Вторник , 1 июля 2025

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ Польша президенті БОЛА АЛА МА?

«Поль­ша­дағы қазақ қауы­мы­ның» бас­шы­сы Бал­ли Мажец (Бал­жан Науры­з­ба­е­ва) осы елде­гі пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на қаты­сқа­лы отыр, – деп хабар­лай­ды «Нью­с­Балт» жер­гілік­ті naTemat басы­лы­мы­на сіл­те­ме жасап.

Бал­ли Мажец Қаза­қстан­да туған, Мәс­ке­уде білім алған­нан кей­ін күй­е­у­ге шығып, Поль­шаға кетіп қалған. Ол 25 жыл­дан бері – Поль­ша­ның аза­мат­ша­сы, екі ұлы бар. naTemat басы­лы­мы­ның мәлі­метін­ше, Мажец­тің сай­ла­у­ға өз кан­ди­да­ту­ра­сын ұсы­нуы үшін 100 мың қол жинау мүм­кін­ді­гі аз, деген­мен ол Поль­ша пре­зи­ден­ті сай­ла­уы дода­сы­на қаты­су әбден мүм­кін деп есептейді.

«Мен Поль­ша пре­зи­ден­ті роліне өзге үміт­кер­лер­мен тең дәре­же­де сай келе­мін. Көп жыл­дан бері пост­кеңе­стік мем­ле­кет­тер­де құқы­ғы бұзы­лған жұрт­шы­лы­қ­пен бір­ге адам құқы­қта­ры мен демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­ді сақтау мәсе­ле­лері­мен айна­лы­са­мын. Менің тәжіри­бем Поль­ша­да кәде­ге жарай­ды деп ойлай­мын», – дей­ді әйел. – Менің екін­ші көз­дей­тінім – Кеңес Одағы құра­мын­да болған елдер мәсе­ле­лері. Мен сыр­тқы сая­сат мәсе­ле­лерін өте жақ­сы мең­ге­ре ала­мын, себебі Шығыс Еуро­па мен Орта­лық Азия елдерінің про­бле­ма­ла­ры маған етене таныс».

Мажец өзі Поль­ша пре­зи­ден­ті бол­са, укра­ин дағ­да­ры­сын шешу­ге үлес қоса ала­ты­нын айт­ты. «Мен бұл адам­дар­дың тілі мен ділін біле­мін, Қаза­қстан КСРО құра­мын­да болған еді. Поль­ша пре­зи­ден­ті ретін­де мен Поль­ша­ның Батыс пен бұры­нғы Кеңес Одағы мем­ле­кет­тері ара­сын­да дел­дал болуы­на ықпал етер едім. Себебі поляк­тарға гол­ланд­тар мен фран­цуз­дарға қараған­да, Шығы­стағы көр­ші халы­қтар жақын. Біз сол соци­а­ли­стік лагерь­ден өтіп, сол про­бле­ма­лар­ды бастан кештік. Сон­ды­қтан Поль­ша Укра­и­на жөнін­де­гі келіс­сөз­дер­ге ара­ла­суы керек. Ол ара ағай­ын болуға мін­дет­ті. Қазір жағ­дай олай емес. Біз укра­ин­дер­ді немістер мен фран­цуз­дар­дан гөрі жақ­сы түсін­сек те, келіс­сөз­дер про­цесі­нен тыс қал­дық», – дей­ді Мажец.

Қаза­қстан­да туып өскен әйел өзінің сая­сат­кер ретін­де­гі тәжіри­бесінің жоқты­ғын мой­ын­дай­ды. Бірақ оны кем­шілік деп әсте есеп­те­мей­ді. «Мен адам құқы­қта­ры мен аза­мат­тық бостан­дық үшін күре­сетін қара­пай­ым аза­мат­пын», – дей­ді ол. Оның пре­зи­дент болған­да ұста­на­тын қағи­да­сы – «Халы­қ­пен бір­ге болып, олар­дың мұңын мұңдау».

Айта кету керек, әзір­ше Поль­ша­ның қазір­гі пре­зи­ден­ті Бро­ни­слав Кома­ров­ский­дің келесі мерзім­ге қаты­су-қаты­спа­уы бел­гісіз. Оның өкілет­ті­гі 2015 жыл­дың тамы­зын­да аяқта­ла­ды. Бұған дей­ін Поль­ша пре­зи­ден­ті болу­дан 60 жастағы қыз­те­ке Анна Грод­ска­ның да үміті бар екені хабар­ланған еді. Оның кан­ди­да­ту­ра­сын «Жасыл­дар пар­ти­я­сы» қол­дап отыр.

  • Дереккөзі: «Шын-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн