Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ ЖЕРІН Ресей ракеталары УЛАП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Аттан, Алаш!


 

Ал қазақ билі­гі өз халқын бола­шақ ала­пат апат­тан қорғай алмауда

 

Жуы­қта «Бай­қоңыр­дан» ұшы­ры­лған кезек­ті ресей­лік ғарыш раке­та­сы­ның бөл­шек­тері Жезқазған аймағы­на құлап, адам шығы­ны болып, орас­ан зор өрт бол­ды. Қаза­қстан халқы бұл зіл­за­ла­лық зардабы бар эко­ло­ги­я­лық апатқа еріксіз көніп отыр. Ал ел билі­гі Кремль­дің қас-қабағы­на қарап, қазақ жеріне төн­ген ала­пат апатқа көз жұмуда.

 

Қаза­қстан мен Орта Азия эко­ло­ги­я­сы­ның №1, яғни басты жауы болып оты­рған «Бай­қоңыр» кос­мо­дро­мы­ның құры­лы­сы 1955 жылы баста­лып, содан бер­гі 60 жыл­да кеңе­стік импе­ри­я­ның 1100 әртүр­лі мақ­сат­тағы кос­мос аппа­рат­та­ры және 100-ден астам кон­ти­нен­та­ра­лық бал­ли­сти­ка­лық улы отын­ды зымы­ран­да­ры сына­лып­ты. Соны­мен қатар 38 түр­лі соғы­сқа қажет­ті, жап­пай қырып-жоя­тын қару­лар мен кос­мос кеме­лерінің 80-нен астам моди­фи­ка­ци­я­ла­ры да осы жер­де сыналған.

Кос­мо­дром­нан ұшқан раке­та­лар­дың бірін­ші және екін­ші бөлік­тері Қараған­ды облы­сы­на, үшін­шісі Шығыс Қаза­қстан облы­сы аймақта­ры­на тұрақты түр­де құлап, қыста қат­ты боран-дауыл­дар мен үсік аяз­дар туды­рып, жаз­да қат­ты ысты­қтан қазақ дала­сын от пен өрт­тің жалы­ны шар­пу­да. Раке­та­лар­дың радио­ак­тив­ті улы қал­ды­қта­ры айна­лаға өлім сеуіп, қазақ жерін­де шашы­лып жатыр. Ғарыш зымы­ран­да­рын­да қол­да­ны­ла­тын улы, зиян­ды қос­па­лар елі­міз бен жері­міз­ге орны тол­мас эко­ло­ги­я­лық зардап­тар әке­лу­де. Халқы­мы­здың ден­са­улы­ғын бұзып, ген­дік дең­гей­де де түр­лі кеса­пат­ты ауы­тқу­лар туын­да­тып, отар­шыл­дар­дың бұры­нғы қанқұй­лы зұлым­дық сая­са­ты негізін­де ұлты­мы­зға қар­сы, оны жер беті­нен жоюға бағыт­талған ашық этно­цид­тері бүгін­гі таң­да жасы­рын эко-демо­гра­фи­я­лық гено­цид­ке айналды.

Қазір бұл ұшы­ру­лар­дың зиян­ды әсер­лері Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­ның бар­лық сала­сы­на да тиіп отыр. Тіп­ті ұлт­тық энер­ге­ти­ка жүй­есі «КEGОК»-тың дис­пет­чер­лері мен ҚР Төтен­ше жағ­дай­лар коми­тетіне қарас­ты меке­ме­лер, әске­ри бөлім­дер «Бай­қоңыр­дан» ұша­тын әрбір раке­та­лар­ды №1 әске­ри дай­ын­ды­қ­пен күтетін болған. «Рос­кос­мос», әрбір ұшы­ру­лар­дан соң жері­мізді, ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­мы­зды бүл­діріп жат­са, Қаза­қстан жағы Ресей­дің қоқы­сын таза­ла­у­шы­ларға, апат­ты қал­пы­на кел­тіру­шілер­ге айналған. Және бұл олар үшін үйрен­шік­ті дағ­ды болып қалыптасқан.

Бұған жыл сай­ы­нғы 6 ай қыстағы ғары­штық ұшы­ру­лар­дан соң пай­да бола­тын табиғат тем­пе­ра­ту­ра­сын­дағы ауы­тқу­шы­лы­қтар­дан әр отба­сы үйлерін жылы­туға кет­кен отын­да­рын (газ, мазут, дизель оты­ны, көмір, ағаш, электр энер­ги­я­сын), яғни артық шығын­да­рын қосы­ңыз. Бала-бақ­ша­лар, мек­теп­тер, ден­са­улық сақтау меке­ме­лері, қарт­тар үйлері мен басқа да мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің пай­да­ланған энер­го­көз­дерін қар­жы­мен есеп­теп көріңіз. Осы ұшы­ру­лар­дан пай­да болған суы­қтың әсері­нен туын­дай­тын тыныс мүше­лері мен басқа да түр­лі ауру­лар­ды емде­у­ге кет­кен дәрі-дәр­мек­тер­ге кет­кен халы­қтың шығы­ны өкі­меті­мізді ешқа­шан да алаң­датқан емес…

Ал жабайы аңдар­дың (ақбө­кен, киік, арқар, тау­те­ке, жай­ран, т.б.) көк­тем­де төл­деп жатқан­да үсіп өлген, геп­тил­ден ула­нып өлген шара­на-жан­ды­қта­ры мен ана­лы­қта­рын, жемістер мен өсім­дік­тер­ді тоза­ң­дан­ды­руға тиісті, табиғатқа да, ада­мға да аса қажет­ті қыры­лған бал ара­ла­рын кім есеп­теп жатыр? Киелі кітап­тар­да ара­лар­дың қыры­луы – ақыр­за­ман­ның баста­луы деп саналған. Әрбір ава­ри­я­лық ұшы­ру­лар­дан соң, сонау мамонт­тар дәуірі­нен бері келе жатқан Ұлы Дала­ның киесі – ақбө­кен­дер жап­пай қырылуда.

Киік­тер­дің жап­пай қыры­луы­ның басты себебі «пасте­рел­лез» емес, басқа жұқ­па­лы ауру да емес, тек осын­дай ғары­штық ұшырулар!

Себебі бұл ауру­лар бел­гілері бар­лық уақыт­та да болған және бола да береді. Бөкен­дер­дің індет­тен жап­пай қыры­лған уақиға­ла­ры бұры­нғы заман­дар­да да, кей­ін­гі уақыт­тар­да да тір­кел­ме­ген. Мил­ли­он­даған жыл­дар бойы осы Ұлы Дала­да өмір сүріп келе жатқан табиғат­тың бұл ерке­лері қазір­гі сау­ат­сыз вете­ри­нар­лар­дай емес, қашан, не жеп, не қоя­ты­нын неме­се қан­дай шөп­пен, мине­рал­дар­мен емде­летінін екі аяқты­лар­дан жақ­сы білген…

2015 жыл­дың 28 науры­зын­да Ақтө­бе мен Орын­борға жақын орна­ласқан «Ясный» кос­мо­дро­мы­нан Кам­чат­ка­дағы 10 мың шар­шы шақы­рым­дық «Кура» поли­гон-ныса­на­сы­на кезек­ті ауыр «Сата­на­ның» біре­уі атыл­ды. Дәл сол күні «Бай­қоңыр­дан» «Про­гресс» ғарыш кемесі ұшы­рыл­ды. Әрине, осы екі зымы­ран бірі­нен соң бірі қазақ жерінің үсті­нен ұшқан соң, ауа райы күрт өзгер­ді. Әуелі жаң­быр, арты қар­лы боранға айна­лып, жап­пай гүл­деп тұрған жеміс аға­шта­рын ту-тала­пай етті. Шым­кент жерін­де­гі ең суық ай – қаңтар­да ғана бір-екі сағатқа созы­ла­тын 18 гра­ду­стық аяз, науры­здың 29 мен 30 күн­дері 6–8 сағатқа созыл­ды. Өрік пен алша, шаб­да­лы гүл­дері үсіп, бір­ден ағып кет­ті. Күт­пей кел­ген аяз­дан көп­те­ген жеміс аға­шта­ры өрт шалған­дай қарай­ып, ақыр соңы қурап тын­ды. Тек ОҚО-ның өзін­де 113 мың гек­тар жер­ге егіл­ген күздік бидай үсіп кет­се, был­ты­рғы көк­тем­де егіл­ген егін­нің 6 мың гек­та­рын үсік ұрды. 16 мың гек­тар­лық бау-бақ­ша­ның 7 мың гек­та­ры да қат­ты аяз­дан соң күл­ге айнал­ды. Оған Жам­был, Алма­ты, Қызы­лор­да облы­сын­дағы осын­дай жағ­дай­лар­ды қос­саңыз, өткен жыл­дар­дағы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на кел­ген шығын­дар­дың есебіне сан жет­пей­ді. Бұл шығын­дар­ды орны­на кел­ті­ру «Рос­кос­мос» пен осы ұшы­ру­ларға рұқ­сат беріп жүр­ген Қаза­қстан­ның өкі­метінің ойы­на кіріп те шыққан жоқ?!

Қазір­гі аты өзгер­ген соғыс зымы­ран­да­ры совет үкі­меті кезін­де шах­та­лар­да әске­ри кезек­шілік­те тұра­тын. Рей­ган мен Гор­ба­чев келісім­дері­нен кей­ін бұл зымы­ран­дар жой­ы­луға тиісті еді. Алай­да совет үкі­меті құлап, Ресей пре­зи­ден­ті Борис Ель­цин­нен кей­ін билік­ке кел­ген, бұры­нғы кеңе­стік отар­шыл билік­ті қал­пы­на кел­тіруді аңсаған В.Путин бұл зымы­ран­дар­ды қай­та­дан кезек­шілік­ке қой­ды. Тіп­тен бұл қуат­ты зымы­ран­дар­дың атын өзгер­тіп, ғары­штық аппа­рат­тар­ды кос­мосқа шыға­руға лай­ы­қта­ды. Бірақ зиян­ды оты­ны сол күй­ін­де қалды.

Оның үстіне Ресей әске­ри­леріне жалға беріл­ген 7 әске­ри сынақ поли­гон­да­ры­ның да қазақ жерін­де­гі апат­тарға қаты­сы болуы әбден мүм­кін. Оның себебі – өткен жыл­дар­дан бері бүкіл әлем­ге қыр көр­сет­кен Ресей­дің әске­ри-кос­мос күш­тері дай­ын­ды­қта­рын жетіл­ді­ру мақ­са­ты­мен жиілеп кет­кен әске­ри жат­ты­ғу­лар кезін­де әлем­дік мұхит­тар мен басқа да теңіз­дер­де жүзіп жүр­ген сүң­гуір қай­ы­қта­ры мен түр­лі әске­ри кеме­лер­ден, құр­лы­қтағы стра­те­ги­я­лық раке­та­лық әске­ри бөлім­дер­ден қазақ жерін­де­гі ныса­на – поли­гон­дарға қарай түр­лі зымы­ран­дар­ды күні-түні аты­лып жат­ты. Олар қазақ өкі­меті­нен рұқ­сат сұра­мақ түгілі, ескерт­пей­ді де. Соңғы кез­дері олар­дың раке­та­лық әскер­лері «ЗРК С‑500» зымы­ран­да­ры Аст­ра­хандағы Капу­стин Ярдан аумағы 80 мың шар­шы кило­метр­ге жететін Сары­шаған поли­го­ны­на қарай атылуда…

Ресей­дің «Про­тон» раке­та­ла­рын­да қор­шаған орта мен тір­шілік­ке аса қауіп­ті, өрке­ни­ет­ті елдер­де ғана емес, Ресей­дің өзін­де де мүл­дем тый­ым салы­нған геп­тил оты­ны қол­да­ны­ла­ды. Геп­тил­дің ауа­дағы рұқ­сат етіл­ген шек­ті тара­лу мөл­шері 1 мг/­тек­ше-кило­метр. Өте улы, аса зиян­ды деген хлор газы­ның ауа­дағы рұқ­сат етіл­ген тара­лу мөл­шері 1 мг/­тек­ше-метр. Өте улы зиян­ды геп­тил оты­ны, химия тілі­мен айтқан­да, сим­мет­ри­я­сыз диме­ти­л­гид­ра­зин­ді (С2Н8N2) хлор газы­мен салы­сты­рған­да, оның аса улы, тір­шілік­тің нағыз қас жауы екен­ді­гіне көз жет­кізу­ге болады…

Бұл ғары­штық ұшы­ры­лу­лар сәт­ті өтті деген­нің өзін­де эко­ло­ги­яға аса қауіп­ті раке­та отын­да­ры­ның 50–60 пай­ы­зы ғана жанып үлгеріп, қалған­да­ры қазақ жеріне төгіледі. Осы раке­та­лар­да жану­ды күшей­тетін ката­ли­за­тор ретін­де күмістің ион­да­ры қол­да­ны­ла­ды. Бұл ката­ли­за­тор­лар геп­тил оты­ны­мен бір­ге төгіл­ген соң, раке­та ұшып өткен тра­ек­то­рия аймағын­да мың­даған шар­шы кило­метр жер­лер­де қор­шаған ауа құра­мын­дағы ылғал­дар қат­ты була­нып, жасан­ды бұлт­тар пай­да бола­ды. Әсіре­се күз бен қыс, көк­тем айла­рын­да кәдім­гі табиғи бұлт­тар­дың қалы­ң­ды­ғы 100–500 метр ғана бол­са, «Сата­на­лар» ұшқан­нан кей­ін пай­да бола­тын жасан­ды бұлт­тар­дың қалы­ң­ды­ғы бір­не­ше шақы­ры­мға дей­ін жете­ді. Атмо­сфе­ра­да жер­дің бетін орап, қым­тай жапқан осы бұлт­тар­дың әсері­нен күн­нен тарай­тын энер­гия көз­дері тұм­ша­ла­нып, ауа райы күрт суи­ды. Алды­мен салқын жаң­быр жау­са, оның соңы 40–50 гра­ду­стық аязға айналған қар­лы боран­дарға ұласады.

Соны­мен бір­ге ауа­сыз кеңістік­те отын­ның жануын қам­та­ма­сыз ететін отте­гі газы бір­ге жанып кете­ді. Пла­не­та­мы­зды қор­шаған атмо­сфе­ра­дағы ауа құра­мы­ның 20,95 пай­ы­зы ғана отте­гі газы. Ал ауа­ның отте­гі­ден басқа 78 пай­ы­зы – азот­тан, ал қалған 1,05 пай­ы­зын: гелий, аргон, ксе­нон, крип­тон, неон, суте­гі, көмір қышқыл газы мен басқа да газ­дар құрайды.

Ал жаз айла­рын­да ұшы­ры­лған бұл раке­та­лар жері­міз­ге сұм­дық аптап­ты ысты­қтар әке­лу­де. Өткен жыл­да­ры (2009 жылы) «Бай­қоңыр­дан» 34 рет, 2010 жылы да осын­ша­ма рет бол­са, 2011–2015 жыл­да­ры одан да көп раке­та­лар ұшы­рыл­ды. Өзен-көл­дер мен бұлақтар кеуіп кет­кені­мен қой­май, ШҚО-дағы «Ақсу-Жабағы­лы» қоры­ғы орна­ласқан Ала­тау тау сілем­дерін­де­гі мәң­гі тұрған мұз­ды­қтар мен қар­лар еріп жоқ бол­ды. «Бай­қоңыр­дан» және Қаза­қстан­дағы басқа да поли­гон­дар­дан ұшқан раке­та­лар Қаза­қстан­да құрғақ­шы­лы­қтар мен табиғи апат­тар туды­ру­да. Еккен егін қурап, өзен-көл­дер була­нып, өткен жыл­да­ры отте­гінің азай­ға­ны­нан Жай­ық өзені мен көл­дер­де балы­қтар мен су жану­ар­ла­ры қырылды.

«Бай­қоңыр» кос­мо­дро­мы мен әске­ри поли­гон­дар­дың әкеліп жатқан басты зардабы – ауа құра­мын­дағы тір­шілік­тің көзі – отте­гінің жері­міз­де азай­ып кетуін­де және де осы­ның әсері­нен меди­ци­на­ның шама­сы кел­мей­тін түр­лі қатер­лі ауру­лар­дың көбе­юін­де болып отыр?! 2010 жыл­дың қазан айын­дағы ҚР Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің мәлі­меті бой­ын­ша, елі­міз­де жыл сай­ын 80 мың адам қан-жүрек ауруы­нан, 17 мың адам оба (рак) ауруы­нан о дүни­е­ге кетіп жат­са, 1,5 мил­ли­он адам түр­лі буын-сүй­ек ауру­ла­ры­на душар болуда!

Өткен 2016 жыл­дың наурыз айын­да «Рос­кос­мос» «Бай­қоңыр­дан» тағы да 3 рет ғары­штық ұшы­ру­лар жаса­ды. Сәуір мен мамыр­да да осы­лай бол­ды. Қаза­қстан үшін аса зиян­ды болған бұл ұшы­ру­лар жүзе­ге асып, өткен жылы халқы­мыз тағы да жеміс-жидексіз қал­ды. Биыл да сол жағ­дай­лар қай­та­ла­нып, Ресей­дің раке­та­ла­ры­ның әсері­нен жасан­ды қалың қар­лы-боран­ды қыстар ұза­ққа созы­лып, жылы­мық басталған көк­тем­де осы тех­но­ген­ді әсер­лер­дің соңы бүкіл түстік­те­гі шөлейт­ті дала­мы­здан бастап, сонау сол­түстік­те­гі Қызы­л­жарға шей­ін зардап­ты су тасқын­да­рын әкеліп, онсыз да тұра­лаған эко­но­ми­ка­мыз одан ары тұра­лай түсті?!

Биы­лғы жиілеп кет­кен қыс пен көк­тем­гі ұшы­ру­лар­дан соң да ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы аху­ал­дар жетісіп тұрған жоқ. Оның есесіне қор­шаған орта­мы­зда аса қатер­лі дауыл­дар мен басқа да нешетүр­лі табиғи ауы­тқу­шы­лы­қтар көбей­іп барады.

Осы қарқы­н­мен Ресей қазақ жерін құр­та берер бол­са, эко­ло­ги­я­лық апат бүкіл рес­пуб­ли­ка­мы­зды шар­пуы әбден мүм­кін. Ал билік­те­гі мыр­за­лар бол­са, олар­дың әлдеқа­шан Евро­па мен мұхит жаға­ла­у­ла­рын­дағы елдер­ден жанға жай­лы мекен­дерін дай­ын­дап қой­ған­ды­ғын шетел­дік басы­лым­дар жары­са жазу­да… Жер-Ана­мыз бен халқы­мы­зға қар­сы қия­нат пен ұлт­тық қасірет жасап, осын­дай раке­та­лар­ды жері­міз­ден ұшы­рған­дар мен оған рұқ­сат бер­ген­дер­ді адам­зат пен қор­шаған ортаға қар­сы қыл­мыс жасаған­дар ретін­де баға­лай­тын халы­қтық қозға­лыс құра­тын кез туды.

Жақын­да Қаза­қстан үкі­метінің Ресей­дің «Бай­қоңыр­дағы» іс-әре­кет­терін қар­жы­лан­дыр­мақ болған жос­пар­ла­ры да түр­лі сұрақтар­ды туын­да­ту­да. Қазір тех­но­ло­гия жағы­нан арт­та қалған Ресей уәде еткен «Бәй­те­рек» бағ­дар­ла­ма­сы тура­лы келісім жос­па­ры ондаған жыл­дарға созы­лып, әзір­ге тек сөз­бұй­да­мен келеді. Енді бүгін Ресей «Зенит» бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­ну­да. Бұл жос­пар­лар да жүзе­ге аспай­ды. Оның басты себебі – бұл зымы­ран­ды жасай­тын Укра­и­на қазір Ресей­мен коопе­ра­ци­я­лық бай­ла­ны­ста­рын үзген. Енді «Зенит» бағ­дар­ла­ма­сын АҚШ қар­жы­лан­ды­рып, Укра­и­на­мен бірік­кен кәсі­по­рын құруда.

Оның үстіне ғарыш қыз­метін­де бәсе­ке­ле­стері онсыз да көбей­ген Ресей­ге Қаза­қстан сияқты жаңа ғары­штық бәсе­ке­лес туды­ру қажет пе? Қаза­қстанға ғарыш қыз­метін дамы­ту үшін, осы сала­да алға кет­кен Фран­ция мен Баты­стың басқа елдері­мен жос­пар­ланған коопе­ра­ци­я­ны одан ары күшейт­кені дұрыс. Бүгін­гі күн­нің ең басты кезек күт­тір­мей­тін мәсе­лесі – Ресей­де әлі де қоры тау­сыл­маған геп­тил­ді қол­да­на­тын про­тон­дар­ды жері­міз­ден одан ары ұшы­ру­дың жалға­са беруін тоқтату!

Өткен апта­да Жезқазған­ның жанын­дағы Талап ауы­лы­на құлап, 10 мың гек­тар­дан аса жай­ы­лым­ды өртеп, адам шығы­ны­на әкел­ген Ресей раке­та­сы­ның Аста­на мен басқа да қала­ла­ры­мы­здың үстіне құла­ма­сы­на кім кепіл­дік бере ала­ды? Тоқы­ра­уға ұшы­раған Ресей­дің ғарыш сала­сы­ның қазір бар­лық жағы­нан да ең бір сенім­сіз серік­те­стік­ке айналған­ды­ғы неге ескерілмейді?!

Пар­ла­мент пен жоғарғы билік өкіл­дері халқы­мыз бен тарих алдын­дағы, келе­шек ұрпақ алдын­дағы тари­хи мис­си­я­сын атқа­ру­дағы қауқар­сызды­ғы өкініш пен қын­жы­лы­стан басқа ешнәр­се де туды­рып оты­рған жоқ!

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн