Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚҚЫРҒЫЗ «САУДА СОҒЫСЫ» насырға шауып барады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

«Бір адам­дар» кесірі


 

Қаза­қстан кей­бір қырғыз­стан­дық ком­па­ни­я­лар­дың сүт, ет және кон­ди­тер өнім­дерін кір­гі­зуді шек­те­ді. Аста­на бұл шеші­мін Қырғыз­стан­нан «тала­пқа сай емес өнім­дер келіп жатыр» деп түсін­дір­ді. Сарап­шы­лар екі көр­шінің бір айдан асқан тәжі­кесі­нен «сауда соғы­сы» бел­гілерін көреді.

 

Қаза­қстан БАҚ-тары­ның хабар­ла­у­ын­ша, Қаза­қстан ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гіне қарас­ты Қоғам­дық ден­са­улы­қты сақтау коми­тетінің төраға­сы Жан­дар­бек Бек­шин «Қырғыз­стан­нан Қаза­қстанға келіп жатқан тала­пқа сай емес өнім­дер көле­мі ұлға­юы» тен­ден­ци­яға айна­лып кет­ті деп түсін­дір­ген. «Ақ сүт», ТМ «Риха» ком­па­ни­я­ла­ры­ның, «Кули­ков­ский» кон­ди­тер­лік кәсі­пор­ны­ның және ірім­шік өндіретін «Эми­лия» ком­па­ни­я­сы­ның өнім­деріне тый­ым салы­нға­ны хабар­лан­ды. Бірақ Қырғыз­стан­ның мем­ле­кет­тік орган­да­ры мен тый­ы­мға ілік­кен кәсі­по­рын­да­ры шек­теу енгізіл­гені жай­лы ресми хабар­ла­ма алмаған­да­рын айтады.

Қырғыз­стан үкі­меті жанын­дағы мем­ле­кет­тік вете­ри­нар­лық және фито­са­ни­тар­лық қауіп­сіздік инспек­ци­я­сы­ның дирек­то­ры Қалы­с­бек Жұмақа­но­втың «Азатты­қтың» Қырғыз қыз­метіне хабар­ла­у­ын­ша, Қаза­қстанға кір­гізу­ге тый­ым салы­нған өнім­дер тиісті талап­тарға сай өнім­дер ретін­де Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы­ның (ЕАЭО) біры­ңғай реест­ріне енгізіл­ген. Яғни, ол өнім­дер Қаза­қстанға кедер­гісіз кіруі тиіс болған. Бұған қоса, Қалы­с­бек Жұмақа­но­втың айтуын­ша, кеше­гі, яғни қазан­ның 13‑і күн­гі есеп бой­ын­ша Қаза­қстан­нан ешқан­дай ресми ескер­ту түспеген.

«Егер Қаза­қстан жағы әлгі кәсі­по­рын­дарға қаты­сты әлдебір шешім қабыл­да­са, бір­ден біз­ге хабар­ла­уы тиіс болған. Жоқ деген­де «мына­дай кем­шілік­тер кет­кен, зерт­ха­на­лық зерт­теу нәти­же­леріне сәй­кес, өнім­дерің мына­дай талап­тарға сай емес» деп айтуы тиіс еді. Бірақ біз­ге ондай ақпа­рат түс­кен жоқ. Кәсіп­кер­лер­дің өздері де ондай ескер­ту алдық деп хабар­лаған жоқ», – дей­ді инспек­ция директоры.

Біш­кек пен Аста­на шека­ра­дағы жағ­дай­ға қаты­сты ымы­раға кел­меді. Қаза­қстан қырғыз-қазақ шека­ра­сын­дағы жағ­дай­ды рет­те­у­ге арналған жол кар­та­сы­на қол қою­дан бас тарт­ты. Еура­зия үкі­ме­та­ра­лық кеңесі жиы­нын­да Қырғыз­стан мен Қаза­қстан пре­мьер-мини­стр­лерінің кез­десіп, тарап­тар шека­ра­дағы жағ­дай­ды рет­те­у­ге арналған жол кар­та­сын талқы­лаған, бірақ ортақ пікір­ге келе алмады.

 

Қырғыз­стан­дағы сүт өнім­дерін шыға­ра­тын ком­па­ния өкіл­дерінің айтуын­ша, қазақ-қырғыз мем­ле­кет­тік шека­ра­сын­да өткі­зу тәр­тібі күшей­тіл­ген, қазан­ның 10-ынан бері олар өнім­дерін Қаза­қстанға өткі­зе алмай, шығы­нға батқан. Олар­дың ішін­де Талас облы­сын­дағы «Ара­шан» кәсі­пор­ны да бар. Фир­ма дирек­то­ры Алмаз Кери­ма­ли­ев шығарған өні­мін қой­ма­да жина­уға мәж­бүр болып жатқа­нын айтады.

«Бүгін­ге дей­ін не бір кило­грамм ірім­шік, не бір литр сүт сатқа­ны­мыз жоқ. Қон­ды­рғы­ла­ры­мыз көмір­мен жұмыс істей­ді. Отын­ды Қаза­қстан­нан сатып алып оты­рған­быз. Енді көмір де сатып ала алмай қал­дық. Халы­қтан сүт сатып алып жатыр­мыз, бірақ шығарған ірім­шік­ті әзір­ше қой­ма­да сақта­уға тура келіп тұр. Бұл біз­ге қиын болып тұр», – дей­ді ол.

Қаза­қстан шека­ра­дан өткі­зу тәр­тібін күшейт­кен қазан айы­ның 10-ынан бастап тек­се­ру-өткі­зу бекет­терін­де бір­не­ше кило­метр­ге созы­лған кеп­телістер пай­да болған еді. Аста­на қазан­ның 25-сі күні Қырғыз­стан мен Қытай ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы көле­міне қаты­сты деректер­де «үлкен айыр­ма­шы­лық бар» деп мәлім­деді. Қырғыз­стан үкі­меті бұл айып­ты жоққа шыға­ра­ды. Содан бері екі ел үкі­меті бас­шы­ла­ры бір­не­ше рет кез­де­сті, бірақ шека­ра­дан тау­ар өткі­зудің оңай­ла­у­ы­на ол кез­де­су­лер әсер еткен жоқ.

Қырғыз­стан халы­қа­ра­лық валю­та қоры мәлім­де­месіне сіл­те­ме жасап, шека­ра­дағы бақы­ла­уды күшей­ту сал­да­ры­нан кел­ген эко­но­ми­ка­лық шығын «200 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры­нан асты» деп хабар­ла­ды және Дүни­е­жүзілік сауда ұйы­мы­на шағым­дан­ды. Қаза­қстан жағы «шека­ра­дағы жасан­ды кедер­гі» тура­лы айып­та­уды жоққа шыға­рып, шека­ра­дағы тек­се­рудің күшей­тіл­генін «кон­тра­бан­даға» қар­сы күрес қажет­ті­гі­мен түсіндірген.

«Азаттық» тіл­шісі хабар­ласқан Қаза­қстан­дағы Тәу­ел­сіз кәсіп­кер­лер қауым­да­сты­ғы­ның вице-пре­зи­ден­ті Тимур Назха­нов «қырғыз тау­ар­ла­ры тала­пқа сәй­кес кел­мей­ді» деген уәж­ге аса сен­бей­ді. «Олар­дың тау­ар­ла­ры таза­лау, табиғи­лық жағы­нан да жақ­сы­рақ. Дүкен­де, мыса­лы, Қаза­қстан мен Қырғыз­стан тау­а­ры тұр­са, Қырғыз­стан­дікін ала­мын – сапа­сы да, баға­сы да тұты­ну­шы­ға ыңғай­лы. Енді тұты­ну­шы­ға сол тау­ар­лар жет­пей жатыр», – дей­ді Назха­нов мырза.

Оның ойын­ша, Қаза­қстан мен Қырғыз­стан ара­сын­дағы қазір­гі қарым-қаты­на­стар сипа­тын «сауда соғы­сы» деу­ге бола­ды. «Менің ойым­ша, мәсе­ле Атам­ба­ев­тың сөз­дері­нен шықты. Ол Елба­сы­ны (Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты айта­ды – Ред.), Қаза­қстан билі­гін сына­ды. Пре­зи­дент болған соң, ондай сөз­дер­ді айтуға бол­май­ды, оны­сы дұрыс емес. Талап­тар­дың қатаң­да­уы, менің ойым­ша, соған бай­ла­ны­сты, мұның эко­но­ми­ка­лық емес, сая­си аста­ры бар екені түсінік­ті болып тұр. Қырғыз­стан­да Қаза­қстан­ның кәсіп­кер­лері де жұмыс істеп жатыр. Енді Қырғыз­стан олар­ды қыс­са, не бола­ды? Сон­дай­ға жет­пе­сек болға­ны деп отыр­мыз. Мұны сауда соғы­сы деп айтуға бола­ды», – дей­ді Тимур Назханов.

Кәсіп­кер­лер қауым­да­сты­ғы­ның вице-пре­зи­ден­ті «сауда соғы­сы­ның» екі ел кәсіп­кер­леріне де қиын тиіп тұрға­нын айтып: «Мыса­лы, Алма­ты облы­сын­дағы сүт өнім­дерін шыға­ра­тын зауыт­тарға шикі­зат жет­пей жатыр. Біздің кәсіп­кер­лер шикі­затты көбі­не­се Қырғыз­стан­нан ала­тын. Еттің көбісі Қырғыз­стан­нан келеді. Бұл екі жаққа да зиян болып тұр», – деді.

Қаза­қстан­дық эко­но­мист Айдар Әлі­ба­ев екі елдің қазір­гі сауда қаты­на­ста­рын «соғыс» демей­ді, бірақ екі үкі­мет­тің ара­сы нашар­лаға­нын мой­ын­дай­ды. «Мен мұны ешкім­ге керек емес абсурд, сауда сала­сын­дағы араз­ды­қтың басы дей­мін. Араз­дық шене­унік­тер­дің, әсіре­се біздің шене­унік­тер­дің кеудем­соқты­ғы­нан шықты. Маған Қаза­қстан­ның айы­бы көбірек болып көрі­неді. Біз Ресей­дің бұры­нғы сани­тар­лық дәрі­гері Ген­на­дий Они­щен­ко­ны жақ­сы біле­міз. Ол керек кезін­де Бела­русь, Мол­до­ва, Лат­вия, Гру­зия тау­ар­ла­ры­нан «сая­си вирус» таба қоя­тын. Біздің тарап­тың, сани­тар­лық қыз­мет­тер­дің әре­кеті де соған ұқсай­ды. Олар тыр­нақ асты­нан кір ізде­у­ге нұсқау алған. Мен ондай нұсқа­уды жоғарғы жақ бер­ген деп ойлай­мын. Бұл жақ­сы­лы­ққа әкел­мей­ді. Қырғы­здар­дың қолын­да да тетік­тер бар. Егер олар да бас­сызды­ққа бара­мын десе, суды тоқта­тып тастай­ды. Одан Оңтүстік Қаза­қстан, Жам­был облы­ста­ры кәдім­гі­дей зардап шегуі мүм­кін. Ол егістік­тің шығы­мы­на, азық-түлік мәсе­лесіне әсер ете­ді», – дей­ді Айдар Әлібаев.

Ал Қырғыз­стан­ның бұры­нғы вице-пре­мьері Олег Пан­кра­то­втың пікірін­ше, Еура­зия эко­но­ми­ка одағы­ның (ЕАЭО) біры­ңғай реест­ріне енгізіл­ген кәсі­по­рын­дар өнім­деріне шек­теу енгі­зу – екі ел ара­сын­дағы «сауда соғы­сы­ның» көрінісі.

«Тала­пқа сай емес деу үшін, жоқ деген­де әлгі өнім­ге мони­то­ринг жүр­гі­зетін әлдебір мех­низмдер қажет. Бұл өнім­ді сату кезін­де­гі нары­қтық қадаға­лау деп ата­ла­ды. Бір елден өнім­дері тала­пқа сай емес үш-төрт өндіру­шіні бір мезет­те аны­қта­уға мүм­кін­дік беретін көлем­ді мони­то­ринг бағ­дар­ла­ма­сын Қаза­қстан арнайы жаса­ды деп ойла­май­мын. Яғни, егер олар (тау­ар­лар­ды айта­ды – Ред.) Қырғыз­стан­нан біреу, Қытай­дан біреу, Түр­ки­ядан біреу, Ресей­ден біреу бол­са, азды-көп­ті бол­сын, шын болып көрі­нер еді. Ал бір елден бір­не­ше ком­па­ни­я­ны бір мезет­те аны­қтап, өнім­дері тала­пқа сай емес деп жари­я­лау… Олар­дың бәрі Қырғыз­стан­ның ең үздік, өнім­дері нор­ма­ларға сай кәсі­по­рын­да­ры, өйт­кені олар­да HASP жүй­есі енгізіл­ген. Сон­ды­қтан бұл қаза­қстан­дық әріп­те­стері­міздің Қырғыз­станға қар­сы бастаған «сауда соғы­сы­ның» көрінісі деп кесім­ді түр­де айта ала­мын», – дей­ді қырғыз вице-премьері.

Кей­ін­гі күн­дері Қаза­қстан мен Қырғыз­стан ара­сын­дағы жүк көлік­тер өтетін «Ақ тілек» бекетін­де кезек азай­ға­ны бай­қалған. Бірақ қара­ша­ның 10‑ы күні ол жер­де 400-дей жүк көлі­гі бөгеліп қалға­ны бел­гілі бол­ды. Қырғыз­стан­ның мем­ле­кет­тік шека­ра қыз­метінің дере­гін­ше, қара­ша­ның 13‑і күн­дері Қырғыз­стан­ның Талас облы­сын­дағы «Ақ тілек» және «Чон Кап­ка» бекет­терін­де де кезек байқалған.

Azattyq.org

 

 

 

 

Айт­пақ­шы…

 

ҚЫРҒЫЗДАР

қазақ билі­гін

АЙЫПТАЙДЫ

 

Еске сала кет­сек, қара­ша айы­ның басын­да Қаза­қстан­ның Қырғыз­стан­дағы елшілі­гі алдын­да нара­зы­лық акци­я­сы өткен еді (сурет­те). Жиналған­дар Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­на кіру­ге рұқ­сат күтіп, жүз­де­ген жүк көлік­тері тұрып қалған екі ел шека­ра­сын­дағы жағ­дай­ды «рет­те­уді» талап еткені­мен, олар негізі­нен екі ел ара­сын­дағы сая­си жағ­дай­ды сөз етті. Нара­зы­лық акци­я­сы­на қаты­су­шы қырғы­здар «Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтан (ЕАЭО) шығу мәсе­лесін қозғай­мыз» деп мәлімдеді.

 

Акци­яға қаты­сқан­дар егер Қаза­қстан тара­пы шека­ра­ны толық ашып, ЕАЭО-ға мүше мем­ле­кет­тер­дің ортақ талап­та­рын орын­да­май­тын бол­са, Қырғыз­стан өкі­меті алды­на Одақ құра­мы­нан шығу тура­лы сая­си қозға­лыс бастай­мыз деп мәлім­деді. Қырғыз халқы­ның сая­си ерік-жігері әлдеқай­да бел­сен­ді екенін ескер­сек, бұл про­цесс ЕАЭО-ның тұта­сты­ғы­на нұқ­сан кел­тіре­рі сөзсіз.

«Орта­лық Азия елдерін­де­гі адам құқы­ғы кон­гресі» үкі­мет­тік емес ұйы­мы­ның жетек­шісі Тур­сун­бек Акун «шека­ра­дағы жағ­дай Қаза­қстан Қырғыз­станға «қыса­стық көр­сетіп» оты­рға­нын біл­діреді» деген пікір­де, деп хабар­лай­ды осы орай­да «Азаттық».

«Екі жыл ішін­де ЕАЭО пай­да­сын көр­гені­міз жоқ. Егер шека­ра­да тосқа­уыл­дар орна­тып, ұйым шар­тта­ры­на сәй­кес кел­мей­тін жөн­сіз әре­кет­тер­ді жалға­сты­ра бер­се, бұл ұйым­да қалу­дың кере­гі не? Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің пікіріне ғана құлақ аса­тын ұйым­ның қажеті қан­ша? Егер шека­ра ашыл­ма­са, ұйым­нан шығу мәсе­лесін көте­ре­міз. Егер Қаза­қстан адам­дар­дың шека­ра­дан еркін өту құқы­ғын бұзу­ды тоқтат­па­са, шек­тей бер­се, тиісті фак­тілер­ді жинап ЕҚЫҰ (Еуро­па­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы) сияқты ұйым­дарға жол­дай­мыз. Өйт­кені Қаза­қстан осы ұйы­мға мүшелік­ке өтіп, адам құқы­ғын қорға­уға қаты­сты мін­дет­те­ме­лер алған. Еуро­па­ның Ресей­ге санк­ция салға­ны сияқты, біз де Қаза­қстанға эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­лар салу­ды талап ете ала­мыз», – дей­ді Тур­сун­бек Акун.

Сол сияқты Қырғыз­стан сая­сат­кер­лері ара­сын­да да қай­шы­лы­қтар­ды шешу­ге дәр­мен­сіз Еура­зи­я­лық одаққа мүше болу­дың қажеті не деген пікір жиі айты­ла баста­ды. Пар­ла­мент­тің кей депу­тат­та­ры Қырғыз­стан­ның ұйым­дағы мүд­десін қорғай алмаға­ны үшін мини­стр­лер­ді Еура­зия эко­но­ми­ка комис­си­я­сы­нан шақы­рып алу­ды ұсынды.

Ескер­те кетей­ік, бұған дей­ін шетел­дік елшілер­ді қабыл­дау рәсі­мі кезін­де қырғыз пре­зи­ден­ті Алмаз­бек Атам­ба­ев: «Бір адам­ның көңіл-күй­іне тәу­ел­ді одақ сенім­ді бола алмай­ды» деп мәлім­де­ген еді. Бірақ ол «бір адам­ның» аты-жөнін ата­ма­са да, сөз аста­рын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев аталға­ны айдан анық болды.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн