Воскресенье , 6 июля 2025

ҚАЗАҚТЫ ЖЕРДЕН АЙЫРУ – ұлтты тоздырумен бірдей әрекет

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (286) от 16 апре­ля 2015 г.

 

Үміт­кер­ден үміт бар ма?

 

Қаза­қстан­дағы пре­зи­дент­тік сай­лау науқа­ны бары­сын­да редак­ция пошта­сы­на ағы­лған хат­та есеп жоқ. Соның бірін – «ҚР Пре­зи­ден­ті және келесі пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа» деген айдар­мен жазы­лған Ашық хат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отыр­мыз. Хат иесі: «20 жылға созы­лған зан­сызды­ққа тосқа­уыл қой­ы­ңыз, жеке тұрғын үй салуға берілетін жер телім­дерін бөлу, оған құжат­тар дай­ын­дау ісін­де­гі жемқор­лы­қты тый­ы­ңыз!» – деп, мәсе­лені төтесі­нен қояды.

 

Тәу­ел­сіздік алға­лы ширек ғасы­рға жуық уақыт бол­ды. Сон­да да елде үйсіз-күй­сіз жүр­ген қаза­қтар саны көбей­іп отыр. Бұған жер телі­мін, үй кезе­гін бөлу­де жемқор­лы­қтың кеңі­нен өріс алуы әсер ету­де. Бір ғана Аста­на қала­сы мен Ақмо­ла облы­сын­да үй сала­тын, егін егетін шұрай­лы жер­лер­ді лау­а­зым­ды қыз­мет­кер­лер ақша­лы­ларға, тамыр-таны­ста­ры­на, тіп­ті сынып­та­ста­ры мен құда­ла­ры­на дей­ін оңды-сол­ды тара­тып бер­ген. Жеке­ле­ген про­ку­рор­лар мен қар­жы поли­ци­я­сы қыз­мет­кер­лері жемқор­лар­ды қызғы­штай қорғайды.

Ал аудан, ауыл әкім­дері мен жер қаты­на­ста­ры басқар­ма­ла­ры қыз­мет­кер­лері мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті биз­неске айнал­ды­рған. «Тәу­ел­сіздік алған­да, елі­міз­ге қазақ бас­шы­сы сай­ланған­да, заң­сызды­қтан жапа шеге­міз деп кім ойлаған?» деп қан­жы­ла­ды тұрғын­дар. Құқық қорғау орган­да­ры­на, сотқа барып әділ­дік таба алмаған адам­дар­дың өкі­мет­ке сені­мі жоға­ла бастаған. Сон­ды­қтан тұрғын­дар өз ары­зда­рын Пре­зи­дент аппа­ра­ты­на, Пар­ла­мент­ке, «Нұр Отан» және тәу­ел­сіз газет­тер­ге жолдайды.

Есіңіз­ге салай­ын, 1996 жылы Сіздің «Жер тура­лы» жар­лы­ғы­ңыз шықты. Онда тұрғын үй салуға арналған жер телім­дері мем­ле­кет­тік акті­мен беріл­сін делін­ген еді. Жер алған­дарға оны сатуға, сый­ға тар­туға мүм­кін­дік жаса­луы көзделген.

Ал 2000 жылы шыққан «Жер тура­лы» Заң­да да жеке тұрғын үй құры­лы­сы­на (ЖТҚ) жер телі­мі мем­ле­кет­тік акті­мен берілуі айты­лған. Осы заң­ды талап­тар қара­пай­ым халы­ққа кел­ген­де орын­дал­май келеді. Халы­ққа жер телі­мі бір жылға арен­даға беріледі. «Осы шешім бір жыл­дан соң күшін жояды» деудің өзі қия­натқа, жемқор­лы­ққа жол аша­ды. Жұмыс іздеп, ауыл­дар­дан көш­кен кедей қазақ бір жыл­да үй сала алмай­ды. Сатай­ын десе сата алмай­ды, сый­ға тар­та алмай­ды. Арен­даға жер алған­дар үйлеріне құжат дай­ын­дай алмай, сер­гел­дең­ге түседі.

Мәсе­лен, Цели­но­град ауда­нын­да арен­да­дағы жер телі­мін сатып алған жас аза­мат­ша А.Исина 13 жыл бойы алтын уақы­тын, мил­ли­он­даған ақша­сын шаш­са, әлі күн­ге 10 жыл­дан артық тұра­тын үйіне құжат жасай алмай жүр. Тұрғын үй пай­да­ла­нуға алын­са да, тех­пас­пор­ты бол­са да, мем­ле­кет­тік актіні ала алма­ды. Лега­ли­за­ци­яға берей­ін десе – актісіз алмай­ды. Бар құжат­тар бұры­нғы қожай­ын­ның атын­да. Ол қожай­ын жер сатар кез­де, 18 жастағы Бай­жа­но­ва еді, 10 жыл­дың ішін­де тұр­мысқа шығып, Кари­мо­ва болып ауы­сты. Содан оның өзіне «ала­яқтық жаса­дың» деген айып­пен қыл­мыстық іс қозға­лып, жері арест­ке кетіп қалып, оны алу үшін 3 жыл жүрді.

Был­тыр­дан бері Иси­на­ның маңын­дағы үйлер жол салу үшін сыры­лып жатыр. Биыл бұлар­дың үйіне де кезек келеді. Сон­да 5 бала­лы отба­сы не ақша­сыз, не үйсіз дала­да қал­мақ. Ал 2011 жылғы Аста­на қала­лық мас­ли­ха­ты­ның шеші­мі бой­ын­ша, «қызыл жолақта» тұрған үйлер­ге мем­ле­кет­тік акті беріл­мей­ді. Сон­да бұл бей­бақ енді қайтпек?

Тағы бір мысал: Ақмо­ла облы­сы Цели­но­град ауда­ны­нан 2000 жылы мем­ле­кет­тік актісіз жер телі­мін алған А.Байгөзин 15 жыл бойы үйіне құжат дай­ын­дай алмай жүр. 2004 жылы көлі­гін айдап кет­кен ұры­лар сай­ма­нын алып, маши­на­ны жағып жібер­ген. Маши­на­мен бір­ге құжат­та­ры да өртеніп кет­кен. Егер сол кез­де мем­ле­кет­тік актісі бол­са, баяғы­да көшір­месін алып үйіне құжат дай­ын­дап алушы еді.

Кей­ін «Көктал‑2» шағын ауда­ны қалаға беріл­ген­дік­тен, Аста­на қала­лық жер қаты­на­ста­ры бөлі­мі­нен мем­ле­кет­тік актіні сұра­са, оған тура Иси­наға бер­ген­дей жау­ап қай­ы­ры­лған. Аста­на қала­лық жер қаты­на­ста­ры меке­месін 20 жыл басқа­рып оты­рған Ж.Нұркенов ҚР Әкім­шілік кодексінің 244-бабын біл­мей ме? Оның «үйді өз беті­мен сал­ды» деп жау­ап беруі – заңға қай­шы. Аста­на қала­сы­ның про­ку­ра­ту­ра­сы Бай­гө­зин­ге 3 жыл бойы «фор­маль­но» жау­ап беріп кел­ген. Осын­дай заң­сызды­қты талай адам бастан кешіп жүр. Жеке тұрғын үй құры­лы­сы­на жер­ді бір жылға арен­даға беріп, қол­дан қиын­дық жаса­удың не қажеті бар? Халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­на сай кел­мей­тін мұн­дай шешім­дер не үшін қабылданады?

Сол сияқты арен­да­дағы жерін сатқан С.Мұқанқызы 13 жыл қия­нат көр­ді. Бірақ бір жылға арен­даға беріл­ген жер­ді сатып жібе­ру­ге мәж­бүр болған. Сатып алған ада­мы кей­ін оны тағы екі ада­мға сатқан. Соңғы сатып алушы С.Баилинов 2004 жылы «үйім біт­ті, құжат дай­ын­дай­мын» деп алдап, сенім хат алып кет­кен. Сөйт­се үй біт­пе­ген. 2005 жылы тамы­зда шала бітіріп, С.Мұқанқызының аты­нан кот­те­дж­ді сат­ты деп, қол­ды өзі қой­ып, құжат алған. Оған көмек­тес­кен нота­ри­ус «сатқан адам 17 000 000 тең­ге алды» деп, ала­яқтық жасаған. Ақы­рын­да үш бала­ның ана­сы 2007 жылы Тұрғын үй депер­та­мен­тін­де үй берілей­ін деп жатқан­да, үй кезе­гі­нен шыға­ры­ла­ды. Алты жыл бойы қала әкі­мі, қала­лық про­ку­ра­ту­раға жазып, шын­ды­ққа жете алмай­ды. Бар­лы­ғы «сіз­де кот­тедж бар» деген жау­ап береді.

Кор­руп­ци­я­лық қыл­мысқа жол беріп, А.Каримова мен С.Мұқанқызына 2002 жылы заң­сыз шешім шығарған А.Шакиров қазір Сіздің аппа­рат­тағы адам құқын қорғай­тын бөлім­де отыр…

Тұрғын үй және жер бөлу ісін­де орын алған жемқор­лық жағ­дай тура­лы экс-сена­тор С.Жалмағанбетоваға, мәжілістің экс-депу­тат­та­ры И.Елекеевке, А.Джазинге, қазір­гі депу­тат­тар А.Базарбаев пен В.Косаревке де шағым­дар жаз­дық. Бірақ ешкім­нен көмек жоқ, ешқай­сы жемқор­лы­ққа тосқа­уыл қоя алмады.

Ел тіле­гі – рес­пуб­ли­ка­ны жай­лаған осын­дай заң­сызды­қтарға тосқа­уыл қой­ы­луын күте­ді. Сая­си рефор­ма керек! «Сай­лан­баған әкім мен сот халы­ққа қыз­мет етпей­ді» деген сөз­ге құлақ түру керек сияқты.

Цели­но­град ауда­нын­да ұйым­дасқан жемқор­лық қыл­мысқа 11 жыл бойы тосқа­уыл қой­ыл­май келеді. Бес мың­нан астам адам бір жылға арен­даға алған жер­лерінің уақы­ты өтіп, тұрғын үйлеріне құжат дай­ын­дай алмай, сер­гел­дең­ге түсу­де. «Уақы­ты өтіп кет­ті» деген сыл­та­у­мен қан­ша­ма адам жер телі­мі­нен айры­лып қал­ды. Қоян­ды ауы­лын­да 10 жыл бойы созы­лған дау да жемқор­лық кесірі­нен туын­дап отыр. Аста­на қала­сы мен Ақмо­ла облы­сы­ның Цели­но­град ауда­нын­да ақша­сы көп­тер мен шене­уінік­тер, олар­дың тамыр-таны­ста­ры жер телім­дерін гек­тар­лап ала­ды да, сег­мен­та­ция жасап, халы­ққа үсте­ме баға­мен сату­дың есебі­нен баю­да. «Недви­жи­мость», «Из руки в руки» газет­терін­де жер сата­тын­дар­дың хабар­ла­ма­сын оқып, жағаң­ды ұстай­сың. Құқық қорғау орган­да­ры қай­да қарайды?

Сауда­гер­лік­ті өрістетіп, жер телім­дерін талан-тара­жға салу халы­қтың кедей­ле­нуіне әкеп отыр. «Сыбай­лас жемқор­лық тура­лы» Заң­ның 4,10,12-бабтары заң бұзу­шы­ларға қаты­сты қол­да­ныл­май­ды. Ал қара­пай­ым халы­ққа кел­ген­де, кесе-көл­де­нең заң табы­ла қала­ды. Соңғы 10 жыл­да аудан­да жеті әкім, бес про­ку­рор ауы­сты, бірақ жемқор­лы­ққа тосқа­уыл қой­ма­ды. Жемқор­лық қыл­мысқа жол бер­ген қара­мағын­дағы қыз­мет­кер­лерін жөн­ге салу­дың орны­на, Ақмо­ла облы­сы­ның әкі­мі Сер­гей Кула­гин мыр­за теле­ди­дар­дан: «Заң­сыз алған жер­лерін сырып тастай­мыз!» деп, Қоян­ды ауы­лын­дағы халы­ққа қыр көр­се­те­ді. Жоға­ры­да айтқан мәсе­ле­лер­ге қаты­сты 2014 жылы әділет­сіздік­ке, қия­натқа, жемқор­лы­ққа, төре­шіл­дік­ке ұзақ жыл­дар жол бер­ген Е.Артықовты, аудан­дық жер қаты­на­ста­ры меке­месінің басты­ғын, аудан әкім­шілі­гін­де­гі жер телім­дерін беру жөнін­де­гі комис­сия төрай­ы­мы А.Айтқожинованы облыс әкі­мінің тәр­тіп­тік кеңесін­де қарап, шара қол­да­ну­ды талап еттім. Бірақ оған құлақ асқан ешкім жоқ. Құқық қорғау орган­да­ры атқа­ру­шы билік­тің бір бөлі­гіне айналған. Сон­ды­қтан да аудан про­ку­ро­ры Д.Сүлейменов халы­қты емес, билік­ті қол­дап зан­сызды­ққа жол беруде.

Қоян­ды ауы­лын­дағы 10 жылға созы­лған дау аудан бас­шы­ла­ры­ның сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен айна­лы­суы­нан, про­ку­ра­ту­ра­ның әре­кет­сізді­гі­нен, бұры­нғы қар­жы поли­ци­я­сы­ның «кры­ша» болуы­нан туын­даған. Қара халы­ққа кел­ген­де, заң орын­да­ры батыл да, жедел шешім қабыл­дай­ды. Жер телім­дерін сат­ты деп айып­таған орал­ман аза­мат түр­ме­де қай­тыс бол­ды. Сон­дай айып­пен 6 бала­ның ана­сын 5 жылға сот­та­ды. Қара­пай­ым халық өкіл­дері әкім­дер мен тиісті бас­шы­лық орган­дар­дың жетек­шілері ара­лас­па­са, қалай жер­ді сата алады?

Жақын­да халы­қтың 10 жыл бұрын алған жер­лерін заң­да­сты­рып берудің орны­на аук­ци­онға шыға­ру­ды ойлап тап­ты. Әлем­де жер көле­мі жөнін­де 9‑орында тұрған елдің халқын қан қақ­са­ту кім­ге тиім­ді? Кон­сти­тут­ци­я­ның 1‑бабы бой­ын­ша, адам өмірі бірін­ші кезек­те тұруы керекті­гін олар біл­мей ме?

Осы рет­те тағы бір мысал айтай­ын: 2004 жылы жер телі­міне өтініш бер­ген С.Мұқатұлы 10 жыл бойы құжа­тын ала алмай келеді. 22 жасар бала­сы Дани­яр жоғарғы оқу орны­на жыл сай­ын 150 мың тең­ге төлеп, сырт­тай оқып жүр­ді. Маши­на май­ын сата­тын дүкен ашты, алай­да Аста­на­ның ұры­ла­ры оны бір жұма­да тонап кет­кен. Ақы­ры қыр­шын жас 2009 жылы асы­лып өлді. Сол ауыл­да 2006 жылы аудан­дық комис­си­я­ның шеші­мі шық­са да, 180 адам жер телім­дерін ала алмауы­на кім кінәлі? «Инфрақұры­лым жасалған соң бере­міз» деп халы­қты алдап келеді. Аста­на­дан 15–20 шақы­рым жер­де­гі 12 ауыл­дағы жаңа­дан салы­нған үйлер­дің көбін­де әлі күн­ге электр жары­ғы, жол, су, авто­бус жоқ. Батыр ана Қ.Әлжанова 11 жыл бойы жер телі­мін ала алмай жүр. Ж. Құсай­ы­но­ваға 9 жыл бойы Қараөт­кел­ден жер телі­мі беріл­меді. 2009 жылы Талап­кер ауы­лын­да бос жатқан жер жоқ деп, 9 бала­ның ана­сы­на жау­ап береді де, 2011 жылы 145 ада­мға жер телі­мін кезексіз, мем­ле­кет­тік акті­мен тара­та­ды. Оны облы­стық про­ку­ра­ту­ра аны­қтап, аудан­дық про­ку­ра­ту­ра сот­пен 60 адам­ның жер телі­мін қай­тып алды. Олар сот­та­сты: бірақ облы­стық сот аудан­дық сот шеші­мін күшін­де қал­дыр­ды. Осы дау бүгін­де Жоғарғы сотқа жетті.

Ақмо­ла облы­сын­дағы Ақкөл ауда­нын­да жер телі­мі ЖТҚ-на мем­ле­кет­тік акті­мен беріледі екен. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы басты­ғы В.Елисеев мыр­за: «Әуел­де біз де арен­даға бер­ген­біз, бірақ аудан про­ку­ро­ры нара­зы­лық кел­тір­ді, үй сала­тын жер бір-ақ рет беріледі, ол мем­ле­кет­тік акті­мен берілуі керек» дей­ді. Сон­да бір облы­стағы екі аудан­дағы жер қаты­ста­ры мәсе­лесі неге екі түр­лі шешіледі?

Тура­сын айт­сақ, жеке тұрғын үй құры­лы­сы­на жер телі­мін бір жылға арен­даға беру – халы­қты қанап, бюд­жет­ке ақша түсі­ру үшін қасақа­на жасалған қыл­мыс. Арен­да шар­тын жыл сай­ын ұзар­тып, 8 құжат­ты қай­та дай­ын­дау үшін 80 000 тең­ге қай­та төле­те­ді. Ал кедей қазақ үйді 6–7 жыл сала­ды. Сон­да бюд­жет­ке 500 000 тең­ге ақша түседі. Жыл сай­ын ұзарт­паған­дарға облы­стық жер инспек­ци­я­сы 90 000 тең­ге айып салады.

Ал сон­да үкі­мет­тің 2006 жылғы «әр ада­мға жеке мен­шік­ке 10 сотық жер беріл­сін» деген қаулы­сы қай­да қала­ды? Керісін­ше, мем­ле­кет­тік акті сұраған­дар­дың жер­лерін «игер­медің» деген сыл­та­у­мен кері алып қой­ып, оны ақша бер­ген­дер мен тамыр-таны­ста­ры­на мем­ле­кет­тік акті­мен, кезексіз сатып жібе­реді. Бұған не аудан­дық про­ку­рор, не сот тосқа­уыл қоймайды.

Сон­да Жер кодексі билік­те­гілер мен бай­лар үшін қабыл­данған ба? Осы мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты ҚР Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сі, құқық қорға­у­шы ретін­де алты жыл бойы тиісті орын­дарға мәсе­ле қой­ып келем, алай­да сең орны­нан қозға­лар емес.

Құр­мет­ті, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы, Цели­но­град ауда­нын­да сыбай­лас жемқор­лы­ққа тосқа­уыл қоя алмай оты­рған құқық қорғау қыз­мет­кер­леріне жаза қол­да­ну­ды, аудан бас­шы­ла­рын жау­а­пқа тар­ту­ды сұрай­мын. Мәсе­лен, жер­ді оңды-сол­ды таратқан­дар­дың бірі Иса­бе­ко­ва-Сей­ілқы­зы 145 жер телі­мін кезексіз бер­гені үшін қыз­мет­тен кете­ді де, артын­ша облы­стық «Гипро­зем» меке­месіне бас­шы­лы­ққа келіп, қыз­меті көтеріліп отыр. Осы жағ­дай қан­дай заң­ды­лы­ққа сай келеді?

Тіп­ті бір аудан­ның ішін­де­гі Ақкөл, Арша­лы аудан­да­рын­да жер қаты­на­ста­ры мәсе­лесіне екі түр­лі заң­ды­лық қол­да­ны­лу­да: Ақкөл­де жер телі­мі мем­ле­кет­тік акті­мен беріл­се, Арша­лы­да 5 жылға арен­даға беріледі. Осы жағ­дай­дан кей­ін біздің елде жал­пы­ға ортақ заң бар ма, жоқ па деген заң­ды сұрақ туады.

Осын­дай қиын­ды­ққа тап болған тұрғын­дар­дың бар­лы­ғы­на жуы­ғы – қаза­қтар. 2003 жыл­дан бері 50 мың­нан аса қазақ кезе­гін күтіп, дала­да қал­ды. Енді бас­шы­лар кезек­те тұрған­дар­ды далаға қал­ды­рып, жер­ді ағы­л­шын әдісі­мен аук­ци­онға шыға­ру ойы­нын бастады.

Осы аук­ци­он бастал­мас бұрын, әкім-қара­лар бай­ларға, жеке­ле­ген тамыр-таны­ста­ры­на 50–100 гек­тар­лап таратқан жер­лер қай­та алын­сын, тек­серіс жүр­сін. Ол жер телім­дері кезек­те тұрған халы­ққа тегін берілсін.

Сіз осы­дан төрт жыл бұрын теле­ди­дар­дан: «Цели­но­град ауда­нын­дағы жер­лер­ді түгел шене­унік­тер алған – тек­серің­дер» деген­сіз. Содан бері бір­де-бір тек­серіс жүр­меді. Сіз мем­ле­кет­тік құжат ретін­де ұсы­нған «Нұр­лы жол» бағ­дар­ла­ма­сын­да заң үстем­ді­гі болуы керек деп талап қой­ды­ңыз. Ал жер­гілік­ті бас­шы­лар сіздің талап­та­ры­ңы­зға пысқы­рып қарай­тын түр­лері жоқ. «Биің әділ бол­ма­са – еліңді дерт жай­лай­ды» деп, Қазы­бек би айтқан­дай, еліңізді ауыр дерт жай­лаған. Оны емде­у­ге өзіңіз тіке­лей ара­лас­пай­тын бол­саңыз, жер­гілік­ті шене­унік­тер­ден қай­ыр жоқ. Қаза­қстан­да бар билік тек Сіздін қолы­ңы­зда болған­ды­қтан, заң­ды, халы­қтың мүд­десін аяққа тап­таған жеке­ле­ген шене­унік­тер, құқық қорғау қыз­мет­кер­лері жаза­ға тартылсын.

Сөз соңын­да айтар үлкен мәсе­ле бар: қаза­қты жер­ден айы­ру – қазақ ұлтын тозды­ру, оның түп-тамы­рын құр­ту жағ­дай­ы­мен бір­дей. Өз елін­де жүріп, үй салуға тілім­дей жер ала алма­са, бұл қаза­қтың сіз­ге деген сені­мі қала ма? Ал сіздің сая­са­ты­ңы­зды көпе-көр­неу сабо­та­жға салған шене­унік­тер қаза­қты құр­ту­ды мақ­сат тұтып жүр ме? Осы­ған өзіңіз­ден жау­ап күтеміз.

Саға­дат ҚАБЫЛДИНА,

Қаза­қстан Журналистер

одағы­ның мүшесі,

Аста­на қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн