеді де, өзінің кіта­бын шығарғы­сы келеді. Өзі сол ақша­ның қасын­да жүр­гісі келеді. Көне кітап­тар­мен жұмыс істе­гісі кел­мей­ді. Міне, мәсе­ле қай­да жатыр?!

Жазып алған – Димаш АЗАМАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн